Главная | Регистрация | Вход | RSSПятница, 09.12.2016, 04:58

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Панорама [9]
Образование: модели и методы [60]
Управление [1]
Событие [18]
Воспитание и социализация [40]
Ступеньки к школе [11]
Профессиональное обучение [31]
Коррекционная педагогика [17]
Дополнительное образование [101]
Психологическая служба [47]
Родительское собрание [12]
Автограф на память [13]
Семиречье - взгляд сквозь годы [10]
Хочу поделиться [80]
Хроника [0]
Воспитание о образование в разных странах [2]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1522
Статистика

Онлайн всего: 2
Гостей: 2
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Рубрики журнала » Образование: модели и методы

Санның квадраты және кубы
Ақтөбе облысы
Шалқар қаласы
«№4 орта мектебі» мм
Бисенбаева Гулсана Сансызбаевна
Математика пәнінің мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Санның квадраты және кубы
Мақсаты: Дәреженің көрсеткіштері ретіндегі санның квадраты және кубы ұғымдарымен оқушыларды таныстыру. Оқушыларды бірдей екі санның көбейтіндісін санның квадратымен, ал үш бірдей санның көбейтіндісін санның кубымен алмастыруға үйрету. Оқушылардың есептеу дағдыларын қалыптастыру, білімді тәжірибеде қолдана білуге үйрету.

Міндеттері:
1. Оқушыларды санның квадраты және санның кубы ұғымымен таныстыру, анықтай білуді үйрету;
2. Ауызша, жазбаша есептеулер арқылы логикасын дамыту, қиялын ұштап, қабілеттерін шыңдау, қызықты тапсырмалар орындата отырып, математикаға деген қызығушылығын арттыру;
3. Ұйымшылдыққа, достыққа, бір - біріне көмектесе білуге тәрбиелеу.

Оқу нәтижесі: Өз ойларын еркін айтуға үйренеді. Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырады. Тапсырмаларды топ болып орындайды. Бір - біріне көмектеседі. Ауызша орындап үйренеді.

Туындайтын идеялар: Жаңа тақырып бойынша түсінік алады. Алған білімдерін талқылайды. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады.

Сабақ түрі: топтық жұмыс, жеке жұмыс
Сабақ типі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, сергіту, топтық жұмыс, жеке жұмыс, есептеу
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, ағылшын
Көрнекілігі: слайдтар, постер, фломастер, маркер, кеспеқағаз, интерактивті тақта, бағалау парағы.
Сілтеме: Т.А. Алдамұратова, Е.С.Байшоланова «Математика» 5 - сынып. Алматы, «Атамұра» 2015 ж.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі
Оқушыларды топқа бөлу.
1 - топ: Ана тілім - тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сөз ойдағы,
Тілім өссе, мен де бірге өсемін,
Тілім өшсе, мен де бірге өшемін.
2 - топ: Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып - ақ алыңдар!
3 - топ: Қалың елім қазағыңа қорған бол!
Жеткіншегім жайқала өсіп орман бол,
Шет тілі мен компьютерді меңгеріп,
Елге тірек, нағыз ұлттық тұлға бол!
Осы жыр шумақтары бойынша 3 топқа бөлінеді, топ басшысын сайлаймыз, бағалау парағы таратылады. Бір оқушы мұғалім көмекшісі болады, ол үш топ басшысын бағалап отырады.
1 – топ: «Квадраттар»
2 – топ: «Кубтар»
3 – топ: «Дәрежелер»

2. Үй тапсырмасын тексеру
Үй тапсырмасының жауаптары интерактивті тақтада көрсетіледі, топ басшылары тексеріп, бағалау парағына бағасын қояды.
№296
3 2 > 3 ∙ 2 14 2 > 14 ∙ 2 6 2 < 2 6
2 ∙ 4 < 2 4 4 2 = 2 4 5 2 < 2 5

№300
а) 5 ∙ 5 = 25 см2 25 см квадрат болғаны

ә) 7 ∙ 7 = 49 квадрат бар

3. Өткен тақырыптар бойынша сұрақтар, актуальдау
Топтағы оқушылар басқа топтағы оқушыларға сұрақтар қояды.

4. Жаңа тақырып:
Осы сұрақтардан соң мұғалім жаңа тақырыпқа байланыстыра отырып сұрақтар береді:
- санның дәрежесі дегеніміз не?
- Мысалы: 54 = 625 берілген. Бұл жерде қай сан дәреженің негізі?
- Қай сан дәреже көрсеткіші?
- Дәреженің мәні қайсы?
- Оқылуы қалай?

Мысалы: 5 ∙ 5 ∙ 5 ∙ 5 = 54 = 625
Санның дәрежесінің мәнін табу көбейту амалы арқылы орындалады.
7 ∙ 7 = 72 = 49 Оқылуы: «жетінің екінші дәрежесі» немесе «жетінің квадраты». Санның екінші дәрежесін сол санның квадраты деп атайды.
7 ∙ 7∙ 7 = 73 = 343 Оқылуы: «жетінің үшінші дәрежесі» немесе «жетінің кубы».
Санның үшінші дәрежесін сол санның кубы деп атайды.
10, 100, 1000, 10000, ... разряд бірліктерін 10 санының дәрежесі түрінде жазуға болады.
Мысалы, 10 = 101 ;
100 = 10 ∙ 10= 102 ;
1 000 = 10 ∙ 10 ∙ 10= 103 ;
10 000 = 10 ∙ 10 ∙ 10 ∙ 10= 104 ; т.б.
1 000 000 = 10 ∙ 10 ∙ 10 ∙ 10 ∙ 10 ∙ 10= 106
Енді осы сандардың оқылуын айтыңыздар.
Разряд бірліктерін дәреже түрінде жазғанда разряд бірлігінде неше нөл болса, 10 санының дәреже көрсеткіші сонша бірлікке тең натурал сан болады. Мысалы, жарықтың таралу жылдамдығы секундына 300 000 000 метр дегенді 3 ∙ 108 м/с түрінде жазуға болады.
Егер 294 : 72 өрнегі берілсе, оны былай жазамыз 294 : 72= 294 : (7 ∙ 7) = 294 : 49 = 6
Егер санды өрнектің құрамында санның дәрежесі болса, онда дәрежеге шығаруды басқа амалдардан бұрын орындау керек.
Мыс: 162 – 130 = 16 ∙ 16 – 130 = 256 – 130 = 126
(23 - 12)2 = 112 = 11 ∙ 11 = 121
19 ∙ 23 = 19 ∙ 2 ∙ 2 ∙ 2 = 19 ∙ 8 = 152
Егер көбейткіштер арасында бірдей әріп көбейткіштер бар болса, оларды дәреже түрінде жазып, ықшамдауға болады: 7 ∙ а ∙ 8 ∙ а = 7 ∙ 8 а2 = 56 а2
5. Оқулықпен жұмыс. Барлық оқушыларды сабаққа тарту жұмысы. Сабақ барысында оқушылардың психологиялық ахуалы басты назарға алынып, олардың сабаққа түгел қатыстырылуы қамтамасыз етіледі. Оқушылар топ болып есепті шығарып, постерге жазып, оны қалай шығарғанын айтып, қорғайуы тиіс.

Квадраттар тобына: №295
Кубтар тобына: №298
Дәрежелер тобына: №302

6. Сергіту сәті: «Орныңнан тез тұр» ойынын ойнату.
1. 5 + 2 = 7 дегендер орнынан тұрсын.
2. бүгін сабақтан «5» алғысы келген оқушылар орнынан тұрсын.
3. 23 = 9 дегендер орнынан тұрсын.
4. 10 – 3 =5 дегендер орнынан тұрсын.
5. 52 = 25 дегендер орнынан тұрсын.
6. бүгін сабақтан «4» алғысы келген оқушылар орнынан тұрсын.

7. Қорытындылау: «Орнын тап» ойыны арқылы әр топқа 3 есеп беріледі, сол есептің сәйкес амал таңбалары мен мәндерін сәйкестендіріп орнына қою және оның қазақшасын, орысшасын және ағылшыншасын айту.
Әр топ өз топтарының аты не мағына білдіретіндерін айтып, бір мысал келтіреді.

32 + 6 = 15 2 3 + 7 = 15 7 2 : 7 =7
5 2 + 53 = 53 + 25
2 2 ∙ 2 = 8 3 3 - 7 =20
7 2 ∙ 7 2 > 7 3 +72
4 2 ∙ 23 < 52 ∙ 23
4 ∙ 4 ≠ 4∙


қазақша орысша ағылшынша
+ қосу плюс plus
- азайту ми́нус minus
∙ көбейту умноже́ние multiplication
: бөлу деление division
= тең равно equally
< кем меньше less
> артық больше more
≠ теңсіздік неравенство inequation



8. Үйге тапсырма: № 303, №304, 69 – 70 бет. Үй тапсырмасын түсіндіру. Күнделікке жазып алады.

9. Бағалау. Бағалау әр топ басшысының толтырған бағалау парағы арқылы бағаланады.
«5» – 19 – 20 балл
«4» - 16 – 19 балл
«3» - 12 – 16 балл
Категория: Образование: модели и методы | Добавил: Айару6308 (06.01.2016) | Автор: Гулсана
Просмотров: 657 | Теги: Сансызбаевна, Бисенбаева | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz