Главная | Регистрация | Вход | RSSПонедельник, 05.12.2016, 17:30

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Панорама [9]
Образование: модели и методы [60]
Управление [1]
Событие [18]
Воспитание и социализация [40]
Ступеньки к школе [11]
Профессиональное обучение [31]
Коррекционная педагогика [17]
Дополнительное образование [101]
Психологическая служба [47]
Родительское собрание [12]
Автограф на память [13]
Семиречье - взгляд сквозь годы [10]
Хочу поделиться [80]
Хроника [0]
Воспитание о образование в разных странах [2]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1521
Статистика

Онлайн всего: 7
Гостей: 7
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Рубрики журнала » Образование: модели и методы

Білім берудегі жаңа ақпараттық технология құралдарын пайдалану
Жаңа мың жылдық -бұл күнтізбедегі жаңа уақыт өткелі емес.Ол өткенді таразылап,өмірдің мәнін жаңаша түсінуге,болашақты барынша жете дұрыс анықтайтын уақыт.Әсіресе,бүгін біз өз күшімізді жарқын болашаққа жұмсауымыз керек.Қоғамның қарқынды дамуы, көбіне оның білімімен және мәдениетмен анықталады.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы «Білім беру жүйесінің басты міндеті-ұлттық және азаматтық құндылықтар,ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау,оқытудың жаңа технологияларын енгізу,білім беруді ақпараттандыру,халықаралық желілерге шығу»деп,білім жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін меңзейді.
Елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып,оның мазмұнының түбегейлі өзгеруі,оның дүниежүзілік білім кеңестігіне енуі бүкіл оқу-әдістемелік жүйеге,мұғалімдер алдында жаңа талаптар мен міндеттер қойып отыр.
Қоғамды ақпараттандыру есептеу техникасы құралдары кеңінен таралуымен байланысты оқу процесін ұйымдастыруға,сол сияқты білім берудің мазмұнын өзгертуге де елеулі ықпал етеді.
Сонымен қатар,жаңа ақпараттық технология ретінде мультимедияны да қолдану өте ұтымды.Тәжірибе көрсеткендей мультимедияны білімгерлерге тапсырма беру барысында пайдалануға болады. Мультимедиялық технологияны пайдалану жаңаны игеруде адамның барлық мүшелерін жұмылдыра отырып,зерттеліп отырған объектінің әсем әрі көлемді бейнесін қалыптастыра алады. Мультимедия арқылы үй жұмысын тексеріп, жаңа тақырыпты түсіндіруге, жаңа тақырыпты тақтаға жазбай экранға шығаруға болады. Мультимедияны сабақта қолдану оқушылардың қызығушылықтарын арттырумен қатар ,оқытушының ақпаратты ұсыну мүмкіндігін де кеңейтеді. Бір жақтан кестені көрсету үшін-кодоскопты,екінші жақтан сюжетті ұсыну үшін-экранды,үшінші жақтан сұрақтармен жұмыс жасау үшін-кеспе қағаздарды қолданып, оқушылардың назарын жан-жаққа шашыратпай,мұғалім бір ғана ақпараттық технологияны қолдану арқылы бүкіл материалды оқушылардың алдына кезең-кезеңмен ұсынып отырады.
Электрондық оқулықтарды пайдаланудың тиімділігін арттыру жолдары
Қазіргі қоғамдық өзгерістердің тез қарқынды дамуы жаңа заман талабына жауап беретін сапалы мамандарды дайындауды қажет етеді.Болашақ мамандар үнемі өзгеріп отыратын әлеуметтік-экономикалық үрдістерді талдай білуі,нарықтық бәсеке жағдайына лайықты шешімдер қабылдап,жүзеге асыра білуі тиіс. Осыған орай, бүгінгі күнде оқыту жүйесіндегі алға қойған негізгі мақсат-білім бере отырып,оқуға үйрету,ізденіс әдістерімен қамту ,түйсік қабілетін жетілдіру,керек хабарды талдап,одан қорытынды шығаруды әдетке айналдыру,ақпараттық –коммуникациялық технологияларды жете меңгеру,жинақтаған білімін тәжірибеде қолдана білу қабілетін жетілдіру.
Ақпараттық технологияларды пайдалану негізінде жүргізілген оқыту әдісі оқытудың теориясы мен технологиясын бір-бірімен байланыстырып отыруды қажет етеді.Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану-педагогикалық іс-әрекеттердің мазмұны мен формасын толықтыру негізінде оқыту үрдісін
жетілдірудің бірден-бір жолы.
Компьютерлік желілерді,интернет жүйесін, электрондық оқулықтарды
мультимедиялық технологияны пайдалану мектепте ,ақпараттық –коммуникациялық технологиялар кеңістігін құруға жағдай жасайды.
Ақпараттық технологияларды пайдаланып оқыту мынадай нәтижелерге қол жеткізеді:
-оқушының өз бетімен жұмысы;
-оқу материалын тез түсінуге;
-оқу мотивациясының артуына;
-алған білімнің есте сақталуына;
-білім беруге жұмсалатын шығынның азаюына;
-білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру;
-шығармашылық есептер шығару;
Білім беру жүйесінде электронды оқулықтарды пайдаланып,үлкен табыстарға жетуге болады.Электронды оқулықтарды пайдалану барысында оқушы екі жақты білім алады:
-біріншісі-пәндік білім;
-екіншісі-компьютерлік білім.
Электронды оқулық арқылы оқушы көптеген қосымша материал ала алады,осы алған мәліметтерін компьютерден көргендіктен есінде жақсы сақтайды,өз бетінше жұмыс жасау қабілеті қалыптасады.Осылайша жас ұрпақты оқытуда инновацияны пайдалану -шығармашылық жетістіктің негізгі көзі.
Категория: Образование: модели и методы | Добавил: Едиресовна (11.01.2015) | Автор: Акгуль E
Просмотров: 570 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz