Главная | Регистрация | Вход | RSSПятница, 09.12.2016, 08:48

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Панорама [9]
Образование: модели и методы [60]
Управление [1]
Событие [18]
Воспитание и социализация [40]
Ступеньки к школе [11]
Профессиональное обучение [31]
Коррекционная педагогика [17]
Дополнительное образование [101]
Психологическая служба [47]
Родительское собрание [12]
Автограф на память [13]
Семиречье - взгляд сквозь годы [10]
Хочу поделиться [80]
Хроника [0]
Воспитание о образование в разных странах [2]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1522
Статистика

Онлайн всего: 6
Гостей: 6
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Рубрики журнала » Образование: модели и методы

Өсімдіктердің көбеюі. Түйнек, пиязшық арқылы көбеюі.
Ақтөбе облысы
Шалқар қаласы
«№4 орта мектебі» мм
Тлеуқұлова Жайнагүл Аманғалиқызы
Мультимедия кабинетінің лаборанты
Тақырыбы: Өсімдіктердің көбеюі. Түйнек, пиязшық арқылы көбеюі.
Мақсаты: Оқушыларға өсімдіктердің көбеюі туралы түсінік беру.
1. Өсімдіктердің көбеюінің тек қана тұқымнан емес, басқа да көбею жолдары туралы түсінік беру. Өсімдік жайлы жалпы алған білімдерін пысықтай түсу.
2. Әр өсімдіктің өзіне тән қасиетін білуге және олардың қандай пайдасы бар екендігін аша келе, табиғатты сүюге, өсімдікті күтуге баулу. Өсімдіктер тобын қорғау барысында эстетикалық, экологиялық тәрбие беру. Ұйымшылдыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
3. Тақырыпты өздігінен оқып, түйін сөзді таба білуге, қорытынды шығара білуге машықтандыру. Іскерлік дағдыларын, есте сақтау, ой – өрісін қабілетін дамыта отырып, көрегендік қасиеттерін арттыру.
Әдісі: Түсіндіру, сұрақ – жауап.
Типі: Аралас сабақ.
Түрі: Саяхат сабақ.
Оқыту технологиясы: Дамыта оқыту технологиясы.
Көрнекілігі: Тірек сызбалар, өсімдік суреттері, перфо карталар.
Барысы: 1. Ұйымдастыру. Психологиялық дайындық.
Оқушыларға сабақтың саяхат сабақ екендігін, оның мақсаты мен міндеттерін хабарлау. Қайда сапар шегетінімізді жұмбақ арқылы анықтау.
1 – Тапсырма құлыпты ашу. (жұмбақ арқылы )
Өздері хош иісті, адамға жағдай жасайтын, ыстықта көлеңке, шөлдегенде шөліңді қандыратын, басыңа баспана, өміріңе азық болатын табиғаттың сұлу көркі не?
Өсімдік.
1 – аялдама. „ Сыйға сый “. Тірек – сызбамен жұмыс.
1 – қатар. Өсімдікке қажетті жағдайлар.



Ой тұжырымы:

2 – қатар. Өсімдік мүшелері.



Ой тұжырымы:
3 – қатар. Жемістер.

2 - аялдама. Жер астында. Жаңа білімді меңгерту.
Өсімдіктер жер асты мүшелері арқылы да көбейеді.
1 – қатар. Оқулық бойынша мәтіннен өсімдіктің, сабақ арқылы көбеюін оқу.
2 – қатар. Пиязшық арқылы көбею.
3 – қатар. Түйнек арқылы көбею.
Оқулық бойынша әр қатар өз тұжырымын айтады.
3 – аялдама. Зертхана аялдамасы.
а) Тамыр сабақ арқылы көбейетін өсімдік түрі арамшөпке тоқталу. Жазда бау – бақшада арамшөпті көріп, оны жұлсақ, 3 – 4 күннен кейін барсақ, сол жерге тағы да шөп өсіп тұрғанын көреміз. Өйткені олардың жер астында тамырлары қалып қояды.
ә) Картопты алып зерттеу.
Оның бірнеше көзшелері болады. Ендеше осы көзшеден жаңа өсімдік береді. (кесіп көрсету)
б) Пиязды алып қарау.
Сыртында жұқа құрғақ қабыршағы және ішінде бірнеше шырынды қабаты бар.(кесіп көрсету)
4 – аялдама. Білгенге маржан аялдамасы.
Рольдік ойын.
Қараторғай:
- Әй мешкейлер! Сендер жата бергенге мәзсіңдер. Ештеңе көріп, ештеңе естімейсіңдер. Ал мен болсам, жарық дүниенің жартысын шарлап келдім. Бармаған жерім жоқ. Үндістанда, Африкада, Жерорта теңізінде де болдым.
Картоп:
- Солда сөз болып па? Сенен басқалар жер көрмеп пе? Мысалы менің туған жерім – Оңтүстік Америка.Бұдан 500 – жылдай бұрын Испандықтар Америкаға келіпті. Олар тамақ іздеп жүріп, мені тауып алады, саңырауқұлаққа ұқсайды екен, өзі әдемі деп “тартуфоли” деп атап, бір қапшықты толтырып Испанияға ала кетеді. Одан Италияға, одан Францияға жеттік. Ал Россияға І – Петрдің тұсында келдік. Сөйтіп мен әрі қарай сапар шегіп Қазақстанда да өркендедім. Ия, қараторғайым, мен де саяхатшыдай жер жүзін шарладым және де тағы бір қасиетім: бойымда крахмалым бар.
Пияз:
- Біле білсеңдер әскерлер мені тұмар қып, мойнына таққан. Көп қабыршақтарым талай қиындықтардан қорғауға тиіс деп ойлаған. Сол кезден бастап бізді дәрі есебінде көптеген ауруларды емдеуге қолданған, әсіресе, суық тигенде мені көбірек жесеңдер, ауырмайсыңдар.
Өсімдіктер сөйлейді:
1. Ошаған:
- Мен Ошағанмын. Бойым 1– метр. Бұтақтарым көп. Мен тамырсабақ арқылы көбейетін арамшөппін. Мал да менен қорқады. Инедей қадалатын тікендерім бар. Сондықтан менен сақтаныңдар, бірақ мені жұлмаңдар! Менің сөлім өкпе демікпесін емдейді. Сонымен қатар ауа – райын болжаймын. Менің тікендерім жұмсарса, жаңбыр жауады деген сөз.

2. Қарандыз:
- Мен Қарандызбын. Орманда, өзен жағасында өсемін.Ұзын түкті сабағым, сары гүлім бар. Ал менің жуан ащы тамырымның емдік қасиеті бар. Ол көптеген ауруларды емдейді.
5 – аялдама. “Не білдің ?” аялдамасы.
Не білдім? Не білгім келеді?


Сабақты бекітіп, қорыту. Бағалау. Үйге тапсырма: “ Тамырсабақ, түйнек, пиязшық арқылы көбею” тақырыбын оқып мазмұнын айту.
Категория: Образование: модели и методы | Добавил: Айару6308 (06.01.2016) | Автор: Жайнагул
Просмотров: 584 | Теги: Тлеуқұлова.Аманғалиқызы | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz