Главная | Регистрация | Вход | RSSПятница, 09.12.2016, 18:40

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Панорама [9]
Образование: модели и методы [60]
Управление [1]
Событие [18]
Воспитание и социализация [40]
Ступеньки к школе [11]
Профессиональное обучение [31]
Коррекционная педагогика [17]
Дополнительное образование [101]
Психологическая служба [47]
Родительское собрание [12]
Автограф на память [13]
Семиречье - взгляд сквозь годы [10]
Хочу поделиться [80]
Хроника [0]
Воспитание о образование в разных странах [2]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1522
Статистика

Онлайн всего: 4
Гостей: 4
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Рубрики журнала » Образование: модели и методы

«ҚҰҚЫҚ ПӘНДЕРІН ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА БІЛІМ БЕРУДІҢ БЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕРІН ҚОЛДАНУ»
«ҚҰҚЫҚ ПӘНДЕРІН ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА БІЛІМ БЕРУДІҢ БЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕРІН ҚОЛДАНУ»
Педагогикалық тәжірибені ПБК отырысында талқылауға арналған баяндама

Мақсаты: Білімгерлерге оқытудың белсенді әдістерін қолдану арқылы назарын, творчествалық қабілетін, сараптама жасай білу, қарапайым шешім қабылдауға, алдын-ала қорытынды жасай білуіне қолдау жасау.

Міндеттер:
 НҚА, оқулықтар,қосымша әдебиеттер негізінде нақты ақпараттарды сын тұрғысынан ойлау арқылы дамыту;
 Қазіргі заман заңдарын қолдана отырып, заңи құжаттарды құрау;
 Тәрбиелі міндеті: Ұжыммен жұмыс істеу, белсенділігін арттыру, коммуникативтік жақтарын дамыту.

Тақырып өзектілігі: Бүгінгі таңда жалпы кәсіби және арнайы пәндерді оқыту Қазақстанның Кәсіптік және техникалық білім беру (КжТБб) жүйесінде аз әзірлеген, болып отыр, әсіресе әдістемелік дәйектемелердің жоқтығы, құқық пәндерін Кәсіптік және техникалық білім беру жүйесінде оқытуда ғылыми дәлелденген әдістер мен технологиялардың болмауы, сондықтан бұл тақырыптың өзектілігі орта деңгейдегі мамандарды даярлау барысында технологиялар мен әдістерді іздеу болып табылады.
Мәселенің маңыздылығын дамыту болашақ мамандарды Кәсіптік және техникалық білім беру жүйесінде даярлауда заманауи өмірге қалыптастыру. Ауқымды заңдар, оларға жиі өзгертулер енгізілуі, заңдарда кететін олқылықтар, болашақ заңгерлердең теориялық білімдерін тәжірибеде қолдануды талап етеді.
Оқу процессінің алға қарай бет алуына прогрессивтік технологияларды сабақ барысында қолдану, студенттің творчествалық өзіндік дайындалуына бағытталған.
Оқытудың белсенді әдістері- (Обә)- оқу процессін ұйымдастыруға бағытталған педагогикалық іс-әрекеттердің, әдістердің, білім алушының оқу материалын тану, өзіндік, творчествалық жұмыс жасауының іс-шаралар тобы.
Кәсіптік және техникалық білім беру жүйесінде білім берудің белсенді әдістерінің әр түрлі ғылыми білім беру орталықтарында көптеген психолог, оқытушылармен зерттелгенмен, «Құқықтану» мамандығының мамандарына арналған оқытудың белсенді әдістерін қолдану жайлы аз зерттелгендіктен өзекті болып отыр.
Оқытудың белсенді әдістерінің дамуына өз үлестерін қосқан теоретик және тәжірибелі оқытушылар: Н.А. Кошкарбеков, А.М. Матюшкин, Т.В. Кудрявцев, М.М. Леви және т.б.
Бірақ бұл зерттеулер мектеп материалдары негізінде зерттелгендіктен, ол Кәсіптік және техникалық білім беру жүйесінде оқытудың белсенді әдістерінің дамуын қиындатты, себебі кәсіби және техникалық білім беруде дидактикалық жағынан дәріптелуін қажет етті.
Бұл жұмыста оқытушы оқытудың белсенді әдістерін кәсіби білім беру шарттарына сай дәріптеп, талқылау.
Құқық пәндерін оқыту тәжіріибесінде оқытудың белсенді әдістерін қолдану арқылы анықтағандай, оқытуда қолданатын белсенді әдістер жан-жал, кейбір шешімін табуы қиын мәселе есептерді шешкенде , алға қойылған мақсатқа жетуде білім алушылардың қолданатын әдістері болып табылады.
Оқыту барысында белсенді 3 әдіс байқалады: ойлау, іс-әрекет және сөйлеу, ақпарат.
Сабақ барысында оқытудың белсенді әдістерін қолдануына байланысты жоғарыда аталған әдістерін біреуі немесе бірнешеуі қолданысқа енгізілуі мүмкін.
Белсенділік деңгейі аталған 4 әдістердің қолданылуына қарай анықталады.
Мысалы: дәріс сабақтарында ойлау қолданылады.(есте сақтау), практикалық сабақтарда-ойлау мен іс-әрекет, ал дискуссия сабағында- ойлау, сөйлеу және кейбір жағдайларда эмоционалды- тұлғалық қабылдау, іскери ойындарда- белсенді әдістердің барлық түрі, экскурсияда- тек қана эмоционалды- тұлғалық қабылдау.
Бұл эксперименталдық сараптама мәліметтері нәтижесінде анықталған келесі ақпарат: дәріс сабақтарында оқытылатын материалдың 20-30% ғана, әдебиеттермен өзіндік жұмыс атқарғанда -50 %, жаттағанда- 70% (қайта-қайта қайталағанда), ал (мысалы іскери ойын) кезінде ақпараттың -90%. Әдістер жеке педагогикалық дәйектеме ретінде және дәстүрлі жүйемен онтайландырып әзірлеуге болады. [4]
Оқу процессінің тану мүмкіншілігіне ие болады: әр білім алушы белгілі бір тапсырма алғанда, топтың алға қойған мақсатына жетуге тану процессінің ролі зор. Мынадай әдістер: іскери ойын, дебат, “INSERT” келесідей міндеттерді шешеді:
• Ашық сөйлесу дағдыларын белгілі нысандарға келтіру;
• Өз көзқарасын ашық, әрі нақты жеткізе білу;
• Күрделі жағдайлардың туындауын, оларды шешу жолдарын сараптай отырып, одан шыға білу.
Оқытудың белсенді әдістерін қолданудың бірқатар ерекшеліктері бар:
• дәстүрлі жүйемен келістіріп қолданған жағдайда оң шешім береді;
• оқу процессінде «белсенді әдістерді» жиі қолдануға болмайды;
• оқытудың белсенді әдістерін практикалық сабақтарда қолданған дұрыс, себебі әсіресе практикалық сабақтарда болашақ маман алдына қойылған тапсырманың шешімін жан-жақты ойлап табуға тырысады.
Білім алушылар оқытудың белсенді әдістерін қолдану арқылы арнайы және жалпы кәсіби пәндерді оқытқанда, болашақ мамандығымен әлеуметтік-қоғамдық байланыстарын таниды.
Дидактикалық жағынан оқытудың белсенді әдістерінің ішінде келетіні - рольдік ойын.
«Әкімшілік құқық», «Азаматтық құқық», «Қылмыстық құқық», «Қылмыстық іс жүргізу» сабақтарында рольдік ойын сот істерін қарауды ойын арқылы қолданылады. Білім алушылар сот, прокурор, қорғаушы, жәбірленуші, айыпталушы, куәгер, аудармашы т.б. басты қатысушылар ролінде қатысады.
Іскери ойын негізінде тұлға аралық, дағдарыс жағдайлары көрсетіледі. Ойын барысында қатысушылар бірі-бірімен диалог құрып, берілген тапсырманы шешуге тырысады. Осындай ойындар студенттердің белсенділігін арттыруға, қызуғышылығын арттыруға, теориялық білімдерін тәжірибеде бекітуге, сонымен қатар логикалық ойлау қабілетін, өз бетімен шешімдер қабылдауына әсер етеді.
«Заңи кеңес беру» атты іскери ойын 4 деңгейден тұрады «Топта жұмысты ұйымдастыру», «Топпен жұмыс», «Топ жұмысының қорытындысын ұсыну», «Жұмыстың қорытындысын бағалау».
Тәжірибе көрсеткендей, аталған ойын студенттерге оқу материалдарын тез қабылдауға, оқу барысын қазақты, әрі түсінікті, болашақ мамандарға практикалық дағдыларын қалыптастырып, жұмыста қолдануға мүмкіншілік болады.
«Заңи кеңес беру» іскери ойын барлық құқықтық пәндерді оқу барысында қолданады.
Құжаттармен жұмыс кезінде, әсіресе нормативтік-құқықтық актілерді меңгеруде іскери ойынның маңызы зор.
Бір қарағанда қызуғышылықсыз болса да, бірақ заңгер мамандығында құрамдас бөлігі болып табылады.
«Конституциялық құқық» пәні сабағында іскери ойынның келесідей әдістері студенттерді заңдарды оқуға бағыттайды.
«Мен нені жаксы білемін және нені онша білмеймін» атты ойын сабақты қорытындылау үшін қолданылады;
«Құқық жайлы өлеңдер» атты ойын сабақтың бір қалыпты өтуіне ықпал етіп, көңіл-күйін көтеріп, оқытылатын мәтінге ойын жинақтауға бағытталады;
« Мен-ол сен, ал сен- ол мен» атты ойын жаңа тақырыпты қорытындылауға және студенттің есте сақтау қабілетін дамытуға бағытталған.
Құқықтық жағдайлармен, мәселелерімен жұмыс істеу, бұл студенттің өзіндік жұмыс атқаруына және әр түрлі құқықтық жағдайларды ой елестерінен өткізуіне септігін тигізеді.
Бұндай ойындар тек сабақты қорытындылау ғана емес, өз көзқарасын нақты бекіту, зерттеу, ізденіс дағдыларын дамыту үшін қолданылады.
НҚА (нормативтік-құқықтық актілер) болашақ мамандарды анализ жасауды үйретіп қана қоймайды, сонымен қатар өз ойларын дәлелді, нақты білдіруге мүмкіндік береді.
ИНСЕРТ (INSERT) – белсенді оқыту әдістері дәріс сабақтарында тақырыпқа деген қызуғышылықты сақтауға мүмкіндік береді. Мәтіндік белгіленуі «v», «+», «-», «?». (жаңа тақырыпты оқығанда мүмкіншілік береді).
«v» «+» « - » «?»
Бұл белгі парақта егер Сіз оқысаныз, немесе білсеніз қойылады. Бұл белгі парақта егер Сіз оқыған мәтін жаңа болса қойылады. Бұл белгі парақта егер мәтін құрамы Сіз оқыған мәтінге қарама-қайшы болса қойылады. Бұл белгі парақта егер Сіз оқыған мәтін құрамы сізге түсініксіз болса немес осы мәтін бойынша көбірек ақпарат алғыныз келсе қойылады.

БОӘ қолдану, студенттердің жан-жақты ойлауына, заманауи мәселелерді зерделеуге, шешуге, материал жинауда тиісті іс-әрекеттер орындауға, өз ойын тұжырымдауға, рефлексия арқылы өзінің жеке іс-әрекеттерін және топтың іс-әрекеттерін бағалауға (жауапкершілікті тағайындауға, қателіктерді табуға, жетістікке жетуге) үлкен көмегін береді.
Дәстүрлі оқу жүйесінде студенттер теориялық білім алып, одан кейін практикалық дағдыларын кеңейтсе, ал БОӘ қолдану арқылы студенттер практикалық іс-әрекеттер арқылы теориялық түсінік алады.
Біздің ойымызша, белсенді оқыту әдістерінің мүмкіншілігі кең, тек қана құқықтық пәндер оқытушыларының қызуғышылқтары ғана емес, сонымен қатар болашақта арнайы пәндер мен техникалық-кәсіби пәндердің де қызуғышылықтары артады.
Сонымен, БОӘ құқықтық пәндерді оқытуда қолданудың мүмкіншілігі зор. Әр түрлі әдістерді қолдану арқылы сабақтың қызуғышылығын арттыруға болады. БОӘ сабақта қолдану оқытушыға материалды түсіндіруге, ал студентке кең ауқымды заңдарды зерделеуге, болашақ маман ретінде теориялық білімдерін ғана емес, практикалық білімдерін түйіндеуге мүмкіншілік береді
Категория: Образование: модели и методы | Добавил: шайка (29.12.2013) | Автор: Мукушева Гульмира Кайргельдиновна E
Просмотров: 1882 | Рейтинг: 1.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz