Главная | Регистрация | Вход | RSSСуббота, 03.12.2016, 16:38

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Панорама [9]
Образование: модели и методы [60]
Управление [1]
Событие [18]
Воспитание и социализация [40]
Ступеньки к школе [11]
Профессиональное обучение [31]
Коррекционная педагогика [17]
Дополнительное образование [101]
Психологическая служба [47]
Родительское собрание [12]
Автограф на память [13]
Семиречье - взгляд сквозь годы [10]
Хочу поделиться [80]
Хроника [0]
Воспитание о образование в разных странах [2]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1520
Статистика

Онлайн всего: 5
Гостей: 5
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Рубрики журнала » Панорама

Білім беруді жаңартудың басты ықпалы – мектепішілік басқаруды ақпаратпен қамтамасыз ету

 Г. С. Төлекова,

№ 36  лингвистикалық гимназияның оқу ісінің меңгерушісі

Мектепжеткіншек ұрпақтың ойын қалыптастыратын шеберхана, егер болашақты қолдан шығарып алғың келмесе, оны қолда берік ұстау керек.

                        А. Барбюс

ХХІ ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технология бағытымен дамыту мақсатымен аттауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды. Жас ұрпаққа сапалы білім, өнегелі тәрбие беру – бүгінгі күннің басты талабы.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында  «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; ...оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілірге шығу» делінген.  Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымының, әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттігі туындайды. Сондықтан да әр мұғалім өз іс әрекетінде қажетті әдіс-тәсілдерді дер кезінде қабылдап, дұрыс пайдалана білуі керек. Еліміздің дамуына үлес қосатын, әлеуметтік өркениетке көтерілетін, парасатты, денсаулығы мықты азаматын тәрбиелеу – ұстаздар қауымының бүгінгі таңдағы мерейлі міндеті.

Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 22 қыркүйектегі №6345 өкімімен бекітілген «Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың Мемлекеттік бағдарламасы» мектептегі білім беруді ақпараттандыруға негіз қалап отыр.

Білім беру саласының қызметкерлеріне арналған тамыз мәслихатында Алматы қаласының әкімі Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов 2006-2007 оқу жылын «Білім беруді ақпараттандыру технологиясы жылы» деп жариялады. «Әрбір ұстаз компьютерлі сауатты және интернет арқылы жұмыс істей алып, әрбір мектеп компьютерлермен жабдықталған болуы керек» деп атап көрсетті қала әкімі. 

Біздің гимназиямыз лингвистикалық бағытта болғандықтан 2-9 сыныптар аралығында ағылшын тілі тереңдетіліп оқытылады.   Гимназияда бұрыннан екі лингофон (ағылшын тілдері), 1 корей, 1 қытай тілдері кабинеттері бар. Өткен оқу жылында  2 RINEL Lingo (Райнел линго), 1 MERITS (Меритс) бағдарламаларымен және интерактивті тақталармен жабдықталған мультимедиялық,   барлық жаңа үлгідегі құрылғылармен жабдықталған 1 химия, 1 физика кабинеттерін алып, информациялық-коммуникациялық технологияларды (ИКТ) оқушылар өміріне енгізумен шұғылданудамыз. Мектебімізде 2004 жылдан интернет желісі бар. Биылғы оқу жылында хабарды тарату жылдамдығы 256 кбит/с-тан 512 кбит/с-қа дейін өсті және де гимназиядағы 2 информатика, 3 мультимедиялық кабинеттерді, жергілікті желімен байланыстырдық.

Гимназиядағы мұғалімдердің түгелге дерлігі арнайы компьютерлік курстан өткен. Мультимедиялық кабинеттердің мүмкіндіктерін пайдаланып әр түрлі сабақтар өтуде.

Кітапханаға 2006-2007 оқу жылының аяғында интернет желісіне қосылған 5 компьютер орнатылды және электронды каталог жасалып бітуге таяды.

Білім беру үрдісін ақпараттандыру оқушыға білім берумен байланысты.

Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік дағдының көлемі күннен-күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Білім беруді жаңартудың басты ықпалы - мектепішілік басқаруды ақпаратпен қамтамасыз ету. Сондықтан білім беруді жаңа сатыға көтеру үшін тек білім мазмұны мен оқыту әдістерін ғана емес ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалану арқылы оқытуды ұйымдастыру формаларын қарастырып отырмыз.

Жалпы білім беретін оқу орнын басқару жүйесін анықтауда Л.М.Плахованың «Жақсы мектепті қалай жасауға болады?» деген ғылыми тәжірибесінде: «Басқару – басқару жүйесінің жалпы заңдылықтары және мәліметтерді өңдеу, алу, беру арқылы жүзеге асады» десе, ал, В. Г. Крысько «Басқару-ұжымды, топты, жеке адамды тәртіпке салу, сапалық ерекшелікті сақтау, жетілдіру және дамытуға ықпал жасау, шаралау кешені» - деп анықтама береді.

Екінші ұстанымда зерттеушілер басқаруда бір жүйенің екінші жүйеге, бір адамның екінші адамға  немесе топқа әсер етуі, ықпал жасауы деп қарастырады.

Сонымен, бұдан білім беру жүйесін басқару дегеніміз - оқушыға сапалы білім беру үшін ұжымның әрбір мүшесін ортақ мақсатқа жұмылдыру жетістікке жетелеуге сәйкес ұжымды басқарудың нысанын ұйымдастыру, қадағалау, реттеу, алынған ақпарат негізінде талдау, нәтиженің қорытындысын шығару.

Яғни, оқушының іс-әрекетін ұйымдастыратын мұғалім болғандықтан, оқушы білімінің төмендігін мұғалімнен көреміз, сол себепті олардан шығармашылықпен жұмыс жасауды талап етеміз. Сондықтан талапты, бақылау-басшылықты күшейту керек деп ойлаймын. Мектептің күнделікті жұмыс ырғағына бақылау жасау үшін ақпарат керек. Сол ақпаратты талдау арқылы басқару тетіктері іске қосылады. Мектебіміздегі білім сапасын арттырудың бір жолы ретінде «Ақпараттық картамен» жұмыс жүргізудеміз.

Бұл жұмыс әр сыныптан басталып, ай сайын қорытындыланып тұрады. Осы ақпарат арқылы оқу ісінің меңгерушілері әрбір сынып бойынша оқушының сабаққа қатысуы, баға қоры, мұғалімдердің, ата-аналардың сабақтастығы, күнделік, дәптерлерінің  тексерілуі т.б. мәселелерді біліп, көріп отырамыз және параллель сыныптар арасында  салыстырмалы мониторинг жасаймыз.  Бұл ақпарат апталық, айлық, тоқсандық, жылдық болып жасалып, жыл соңында келесі жылға жаңа міндеттер белгілейді.

Ғалым педагог Марк Поташник анықтағандай «Білім сапасы мақсат пен нәтиженің  өзара қатынасы».

Педагогикалық мониторингті оқу үрдісін басқару құралы ретінде тоқталып өтетін болсақ оқушыларды оқытуда  басқарудың негізгі міндеті алдын-ала жоспарланған мақсатқа жету болып табылады. Сондықтан мониторинг тұрғызу кезінде  алынған ақпарат, оқушылардың жоспарланған нәтиже жағдайын үздіксіз салыстыруға мүмкіндік жасауы керек. Бұл жағдайда мониторинг мазмұны білім беру мақсатымен анықталады.

Білім беру мақсаты төмендегілерді есепке ала отырып қойылады:

          оқушының интеллектуалды, эмоционалды, жеке бас дамуының ішкі үрдістері;

          оқушылардың оқу іс-әрекеті;

          оқыту мазмұны;

          мұғалімнің іс-әрекеті.

Оқу іс-әрекетін басқару және талдау үшін мониторингтер кеңінен қолданылады.

Қазіргі таңда микропроцессорлық техниканы және ЭЕМ оқу үрдісіне және оқытуды басқару ісіне енгізу қажетті ғана емес, сонымен бірге нақтылық болуда. Адамның ақпаратқа қажеттілігі күн сайын өсуде. Біз оны тез алу, саралау және сақтай білуіміз керек. Өкінішке орай, адамның миы ақпараттардың үлкен ағынымен өз бетінше күресе (справится) алмайды. Сол себепті адамға ақпаратпен көптеген іс-әрекеттерді орындай алатын ДК көмекке келеді. Практикада мұндай мүмкіншіліктерді пайдаланбаған адам көп уақыт пен күшті қажет ететін қол еңбегінен ажырамайды.

Директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары өте үлкен көлемді ақпараттармен жұмыс істейді: сыныптардың тізімдік құрамы, мұғалімдер құрамы, үлгерім есептері оқушылардың сабаққа қатысуы т.с.с.

Директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасарларының компьютерде құрылған жеке папкасы және есептік құжаттар, оқушылар мен мұғалімдерге арналған мәліметтер базасы болуы керек.

Онда оқу үрдісінің сапасын анықтауға негіз болатын және жинақ есебін құратын әрбір пән мұғалімдерінің тоқсандық және жылдық есептерін кіргізуге болады.

Әр  тоқсан сайын, оқу ісінің меңгерушісі осындай кестені мұғалімдерге таратып беруіне болады.

Дайын, толған кестені алғаннан кейін оқу ісінің меңгерушісі ДК (дербес компьютермен) көмегімен мәліметтерді жылдам әрі жан-жақты өңдейді.

Біз қазіргі таңда  сандық ақпараттарды өңдеу үшін – Microsoft Excel электрондық процессорын қолданудамыз. Бұл редактор ақпаратты кесте түрінде беруге ыңғайлы, формула көмегімен шамаларды есептеуге, сандарды жай, үлестік (берілген дәлдікпен) түрде көруге болады. Ең маңыздысы кестедегі мәндер арқылы графиктер мен диаграммалар тұрғызуға болады.

  «Бәрі өтеді, бәрі өзгереді». Қоғам, оның құндылықтары өзгереді, адам мен оның қажеттіліктері, сондай-ақ адамға деген талаптар да өзгереді. Өткен ұрпақ үшін кітаптың маңызы қандай болса, компьютер де қазіргі қоғам мүшесі үшін қоршаған әлемді танудың табиғи құралы болып табылады. Ендеше қазіргі кезде үлкен ақпарат ағынын басқаруда мәліметтер қорын құрудың маңызы зор.

Осыған орай, жаңа замандағы ақпараттық технологиялардың қарқынды даму кезеңінде мектепішілік басқаруды жетілдіру мақсатында аудан, қала көлемінде жергілікті жүйе арқылы ақпараттық кеңістік құрылса  деген ұсынысым бар.

Категория: Панорама | Добавил: teacher-almaty (24.03.2008)
Просмотров: 6664 | Рейтинг: 3.2/8
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz