Главная | Регистрация | Вход | RSSПятница, 09.12.2016, 08:52

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Панорама [9]
Образование: модели и методы [60]
Управление [1]
Событие [18]
Воспитание и социализация [40]
Ступеньки к школе [11]
Профессиональное обучение [31]
Коррекционная педагогика [17]
Дополнительное образование [101]
Психологическая служба [47]
Родительское собрание [12]
Автограф на память [13]
Семиречье - взгляд сквозь годы [10]
Хочу поделиться [80]
Хроника [0]
Воспитание о образование в разных странах [2]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1522
Статистика

Онлайн всего: 8
Гостей: 8
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Рубрики журнала » Образование: модели и методы

Алкандар,олардың гомологтық қатары, метан және оның гомологтарының молекулаларының құрылысы, гибридтенуі,изомерленуі,атаулары.
Ақтөбе облысы
Шалқар қаласы
«№ 4 орта мектебі»мм
Химия пәнінің мұғалімі Сайлау Айсұлу Бексұлтанқызы
Сабақ жоспары
Класс: 11
Күні:
Сабақтың тақырыбы:Алкандар,олардың гомологтық қатары, метан және оның гомологтарының молекулаларының құрылысы, гибридтенуі,изомерленуі,атаулары.
Сабақтың мақсаты:
біліктілік: метан қатары көмірсутектерінің жалпы формуласы, анықтамасы, гомологтық қатары, гомологтық айырымы, радикалдар, түрлері,изомерлердің формуласын құрастыру ережесімен танысады және көмірсутектердің халықаралық атауларына сәйкес формула құруды үйрету.
дамытушылық:оқушылардың өзбетімен, ұжыммен жұмыс істеу біліктіліктерін дамыту; әр оқушының білімдік, ұжымдық қабілетін ояту; еске сақтауын, ой-өрісін дамыту; сөзжұмбақ, ребус, «үйлестірме кесте» жасай білуге баули отырып, оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдаландыру,танымдылық белсенділігін арттыру.
тәрбиелік: көпшіл, ұйымшыл болуға баулу; ынтымақтастыққа, өзін-өзі басқаруға, бақылауға, байқағыштыққа жетелеу;білім деңгейіне қарамай серігін, көршісін қадірлей білуге; әр оқушының қабілетін дамытып; еңбек етуге баулу; кәсіптік бағдар беру.
Сабақтыңтүрі: жаңа білім беру, жинақтау сабағы.
Сабақтыңәдісі: түсіндіру, салыстыру, сұрақ-жауап,баяндау, оқулықпенжұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.
Көрнекілігі: тест сұрақтары, тараптама материалдар(сұрақ-жауап)
Пәнаралықбайланыс: биология,география, тарих, қазақ әдебиеті.
Сабақтыңформалары: жеке, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.
Сабақтыңтиптері: жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтыңтегі: жаңа материалды игерту сабағы, жаңа сабақтың мақсатын түсіндіру, бұл сабақта нені біліп шығатыны туралыа йтып, оқушы зейінін сабаққа аударамын.
Ұзтаз ұстанымы: сабақта барлық оқушылардың қамтылуы.
Оқушы ұстанымы: ынта,жігер,шынайылық.
Сабақжоспары:
1.Ұйымдастыру (2 минут)
2. Үйтапсырмасы (10 минут)
3. Жаңа сабақ (20 минут)
4. Пысықтау (5 минут)
5.Үйге тапсырма (2 минут)
6. Бағалау (3 минут)
7. Қорытындылау (3 минут)
Сабақтыңбарысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
1.Оқушылармен амандасу
2. Сынып бөлмесінің тазалығына көңіл аудару.
3. Кезекші мәлімдемесін тыңдау.
4. Журнал бойынша түгелдеу.
5. Оқу құралдарын түгелдеу.
6. Тәртіпке шақырып, оқушылардың сабақ бастауға көңілкүйі, оқушы назарын сабаққа толық аудару.
7.Сабаққа белсенді қатысуды, бір-бірінің жауабын тыңдауды ескерту.
8. Жаңа сабаққа дайындық.
9. Сабақ тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
10. Сабақ жоспарымен таныстыру.
ІІ. Үйтапсырмасын сұрау кезеңі.
Өткен сабақтарда өтілген «Органикалық химияға кіріспе» тарауы бойынша сұрақ –жауап әдісімен түсінгендерін, сабақты меңгергендерін сұрап білемін.
І-тапсырма. Сұрақ-жауап.
1. Көмірсутектілердің жіктелуі.
2. Құрамына қарай жіктелуі.
3. Құрылысына қарай жіктелуі.
4. Номенклатура түрлері: тарихи, рационалды және халықаралық.
5. Молекулалық формулалары келтірілген қосылыстардың ішінен:С2Н6,СН3СІ,С8Н10,С6Н6,СН2СІ2 СНСІ3, ССІ4,С8Н16,С9Н20 , СН3ОН алкандардың формулаларын теріп жазып, оларды атаңдар.
6. Органикалық заттардың құрамына қандай элемент атомдары кіреді?
7. Сапалық құрамы бойынша органикалық заттар қалай жіктеледі?
8.Органикалык косылыстар кұрылыстарына байланысты калай топталады жөне әр топ тағы заттардың көміртекатомдары өзара калай жалғасады?
9. Төменде келтірілген заттардың ішінен көмірсутектердің формулаларын теріп жазыңдар: СН3С1,СН4, С2Н2, С2Н4, С20Н42, СН2С12, СНСІ3,ССІ4, С4Н8,С6Н6,С8Н8,С17Н36,С10Н22,СН3 ОН.
10. 10. Метан молекуласында неше химиялық байланыс бар?
11. Көміртек атомының кәдімгі күйі мен «қозған күйінің» айырмашылығы қандай?
12. С-Н байланысының типі қандай?
13. Гибридтену деген не?
14. Метан молекуласындағы байланыстар неліктен «бірдейленді»? Неге біреуі s-s байланысы, басқаүшеуінен (s-р) өзгеше емес?
15. 15. Гибридтенудің қандай тәсілдері болады?
а) sр3; ә) sр2; б) sр гибридтену қандайкөмірсутектерде кездеседі?
16. Көміртек атомдары қанша гибридтік күйде бола алады?
а) sр3, б) sр2, в) sр гибридтену калай жүзеге асады?
17. Коваленттік байланыстардың неше түрін білесіңдер? Олардын бір-бірінен айырмашылыгы неде? Мысалдар келтіріп түсіндіріндер.
18. Коваленттік байланыстың үзілуі қалай жүреді?
19. Кандай бөлшектер радикалдар деп аталады?
20. Этилен молекуласындағы байланыс бұрышының мәні қандай?
21. Бос радикалға мына сипаттамалардың қайсысытән:
а) бос электрон жұбыныңболуы;
ә) дара (жалқы) электронның болуы;
б) оң немесе теріс зарядтың болуы?
ІІ-тапсырма.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі.

Сабақтың тақырыбын айту, мақсатымен таныстыру. Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларды «Алкандар. Алкандардың изомерлері мен атаулары» тақырыбы жайлы түсіндіремін.
Алкандар — молекула құрамындағыкөміртек атомдары өзара тек дара σ-байланыстар арқылы байланысқан жалпы формуласы CnH2n+2 болатын алифатты қаныққан көмірсутектер.
Алкандардың молекуласындағы әр көміртек атомының барлық төрт валенттігі толығымен, яғни шетіне дейін сутек және көміртек атомдарымен қаныққан. Сондықтан алкандар қаныққан (шектелген) көмірсутектерге жатады.
Алкандарды бірінші мүшесі метан болғандықтан, метан қатарының көмірсутектері немесе парафиндер деп те атайды.

Енді метанның мысалында алкандардың жалпы формуласын пайдаланып есептеу жүргізейік. Жалпы формуладағы CnH2n+2, n — көміртек атомының санын көрсететін бүтін сандар. Көміртек атомының саны бірге тең болғанда (n= 1), сутек атомының саны 2n+2 =2∙1+2 = 4 болады да, ең қарапайым органикалық қосылыс, қаныққан көмірсутек—метанның молекулалық формуласы СН4 шығады.
Көмірсутек молекуласындағы көміртек атомдарының саны екіге тең болғанда (n= 2), алкандардың екінші мүшесі — этанның формуласын С2Н6 табамыз. Осылай алкандардың келесі екілдері: үшінші көмірсутек — пропанның С3Н
8, төртінші — бутанның С4Н10 және т.б. басқа алкандардың формулалары анықталады. Яғни, жалпы формуланы CnH2n+2, пайдаланып, алкандар қатарының кез келген мүшесінің формуласын құрастыруға болады.

Алкандардың алғашқы мүшесі метан СН4 мен келесі мүшесі этанның С2Н6 молекулалық құрамын салыстырсақ, бір-бірінен СН2 тобына айырмашылығы бар екенін табамыз. Осы сияқты, этан С2Н6 мен пропанның С3Н8, пропан С3Н8 мен бутанның С4Н10, яғни әр келесі көмірсутектің молекулалық құрамы өзінің алдындағы көмірсутектен СН2 тобына өзгеретіндігін байқауға болады

Жалпы формулалары бірдей, химиялыққасиеттері ұқсас, ал құрамдары бір немесе бірнеше СН2 тобына өзгеріп отыратын заттар гомологтар деп аталады (гр.homologos —ұқсас). Гомологтарды салыстырмалы молекулалық массаларының өсуіне қарай орналастырса, гомологтық қатар түзіледі. СН2 гомологтық айырым деп аталады.

1. берілген заттардың атаулары бойынша құрылым формулаларын жазыңдар:
а) н-гексан,
ә) 2-метилбутан,
б) 2,3 –диметилпентан,
в) 2,2-диметелбутан.
.
Үйгетапсырма.§2.1(3-6), 2.2(5)
Бағалау.
Оқушыларды сабаққа қатысымына қарай бағалау.
- Сабақ аяқталды.
- Сауболыңыздар!
Категория: Образование: модели и методы | Добавил: Айару6308 (06.01.2016) | Автор: Айсұлу
Просмотров: 1007 | Теги: Бексұлтанқызы, Сайлау | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz