Главная | Регистрация | Вход | RSSЧетверг, 08.12.2016, 19:17

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Панорама [9]
Образование: модели и методы [60]
Управление [1]
Событие [18]
Воспитание и социализация [40]
Ступеньки к школе [11]
Профессиональное обучение [31]
Коррекционная педагогика [17]
Дополнительное образование [101]
Психологическая служба [47]
Родительское собрание [12]
Автограф на память [13]
Семиречье - взгляд сквозь годы [10]
Хочу поделиться [80]
Хроника [0]
Воспитание о образование в разных странах [2]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1522
Статистика

Онлайн всего: 11
Гостей: 11
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Рубрики журнала » Панорама

Ұлы ұстаздардың ұлағатты істері мен идеяларын жалғастырушы бүгінгі жаңа мектептің жаңа тұрпатты мұғалімінің тұлғасы
Адам бойынан табылатын асыл қасиеттердің,биік ізгілік пен өмірге құштарлықтың,күрескерлік пен қайраткерліктің, туған халқының мүддесіне адалдықтың кілті-білімде. Тек білім ғана жас ұрпақты биік арманға жетелейді,қиялына қанат байлап, болашаққа нық сеніммен қарауға қол жеткізеді. Ұстаз алдынан шыққан әрбір шәкірттің сапалы білім мен саналы тәрбиені білім бұлағынан сусындап ішіп,білімді де білікті тұлға болып қалыптасқан жағдайда ғана егеменді ел болған тәуелсіз Қазақстанның іргесінің ешқашан сөгілмесіне нық сенуге болады. Ал жас ұрпаққа білім нәрін сеуіп тәуелсіз Қазақстанның болашақ білікті де білімді азаматтарын тәрбиелеп отырған білім ошағындағы мұғалімдер-өзі өмір сүріп отырған қоғамдағы аса маңызды тұлға. Ол жас ұрпаққа білім беруші ғана емес,ол әрі шәкірттердің өнеге алушы тәрбиешісі.Өйткені мұғалім балаларға білім беріп қана қоймай,өзінің дүниетанымы, үлгілі адамгершілігі,биік моральдық бейнесі арқылы әсер етеді.
Ел болашағы-жас ұрпақты тәрбиелеу сияқты жауапкершілігі мол, ізгі де игілікті іс Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев, Ахмет Байтұрсынов, Бекет Өтетілеуов сынды ұлы ұстаздардан бастау алады.Осы ұлылардың ұлағатты істерін жалғастырушы ретіндегі бүгінгі заман талабына сай, жаңа тұрпатты мұғалім қандай болуы керек? Оған жүктелетін жауапкершілік пен қойылатын талап қандай? Бұл сұрақтарға жауапты алдымен жоғарыда айтылған ұлы ұстаздардың пайымдауларынан іздеп көрелік.
Мұғалім проблемасына, оның жеке қасиеттеріне Ыбырай ерекше көңіл бөлген. Ол мұғалімдердің оқыту тәсілдерін жетілдіріп отыруын, олардың педагогикалық және оқытушылық тәсілдерді меңгеру қажеттігін баса айтқан болатын. Алтынсарин мұғалімдердің алдына төмендегідей басты міндет қойды: нағыз мұғалім болу үшін балалардың өзіндік ерекшеліктерімен мықты санасу керек, ол үшін педагогикалық әдебиеттерді үнемі оқып,қадағалап отырмаса болмайды. «Оқытушыларды бағалағанда,-деп жазады Алтынсарин,-олардың іске қатысы жоқ сөздеріне қарап емес,олардың егістерінің бетіне шыққан жемістеріне, яғни оқушыларына қарай бағалау қажет».
Тәлім – тәрбие, оқыту ісінің нәтижесі шәкірттерден гөрі мұғалімдерге көбірек тәуелді.Күнәнің ең үлкені бала жанының нәзік қылдарын дұрыс сезе алмайтындарда.Оқушылардың түсінбеушілігін өз кінәсі деп білмей, оқушының зер салмайтындығынан немесе топастығынан деп білетін оқытушылардың қатты адасатыны айтпай - ақ түсінікті,-дейді, енді бір сөзінде ұлы ұстаз. Мұғалімнің есінде мына жайт әр кез болуы тиіс: «Ол алдымен кіммен істес болып отырғанын еш уақытта ұмытпауы керек... Егер балалар бірдеңені түсінбейтін болса,онда оқытушы оларды кінәлауға тиісті емес,оларға түсіндіре алмай отырған өзін кінәлауға тиіс».
Сөйтіп,Ы.Алтынсариннің тәрбиеші-ұстаздардың жеке басы туралы айтқан пікірлерінің негізгі арқауы: педагогикалық іс- өте нәзік, қасиетті іс. Ол өте сезімталдықты, балаға деген өлшеусіз сүйіспеншілікті, бала жанын бірден танитын қырағылықты қажет етеді.
«Адамның адамгершілігі жақсы ұстаздан болады»,
«Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға»-,
деген ұлы Абай сөздері де ұстаздықтың күрделі де жауапты іс екендігін ескертеді. Сол кездегі қазақ елінің жағдайында айтылған осындай тамаша пікірлер бүгін де өз маңыздылығы мен өзектілігін жойған жоқ. Бұған дәлел ретінде Қазақстан Республикасы Білім туралы заңында мұғалімге жүктелген міндеттердің кейбіреуіне тоқталып өтейік.
Педагог қызметкер:
- өзінің кәсіптік құзіреті саласында теориялық және практикалық білімді және оқыту дағдыларын меңгеруге;
- білім алушыларды жоғары имандылық, ата-аналарына, этномәдени құндылықтарға құрмет көрсету рухында, қоршаған дүниеге ұқыпты қарауға тәрбиелеуге;
- білім алушылардың өмірлік дағдыларын, біліктіліктерін, өздігінен жұмыс істеуін, шығармашылық қабілеттерін дамытуға;
- өзінің кәсіптік шеберлігін, зияткерлік, шығармашылық және ғылыми деңгейін ұдайы жетілдіріп отыруға;
- педагогтік әдеп нормаларын сақтауға;
- оқушылардың, тәрбиеленушілердің және олардың ата-аналарының абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті. (ҚР Білім туралы заңы. 7 тарау,50 –бап 3б).
ҚР Білім және білім министрлігінің 2008 жылғы 9 сәуірдегі №181 бұйрығымен бекітілген «Педагог қызметкерлерді аттестатау ережесінде» жоғары, бірінші, екінші біліктілік санаттарға сай мұғалімдерге қойылатын талаптарға тоқталар болсақ, олар өз пәндері бойынша түрлі деңгейдегі олимпиадалар, конкурстар, көрмелер жүлдегерлерін дайындаған, педагогикалық шеберлік сайыстарының жеңімпаздары, конференциялардың қатысушылары болып табылатындар, жұмыс тәжірибесі пысықталған тұлғалар болуы тиіс. Мұнда да мұғалімнің педагогикалық қызметін бағалауда есепке алынатын басты нәрсе- оның шәкірттерінің табысы мен өзінің шығармашылығы екені даусыз.
Кез келген елдің болашағы білім беру жүйесінің және зиялылар қауымының деңгейіне байланысты болғандықтан, Қазақстан халқына да әлемнің дамыған елдерімен тең дәрежеде білім беру қажеттігі күмән тудырмайды. Бұл орайда елімізде қолға алынып отырған 12 жылдық білім беру жүйесі ұстаздар қауымының алдына жаңа ұрпаққа білім беру ісінде оның жеке даралық ерекшеліктеріне мейлінше мән бере отырып, оқушылардың мектепте алған білімдері олардың бүкіл өмірлік азығы болатындай етіп білім беру, оны өмірге дайындау, мамандық таңдауға бағыттау сияқты күрделі мәселелерді қойып отыр.
Мектептің жаңа реформалық жүйесі 12 жылдық білім беру барысында әрбір өзін кәсіби деңгейі жетілген деп есептейтін кез келген мұғалім бұл жүйенің қыр-сырын түгел меңгермей, бала дамуының мәселелерін түгелімен меңгере алмайды. Сондықтан білімнің жаңа үлгісі өзіне сәйкес жаңа мұғалімдерді талап етеді. Ол мұғалім шығармашылықпен жұмыс істей алатын жеке тұлға, педагогикалық қызметін барлық келеңді-келеңсіз жақтарын зерттеп меңгеруге ынталы, өзінің пәнін жетік меңгерген, кез келген педагогикалық жағдайды өзінің білімділігі, іскерлігі, шеберлігі арқасында шеше алатын, педагогикалық үрдістің нәтижесін жақсартуға ұмтылатын мұғалім болу керек.
12 жылдық білім беру мәселесімен айналысушы педагог – ғалымдардың бірі – педагогика ғылымдарының кандидаты С.Бахишева 12 жылдық мектептегі оқыту үрдісін тұлғалық бағдарлы мазмұнда жүргізудің мұғалімдер үшін төмендегідей ерекшеліктерін атап көрсетеді:
- білім беру үрдісі ізгіліктік және демократиялық заңдылықтарға негізделеді;
- барлық деңгейдегі педагогикалық әрекеттер оқушылардың шаршауын болдырмауды көздейді;
- педагогикалық қызметтің тиімділігі қажетті құрал –жабдықтарды жаңартудан емес, субъектаралық қатынастардың жаңаша ұйымдастырылуынан көрінеді;
- білім берудің тұлғалық бағдарлы мазмұны оқыту үрдісіндегі тұлғалардың бағдарлы мазмұны оқыту үрдісіндегі тұлғалардың оқушы, мұғалім- тәрбиеші, ата – ана өзіндік дамуын қамтамасыз ететін жаңа әдістемелер арқылы жүзеге асырылады;
- мұғалім өз әрекетіндегі қандай өзгерістердің қажет екенін сезіне алады, өз қызметінің бүгінгі күн талабына қоғам, ата- ана, оқушы сұранысына сәйкестігін біледі;
- тұлғалық бағдарлы білім беру бағытында жаңалықтар ендіруге ұмтылу, авторлық бағдарламалар құру, тәжірибеде бар жаңалықты өз тұрғынан өзгерте алу.
Қоғам тапсырысына сай ойы жүйрік, ақылы жетік бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім жеке тұлғаны тек қана жаңа тұрпатты педагог қалыптастыра алады десек, оның өзі қандай тұлғалық кейіпте болуы керек? Мұғалім тұлғасының мінездік ерекшеліктеріне мыналарды кіргіземіз: патриоттық сезім, кәсіптік педагогикалық бағытты, танымдық бағыттылығы. Т.А. Ильина мұғалімнің кәсіби маңызды сапа -қасиеттерін міндеттік себептеріне байланысты бірнеше топқа жіктейді:
а) міндетті
ә) өте маңызды
б) мүмкіндігінше болуға тиісті
в) мұғалімге қажетсіз сапа – қасиеттер
Міндетті деген сапа – қасиеттерге тоқталатын болсақ, олар кәсіптік қызметпен тікелей байланысты сапа-қасиеттер болып табылады.
Маңызды сапа- қасиеттер тобына адамгершілік, имандылық сезімдердің жоғары дәрежеде қалыптасқан деңгейі; балаға деген сүйіспеншілік; ізгілік; педагогикалық байқағыштық; кез келген құбылысқа бейімделе алу қабілеті, педагогикалық оптимизм; танымдық қызығушылық пен жалпы жан-жақтылық; мейрімділік пен әділдік; талап қоя білу мен сезімталдық; ұстаздық борыш пен жауапкершілік; іс- әрекет нәтижесін алдын-ала болжай білу; сөйлеу мәдениеті; байсалдылық жатады.
Мұғалімде мүмкіндігінше болуға тиісті деген сапаларға оның дауысы, сырт келбеті, дене күші, жақсы талғам мен оқушыны өзіне тарта білуі, ойдың ұшқырлығы, көңілдің көтеріңкі болуы жатады.
Педагогқа қажетсіз деген қасиеттерге: өктемшілдік, арсыздық, принципсіздік, қызбалық, сылбырлық, өзін - өзі ұстай алмау жатады. Сонымен қатар кейбір физикалық кемшіліктері бар: жүйке ауруымен ауратындар, сырт келбетінің кемістігі, тілінің мүкісі, көру, есту қабілеті нашарлар педагогикалық қызметке жарамсыз деп саналады. Соңғы аталғандар талапкерлерді педагогикалық оқу орындарына қабылдау барысында ескерулері тиіс.
Жоғары аталған міндетті, маңызды мүмкіндігінше болуға тиісті сапа- қасиеттерге ие тұлғаның бәрі бір күнде кәсіби шеберлігі жоғары өз мамандығының данышпаны бола қоймайды. Мұғалімдік - өмір бойы ізденушілікті, зерттеушілікті талап ететін мамандық. Мұғалімнің әрбір сөзі мен ісі, қимылы, киімі, аяқ алысы, жүрісі, психологиялық көзқарасы шәкірт жүрегінен үлкен орын алады.
Мұғалімге қажетсіз деп саналған мінез-құлық ерекшеліктеріне келер болсақ, өкінішке орай, олар да өмірде кездесіп қалып жатады. Оқушылар мен ата-аналардың мұғалім тарапынан жіберілген педагогикалық әдепті бұзу жағдайларына байланысты мектеп әкімшілігіне, білім беруді басқару ұйымдарына шағымданулары күнделікті өмірде сирек болса да орын алып жатады. Өзара түсініспеушіліктен дау-жанжал туатын жағдайлар болады. Осы түсініспеушіліктің орын алуын болдырмау мұғалімнің өз қолында.
Сөз соңында тағы да ұлы ұстаздың сөздеріне жүгінсек, Ыбырай: «Маған жақсы мұғалім бәрінен қымбат, өйткені ол- мектептің жүрегі,»-десе, А.Байтұрсынов : «Мұғалім- мектептің жаны»,-дейді. Ендеше, әрбір ұстаз осы берілген бағаға сай болуды өз қызметінің басты мақсаты деп тануы керек.
Мұғалімдер қауымының еліміздің болашақ тірегі болып өсіп келе жатқан ұрпақ алдындағы биік адамдық, азаматтық парызына адалдығы оның қандай ұрпақ тәрбиелейтіндігімен өлшенбек. Себебі ұрпақ тәрбиелеп отырған мұғалім әрқашан өзі өмір сүріп отырған қоғамның болашағы үшін қызмет етеді. Сондықтан да әрбір мұғалім өзінің алдында тәуелсіз Қазақстанның ертеңгі арқа сүйер азаматтары, халқымыздың аяулы ұл-қыздары отырғанын бір сәтте есінен шығармауы тиіс.
Категория: Панорама | Добавил: UtepkalievaZT (24.01.2014) | Автор: Утепкалиева Зейнегуль Токаевна E
Просмотров: 2072 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
1 шахарова   (04.02.2014 01:25)
Қызықты материал

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz