Главная | Регистрация | Вход | RSSСреда, 07.12.2016, 13:40

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Панорама [9]
Образование: модели и методы [60]
Управление [1]
Событие [18]
Воспитание и социализация [40]
Ступеньки к школе [11]
Профессиональное обучение [31]
Коррекционная педагогика [17]
Дополнительное образование [101]
Психологическая служба [47]
Родительское собрание [12]
Автограф на память [13]
Семиречье - взгляд сквозь годы [10]
Хочу поделиться [80]
Хроника [0]
Воспитание о образование в разных странах [2]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1521
Статистика

Онлайн всего: 10
Гостей: 10
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Рубрики журнала » Панорама

Қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың интерактивтік әдіс-тәсілдері
Қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың интерактивтік әдіс-тәсілдері
Ақмола облысы
Атбасар қаласы
№ 6 орта мектебі
«Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек» делінген «Қазақстан - 2050» стратегиялық бағдарламасында. Бүгінгі күн талабына сай жан-жақты дамыған, өмірге реалистік тұрғыдан қарайтын, жан дүниесі сұлу, рухани бай, сезімтал, терең біліммен қаруланған оқушы тұлғасын сомдау үшін қажырлы еңбек қажет.
Өз мақсатына жету үшін ұстаздың қолында үш қаруы болуы керек. Ең бастысы – шәкірттеріне деген шынайы сүйіспеншілігі мен терең ғылыми білімі, екіншісі – сол білімін оқушы бойына, санасына жеткізетін, дарытатын әдіс-тәсіл. Осылардың басын біріктіре білген ұстаз жаңа технологияның тиімдісін, ең көрнектісін таңдап, қолданады.
Педагогикада оқытудың бірнеше моделін атап көрсетуге болады:
1) пассивті оқушы оқытудың «объектісі» рөлін атқарады (тыңдау және көру)
2) активті /белсенді / оқушы оқытудың «субъектісі» болып шығады (өзіндік жұмыс, шығармашылық жұмыс, зертханалық – практикалық жұмыс)
3) интерактивті – inter (өзара), act (әрекеттесу). Оқыту үрдісі барлық оқушылардың тұрақты белсенді түрде өзара қарым – қатынасы арқылы жүзеге асырылады. Оқушы мен мұғалім оқытудың тең құқылы субъектісі болып табылады.

Интерактивті оқыту технологиясы – бұл ұжымдық, өзін – өзі толықтыратын, барлық қатысушылардың өзара әрекетіне негізделген, оқу үрдісіне оқушының қатыспай қалуы мүмкін болмайтын оқыту үрдісін ұйымдастыру. Өз тәжірибемде мен осы тәсілді басшылыққа аламын.
Оқытудың интерактивтік тәсілдерін таңдау себебім:
- оқушыларға материалды меңгерудің кешендік білімін ұсыну;
- жастардың оқу үрдісіндегі қиыншылықтарды жеңулеріне көмектесіп, шығармашылық тұлға санатына қосылуларына ықпал жасау;
- оқушылардың ой - өрісінің кеңейіп, жан – жақты дамуына жәрдемдесу;
- оқушыларды көлемді туындылармен, сан алуан ақпараттармен жұмыс жасай алуға үйрету.
- белсенді таным әдістері үйренушілерді өз біліміне жауапкершілікпен қарауға баулиды.
Өз таңдауымды оқушыларға былайша түсіндіремін



Интерактивтік тәсіл арқылы білім алушы мына қағиданы ұстанады:
• Естігенімді –ұмытамын.
• Көргенімді – есте сақтаймын.
• Істегенімді – түсінемін.
Интерактивтік тәсілдер бойынша өтілетін сабақ «Колба моделі» (Дэвид Колбаның эмпирикалық таным циклы) бойынша жүзеге асады.
Қазіргі кезеңдегі кез-келген педагогикалық технология оқушылардың белсенді ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған.

70-жылдары американ психологы Дэвид Колбо тұлғаның ойлауы мен іс-әрекетін дамытуда эмпирикалық оқыту моделін ұсынған. Бұл кейіннен «Дэвид Колбаның эмпирикалық таным циклы» деген атауға ие болды.
Дэвид Колбаның эмпирикалық таным циклы – бұл төрт фазадан тұрады, яғни бірінші фазада нақты проблема немесе тәжірибе белгіленеді, екінші фазада бақылау және ой қорыту жасалады, үшінші фазада рефлексия негізінде жаңа тұжырымдар қалыптастырып, оны төртінші фазада тәжірибеде тексеріп қарайды. Бұл технология моделдеу, жоба жасау, белсенді эксперимент жүргізу сияқты тапсырма түрлерін қамтиды.
1. Нақты проблема немесе тәжірибе (НТ)/Конкретный опыт - (КО)
2. Бақылау және ой қорыту (ОҚ) /Мыслительные наблюдения - (МН)
3. Жаңа тұжырымдар қалыптастыру (ЖТҚ)/ Абстрактная концептуализация - (АК)
4. Тәжірибеде тексеру (ТТ)/ Активное экспериментирование - (АЭ)
Сабақта атқарылатын жұмыстардың құрылымы:
1. Мотивация
2. Бекіту
3. Негізгі материалды оқу
4. Бағалау
5. Дебрифинг
Сабақ уақытын жоспарлау

Сабақ уақытын әр мұғалім сабақ ерекшелігіне байланысты өзгертуіне болады, алайда сабақ құрылымы сақталуы тиіс.
Пәнді оқытуда қолданылатын интерактивтік әдістер: сабақ-презентация, практикум, семинар сабақтар, проблемалық лекциялар, сынақ сабақ, зерттеу, жоба құру сабақтары.
Өз тәжірибемде қолданатын оқушылардың белсенділіктерін арттыратын интерактивтік тәсілдер - Миға шабуыл, кластер, синквейн, инсерт, эссе, тезаурус, триггерлік суреттер, семантикалық карта, РАФТ, жұппен, топпен жұмыс, рөлдік /іскерлік/ ойын, пікірталастар, жағдаяттарды шешу, алмаздық жетілік/тоғыздық, рефлексия,...
Интерактивті оқыту технологиясының аса көп мөлшері белгілі. Әр ұстаз өз бетінше сыныппен жұмыстың жаңа тәсілдерін ойлап таба алады. Оқушылар бір-біріне сұрақ қойып және оған жауап беруді үйрететін, жұптасып жұмыс істеу әдісін сабақтарда жиі қолданылады.
Қазақ тілінен жаңа ережелерді меңгертіп, бекіту кезінде қолданылатын тиімді тәсілдің бірі – «Жадыны жаңғырту». Оқушылар төменде көрсетілген үлгідегі кесте бойынша ережені еске түсіреді, теориялық білімін мысалдар арқылы тәжірибеде қолданады.
Леп белгісі (!) Жазуда пайдалынатын тыныс белгілерінің бірі. Әдетте лепті сөйлемнің соңында қойылады.
Қай жағдайларда қойылады? Мысал
Бұйрық, ұран, үндеу мәнді сөйлемдерден соң
Сүйсінгендікті , таңғалғандықты, ренішті, ызаны білдіретін лепті сөйлемдерден соң
Ерекеше дауыспен айтылған одағай сөздерден немесе одағайлы сөйлемдерден соң
Орыс сыныптарындағы қазақ тілі сабақтарында қолданылатын тәсіл – «Жағдаяттарды шешу». Мысалы, «Менің досым» тақырыбы бойынша оқушыларға мынандай жағдаят ұсынылады.: Сен досыңды жоғалтып алдың. Полиция бөлімшесіне келдің. Онда тек қазақ тілінде сөйлейтін полиция қызметкері отыр. Сен өз досыңның фотороботын бейнелеуің керек. Аты кім? Жасы нешеде? Шашы, көзі, бойы..
«Семантикалық карта» Тыныс белгілердің қойылу себебін түсіндір:
Үнді жұртының бір адамы бір жақтан үйіне қайтып келсе, үйдің қасындағы ағаштың басына кептіруге іліп қойған еті жоқ. , Құрмалас сөйлем
Ағаштың айналасын әбден жүріп, қарап болған соң, орамға шығып жолай дауыстап сұрайды: - Аласа бойлы, қолында қысқантақ мылтығы бар, соңында тарақ-құйрық кішкентай иті бар, бір қарт адам көрдіңіз бе? - деп.
,
,
:
-
,
-
,
?
- Құрмалас сөйлем Құрмалас сөйлем
Автор сөзінен кейін
Төл сөздің алдына
Бірыңғай мүше
Қос сөз
Бірыңғай мүше
Сұраулы сөйлем
Төл сөзден кейін
Бұл кісіні әркім көрген екен, сілтеумен барып тауып ұрысын ұстапты-мыс. ,
- Құрмалас сөйлем
Демеулік шылау
«Триггерлік суреттер» тәсілі:

Әдебиет сабақтарында шығарма сюжетіне байланысты сурет көрсетіледі. Оқушылар мазмұндайды. Бұл тәсіл үй тапсырмасын тесергенде өте тиімді. Оқушыларға үйде оқыған шығармаларының мазмұнын ашатын суреттер салып келу де тапсырылады. Жаңа сабаққа кіріспе кезінде де осы тәсіл тиімді. Мысалы, орыс сыныптарында қазақ әдебиетінен А.Байтұрсыновтың «Егіннің бастары» мысалын меңгерткенде, сабақ басында тақтаға егін, баланың, ересек адамның, сұрақ белгісінің суреттері салынады. Не көріп тұрсыңдар? Мынау кімдер? Ол не туралы сұрап тұр деп ойлайсыңдар? Деген сұрақтар қою арқылы тақырыпқа қызығушылықтарын оятамын және шығарманың мазмұнын меңгертудің минимумы орындалады.
«Даналық ағашы» – оқушылар ереже, шығарма мазмұны бойынша сұрақтар құрастырып, ағашқа іледі. Мұғалім оқып, жауап алады.
«РАФТ» - т іл дамытуға бағытталған тапсырмалар
Рөл – Абылай/Қалмақ/Қаламгер
Аудитория - 5-сынып оқушылары/қазақтар/
Форма – әңгіме
Тақырып – Ерлік/Қазақ елі/Батырлық образ
Синквейн Синквейн құру тәртібі:
Бірінші тармақ – негізгі ойға байланысты зат есім;
Екінші тармақ – негізгі ойға байланысты сын есім;
Үшінші тармақ – негізгі ойға байланысты қимылды білдіретін етістік;
Төртінші тармақ – тақырыпқа байланысты сөз тіркесі;
Бесінші тармақ – бірінші тармақтағы сөзбен мағыналас сөз.
«Жуан және жіңішке сұрақтар» әдісі
Жуан сұрақтар Жіңішке сұрақтар
Толық, пысықталған жан-жақты жауап берілуі тиіс Дәл, қысқа да нұсқа жауапты қажет ететін сұрақтар
Мысалы:
Түсіндір, не себепті...
Неге солай ойлайсың...
Айырмашылығы неде...
Егер де...
Қалай ойлайсың, егер... Мысалы:
Не?
Қайда?
Қашан?
Келісесің бе?
Дұрыс па?
«Құндылықтарды бағалау».
Оқушылар оқыған шығармаларындағы мәліметтердің маңыздылығына қарай рет – ретімен жазып шығады.
І қысқа нұсқа ІІ толық нұсқа
Х – ең маңызды пікір Х – ең маңызды пікір
Х Х – басқа да 2 маңызды пікір Х Х – келесі басқа да 2 маңызды пікір
Х – маңыздылығы шамалы пікір Х Х Х - келесі басқа да 3 маңызды пікір
Х Х – 2 маңыздылығы шамалы пікір
Х - маңыздылығы шамалы пікір
Оқыту құралдары. Сынып кабинеті интерактивті тақтамен, интернетпен жабдықталған.
- Дидактикалық материалдар.
- Электрондық оқулықтар.
- Интернет материалдары /онлайн-тест/
- Кестелер
- Презентация
Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында интерактивті тақтамен жұмыс жасаудың тиімділігі.
- Тақтаға жазылған мәліметтер сақталып, файлдарға жинақталады.
- Жазылған мәтіндегі мәліметтердің маңыздылығына қарай түрлі бояумен белгілеуге болады.
- Әр тақырып бойынша презентация.
- Кесте, сөйлемдердегі жетіспейтін сөз, тыныс белгілерін қою, жақшаларды ашу,т.б.
- ҰБТ, МАБ дайындықтарында түрлі тақырып бойынша тест тапсырмаларын көлемді түрде қолдану.
- Есте сақтау диктанты, сөздік диктант жазуда өте тиімді.
- Мұғалімнің үй тапсырмасын тексеру кезінде алдын- ала тапсырмалар дайындап қоюына мүмкіндігі бар.
- Интернет материалдарын оқушылардың көруіне мүмкіндіктері бар.
- Онлайн-тест
- Суретпен жұмыс, иллюстрацияларды көрсету...
«Қазақ тілі мен әдебиеті оқытудың интерактивтік тәсілдері қолдану» тақырыбы бойынша атқарылған іс-шаралар:
- 2008-2009 оқу жылында аймақтық семинарда қазақ тілі пәнінен ашық сабақ берілді.
- 2009-2010 оқу жылы аудандық педагогикалық идеялар фестивалінде баяндама жасалды.
- 2010-2011 оқу жылы интерактивтік тәсілдер қолданылынып, Ш.Мұртазаның «Жүз жылдық жара» шығармасы бойынша ашық сабақ берілді.
- 2012-2013 жылы аудандық семинарда шеберлік сыныбы көрсетілді.
Әдістемелік тақырыбым бойынша алдағы атқарылатын жұмыс жоспарларым:
- «Саналы оқырман» оқушыларды көркем шығармамен жұмыс жасауға үйрету жолдары /әдістемелік құралы
- ҰБТ-ге ИАОТ арқылы дайындық құралы
- «Тыныс белгілері: сауатты жазу дағдыларын дамытуға бағытталған тапсырмалар» жинағы
Мұғалім мен оқушының интерактивтік шығармашылығы шектелмейді. Оны қойылған мақсатқа дұрыс бағыттай білудің маңызы зор. Бүгінгі шығып жатқан әдістемелік инновациялар оқытудың интерактивтік тәсілімен байланыстырылған.
Интерактивтік оқыту – бұл, ең алдымен оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасы тікелей жүзеге асатын сұхбаттасып оқыту болып табылады. Интерактивтік оқытудың мәнісі - сыныптағы барлық оқушы таным үрдісімен қамтылады, олар өздерінің білетін және ойлайтын нәрселері арқылы түсінуге және қарсы әсер етуге мүмкіндік алады. Таным үрдісінде, оқу материалын игеруде, оқушылардың біріккен әрекеттері мынаны білдіреді; әр оқушы өзіне тән ерекше еңбегін сіңіреді, білім, идея, әрекет ету тәсілдерімен алмасу үздіксіз жүреді. Сонымен қатар, бұл үрдіс өзара қолдау және қайырмыдылық атмосферасында жүреді. Яғни, жаңа білім алып қана қоймайды, танымдық үрдісте өзін дамытады, оны әлдеқайда жоғары топтасу мен еңбектесу дәрежесіне көтереді. Сабақтағы интерактивтік әрекет өзара түсіністікке, өзара әрекетке, қатысушының әрқайсысына қажет мәселені бірлесіп шешуге алып келетін - ұйымдастыру және сұхбаттасып қарым-қатынас жасауды дамытуды ұсынады. Интерактив бір көзқарастың немесе бір ғана сөйлеуішінің басым болуы жағдайын болдырмайды. Сұхбаттасып оқыту барасында оқушылар сыни ойлауды, тиісті ақпарат пен белгілі жағдайды талдау негізінде күрделі мәселелерді шешуді, балама көзқарастарды салыстыруды, дұрыс шешімдер қабылдауды, дискуссияға қатысуды, басқа адамдармен тиімді қарым-қатынас жасауды үйренеді. Ол үшін сабақта жекелей, жұптық және топтық жұмыс ұйымдастырылады, зерттеу жұмыстары, рөлдік ойындар қолданылады, құжаттармен және түрлі ақпарат көздерімен жұмыс жасайды, шығармашылық жұмыстар пайдаланылады.
Бүкіл оқыту барысында оның әртүрлі жақтарын қамтамасыз ететіндей бір мезетте бірнеше технология қолдану керектігіне мұғалім назар аударуы қажет. Нақты өмірде бұл жағдай әрқашан іске аса бермейді. Неге десеңіз, мұғалім бір технологияны немесе оның бір көрнекті элементін ғана тәжірибеде қолдануға бейім тұрады. Бұл жағдайда ИАОТ бүтіндік принципі бұзылады: бұл үрдіс әртүрлі технологиямен жан-жақты қамтылуды талап етеді, бүтін болғанда ғана технология педагогикалық тұрғыда әсерлі болады.
Категория: Панорама | Добавил: шахарова (04.02.2014) | Автор: Шахарова Әлия Балғашқызы E
Просмотров: 5914 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 1
1 устаз   (02.07.2014 11:22)
Қазіргі кезеңде ақпараттық- коммуникативтік технологияны кеңінен қолдану басты мақсат. Сондықтан бұл баяндаманың пайдасы зор. Рахмет, қажетті көп ақпараттар алдым.

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz