Главная | Регистрация | Вход | RSSВоскресенье, 04.12.2016, 00:39

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Панорама [9]
Образование: модели и методы [60]
Управление [1]
Событие [18]
Воспитание и социализация [40]
Ступеньки к школе [11]
Профессиональное обучение [31]
Коррекционная педагогика [17]
Дополнительное образование [101]
Психологическая служба [47]
Родительское собрание [12]
Автограф на память [13]
Семиречье - взгляд сквозь годы [10]
Хочу поделиться [80]
Хроника [0]
Воспитание о образование в разных странах [2]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1521
Статистика

Онлайн всего: 2
Гостей: 2
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Рубрики журнала » Образование: модели и методы

«Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы»
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін 2015 жылға дейін дамыту тұжырымдамасында орта білім берудің мақсаты – жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұлғасынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру
Орта мектеп бағдарламасындағы ең негізгі пәндердің бірі – математика.Математика сабағында оқушылардың осы пәнге деген қызығушылығын , құштарлығын арттыру, алдына қойылған есеп шешімін өз бетінше табуын жетілдіру, ойлау деңгейін, қабілетін жоғарылату ұстаздың басты міндеті.
Жаңа заман ағымына сай білім саласында инновациялық технологиялар қолданудың , мәдени дамудың жоғарғы деңгейі мен білімін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз үрдісі десек, оның тиімділігі мен сапасын арттыру мұғалімнен оқу процесінің ғылыми теорияға негізделген және оқушының қабілеті мен бейіміне негізделген оқытудың таңдамалы, белсенді, қарқынды әдістеріне көшуді талап етеді.
Ондағы негізгі мақсат - оқушының барлығын және әр біреуін жақсы оқыту болып табылады. Осы мақсатты жүзеге асыру барысында педагогика саласында бірнеше инновациялық технологиялар жүйесі жинақталған.
Инновация латын тілінде аударғанда “жаналықты енгізу” деген мағынасын білдіреді. Ал инновациялық оқыту дегеніміз – жаңалықты ашу, оны игеру және өмірге енгізу.
Инновация – жаңа практикалық әдісті тарату және қолдануды құрудың комлекстік үрдісі немесе ғылыми-техникалық шешімнің, адамдардың, ұсыныстапдың, жаңа идеялардың тәжірибеге енуі, іске асырылуы және де соңында қолданылуы. Инновация туралы осындай көптеген түсініктемелер беруге болады.
Инновациялық технологияның мақсаты - технологияға бейімдеп, шығармашылық, ізденіс қабілетін дамыту, жеке тұлғаны қалыптастыру.
Инновациялық технологиялар:
- Деңгейлеп саралап оқыту
- Сыни тұрғысынан ойлау
- Дамыта оқыту
- Модульдік оқыту және т.б.
Менің сабақта колданатын технологияларым:
1. Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы.
Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы 1998 оқу жылына бастап мектептің барлық сатысына, барлық пәндерге еніп, оқу үрдісін жандандыруға үлкен үлес қосып келеді.
Профессор Ж.Қараевтың деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы жаңаша өзгерген мақсатпен оқушылардың өздігінен танып, іздену іс-әрекеттерін меңгертуді талап етеді. Бұл технологияда бірінші орында оқушы тұрады және өз бетімен білім алудағы белсенділігіне аса назар аударылды.
Деңгейлеп-саралапоқытутехнологиясы:
- оқушының өз қабілетіне, болашағына сенуіне;
- оқушыны ынталандыруға;
- оқушы мен оқытушының ынтымақтастық
қарым-қатынас достығына;
- оқушының өз білімін өз бағалай білуіне;
- баға әділдігіне;
- білім көрсетудің әділ сайысына мүмкіндік береді.
Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы
Бүгінгі күннің талабы әр бір оқушыға түбегейлі білім мен мәдениеттіңнегіздерін беру және олардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдайжасау. Сондықтан білім беру жүйесінде жеке тұлғаны дамытып білімді азамат ретінде қалыптастыру үшін, жаңа педагогикалық технологиялардың рөлі зор. Оқушының білім деңгейі, білімді меңгеру
дағдысы барлығын да бірдей болуы мүмкін емес жағдай. Сондықтан мен өзімнің сабақтарымда профессор Ж. Қараев насихаттап жүрген деңгейлеп оқыту технологиясын пайдаланамын және бұл тиімді.
1-деңгей. Оқытушылық деңгей-оқушылар жаңа тақырыптан алған
білімдерін бекіту, практикада қолдана білуге жаттықтыру. Мұнда заңдылықтарды, ережелерді, формулаларды білуі қажет етіледі. Тапсырмаларды үлгі бойынша орындайды.
2- деңгей. Алгоритмдік деңгей – үйренушілік деңгейдегі білімін толықтыру күрделі материалдарды жүйелей алуы, алған білімдерін басқа тапсырмаларды орындағанда пайдалана алуы, сол тақырыпты еркін меңгергені ескеріледі.
3- деңгей. Эвристикалық деңгей – материалдысаналытүрде меңгеру. Бұл деңгейде оқушылардың меңгерген білімдерін тереңдету үшін танымдық ізденіс, әр-түрлі логикалық есептерді талдай, жинақтай алатын және салыстыра білуді қажет етеді.
4- деңгей. Шығармашылық деңгей - өзбетімен оқуматериалдарын меңгеру. Құбылысты өз бетімен талдай келіп, шағын шығармашылық тұрғыдан зерттеу жұмысын жүргізуге баулу.
Деңгейлеп оқытуда күтілетін нәтиже:
1. Алдына қойған мақсатына жете алатын оқушы тәрбиелеу.
2. Әр оқушы өз білім деңгейін, мүмкіндігін, іскерлігін біліп қана қоймай
Оны дамытады.
3. Өз бетімен ізденіс дағдыларын шығармашылық қабілетті
жетілдіретін, шығармашыл тұлға тәрбиелеу.
Класс:5 «а»
Пәні: математика.
Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшектер әлеміне саяхат (Қайталау жаттығулары)Сабақтың мақсаты:
а) Ондық бөлшектер тарауын пысықтау, шыңдау, қорытындылау
ә) Шапшаңдыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу
б) Логикалық ойлау қабілетін, өзбетімен жұмыстана білу дағдысын, шығармашылық қабілетін, тез, дәл есептеу дағдыларын дамыту.
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ
Сабақтың әдісі: сөздік, ойын, тест, деңгейлік, жеке оқушымен жүмыс
Көрнекілігі: Кесте, үлестірме материалдар, тест тапсырмалары, суреттер
Сабақтын өту барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқушыларды түгелдеу, зейінін сабаққа аударып, сабақ мақсатын баяндау, сабақ түрімен, өту жоспарымен таныстыру
Мұғалім: Біз бүгінгі сабағымызда ұшақпен ондық бөлшектер әлеміне саяхатқа шығып, ондық бөлшектерден алған білімізді саралап, қорытындылаймыз. Ұшаққа отыру билетін алып, қандай ұшақпен ұшатынымызды біліп, ұшаққа орналасайық.
II. «Шапшаңдық гимнастикасы»
Тақтаға алдын ала ілінген (бір жағында сұрақ, бір жағында әріп) дөңгелекшелерде жазылған сұрақтарға жауап алу.
1. Ондық бөлшектерді салыстыру ережесі (И)
2. Ондық бөлшектерді қосу, азайту ережесі (Л)
3. Ондық бөлшекке айналдыр: бір бүтін төрттен бір ( )
4. Ондық бөлшектерді көбейту ережесі (1)
5. Мына ондық бөлшектерді оқы: 0,013; 1,24; 12,008; (1)
6. Ондық бөлшекті натурал санға қадай бөлеміз? (0)
7. Ондық бөлшектерді бөлу ережесі.
II. «Білім және дәстүр» сыны тапсырмалары
№1 тапсырма
1. «Білім сыны» сұрағы:
2. «Дәстүр сыны» сұрағы:

№2 тапсырма
1. «Білім сыны» сұрағы: а) «Тізбек» ойыны
Ондық бөлшектерді салыстыр:
3,8 * 3,08 6,279 * 6,28
1,52<*<1,6 2,8<*<2,9

0,59 * 0,5 5,4039 * 5,404
0<*<0,1 12,6<*<12,66

2. «Дәстүр сыны» сұрағы: ә) Ұлыстың ұлы күні туралы не білесің?
№3 тапсырма
1. «Білім сыны» сұрағы: а) Тест жұмысы (ауызша)
Алдарыңдағы түрлі-түсті сигнал карточкалар арқылы дұрыс жауапты көрсетіңдер.

А В С

1. Қосуды орында: 5,2+13,058=
А) 63,060 Ә) 18,060 Б) 18,258*

2. Азайтуды орында: 3-2,66=
А) 2,63 Ә) 0,34* Б) 2,36

3.Көбейтуді орында: 3,2 * 4=
А)128 Ә) 1,28 Б) 12,8*

4. Бөлуді орында: 0,84 : 7 =
А) 0,12* Ә) 12 Б) 1,2

2. «Дәстүр сыны» сұрағы: ә) Ұлттық ойындарды ата
Міне, «Білім мен дәстүр» сынынан өтіп, межелі жерге де жеттік.
Қандай сөз жазылған? «Көктем»
Ал көктем туралы не айтасыңдар? Күтілетін жауаптар: Күннің жылынуы, аналар мерекесі, көрісу айт , ұлыс күні, жыл құстары, құстардың ұя салуы.

IV. «Кім күшті» ойыны (гир көтеруден жарыс)
Деңгейлік тапсырма
1) Амалдарды орында: (0,98+ -0,27)*6 Ж: 8,46
2) Ауданы ұзындығы 7,5 м, ені 3,2 м бөлменің ауданымен бірдей, ұзындығы 6,4 бөлменің енін тап. Ж: 3,75 м
3) Автомобильдің бензин бағына жол жүрерден бұрын 54 л бензин құйылды. Ол 240 км жүргенде бақтағы бензиннің -ін шығындады. Автомобиль 1 км жолға қанша бензин шығындады? Ж: 0,1 л
V. Қорытындылау
Міне, қайтатын да уақыт жетті. Саяхатқа шыға отырып, ондық бөлшектер тарауынан алған білімдерімізді көрсеттік. Бізді әуежайда туыстарымызбен бірге журналистерде күтіп тұр екен. Журналистердің: «Ондық бөлшектерге саяхат жасауда Не ұғындың? Не білдің?» сұрақтарына жауап берйіп, сабақты қорытындылайық..
V. Үйге тапсырма
VI. Бағалау
Cабақ біздің заманымызда оқытудың негізгі түрі ретінде қала береді. Оның ерекшіліктері мен мүмкіндіктерін өзгертіп, жаңартуға қазіргі заманғы инновациялық технологиялар меңгеру-күрделі үрдіс.
Қорыта айтқанда , СТО және деңгейлеп-саралап оқыту жобалары оқушылардың ойлау қабілетін, шығармашылығын дамытады.
Категория: Образование: модели и методы | Добавил: Эльвирок (19.10.2014) | Автор: Каратаева Гульбану Атақонысқызы E
Просмотров: 1934 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
1 Бегманова   (17.11.2014 10:50)
Бұл сабақпен бүкіл пән мұғалімдері пайдалана алады.Тек тақырыбын ауыстырса болғаны.Сабақта бүкіл балалар қатысады,сондықтан маған сабақ өте ұнады

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz