Главная | Регистрация | Вход | RSSВоскресенье, 04.12.2016, 06:53

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Панорама [9]
Образование: модели и методы [60]
Управление [1]
Событие [18]
Воспитание и социализация [40]
Ступеньки к школе [11]
Профессиональное обучение [31]
Коррекционная педагогика [17]
Дополнительное образование [101]
Психологическая служба [47]
Родительское собрание [12]
Автограф на память [13]
Семиречье - взгляд сквозь годы [10]
Хочу поделиться [80]
Хроника [0]
Воспитание о образование в разных странах [2]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1521
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Рубрики журнала » Образование: модели и методы

Оқытудың компьютерлік технологиясы

     Г. Н. Нақысбекова,

Алматы қаласындағы №36 лингвистикалық гимназияның

информатика пәнінің мұғалімі

Оқыту, білім беру тәжірибесі педагогикалық үрдістің сапасын үнемі арттырып отыруды талап етеді. Сол себепті педагогикалық үрдісті  технологияландыру мәселесі маңызды болып саналады.

Қазіргі ақпараттық қоғамда өндірістің дамуының негізгі құралы болып ақпараттық ресурстардың қажеттілігі көрінеді. Сондықтан білім беру саласы да өзінің дамуы үшін жаңа қадамдарға баруда. Осыған байланысты адамға  ақпараттар кеңістігінде дұрыс бағытты таңдауға мүмкіндік жасай алатын оқытудың жаңа технологиялары пайда болуда.

Жаңа ақпараттық технологиямен орындалатын  қызмет өзінің кез келген нақты формасында тиімдірек орындалады, адам өркениетті бола бастайды.

Ұрпақ үшін кітаптың маңызы қандай болса, компьютер де оқушы үшін қоршаған әлемді танудың табиғи құралы болып табылады. Олай болса, барлық сабақтарды компьютерлердің қуаттануымен жүргізуді үйрену – бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі.

Соңғы жылдары білім беру аясы жүйесінде компьютерлік техниканы пайдалану белсенді түрде жүзеге асырылуда. Білім беру жүйесіндегі жаңа ақпараттық технология дегеніміз – оқу және оқу-әдістемелік материалдар жинағы, оқу қызметіндегі есептеуіш техниканың техникалық құралдары, олардың ролі мен орны туралы ғылыми білімнің жүйесін және оқытушылар еңбектерін жүзеге асыру үшін оларды қолдану формалары мен әдістері деген анықтама беруге болады. Яғни, ақпараттық технология – білім беру мекемесі мамандарының жұмысын жүзеге асырушы  әдістер мен формалар және балаларға білім беруші құрал.

Ақпараттық технология  қызметінің құралы ретінде жаңа ақпараттық технологияның компьютерлік құралдары қолданылып жүр, алайда заман талабына сай компьютерлік техниканың дамып жетілуіне байланысты ғылыми сипаттағы  компьютерлік бағдарламаларды  жасау керек және ол оқушының іс әрекетінің интеллектуалды құрылысымен сәйкес келуі тиіс.

Педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерде оқытуда ақпараттық технологияларды пайдаланудың бірнеше бағыттары көрсетілген, солардың ішінде мектептегі оқу практикасында қажеттілерінің негізгілері мыналар: компьютер  - оқушы білімін бағалау құралы; компьютерлік модельдеуді қолданатын зертханалық практикум; мультимедиа-технология,  жаңа материалды түсіндірудегі иллюстрациялық құрал; дербес компьютер, білім жетілдіру құралы.

Мұғалім жұмысы практикада оқушы білімін бағалау үшін алатын тақырыптық тестерден көрінеді. Тест көзі мультимедиа компакт-дискілер немесе интернет желісі болуы мүмкін.

Біз гимназиямыздағы Rinel Lingo бағдарламасының мүмкіндіктерін пайдаланып, көптеген сабақтардан тест құрастырдық. Бұл бағдарлама көмегімен балалар тест жауаптарын бірден немесе барлық тест сұрақтарына түгелдей жауап бергеннен кейін көруіне  болады. Бұл балаларды қызықтыруға мүмкіндік жасайды.

Бұдан басқа да, тест генераторлары деп аталатын тестілеуші бағдарламалар құруға болатын арнайы компьютер бағдарламалары (қосымшалар) бар. Бұл жағдайда мұғалім тестің сұрақтарын және барысын өздігінен таңдап алады.

Қазіргі кездегі ақпараттық технологиялар оқу материалдарын иллюстрация жасау кезінде (мысалы анимациялы слайд-фильмдер) қолданылады. Бұл оқу үрдісін қозғалыста бейнелеуге мүмкіндік береді. Компьютердің көмегімен дыбыстық және бейнефрагменттерді де демонстрация жасауға болады.

Қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалану өз білімін көтеру тиімділігін де арттырады. Бұл бірінші кезекте сандық түрде жазылған ақпараттарды пайдалану кезінде қажетті мәліметтерді оңай табуға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде көптеген әлемге танымал энциклопедиялар, сөздіктер электронды түрге айналдырылған.

Бірақ, практика көрсеткендей, компьютер толыққанды оқу құралына әлі айнала қойған жоқ. Бұл көптеген дербес жағдайларға байланысты:

          Уақытша. Мектеп бағдарламасындағы әрбір пәннің өз ұйымдастырушылық-әдістемелік және мазмұндық ерекшеліктері болады, соған орай оған ақпараттық технологияны «енгізу» кезін таңдай алу керек.

          Техникалық. Дербес компьютерлердің техникалық сипаттамасы әрқилы. Сондықтан өзімізге қажет қосымша құрылғыларды (сканер, принтер, модем, наушниктер, микрофон және т.б.) таңдай білуіміз керек.

          Ұйымдастырушылық.  Пәнді оқыту үрдісіне ақпараттық технологияларды енгізу барысында бағдарламалық жабдықтарды баптау және құрылғыларды жөндеу сұрағы тұрады. Сондықтан мұғалімдерге білікті көмекші қажет.

Осы шарттарды орындаған жағдайда қазіргі ақпараттық технологиялар әсер етуші дидактикалық құралдар болмақ. Оқу үрдісінде компьютерлік техниканы қолданудағы қиыншылықтар көбіне мұғалімнің дербес компьютерді  дидактикалық құрал ретінде қабылдауына дайын екендігіне байланысты.

Қазіргі кезде компьютердің көмегімен тек белгілі бір аудиторияларда ғана емес, сонымен бірге қашықтан оқыту үрдісі де дамып келе жатыр. Ол үшін Интернет желісіне қосылған компьютер керек. Қашықтан оқыту кезінде тапсырманы және онымен бірге ұсынылған оқулықтарды қарап отырып білім алғысы келетін адам өзі ізденіп, жауаптарын салып жібереді. Немесе бірлескен телеконференцияларға қатысады. Оқытудың бұл түрі анағұрлым арзан, әрі қалаған уақытыңда оқуыңа, тапсырмаларды орындауыңа мүмкіндік береді.

Бұның бір мысалы ретінде 2007-2008 оқу жылының басында ҚР Президенті Н.Назарбаевпен бірге өткізілген интерактивті сабақты айтуға болады. Егер біз барлық мүмкіндіктерімізді толық пайдалана алатын болсақ, онда біздің келешек ұрпағымыз компьютерлік технологиямен толыққанды білім ала алады.

Категория: Образование: модели и методы | Добавил: teacher-almaty (24.03.2008) | Автор: teacher-almaty
Просмотров: 20651 | Комментарии: 6 | Рейтинг: 3.1/17
Всего комментариев: 6
6 Салтанат Баибатырова   (19.04.2010 14:01)
Салеметсиздер ме? Маган "Кашыктан окыту жониндеги педагогикалык технология" атты такырыпта акпарат берсениздер екен.Слайдпен жасалган болса да.

+1   Спам
5 Рысжан   (02.03.2010 07:56)
Салеметсіздерме Мен сіздерден мына "Оку урдисин технологияландыру " такырып бойынша баяндама берсениздер екен Бул бир отинишим еди комектесиниздерши .

4 Жаксылык   (07.11.2009 09:43)
Салеметсиздер ме? Rinel Lingo багдарламасында жасаган тест жумыстарынызды калай алуга болады?

3 Егембердиева Ажар   (04.02.2009 13:08)
Салеметсиз бе? Сиздерден мына такырып бойынша "Билим берудеги жана акпараттык технология куралдарын жасаудын негизги багиттары" акпарат березиздер ме? Отиниш

2 Айгуль   (07.01.2009 10:51)
Салеметсиздер ме? Маган "Кашыктан окыту жониндеги педагогикалык технология" атты такырыпта акпарат берсениздер екен.Слайдпен жасалган болса да.

1 Назира   (12.06.2008 12:47)
Біріншіден қазақша мақала оқығаныма қуаныштымын, екіншіден ғылыми білімнің жүйесін және оқытушылар еңбектерін жүзеге асыру үшін оларды қолдану формалары мен әдістері толық пайдалана алатынымызға қуаныштымыз және алдағы уақытта да іздемпаз боламыз.

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz