Главная | Регистрация | Вход | RSSВоскресенье, 04.12.2016, 17:12

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Панорама [9]
Образование: модели и методы [60]
Управление [1]
Событие [18]
Воспитание и социализация [40]
Ступеньки к школе [11]
Профессиональное обучение [31]
Коррекционная педагогика [17]
Дополнительное образование [101]
Психологическая служба [47]
Родительское собрание [12]
Автограф на память [13]
Семиречье - взгляд сквозь годы [10]
Хочу поделиться [80]
Хроника [0]
Воспитание о образование в разных странах [2]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1521
Статистика

Онлайн всего: 16
Гостей: 16
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Рубрики журнала » Образование: модели и методы

Қазақ тілі сабағында оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын дамыту.
Қазақ тілі сабағында оқушылардың
функционалдық оқу сауаттылығын дамыту

З. Махадил, аға оқытушы,«Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы,
Павлодар облысы бойынша педагог қызметкерлердің
біліктілігін арттыру институты.

Функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында анық көрсетілген. Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның физикалық құбылмалы әлемде әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады. Мектеп оқушыларының функциялық сауаттылығын дамыту процесін мазмұндық, оқу-әдістемелік, материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешеніне сәйкес қазақ тілі сабағын жаңаша ұйымдастырып, рухани білім негізіне тәрбиелеу басты мәселеге айналып отыр. [1].
Тұлға күнделікті өмірдеқиындықтарға тап болып, оларды шешу үшін өзінің логикалық ойлау қабілеті арқылы мәселені айқындайды, болжам жасау оның баламалы жолын таба білу; нақтылық пен болжамды айыру сияқты қасиеттерін көрсетеді. Күнделікті өмірде адамдар қандай да бір мақсатқа қол жеткізу үшін ақпарат алады, онсыз шешім қабылдап, проблеманы шеше алмайды. Көбінесе, олар ақпаратты ресурстар арқылы алады. Кейде мәлімет бір жерде болуы мүмкін, яғни бір мәтін ішінде. Көптеген жағдайда мағлұмат басқа бетте немесе кесте ішінде, алфавиттік тізімнің әр бөлігінде де берілуі мүмкін.
Білім берудің нәтижесі түсіну, қолдану мен пайымдау, дәлелдеу, бағалау сынды құзыреттіліктер арқылы бағамдалады. Пайым жасау тапсырмалары идеялар ұсыну, конструкциялау, аргументтер келтіру, негіздемелі тұжырымдар айтуды талап етеді. Сондықтан тұлғаның логикалық ойлау қабілеті мен шығармашылық әлеуеті дамыған болу керек. Бұл мұғалімнен кәсіби біліктілік пен шығармашылықты талап етеді.
Ізденімпаздықтың алғашқы баспалдағында мұғалім өзінде қажетті зерттеушілік дағдылардың жеткіліксіздігінен, материалдардың аздығынан әдістемелік көмекке зәру болады. Мұғалімді зерттеушілікке ынталандыратын факторлардың бастысы - өзінің ғылымына яғни оқытатын пәніне деген шығармашылық көзқарас, пәндік материалдың дамытушылық және тәрбиелік мүмкіндіктерін көре білу болғандықтан, педагогикалық тәжірибенің өркендеуі мұғалімнің өз қызметін дұрыс ұйымдастыра алу қабілеті мен зерттеу тақырыбын таңдай алу көрегендігіне қатысты. Өйткені бастамашылық пен белсенділік ұстазды өзінің ішкі мүмкіндіктерін ашу арқылы кәсіби тұрғыда дамуға әкеледі.
«Педагогикалық тәжірибені зерттеу» дегеніміз ұстаздардың мақсатты ісіне жету жолындағы талабы, сұранысы мен ізденісін жинақтау, жүйелеу, тарату.
Сонымен педагогикалық тәжірибе ұстаздың жеке тұлғасын өзгертуге қозғаушы күш бола алады десе де артық емес. Тәжірибені таратуға деген құлшыныс мұғалімге өз білімін тереңдетіп, өзін-өзі өзгертуге және қоғам сұранысына бейімделуге ынталандырады.
Шеберлік сабақтар – оқу үдерісіне инновациялық түрлендірулер енгізу жолдарының бірі. Заман талабына сай бейімделу қажеттілігі шығармашылық топ мүшелерін өзінің интеллектуалдық потенциалын анықтауға жұмылдырды. Тәжірибемен бөлісу - өздігінен ізденіс жасап, шығармашылыққа бастайтын қадамдар.
Мұғалімдер шығармашылығынан
Эзоп пен сәуегей
Эзоп жайлы жалпақ жұртшылыққа тарап кеткен аңыз-әңгiмелер көп. Аса қайшылықты тұлға жайлы еңбектердi оқи отырып, қазақ ауыз әдебиетiндегi Қожанасырды, Алдар көсе мен Жиреншенi, Тазша баланы елестетiп отырасың. Әлем әдебиетiндегi Мюнхаузен секiлдi типтендiрiлген әдеби бейнеге де ұқсайды. Шын мәнiсiнде, Эзоп – өмiрде болған адам. Ол туралы алғашқы деректi бiздiң заманымызға дейiнгi V ғасырда ғұмыр кешкен «тарих атасы» Геродот өз жазбаларына түсiрiп кеткен. Эзоптың шешендiгiн, тауып сөйлейтiнiн хаттарында анық көрсеткен. Мысал жанрының атасы ежелгi Самос аралында өмiр сүргенiн, жалшылықпен күн кешкенiн айтады. Тым ащы мысқылы үшiн, тағы бiр белгiсiз себептермен кiсi қолынан өлгенi де, сол үшiн тайпасына әлдекiмдердiң құн төлегенi де осында бар.
Эзоптыңлақапаты – Ксанф. Ксанф «сары» дегенмағынабередi. Дерекбойынша, олшамаменбiздiңзаманымызғадейiнгi 640 жылыФригиядатуған. 560 жылыДельфыдақазаболған. Бiзгеоныңтөртжүзгежуықмысаләңгiмелерiжеттi.
Бірде Эзоп құл базарында сатылғалы тұрғанда: «Қожайын керек болса, менi сатып алыңдар» , – деп айқайлапты. Бiр сәуегей: Дүниеде бiр ғимарат бар, ғимарат iшi толған баған. Әр бағанның үстiне он екi шаһар орналасқан. Әр шаһардың төбесiне отыз бөрене салынған. Әр бөрененi шыр айналып екi әйел жүгiрiп жүредi. Бұл не?» – деп сұрайды. Тыңдаушы жұрт мүдiрiп қалады.

Сұрақ 1. Мысал әңгімеде не туралы жазылған?
А) Эзоп пен Алдаркөсені салыстыру.
В) Эзоптың тапқырлығы.
С) Эзоптың лақап аты жайлы.
Сұрақ 2.
Мысал әңгіменің шешімін табыңыз.
Ғимарат :__________________________________________________________
Ғимарат iшіндегі баған: _____________________________________________
Әр бағанның үстiндегі он екi шаһар :___________________________________
Әр шаһардың төбесiндегі отыз бөрене :_________________________________
Әр бөрененi шыр айналып екi әйел:____________________________________

Сұрақ 3.
Эзоптың V ғасырда өмір сүргені белгілі. Бiзге оның төрт жүзге жуық мысал әңгiмелерi жеттi.
Сәуегейдің қойған сауалы бүгінгі заман талабына сай ма? Бүгінгі адамдардың көзқарастарына сүйене отырып жауап беріңіз.

Жауаптар
1. В) Эзоптың тапқырлығы
2. Ғимарат дегенiмiз – ғалам. Оның iшiне бәрi сыяды. Баған дегенiмiз – жыл. Ол мызғымас берiк. Үстiндегi он екi шаһар – тiршiлiгi қайнаған он екi ай. Төбесiндегi отыз бөрене – уақыты тоқтаусыз жылжыған отыз күн. Екi әйел дегенiмiз – күн мен түн. Бiрiнiң iзiн бiрi өкшелеп, үнемi қуысады да жүредi, – десе керек.
3. А. Көңілге қонымды. Талай ғасыр өтсе де, әлі маңыздылығын жойған жоқ.
В. Тапқырлық та адам баласына тән қасиет екені белгілі.
С. Шешімін тапқан істің жауабы да дұрыс болады.
Д. Сауалдары онша қиын емес, әртүрлі нұсқада жауап беруге болады.

Орындағандар: Абаева Алмагүл Тұрлыханқызы, Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернаты.
Жумабекова Айкен Айтмағамбетқызы, Павлодар қ. №2 жалпы орта білім беретін мектеп.

Алманың пайдасы мен зияны туралы

Алма (лат. malus)— раушан гүлділер тұқымдасына жататын, өте кең тараған жеміс ағашы.
Табиғи алманың жер шарында 36 түрі белгілі, олардың 10-12-сінің маңызы бар. Қазақстанда, негізінен, Сиверс алмасы, Недзвецкий, қырғыз алмасы өседі. Алманың жаздық, күздік, қыстық сорттары бар. Алма ағашының өмір сүру ұзақтығы 20—100 жыл, биіктігі 4—10 метр болады. 3—12 жылда жеміс береді, әр гектардан шамамен 100—300 ц. өнім алынады. Тұқым арқылы және өсімді (вегетативті) жолмен көбейеді. Тұқымынан көбейту бұлама алуда және селекцияда қолданылады.
Алманы көбейту кейде ұластыру арқылы да жүргізіледі. Қазақстанда алманың 40-тан астам сорттары аудандастырылған, оның 20-сын (Салтанат, Іле, Алатау шапағы, Алматы т.б.) қазақ селекционерлері өсіріп шығарған. Алма жемісі тасымалдауға, сақтауға жарамды, тағамдық заттарға бай, дәмді келеді, әрі жақсы өңделеді. Алма құрамында 83—88 % су, 7,5—16 % қант, 0,2—0.8 % қышқыл, 9,5—18,5 % ??рі қалдық, 0,28—1,0 % илік заттар, А, В1, В2, В6, С, РР дәрумендері, көптеген минералды заттар бар. Шырынынан шарап, сусын дайындалады, жемісін емдік дәрі ретінде де, адам ағзасын ауыр металл заттардан тазалауға, қан бұзылу және жүрек ауруларын емдеуге қолданады.
Алманың зиянкестері: алма жегіші, алма биті, шие бізтұмсығы, гүл жегіші. Алма аурулары: алма қотыры, ақ ұнтақ, жеміс шірігі, т.б.
Алма ағашының сұрыптарына қарай өмір сүру ұзақтығы 20-100 жыл, биіктігі 3-10 м аралығында, 3-12 жылда жеміс береді. Жаздық, күздік, қыстық сұрыптар болады. Жаздық сұрыптары еккеннен кейін 3-4 жылдан соң жеміс бере бастайды. Толық жеміс беру мезгілі 15-20 жыл. Ал, 30-35 жыл өткен соң мұндай сұрыптардың жеміс беруі нашарлай бастайды. Жаздық, күздік, қыстық сұрыптарды іріктеп алу тәртібін орындамау, қандай да болсын бір түрін көбейтіп жіберу – әсіресе, өнімді жинаған, сақтаған, өңдеген кезде көптеген қиыншылықтар туғызады. Бақшада мейлінше көп сақталатын қыстық сұрыптарға едәуір орын берілгені дұрыс.
Алмақұрамында су, қант, қышқыл, А, В1, В2, В6, С, РР дәрумендері, көптегенминералдызаттар бар. «Күндекешкісінбіралмажесеңіз, дәрігерқажетемес» дегенмақал алманың қаншалықты пайдалыекендігінбілдіреді. Соныменқатар, алмашырыныадам ағзасынауырметалдардантазартуға, қан бұзылуы және жүрек ауруларынемдеудеқолданылады. Алмажемісітасымалдауға, сақтауға жарамды.

Анасы дүкеннен қызыл, сары, жасыл алма сатып әкелді. Алманың кейбіреуін құрт жеген, шіріген, кейбіреуі тап-таза әдемі. Дастан таза алманың жартысын жеп, жартысын қалдырды. Әділ де алманың шіріген жерін тазалап жеді де, қалғанын қойып қойды. Біраз уақыт өткен соң кесілген алмалардың біреуінің кесілген жері қарайып кетіпті. Неліктен бұлай болды? - деп балалар таңқалды.

Сұрақ
1. Алманың адам өміріндегі рөлі қандай?
____________________________________________________________________

2. Алманың кесіндісі неге қарайып кетті?
____________________________________________________________________

3. Екінші алмаға неге құрт түспеді?

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Жауаптары
1. Алмақұрамында су, қант, қышқыл, А, В1, В2, В6, С, РР дәрумендері, көптегенминералдызаттар бар. «Күндекешкісінбіралмажесеңіз, дәрігерқажетемес» дегенмақал алманың қаншалықты пайдалыекендігінбілдіреді. Соныменқатар, алмашырыныадам ағзасынауырметалдардантазартуға, қан бұзылуы және жүрек ауруларынемдеудеқолданылады. Алмажемісітасымалдауға, сақтауға жарамды.
2. Өйткені алманың құрамында темір көп мөлшерде кездеседі
3. ГМО.

Орындағандар: Оразбаева Бигуль Казтаевна, Павлодар қ. №19 жалпы орта білім беретін мектеп
Шажанканова Бибигуль Мадатовна, Павлодар қ. №20 жалпы орта білім беретін мектеп

Әдебиеттер мен ғаламтор көздерінің тізімі:
1. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 - 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары. Астана, 2012 ж.
2. Мынбаева А.К., Садвакасова З.М. Инновационные методы обучения, или Как интересно преподавать. –Алматы, 2007.
3. Жексенбаева У.Б., Ниязова Г.Б. 12 жылдық білім.//-№7-2006.
4. PISA халықаралық зерттеуін жүргізу аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту әдістері бойынша Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы. Оқу сауаттылығы. Мұғалімнің жұмыс дәптері // NIS- PEARSON.
5. Основные результаты международного исследования PISA-2012. Астана: НЦОСО, 2013.
Категория: Образование: модели и методы | Добавил: rukoleeva_l_v (25.01.2016) | Автор: Махадил Зауреш Шагмарданқызы E
Просмотров: 298 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz