Главная | Регистрация | Вход | RSSСуббота, 10.12.2016, 09:57

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Панорама [9]
Образование: модели и методы [60]
Управление [1]
Событие [18]
Воспитание и социализация [40]
Ступеньки к школе [11]
Профессиональное обучение [31]
Коррекционная педагогика [17]
Дополнительное образование [101]
Психологическая служба [47]
Родительское собрание [12]
Автограф на память [13]
Семиречье - взгляд сквозь годы [10]
Хочу поделиться [80]
Хроника [0]
Воспитание о образование в разных странах [2]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1522
Статистика

Онлайн всего: 4
Гостей: 4
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Рубрики журнала » Образование: модели и методы

«Қарттарым-елімнің қазынасы» мерекелік кеші
Ақтөбе облысы
Шалқар қаласы
«№ 4 орта мектебі»мм
Тахаева Сәнімкүл Аманкелдіқызы
Ұйымдастырушы педагог
«Қарттарым-елімнің қазынасы» мерекелік кеші
Мақсаты: Оқушы бойына үлкенді сыйлау, өз ата-бабасын ұмытпай сақтау үшін және салт-дәстүрден нәр алып өсуіне, жақсы мен жаманды ажырата білуге аталы сөзден алшақ болуға тәрбиелеу. Жүргізуші:
Қош келдіңіз ақ жаулықты аналар
Ақыл кенін арқалаған аталар
Алдарыңда жауқазындай құлпырған
Біз алаңсыз балғын шақты балалар
Қымбатты, ақ жаулықты әжелер мен ақылдың кенін арқалаған айбынды аталар,кешіміздің қадірменді қонақтары ! Қариялар күнінен орай ұйымдастырылған «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты концертімізге қош келдіңіздер ! Бүгінгі мерекелеріңізбен сіздерді шын жүректен құттықтаймыз.Мерекені көңілді өткізіңіздер!
Қазақ биі
Жүргізуші:
Алғашқы құттықтау сөз кезегін мектебіміздің директоры Ізтлеуова Айғаным Қорабайқызына береміз.
Жүргізуші:
Біздің халқымыздың тәлім-тәрбиесі ананың ақ сүтімен әже өнегесімен ата ақылымен беріледі.Өзіндік қасиеттерімізді қалыптастыру көзделген.
Ендеше, 5ә сынып оқушысы Қасен Жансая «Асыл Әжем » өлеңіне құлақ түрейік .

Жүргізуші:
Құлақтан кіріп бойды алар
Жақсы ән мен тәтті күй
Көңілді түрлі ой салар
Әнді сүйсең менше сүй
Марғұлан Тоқтаровтың орындауында «Күй»
Жүргізуші:
Күндеріңіз толсын гүлге,желекке
Отбасында болсын,ырыс береке
Құттықтаймыз, шын жүректен сіздерді
Өмір думан бақ әкелсін мереке
«Өзбек » биін класс оқушылары орындайды

Жүргізуші:
Өнерге ұмтыл ,өнерлі бол замандас
Қамдан жатпа, заманыңмен хабарлас,
Ынта салсаң білім туын қолға алсам,
Теңдік тиер ешкім күйе жаға алмас
«Соқыр ана» бейнебаянын тамашаланыңыздар

Жүргізуші:
Ата ардақты тұлға
«Әкеден ұл тусайшы
Ата жолын қусайшы» деп халық ұрпаққа атаның мұрасын жалғастыруды уағыздайды
Ата ұрпағының қайырымды ,мейірімді,ақылды ,іскер болуын тілеп,сол үшін қамқорлық іс-әрекеттерін дамытады.Өнеге көрсетеді өсиет айтады. Бізге өнеге болып жүрген ата-аналар құрметіне
«Әке-Ана» әні орындайтын Әзбергенова Саяжан
Жүргізуші:
Адамның сәні-өнері ,білімі, ақылы
Жердің сәні-жеміс,өнім, дақылы
Сөзің сәні-өнегелі, өткір , нақылы
Пікірдің сәні-ең пайдалы, мақұлы
2-сынып оқушысы Бегімсұлудың орындауында «Анашым» әні
Жүргізуші:
Өн бойың тұнған ақыл, ұлағат
Ешкімге жасамайсың қиянат
Жәйлап қана ақылмен түзейсің
Болып қалса ұғына алмай бір ағат
Нұртуған Жұбатқан «Асыл ана»
Жүргізуші:
Ардагерлер ардақты асыл жандар
Шәкіртімен мерейі тасығандар
Білімнің сәулесі мол нұр көшінде
Шуақ боп, шапағат боп шашылғандар
Әзберген Назкен «Қос бәйтерек»
«Автобустағы Мейірім» көрінісі Жүргізуші: Нұр жүзінен жылы шуақ төгілген
Шәкірттерін сүйген таза көңілден
Тағылым беріп жас ұрпаққа қашан да
Өз соқпағын тапқан мынау өмірден
Ізгілікті он бойына жинаған
Шәкірттерге жан жылуын сыйлаған
Тәрбиелеп жаңа адамын Отанның
Ардақтысы болған елдің мұғалім
-Сөз кезегі ардақты әжелерімізге береміз.
Дүниеге келер бір еет
Дария кеуде тау – мүсін
Құрыштай күйген құдірет
Қарттарым, аман –саумысың?
Өздерің болсаң жанында
Ел іші жомарт, еңселі
Дән исі сіңген қанында
Шынболатова Айкеннің орындауында «Отан » әні
Жүргізуші:
Саналы ұрпағы бар елдің қариясы бақытты ақсақалды атасы бар елдің балалары бақытты емес пе ?!Сіздер сияқты қарияларымыз аман болсын ,өсіп келе жатқан ұрпаққа берер үлгі – өнегелеріңіз толастамасын,сіздердің дендеріңізсге саулық, отбастарыңызға амандық тілейміз.Бүгінгі сіздерге арналған мерекелік концертіміз тәмамдалды.Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!
Категория: Образование: модели и методы | Добавил: Айару6308 (06.01.2016) | Автор: Сәнімкүл E
Просмотров: 197 | Теги: Тахаева, Аманкелдіқызы | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz