Главная | Регистрация | Вход | RSSСуббота, 03.12.2016, 09:33

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Биология [28]
ИЗО [12]
Профессиональное обучение [6]
Внеклассное чтение [16]
География [22]
Духовные ценности [10]
Если хочешь быть здоров [47]
Информатика [58]
История [48]
Иностранный язык [99]
Книжная полка [49]
Компьютер-бум [10]
Казахский язык и литература [181]
Математика [85]
Мир науки [11]
Моя Родина - Казахстан [42]
Музыка [97]
Начальная школа [399]
Общество семи муз [12]
Психологический клуб [11]
Русский язык и литература [129]
Родительское собрание [11]
Творческая личность [20]
Технология [21]
Физика [20]
Химия [31]
Экологическое воспитание [13]
Самопознание [35]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1519
Статистика

Онлайн всего: 4
Гостей: 4
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мастерская учителя » Духовные ценности

«Қайырымы мол ағалар»
Қайырымы мол ағалар» атты қайырымдылық концертінің бағдарламасы және жасақтамасы.

Әлеуметтік педагог Зинекешова Бибигуль Есбосыновна.

Бүгінгі «Қайырымы мол ағалар» атты мерекелік концертке қош келдіңіздер!
2 жүргізуші:
Сіздердің «мектепке жол» қайырымдылық акциясына қосқан үлестеріңізге біз мектебіміздің балалары мен ұжым атынан алғысымызды білдіріп, рахмет айтамыз
1 : Киелі топырағымызда өсіп, оркендеген ауыл азаматтары келешекте елімізді көркейтетін ұрпақ, яғни балаларға көңіліңізді бөліп қайырымды болғандарыңызға мың алғыс .
2: «Кәсіпкерлік, әлеуметтік салаға әрдайым қолдау көрсетіп отыруы тиіс» деп Елбасымыз айтқандай,балалар үшін қосқан үлестеріңіз сауап екендігін жадыңызда ұстаңыз. Сауап дегеніміз - өзіңді қоршаған ортадағы жанды , жансыздардық бәріне бірдей жақсылық көрсету, қамқорлық жасауға үндейтін ұғымдар жиынтығы.
1: Концерттік бағдарламамызды бастамас бұрын сөз кезегін мектебіміздің директоры Данагулова Майра Мәзжанқызына береміз.
2: Алдарыңызда мектебіміздің 8а сынып оқушысы Өксікбаева Гүлсезімнің орындауында Т. Молдағалиевтің «Қара тағдыр» атты өлеңін қарсы алыңыздар.
1: «Би болады әрқашанда қыз барда
Жылуына жібір тіпті мұздарда
Мың бұралып билегенде кім жетер
Биші әсем біздің сұлу қыздарға» дей келе алдарыңызда « Қазақ биі »
2: Рахымшылықты да, имандылықты да адам жасайды. Ал имандылық дегеніміз – адам баласы үшін ең қымбат қасиеттердің бірі. Иманнан тарайтын қасиеттер: ақ ниет, ар-ұят, қайырым, шапағат, төзімділік пен ұстамдылық , тәубә, шүкіршілік, қанағат. Міне осылардың түптеп келгенде барлығының тоғысатын үлкен арнасы парасатты адамгершілік дей отырып 8а сынып оқушысы Жақас Ақеркенің орындауында « Бір тілек »
2: «Орыс биі көтереді көңілді
Жадыратып жібереді өмірді
Қол соғып қошыметтеп қарсы алайық
Көтереік көңілді тамсанайық» дей келе алдарыңызда « орыс биі » қарсы алыңыздар.
1: Балаларға ықыласыңызбен қамқорлығыңызды сыйлаңыз. Дағдарыс балалардың өміріне көлеңке түсірмеуі тиіс. Сіздің көмегіңізбен балаларын мектепке дайындау оңайға түседі. Сіздің балаларға қол ұшын созып, олармен жүрек жылуын бөлісе алатыныңызға сенеміз.
2:Күндегі күліп жарқырайды шығады
Жақсы әуен жырмен сәнің бұлағы
Түсінеміз әннің асыл ырғағын
Көңілмен тыңдаған жан ұғады.дей келе Қалмұхан Айсананың орындауында «Дударай» әні.

1. Иман- ұлттың тән мен жан саулығын , ар-ұждан тазалығын сақтайтын , қорғайтын, күшейтетін рухтың көзі емес пе?! Жақсылықты жақтайтын,халықты отаншылдыққа, тұтастыққа шақыратын бірлікке үндейтін түп негізі берік тәрбие құралы. Негізгі мақсаты бүкіл азамат баласын бауырмалдыққа шақырып жұртты бір – бірімен мейірімді де қайырымды ету.
1: Басқаларға қуаныш бол көз ілмей,
Өзгелерге сыйла өзіңді жүзімдей.
Соншалықты үлкен жаның болмаса,
Бір кішкентай шырақ болып мол жаса.
Ренжітпе сөзіңмен не ісіңмен.
Кісі мұңын тыңдай білгін ішіңмен.
Жұмсарта біл азабын, сырқаттыны
сауықтыр,
Жер азабы тамұктан да ауыр бір.

Жас құйынды бойыңдағы бағындыр,
Ата анаңа мейрімді бол, сағындыр.
Ақ сүт берген анаңды да ұмытпа,
Тәрбиеші әкені де ұлықта.
Уайымсыз күндеріңе тасыма,
Жүректердің у төкпеші басына.
Қайырымды бол басқаға,
өзіңді көп ойлама,
Тағдырыңа табатын ұлы сыйың
сол ғана.
2:»Жастар» биін қарсы алыңыздар.
1: «Тамсандырып ән салам
Естіген жан тамсанған
Жүректерге жетсін деп
Айту үшін жар салам» дей отырып Жақас Ақеркенің орындауында «Балалық шаққа саяхат» әні

2:Биле жастық жабырқама жасқанба
Биле тағы әуенге үн қосқанда
Биле деген сөзді естіген сәтіңде
Байқап тұрған несібеңнен бос қалма .
Алдарыңызда «испан» биі орындайтын 6 кл оқушысы Үмбетқали Ақнұр.
1: Бірге өсіп, ең жайлаған ұл мен қыз
Асыға сәлем жүректен біз
Тәтті күн асқан , ән мен әсем биді
Сіздерге тарту етіп ұсынамыз деп « Ақ тілек » биін қарсы алыңыздар.
2:Жаралған жақсы үміт пен мұраттардан
Жансыздар әлдейлеген шуақты арман
Жатталсын есімдерің жан жүректе
Адамның аяулы әні сияқталған деп Қалмұхан Айсананың орындауында «Арыс жағасында».
1:Құрметті қонақтар, біздің « Қайырымы мол ағалар» қайырымдылық акциясына өз үлестеріңізді қосқандарыңыз үшін көп-көп рахмет айтамыз. Бастарыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілейміз. Айналаға күн шуағын шаша білейік ағайын!
Категория: Духовные ценности | Добавил: Эльвирок (07.02.2014) | Автор: Зинекешова Бибигуль Есбосыновна.
Просмотров: 721 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz