Главная | Регистрация | Вход | RSSСуббота, 10.12.2016, 17:41

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Панорама [9]
Образование: модели и методы [60]
Управление [1]
Событие [18]
Воспитание и социализация [40]
Ступеньки к школе [11]
Профессиональное обучение [31]
Коррекционная педагогика [17]
Дополнительное образование [101]
Психологическая служба [47]
Родительское собрание [12]
Автограф на память [13]
Семиречье - взгляд сквозь годы [10]
Хочу поделиться [80]
Хроника [0]
Воспитание о образование в разных странах [2]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1523
Статистика

Онлайн всего: 3
Гостей: 2
Пользователей: 1
murzabekdami

Каталог статей

Главная » Статьи » Рубрики журнала » Образование: модели и методы

Ц дыбысы
Ақтөбе облысы
Шалқар қаласы
«№4 орта мектебі» мм
Шындаулетова Гаухар Есеналықызы
Бастауыш сынып мұғалімі
Мектеп тәлімгері
Сабақтың тақырыбы: Ц дыбысы
Сабақтың мақсаты: ц дыбысының қатаң дауыссыз дыбыс екені, орыс және шет тілдерінен енген сөздерде ғана кездесетінін түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: кесте, карточкалар.
Сабақтың барысы: Тақырыпқа кіріспе
Ц дыбысы туралы алған білімдері пысықталады.
Үй тапсырмасын тексеру
Үйге берілген жаттығудың қалай орындалғаны тексеріледі.
Жаңа сабақ
1. Оқушылардан ц дыбысы туралы не білетіндерін сұрау; ц дыбысын айтып үйрену.
2. Шығармашылық диктант.
Тақтаға төмендегі заттардың суреті ілінеді:
- апельсин, лимон, мандарин, ананас;
- циркуль;
- цирк.
Оқушылар оларды жинақтап, мынадай үлгіде бірнеше сөйлем құрастырып жазады.
Үлгі:
1.Апельсин, лимон, мандарин, ананас - цитрустар.
2.Циркуль - геометриялық фигура сызатын құрал.
3.Циркте жануарлар өнер көрсетеді.
4.Цилиндр - геометриялық фигура.
- Ц дыбысы қай сөздерде кездесіп тұр?
- Циркуль, цитрус, цирк сөздерінде.
- Ц қандай дыбыс?
- Ц - қатаң дауыссыз дыбыс.
- Ц дыбысы кездесетін сөздерге мысал келтіріңдер.
- Конституция, авиация, т.б.
- Ц дыбысы сөздің қай буындарында кездесіп тұр?
Сөздің бастапқы және ортаңғы буындарында кездесіп тұр.
3. Кестемен жұмыс

Ц дыбысы
1.Қатаң дауыссыз дыбыс.
2.Тіс пен тілдің қатысуымен жасалады.
3.Орыс және өзге шет тілінен сөздер де ғана кездеседі.
4.Сөздің басқы және ортаңғы буындарында кездеседі.

бойынша ц әрпінің емлесі түсіндіріледі.
4. Оқулықпен жұмыс
1-жаттығуда берілген сөздер оқытылып, сөздік жұмыс жүргізіледі. Содан соң сөздерді дәптерлеріне көшіріп жазады.
2 - жаттығу. Мәтін оқытылады. Цирк сөзіне дыбыстың талдау жасатылады:
Цирк - 4 дыбыс, 4әріп, бір буынды сөз.
Ц - қатаң дауыссыз дыбыс.
И – дауысты дыбыс.
Р - үнді дауыссыз дыбыс.
К - қаттң, дауыссыз дыбыс.
5. Ереже пысықталады. Осыдан кейін 3 және 5-жаттығу орындалады.
6.Ц дыбысы мен әрпі бойынша дидактикалық материалдарда немесе «Қызықты грамматикада» берілген тапсырмалар орындатылады.
Сабақты қорытындылау
1.Сұрақтарға жауап беру
- Ц қандай дыбыс?
- Ц дыбысы кездесетін сөздерге мысал келтіріңдер.
- Ц дыбысы сөздің қандай буындарында кездеседі?
- Сөздің бастапқы және ортаңғы буынында кездеседі. Мысалы: цистерна, экспедиция, цемент, т.б.
2. «С әріпі ме әлде ц әрпі ме?» дидактикалық ойыны. Шарты: тақтаға кейбір әріптері түсіп қалған сөздер жазылған плакат ілінеді. Оқушылар жоқ әріпті тауып фломастермен жазады. Мысалы:
...аябақ, қа...ық, ...иклон, ...ауы...қан, ...иркуль, ...ентнер, а... қабақ, бары..., ...ирк, кон...титу...ия, ...линдр.
- С дыбысы мен ц дыбысы туралы не білеміз?
- Екеуі де қатаң дауыссыз дыбыс. Ц дыбысы тек орыс және шет тілдерінен енген сөздерде кездеседі.
Үйге тапсырма беру
4 - жаттығу
Категория: Образование: модели и методы | Добавил: Айару6308 (06.01.2016) | Автор: Гаухар
Просмотров: 222 | Теги: Шындаулетова, Есеналықызы | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz