Главная | Регистрация | Вход | RSSПятница, 09.12.2016, 08:52

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Биология [28]
ИЗО [12]
Профессиональное обучение [6]
Внеклассное чтение [16]
География [22]
Духовные ценности [10]
Если хочешь быть здоров [48]
Информатика [58]
История [49]
Иностранный язык [99]
Книжная полка [49]
Компьютер-бум [10]
Казахский язык и литература [182]
Математика [85]
Мир науки [11]
Моя Родина - Казахстан [42]
Музыка [97]
Начальная школа [399]
Общество семи муз [12]
Психологический клуб [11]
Русский язык и литература [132]
Родительское собрание [11]
Творческая личность [20]
Технология [21]
Физика [20]
Химия [31]
Экологическое воспитание [13]
Самопознание [35]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1522
Статистика

Онлайн всего: 8
Гостей: 8
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мастерская учителя » Духовные ценности

Ата салтым – асыл қазынам
№ 2, 2008 г.

Ф. Қ. Берікболова, АҚББЖМБК КДИ тәрбие жұмысы кабинетінің меңгерушісі

2008 жылдың 15 – 16 мамыр аралығында Атырау қаласында Астана қаласының 10 жылдығына арналған «Жастарды рухани – адамгершілік дамуының этнопедагогикалық негіздері» атты республикалық семинар – кеңес өтті. Семинар – кеңестің бірінші жұмыс күнінде Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті студент жастарының жетістіктерін сипаттайтын, Атырау облысы бала бақшаның, жалпы білім беру мен кәсіптік – техникалық мектептердің ұлттық тәрбие бағытындағы көрмелер ұйымдастырылып, оқушы – жастарды рухани құндылықтар арқылы тәрбиелеудің өзекті мәселелері жан – жақты талқыланды, соңынан студент  жастардың үлкен концерті берілді. Екінші күні облыстық тарихи - өлкетану мұражайында, №13 ұлттық гимназия мен №30 мектеп гимназиясында, №1 кәсіптік лицей мен политехникалық колледжде және облыстық техникалық лицейде жастарды рухани адамгершілікке тәрбиеге арналған іс шаралар ұйымдастырылды. Соның бірі №13 ұлттық гимназияда өткен «Ата салтым – асыл қазынам» атты тәрбие сағатының жүргізілу барысы.

Тақырыбы:  «Ата салтым - асыл қазынам»

Мақсаты: Ұлттық сананы ояту, тәрбиелеу, жас ұрпақ санасына, туған  халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру. Ана тілін, ділін, дінін, оның тарихын, мәдениетін,өмірін,кәсібін қастерлеп, салт-дәстүрін, рухани- мәдени мұраларын менгеру.

Барысы:

I бөлім

1. Қонақтарды қарсы алу (қазақтың ұлттық киімін киген мектеп басшысы мен ұжымы қонақтарды Құрманғазының күйі «Адайдың» ән шашуымен қарсы алды. Ақ жаулықты ананың ақ батасынан бастау алған дүбірлі рухани республикалық семинар, мың бұралған бишілердің «Қуаныш» биіне ұласты. Оң қанатта мектептің шәкірттері көрме ұйымдастырып, көрме барысын өздері жүргізді.)

II бөлімнің атауы: Ырым етсең, адам ет, жамандықтан аман ет.

1- жүргізуші:

Уа, ағайын, ұмытпа ата дәстүрін,

Баста әркез жақсы өнеге, жақсы ырым.

Қамқорлай жүр, тіл дініңді, салтымды

Жоғары ұста өз ұлтыңның асылын.

II- жүргізуші.

Қарсы тұрғын қылығына жаманның,

Оң іс баста ақта сүтін  анаңның

Ғылым үйрен, сәтті болар қадамың,

Шымда қыран елдік, ұлттық сананың

Арын ойла атаң, анаң, бабаңның,

Бірлік сақта жеткенімше шамаңның

Сөзін жатта, ұғын треің данаңның,

Ұлы болған мынау байтақ далаңның.

I-жүргізуші. Жақсы ұрпақтың санасында туған халқына деген құрметтеуді, сүйіспеншілікті, ана тілін, дінін, тарихын, рухани- мәдени мұраларын құрметтеуге арналған қасиетті қара шаңырағымыз Д. Байбосынов атындағы мектеп гимназиясында өткелі тұрған «Ата салтым, асыл қазынам» атты тәрбиелік шарамызға қош келдіңіздер.

II- жүргізуші. Қазақ даласының қазақ аулында кіндігіміз кесіліп, туған халқымыздың әдет-ғұрпын қалаудай қалап, дәстүрін жадымызға жылудай жинап, асыл тілін аманаттай ардақтайтын, дінін діліме тұмардай тоғып салтын санамызға сыбағадай сақтап, және солардың бәрі құрандай қастерлеп өсіп, ер жеттік. «Ырым етсең адал ет, жамандықтан аман ет» атты ырым-тиымдарға арналған көрініс.

Көріністер:

Мақсаты: Күні бүгінге дейін тәрбиелік мәнін жоймаған халқымыздың кейбір тәрбиесін тиым мен ырым сөздерін алып қарасақ, көтерген мәселесі бала жанына зердесіне ізгілік, инабаттық дәнін себу.

1- көрініс:

Әже: Ауылға қонақ келсе, ырыздығын ала келеді деген, кәне, келіңдер қазан көтеріңіздер.

Келін: - Ия, ене, біз қазан көтеріп, аз мәзірін дайындап та қойғанбыз!

Әже:  Кәне, жиналып дастархан басына келіңіздер.

- Әй, Бейбіт, Самат, Марат кәне дастарханға келіндер! (қолын жуғасын, Самат қолын сілкіп қалады.)

Әже: - Бәріңе сабақ болсын, естеріңде жүрсін! Сен қолыңды жуған соң бірнеше сілкідің. Бұл өз ырыс- небісіңді төккенің, суыңды айналаға шашып, әдепсіздікке бөккенің.Жаман ырымды бастама, ақылсыздықты жұрт алдына тастама.

2- көрініс:

Анасы дастархан жайып, шайға шақырады. Бір бала бір қолымен нанды үзіп жейді де, үгіндісін тастайды.

Анасы:: Нанды бір қолымен үзу деген киелі асты қорлаумен бірдей. Ертеде халқымыздың ұғымында нан уағын тастама «обал» болады, «жеп қойсаң бай боласын»  деп тәрбиелеген.

Немересі:Ана,кешірерсіз енді қайталамаймын. Асыңызға рахмет .

Анасы: - Ойбай мына пышағы түскірдің жүзі шалқасынан жатыпты

ғой жөндеп қойыңдар. Ол кездейсоқ пәлеге ұрындырар.

3- көрініс: (Осы кезде 1 бала төрде тұрған домбыраны ат қылып мінеді.

Оқушы: Домбыра қазақтың қасиетті дүниесі. Оны тарта алмасаң да, қадірлей біл. Себебі біздің бойымызға халықтың рухани қасиетін сіңіру біздің өнерімізден бастау алады.. Өнерін қастерлей білмеген қазақтың баласы туған халқының жанын түсінбеген адам, тамыры шабылған ағашпен тең. Соны есте сақта! Біз саған сол өнердің бірін орындап берейік. Бастауыш сынып оқушыларының орындауындағы  «Қазақ биі».

III - бөлім: «Алтыбақан » ойын-сауық отауы

Алтыбақанды тербеткен  ұл-қыздар өз өнерлерін көрсетіп жатты. Осы кезде басына тақия киген кішкене ұл бала үйге жүгіріп кереді.

- Әже, ауылға қонақ келді, қонақ келді.

- Кәне, балам, көрші ауылдың қыз-жігіттері келе жатыр ғой қарсы алайық! (Барлығы қуана амандасып, бірін - бірі қарсы алды).

1-ші жүргізуші.

Дәстүрдің жақсылығын қарсы алайық,

Достықтың құдыретін бағалайық.

Сарғайған санамызда сарқыншақтай

Арылып жан сарайын тазалайық.

II-шіжүргізуші.

Айлы түн, нұрлы жарық, мөлдір аспан

Әдемі жас көңілді құлпын ашқан

Секілді жасыл жайлау жас құрбылыр,

Шырқаңдар, шыққанша күн тоқтамас.

III. Алтыбақан әрі қарай жалғасын тапты.

Өлең өнер дегенмен

Өнері бар, әні бар,

Бойжеткені елімнің.

Салт—дәстүрдің әр сөзін

Сақтап жүрген ойына

Міне алтыбақан әрі қарай жалғасты.

0Осы кезде ауыл жастары алтыбақанға отырып, әңгіме дүкен құрып жатады.

Динара: - Бүгін міне, көктемнің шуақты күнінде басымыз қосылып, жиналған екенбіз, қандай керемет, қош келдіңіздер!.

Мұхтар: - Иә, басымыз қосылып қалған екен, бір думан, өнер сайысын өткізіп, алтыбақан теуіп, бір қызыққа батайық. Алғашқы алтыбақанның төрі кімге бұйырар екен. Бойжеткендер отырсын.

Парасат: - О, мұндай ұлы қызықты босқа жібермейік, кәне, жігіттер, ойын қайда, ән қайда?!.

1.         Ән кетеді.

Гүлнұр: - Ау, бозбалалар, мынау ауылымызға келген қонақтарды да ортаға шақырайық. Енді мен сендермен бір ойынды ойнағанды жөн көріп тұрмын. Ойналар ойынның аты « Асау көк».

Ойынның шарты: Ауылдың алты ауызын айтады, қонақтан «қонақ кәде» сұрау бұл халқымыздың салты. Олай болса, қонақтар көз кезегі өздеріңізде.

Айболат: - О, несі бар, кім айтты сендерге, қонақтар өнерлі емес деп, солай емес пе Марал, менде көрші ауылдың бойжеткендеріне өз өнерімді көрсетіп қалайын. Халық әні «Үкілі қыз». Ұл - қыздардың өнеріне дән риза болған ақ жаулықты Ана:

- Өнерің үстем болсын.

- Өркенің өссін!

-Өнерлі болсаң осындай бол! - деп ақ батасын берді.

Динара: - Қыздар, мен бір сақина салмақ ойнын ойнатайын деп едім. Бұл ойынның шарты тіпті оңай. «Бір, екі, үш сақина ұш»-дейді. Ойын ойналады.

-           Бұл ойында Мұхтар сен бір осалдық таныттың.

-           Кәне, кәне, өнеріңді көрсет.( Қыздар сықылықтап күледі). «Халық әні» орындалады.

-           Қыздар, жігіттер, көрші ауылда бастаңғы  болып жатыр дейді , кәне, сонда барайық.

-           Жүріңдер, жүріңдер! (Бәрі залдан шығып бара жатады).

IV - бөлім: Ұлы мұраға тағзым

Жай әуенмен  музыка ойналып тұрады.

1-ші жүргізуші. Қандай өзгеріс болып жатса да ата - әженің ұлағаты, әке мен ана тәрбиесі өскелең ұрпаққа өмірлік мұра. Ұлтының тарихын білу – болашаққа бағдар. Тәуелсіз Қазақстан елімізде әнұранымыз шарықтап, көк аспанымызда қыранымыз қалықтап, бірлікті ұран еткен бейбітшілік заманы өрлей берсін.

II-ші жүргізуші. Жылуы мол, ашық жайсаң, жайдарлы күндердің бірі. Әрбір ұланның қиял – ойында елесінің ұшында Қазақстан – 2030 жылдар. Мектебіміздің әрбір ұлан өзінің ойын былайша тұжырымдайды.

1-оқушы: Мультимедиамен сөйлеседі, бабалар ескерткіштері, қорымдар, тарихи жерлер туралы мағлұмат 2-3 минут.

2-оқушы: Мультимедиамен өнер тарландары сөйлейді. Атырау өлкесі ұлттық мұраларға – бай өлке. Жәдігерлер туралы 2-3 минут.

Жүргізушілер: Біз ХХ1 ғасырдағы рухани дүниесі таза ұрпақты болашаққа қалай апарамыз деген тұжырыммен «Атамекен» әнімен қорытындылаймыз.  

Категория: Духовные ценности | Добавил: teacher-almaty (25.09.2008)
Просмотров: 11081 | Рейтинг: 3.7/7
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz