Главная | Регистрация | Вход | RSSСуббота, 03.12.2016, 09:33

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Панорама [9]
Образование: модели и методы [60]
Управление [1]
Событие [18]
Воспитание и социализация [40]
Ступеньки к школе [11]
Профессиональное обучение [31]
Коррекционная педагогика [17]
Дополнительное образование [101]
Психологическая служба [47]
Родительское собрание [12]
Автограф на память [13]
Семиречье - взгляд сквозь годы [10]
Хочу поделиться [80]
Хроника [0]
Воспитание о образование в разных странах [2]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1519
Статистика

Онлайн всего: 4
Гостей: 4
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Рубрики журнала » Управление

Мектепті басқару жүйесінің моделі
№ 3, 2008 г.

Алматы қаласы ББЖМБК ҚДИ

директоры п.ғ.к. С.К. Исламгулова

 

Жаңа жобалы - құзырлы білім моделіне өту жағдайында мектепті тиімді басқару мәселелері ерекше маңызды болып табылады. Осыған байланысты басқару жүйесінің (БЖ) моделін әзірлеу, педагогикалық қызмет мақсатымен теңбе - тең түсетіндіктен және мәселелердің тиімді шешімін қамтамасыз ететіндіктен, осы мақсаттағы жетістікке қарсы әрекет ететіндіктен өзекті болып табылады.

Алматы қаласы мектептерінің әкімшілік - басқару аппаратының жұмыстарының сараптамасы мен ғылыми көздерін зерделеу мектепішілік басқарудағы кеңінен таралған төмендегідей мәселелерді атап көрсетті:

           біріншіден: басшылардың басқару қызметіндегі кәсіби дайындықсыздығын;

           екіншіден: басқарудың келешегінің және нәтижесінің бағытының жоқтығы;

           үшіншіден: жоспарлау тұтастай келешекті нәтижемен өзара байланыспайтын өзіндік  іс- шараларды ұсынатынын;

           төртіншіден: көпшілік пен мұғалімдерді басқару үрдісіне қызықтыратын қызмет пен басшылар тарапынан өзіндік басшылық жүйесін құруға талпыныстың жоқтығы;

           бесіншіден: әкімшіліктің қызметі мәселелердің алдын алумен емес, керісінше күнделікті мәселелерді шешумен ғана шектелетінін көрсетті.

Біздің түсінігімізше мектепішілік басқару жүйесі - педагогикалық жүйенің (ПЖ-ң) бір саласы және әртүрлі деңгейлі басшылардың өзара бірлесіп әрекет етуін ұйымдастыратын құрылым, әдістемелік жүйенің іс-әрекетін қамтамасыз ететін және дамытатын бағыт, оқыту технологиясы мен педагогикалық қызмет арқылы БЖ-ны құратын, қарым -қатынас пен басқарудың әдіс - тәсілі болып табылады. Басқару ұйымдастыру мен басқару жүйесінің үйлесімділігін, әдістемелік жүйесі моделінің келісімін, оқыту технологиясы және басқару жүйесінің моделін қамтамасыз етуі тиіс. БЖ моделдеуде білім беру ұйымдарының өзгешеліктері мен БЖ-да қолданыс табатын күтілетін маңызды ерекшеліктеріне, ішкі және сыртқы әлеуметтік ортаға байланысты қайшылықтарды талдауға бағытталуы тиіс.

Тәжірибелік - эксперименттік және ғылыми - зерттеу қызметінің ғылыми көздерін зерделеуде бізге БЖ дамытудың негізгі шарттары мәлім болды.

Бірінші шарты білім беру жүйесіндегі басшы кадрларды оқыту болып табылады. Алматы қаласы мектептерінің әкімшілік - басқару құрамы қызметін талдап, зерделегенімізде, басқарудың басымдылығы тек бұрынғы тәжірибе негізінде, яғни тікелей танып- білу мен нұсқаулық негізінің құрғақ үлгісінде ғана құрылатындығы айқындалды. Мұндай басқару келеңсіз жайттарға апарып соғады. Қазіргі заманғы білім жүйесін басқару кәсіби басқарушылықты талап етеді, себебі мектеп басшыларын оқыту магистратура мен педагогикалық ЖОО-ң арнайы факультеттері арқылы жүзеге асырылады.

ПЖ құрамының өзара байланыса дамуындағы барлық бағыттылығы басқару жүйесі моделінің тиімділігі екінші шарты болып табылады, егерде олардың бірінің өзгерістері (мысалы, білім мазмұны) басқадай өзгерістерімен (мысалы, ұйымдастыру түрі, әдіс, тәсілдері) және басқару шешімімен теңбе - тең қатар жүретін болса. Мектептің ПЖ-н қайта құру әкімшілік құрамының білім беру деңгейіндегі іс - әрекеттің тиянақтылығын, жүйелілігін, кешенділігі мен мақсаттылығын болжайтындықтан, білім сапасын басқару тиімділігін қамтамасыз ету мүмкін емес, дегенмен, тәжірибе барысы мұндай шарттардың сақтала бермейтінін көрсетті.

БЖ жүйесі моделін жобалауда педагогикалық қызметтің мақсаты мен міндетін анықтау қажет. Анықталған мақсатты әртүрлі көздерін талдауды, салыстыру мен қызметтің тамаша нәтижесін көрсететін мақсатын ұсынуды дұрыс деп есептейміз. Осы жағдайда педагогикалық қызметтің мақсаты - бұл бітіруші түлектің шынайы бейнесі, оқыту мен тәрбиелеу және оқушыны дамыту - мұғалім еңбегінің ең басты нәтижесі. Ал, қалған мақсаттар (жағдай жасау, ұйымдастыру қызметі және т.б.) - бұл лауазым сатысының көмекші мақсаттары.

БЖ моделдеудің төртінші шарты педагогикалық мақсат пен педагогикалық міндеттерге сүйенетін басқарудың басты мақсаты мен міндетін белгілеу болып табылады. Басқарудың мақсаты мен міндетін  қалыптастыра отыра, біз “Педагогикалық қызметтің мақсаты мен міндетін жүзеге асыруда не істеу керек?” - деген сұраққа жауап беруіміз керек.

Біздің мектепті басқарудағы көпжылдық еңбегіміз көрсеткендей, басқару жүйесінің мақсаты ойлары мен пікірі бір жерде тоғысар кәсіп иелерінің ұжымын құрумен қорытындыланады. Басшының басты назары, педагогикалық қызметтің басқарылуына, ПҮ-ке қатысушылардың қарым - қатынасына, оларды ортақ мақсатқа біріктіруге, табыстарға ұмтылуына бағытталуы тиіс.

Басқарудың басты міндетін анықтай отыра, жекелеген мұғалімдер мен педагогикалық ұжымның нысанасыз жиналысқа айналдыруда нені қамтамасыз ететінін шешу керек. Мектепті басқару жүйесі педагогикалық ұжымының қызметімен, педагогикалық  қарым - қатынаспен, ПЖ нысаналарының даму үрдісіндегі келесі төмендегідей міндеттерді орындаумен тиімді болып табылады:

1. Мәліметті - қаржылық, интеллектуалдық қорды құру және тарату (даму жоспарын нақтылау мен құрастыру, басымдылық танытатын түбегейлі міндеттерді шешудің тәсілі мен интеллектуалдық мүмкіндігінің нақты бағыты).

2. Мұғалімдердің ұжымы үшін, оқушылар мен ата - аналардың ақпараттық кеңістігін құру. Бұл жердегі маңызды жәйт әрбір білім беру ұйымдарында болуға тиісті норматив негізін әзірлеу (әрине жоғары тұрған органдардың нормативті құжаттары негізінде) және құқықтық, адамгершілік пен мәдени нормаларын жүргізу болып табылады.

3. Басқарудың әр деңгейінде сенімді және қазіргі кері байланыстың  жүйесін құру (директор - педкеңес - ата- аналар - конвент (айрықша заң шығарушы өкілеттігі бар сайланатын органдар), директорлар орынбасарлары және қызметтік сенімді өкілдер; кафедра басшылары мен шығармашылық топтар; мұғалімдер - сынып жетекшілері және т.б.).

4. Қызметкерлерді оқыту. Алматы қаласы мектептерінің әкімшілік - басқару адамдарының қызметін зерделеу мен бағалауда (соның ішінде жеке мектептердің) дәделденгендей, басшылар өздеріне бұл міндеттерді көкейтесті мәселе деп есептемейді. Сауалнама жүргізілген көптеген мектеп директорлары мен директор орынбасарлары (сауалнамада жауап алғандардың көрсеткіштер көрсетілетін болса оның ішінде 67% пайызы, егерде егерде сауалнама жасырын жүргізілген болса 87%-пайызы) тәжірибелілер мен өздерін жағымды жақтарымен көрсете білетін мұғалімдерді, жастар мен тәжірибесі аздарды оқытумен айналысатындарды қабылдағанды ұнатады.

Педагогикалық жүйедегі басқаруды дамытудағы біздің тәжірибеміз  дәлелдегендей, мұғалімдерді қайта даярлау курстарын бақылап, реттеп қана қоймай, сонымен қатар ПЖ-ң ішкі қызметкерлерін оқытуда жүйелі, мақсатты жұмыстар мен жеке жұмыстар, семинарлар, тренингтер, жүргізумен қатар өз бетімен білім алуын бақылап, ТЭЖ мен ҒЗЖ-на қатыстыру керек.

5. Белгісіздікті жою. Бұл міндет бұрын белгіленген міндеттерді түйіндейді. Тәжірибе көрсеткендей, жүйедегі көптеген жаңылысулар тапсырмаларды дұрыс орындамағандықтан туса, жанжал нұсқауды түсінбегендіктен, ақпараттың бұрмалауынан, уақытылы кері байланыстың, ұсынылған педагогикалық қызметтің түрін түсінбеу мен қабылдай алмауы салдарынан және т.б. туады. Бұл міндеттің аясында алғашқы жоспарға түзету жүргізіледі, негізгі сұрақтарды шешіп, үнемі түзетіп, білімдік қызметтің нормативті тұғырын нақтылап отыру қажет.

Басқару мен педагогикалық міндеттерді жүзеге асыру – мәдени - білімдік ортаға, жағдайларға, көптеген барлық педагогикалық үрдіске қатысушылардың өзара іс - қимыл жасауы арқасында қалыптасатын қағидалар мен құнды бағдарларға байланысты. Мектептің жағдайы - аз зерттелген, өлшеуге де келмейтін құбылыс. Ол мектеп табалдырығынан-ақ, күзетшінің сәлемінен, оқушылар мен мұғалімдердің көзқарасы мен олардың көңіл - күйлерінен сезіледі. Егер мектептің жағдайы өте жоғары деңгейдегі алаңдаушылық пен қызбалық тудыратын болса, онда бірден сезесіз, керісінше барлық педагогикалық үрдіске қатысушыларға қолайлы, жайлы болатын болса, сапалы ауа секілді сезбейсіз де.

Басқару мен менеджмент мәселелері жөніндегі өзіндік тәжірибеге сүйене отыра және әдебиеттерді сараптауда мақсатқа сәйкес деп қорытындылайтынымыз: педагогикалық қызметтің мақсатына жету жолындағы жетістіктер тек басқару міндеттерін шешумен ғана шектеліп қана қоймай, қағидалардың жиынтығын ұйымдастыратын педагогикалық қызметін, балалар мен ата - ана және мұғалімдердің қатынас жүйесін анықтайды.

Егер басқару басымдылық танытатын адамгершілік қағидаларға, ғылыми және табиғи үйлесімділік пен жүйелілікке негізделмесе, мектептің дамуы мен жұмыс істеуінің тиімді болуы мүмкін емес. Б.З. Мильнердің анықтауынша, осындай басымдылық танытатын қағидалар  «міндеттер құрылымы мен билікті құруда шешімін талап ететін басты сұрақтарды анықтайды. Олар нақты бекітілген ережелердің дәл жауаптары болып есептелмейді, тек басты сұрақтарды атап көрсетеді және басшының іс - әрекетіндегі басты бағытын айқындайды» деді. [1, 36-39, 273-274 Б.]. Басымдылық танытатын қағидалармен қоса, басқарудың да кездейсоқтық, күтпеген жағдай танытатын қағидалары бар.

Ондай қағидаларға, біздің ойымызша, орталықтандыру мен дара басшылықты, өзін - өзі басқаруға көшу мен құқықтық өкілеттілік қағидаларын және басқару нормаларына шек қою қажеттілігін жатқызуға болады.

Басқару жүйесін тиімді модельдеудің келесі шарты еңбекті көлденең және тік бөлу болып табылады.

Білім беру мекемесі айтарлықтай күрделі ұйым болып табылатындықтан, көлденең бөлу – орынбасарлар өкілеттіліктері арасында және әдістемелік бірлестіктер немесе пәндік кафедра бөлімшелерінің білім есебінде атүсті үлестіруі жолдарымен іске асырылады.

БЖ-ның құрылымы көлденең өкілеттікті анықтайтын лауазым сатысын белгілеуді талап етеді, яғни «үйлестіру жұмысын тапсырмаларды тікелей орындаудан бөледі». Еңбекті осылай бөлу қажеттілігі, жұмыстың бәрінен жақсы орындай алатындарды анықтап бекітуін қамтамасыз етеді. Қызметтің жоғарыдан төмен қарай мақсатқа сәйкестілігін анықтау, педагогикалық жүйенің нәтижесі мен оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруға байланысты болатынын ұмытпау қажет.

Білім беру ұйымында БЖ-сін нәтижелі модельдеудің басқадай бір шарты

дәстүрлі де жаңаша жұмыс түрлерін жетілдіруге нық сеніммен қарау болып табылады. Басқару міндеттерін шешуде алқалық түрлер- соның ішінде педагогикалық, шағын және әдістемелік кеңестер, кеңестер, кеңесшілік, жас және алдыңғы қатарлы озық педагогикалық тәжірибелі мұғалімдер мектебі, психологиялық - педагогикалық семинарлар, проблемалық топтар, диагностикалық топтар, педагогикалық шеберханалар, теориялық семинарлар маңызды рөл атқарады. Бұл түрлер жеке құрылымдар болып табылмайтындығын, тұрақты немесе уақытша және алуан түрлі лауазым мен өкілеттік сипатта болатындығын, әр түрлі міндеттерді орындауды қамтамасыз ететіндігін анықтауды қажет деп есептейміз..

Басқару дамуы мен ПЖ қызметі әртүрлі әдістерді ұсынады (қызметтің, үрдістер мен нәтижелердің талдамасы; бірыңғай тәсілдерді жасап шығаруға арналған пікірталастарды талқылау; мақсатқа сәйкес болжау; тұжырымдамалық көрініс; өкілеттік топтар құру; күнтізбелік  жоспарлау; дер кезінде оқыту; ұйымдастырылған қайта құру; жоба бойынша басқару; үрдістерді модельдеу, тәртіп пен іс- әрекеттер; теңеу мен салыстыру; өлшеу мен бағалау; сараптама; үрдісті түзету; мотивациялар жүйесін құру және т.б.). Сонымен қатар, өзіндік тәжірибені әзірлеу мен басқару модельдерін мақұлдап жинақтап қорыту, педагогикалық жүйенің біртұтас құрамды бөлігі ретінде, барлық белгіленген шарттардың орындалу қажеттілігі мен олардың кезеңділігін бірізділікті жүзеге асыру екендігін атап көрсетеміз.

Жоғарыда қарастырылған шарттарды бірізділікті жүзеге асыру басқаруды жүйеге келтіруді қамтамасыз етеді, сонымен қатар әкімшілік басқару қызметкерлері құрамының әрекеті тек қана ағымдағы мәселелерді шешумен шектеліп қана қоймай, ұжымды нығайтып біріктіруге және оны педагогикалық қызметтің тиімділігіне қосуға бағытталады. Егер басқару жүйеге өзгеретін болса, онда оның қызметі жалпы сипат алады, егер басқарушылық білім беру жүйесіне (ББЖ) немесе оның қызмет ету шартына өзгеретін болса, онда ПҮ-ке қатысушылардың өзара іс - қимыл жасауы мақсатты және кешенді түрде жүргізіледі. Бұндай жағдайда басқару қызметінің мазмұны, бірізділігі мен кезеңділігі ғылыми-негізделіп толықтырылып, БЖ-ның бір ғана құрамды бөлігі болып табылады. Жоғарыда айтылғандарды жинақтап қорытуда, біз ұсынған басқару жүйесі моделінің сипаты мен негіздемесін сызба түрінде көруге болады (1 сурет).

Олай болса, біз тағы да басқару бағытын әзірлеу мен дамудың түбегейлі жоспарын жүзеге асыруда және ПЖ-ның қызмет етуін «сенімді» қамтамасыз етуде, БЖ-ң іс - әрекетті ұйымдастыратынын, түбегейлі мақсатқа жету жетістігін қамтамасыз ететіндігін, бірақ өзі түбегейлі жоспар бола алмайтынын айта кетеміз.

Моделдеу мәселесінің ғылыми - тәжірибелік зерттеулері, жалпы білім беретін орта мектептегі БЖ-ның қызметінің тиімділігін қамтамасыз ету, алынған нәтижелердің теориялық негіздемесі, біздің модельдерді басқа  да ББЖ-не таратудың талдамасы мен Алматы қаласындағы мектеп басшылары қызметін зерделеуде төмендегідей тұжырымды анықтады:

Біріншіден, қызмет ету аясы, қызмет ету сатысын тек жүйе ғана орындай алатындығын, егер де басқару тек жеке адамның мектепте тәртіпті сақтау әрекеті болып табылатын болса, онда қызмет ету боямаланып, көбіне басқару мекемесіне көрсету үшін жасандылық кейіп танытады;

Екіншіден, педагогикалық қызметтің тиімділігі, жетістікке жету мақсатының бағыты басқару жүйесі моделі авторының мектептің нақты ерекшелігін есепке ала отыра бейімделуін болжайды;

Үшіншіден,  БЖ-ның тиімділігі әсер ету мен өзара іс - қимыл жасаудың түбегейлі жоспарының үйлесімділігін қамтамасыз етеді. Бұл жалпы бірін-бірі толықтырулары қажет;

Төртіншіден, мектепте БЖ-ның моделін әзірлеудің үлкен ғылыми - тәжірибелік маңызы бар. Дәлел үшін, белгілі қазақстандық ғалым Т.Т. Ғалиевтің пікірінен дәйексөз келтірсек: «Басқару жүйесі моделінің қалыптасу үрдісі мен тәжірибе жүзінде іске асырылуының аз зерттелгендігі тек әдіснамалық негізде ғана көрініс тауып қоймай, сонымен қатар, басқарудың тиімділігінен де көрінеді. Сондықтан тұтастай басқару жүйесінің біріктірілген моделін жобалаудан бастаған тиімді...» [2, 190. Б].

Басқару жүйесінің моделін әзірлеу БЖ-ны құруға, тиімділігін арттыру мен дамытуға бағытталған.

Идеологиялық негіз құзырлы басқару болып табылады – басшы педагогикалық қызметтің мақсатын біледі, стратегияларды анықтауға және ғылыми негізделген іс - әрекеттерді жүзеге асыруға дайын. БЖ моделінің технологиялық негізін жасау – жүйені жобалау немесе жүйелі жобалау болып табылады. БЖ-ны дамыту білім сапасының жоғарғы деңгейін қамтамасыз етеді, яғни педагогикалық іс - әрекеттің мақсатын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Әдебиеттер

1.Мильнер Б.З. Теория организации. - М.: ИНФРА-М. 1998. -336с.

2. Галлиев Т.Т. Системный подход к интенсификации учебного пооцесса (для технических специальностей вуза). // Диссертация д.п.н. Караганда. 2002. -305 с.

Категория: Управление | Добавил: teacher-almaty (15.12.2008)
Просмотров: 13212 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 3.7/6
Всего комментариев: 1
1 ақтолкын   (10.11.2009 15:30)
Мақалаңыз жақсы жазылған

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz