Главная | Регистрация | Вход | RSSВоскресенье, 04.12.2016, 06:52

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Панорама [9]
Образование: модели и методы [60]
Управление [1]
Событие [18]
Воспитание и социализация [40]
Ступеньки к школе [11]
Профессиональное обучение [31]
Коррекционная педагогика [17]
Дополнительное образование [101]
Психологическая служба [47]
Родительское собрание [12]
Автограф на память [13]
Семиречье - взгляд сквозь годы [10]
Хочу поделиться [80]
Хроника [0]
Воспитание о образование в разных странах [2]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1521
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Рубрики журнала » Образование: модели и методы

«Мәңгілік ел» - отбасы тәрбиесінің мызғымас іргетасы
Егеменді еліміздің даму жылдарында барлық Қазақстан халқын топтастыратын рухани құндылықтар құрылды. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идея негізінде біздің елдің болашағы қалыптасты. Ал оның негізгі құндылығы азаматтық теңдік, еңбексүйгіштік, адалдық, ғылым мен білімнің мәртебесін көтеру, зайырлы ел- толерантты ел болып табылатындығының айғағы. «Мәңгілік Ел» идеясының бастамасы отбасы, ошақ қасынан бастау алатыны бәрімізге мәлім. Ендеше, «Үлкен ел-Үлкен отбасы» жобасының іске асуы тағы да бір дәлелі. Қазіргі таңда білім берудің барлық сатысында «Мәңгілік Ел» құндылықтарын ескере отырып, жастардың рухани-адамгершілік құндылықтары мен патриоттық сезімге тәрбиелеу бағдарламалары да қолға алынуда. Отбасы –тұлға тәрбиелеудің және оны қоғамның сан қырлы жақтарын игеруіне мүмкіндік туғызатын ең алғашқы әлеуметтік орта. Тұлға өз отбасында өмірдің әр қилы мәнін, мақсаты мен міндеттерін, құндылықтарын игереді, басқа адамдармен қарым-қатынас жасау дағдыларын, өмірлік қағидалары мен ұстанымдарын қалыптастырады, өзін-өзі ұстаудың нормалары мен мінез-құлқын реттеудің өлшемдерін меңгереді. Демек, отбасы – адам баласының бастама алатын алтын діңгегі, оның адамзат ұрпағына деген ықпалын өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайды. Қазіргі таңда әлемдік жаһандану үдерісінің мәдениетке, дәстүрлі ұлттық құндылықтарға тигізетін кері ықпалы күшейіп келеді. Қоғамымызда орын алып бара жатқан осындай үдерістер салдарынан жас буын жат елдің мәдениетіне еліктеп, сан ғасырлық ата дәстүрімізді, ұлттық құндылықтарымызды ұмыта бастады. Жас ұрпақты ұлттық құндылықтарымызды бағалауға, оларды сақтай отырып, келер ұрпаққа жеткізуге тәрбиелеу бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Әлемдік өркениет бұл- мәдениеттердің бір-біріне кірігуі ғана емес, әр халықтың мәдениетін болмысын сақтай отырып, әр халықтың өзін-өзі танып-білуі, өркениетті елдер арасында тең дәрежеге жетуі. Басқа халықтың жақсы қасиеттерін бойына сіңіріп, жаманынан сақтануға жол көрсету. Ендеше, балабақшадан бастап, баланың тарыдай болып кірген күнінен таудай болып шыққанына дейінгі аралығында жандүниесінің ұлттық рухта, ұлттық болмыста қалыптастырып, балаға ұлттық мәдениет пен сананы, бабадан қалған салт-дәстүрді сіңіре білген жөн. Елбасы Н.Назарбаевтың өз сөзінде: «Мен қоғамда «Қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек?» деген сауалдың жиі талқыланып жүргенің күнделікті өмірде естіп жүрмін. Біз үшін келешегімізге бағдар етіп ұлтты ұйыстырар ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол- «Мәңгілік Ел» идеясы. Тәуелсіздігімізбен бірге халқымыз мәңгілік арман мұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің жүрегі, тәелсіздігіміздің тірегі мәңгілік елордамызды тұрғыздық. Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады. Ендігі келер ұрпақ, өскелең ұрпақ мәңгілік қазақ елінің перзенті. Осы күнге тәубе деп, барымызды бағалайық. «Отан – отбасынан басталады» дейді халық. Отбасының екі тірегі –әке мен ана. Адамды әлеуметтендіру, қоғамға енуі, өзгелермен қарым-қатынасы отбасынан басталады. Үлкенді құрметтеп, қадір тұтуды, сыйласа білуді қазақ халқы отбасында берік те нық ұстанған. «Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз» деген ұлағатты сөзі бекер айтылмаған. Ұлтымыздың сан ғасырлық тарихында осыған дәлел болып отырған мысалдар жеткілікті. Теорияны шартты түрдегі заң десек, қазақ үшін шарты заңы әдет-ғұрыпы, салт-дәстүрі, тілі мен діні екенін ұмытпайық. Қазақ халқының ежелден өзіндік мәдени, рухани, әдеби, ұлттық дәстүрі қалыптасқан елміз. Халқымыздың тәрбие туралы ұғымдары өз ұрпағында заң ретінде қолданылып келді, олардың іске асуын ақсақалдар қауымы қадағалаған. Бір елді бір ақсақал басқарып, сөзімен де өзіменде өнеге бола білген. Әрбір көшпелі қазақ туыстық-қандастық жүйені көзінің қарашығындай сақтап, кейінгі ұрпаққа тарата білген. Дәстүрдің бұлжымай сақталуы «Атадан бала тусайшы, ата жолын қусайшы», «Ат тұяғын тай басар» деп қазағымыз атадан балаға мұра болып келе жатқан жақсы қасиеттерді сақтап, өсиет-өнегелерін өзіне үлгі тұтып, әулеттің тағылымдарын ұрпақ алдындағы қасиетті борышы деп білген. Сол себепті ата-бабаларымыз «Ата тегін айтқаннын айыбы жоқ» деп ұрпақтарына жеті атасын білуді аманат етіп қалдырған. Қазақ халқында ұлттық құндылықтардың бірі ретінде отбасында ағайындық-туысқандық қарым –қатынастарға ерекше мән беріп, көңіл бөлген. Әр отбасында «жеті ата» шежіресін ұғындыру, оның маңыздылығын түсіндіру ежелден бар. Балалар өздерінен бастап жеті атасына дейін жатқа біліп, олардың кім және қандай адамдар болғаны туралы мақтанышпен айтып жүрген. Атай кетсем: тегіміз бала, әке, ата, арғы ата, баба, түп ата, тек ата деп жіктелуін қазір біреу білсе, енді бірі өзінің кім екенін де білмей жүр. Ағайында жеті ата арасында қыз алысып, қыз беріспеген. «туыстық қан араласса, ұрпақ азады» деп ата-бабаларымыз ұрпақ әкелу мақсатында текті ұрпақтың сақталуын көздеген. Қазақ отбасында қалыптасқан құндылықтар ұрпақтар сабақтастығында жалғасын тапқан.. Ата-бабаларымыз өсиеттерін жас ұрпаққа жеткізуші әулеттерге байланысты «текті адам», «тегі дұрыс ұрпақ», «тегі, негізі жақсы адамдар» деген ұғымдарды осы мақсатта қолданған. Ендеше, әрбір мемлекеттің ең басты құндылығы адам екені аңық. Адамның құндылығы жүрегіндегі адамгершілік, аяушылық, имандылық сияқты сезімдер. Әр халық өзінің жас ұрпағын қайырымды, адал, үлкенді құрметтейтін, ержүрек, ар-ожданы мықты болып өссе деп армандайды. Дегенмен отбасы құндылығы ұлттық құндылықтардың ажырамас бөлігі ретінде қарастыра алмай жүргеніміз өкінішті. Жастарымыз босаға киесін ұлықтай алмайтындай халге түсті. Балаларымыз ұлттық салт-дәстүр, отбасы құндылығын заман өте жоғалтуда. Ата-бабамыздан мирас болып қалған құндылықтарымызды жоғалтпай тұрғанда, етек –жеңімізді жинайтын уақыт келді. Ұлттық тәрбиенің өлмес негізі, рухани күші оның өмір сүру болмысынан туындаған өзіндік ұлағаты, тәжірибесінің молдығы, рухани мұрасының тереңдігі мен өнегелігінде жатыр. Қазақ қашанда ұрпағының толыққанды тұлға болып қалыптасуына атсалысып жырлары, ертегілері, аңыздары, толғаулары арқылы бала кезінен ұлттық тәрбиені бойына сіңіріп отырған. Бүгінде сол толғау, сол жырау, сол ертегі мен аңыз қайда, оны кім оқып, кім тыңдап, санасына құйып тоқуда. Осы жағына көңіл аударсақ. Қазір жастарымыздың тыңдайтын музыкасы шет елдің мән-мағынасы жоқ, түсініксіз, ешқандай тәрбиелік мәні жоқ дыңғырлаған құлаққа жағымсыз әуені. Жеке тұлғаның ең маңызды белгілері- оның сана сезімі, жауапкершілігі, бостандығы, қадір-қасиеті, даралығы мен даналығы, дүниетанымы. Тұлға өз мінез-құлқын, әрекетін басқа қоршаған адамдармен салыстыра отырып, өзінің кім екенін түсіну, өзін-өзі тану қабілетін аша білу. Өзін басқалармен салыстыра, бағалай отырып, өзін-өзі реттеуді ұғындыру. Адамның рухани жан-жақты өсуі адамгершілік қасиеттері мен даму деңгейімен аңықталады. Қазақ халқының ұлы, ағартушысы Ыбырай Алтынсарин өзінің еңбектерінде «бала тәрбиесі оның табиғи ортасы мен халқының салт-дәстүрі рухында тағылым болса, оның сана сезімінің дамып, жетілуі – де ұлты мен халқына қызмет ететін көкірегі ояу, тұлға болып өседі» деп тоқсан ауыз сөзді түйіндеген. Еңбекті сүю, мейірімділік, кішіпейілділік ұғымдарын кез келген еңбектері арқылы жеткізе алды. Адамның рухани дамуы кітап пен журналда екенін түсіндіру күнделікті сабақта мұғалім тарабынан қолдау алып, жеткізіліп отыру керек. Абай жастарды адамгершілікке рухында тәрбиелеген, оларға ғылым мен білімге бастар жолды көрсете алған мәселелерді кез келген еңбегінде кездестіре аласын. Абайды оқы, Абайды таңы деп баланы жастайынан Абайдың өлеңдерін оқуға деген құштарлығы мен сезімдерін оята білу. Абай атамыз бұқара халқын адал еңбекке шақырды, қулық- сұмдықпен, алдау –арбаумен, ұрлық-зорлықпен, еңбексіз тапқан мал мен мүліктің: «Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас, Қардың суы сықылды тез суалар....» –деп, ондай арзан дүниенің жұғымсыз болатынын ұқтырған. Жастардың әрбірінің айналысар кәсібі болуын, ол кәсіпке дағдылану машығы неғұрлым ертерек басталуын, жастық шақта еңбекке деген ұмтылыстық, икемділіктің тұрақты қасиетке ұласуын меңзеді. Еңбек ету үшін өзіндік байлам, талаптылық пен берік табандылық сияқты қасиеттердің керектігін кейінгі ұрпаққа ескертті. Ақын әрбір жастың келешегінің нұрлы, болашағының жарқын болуы адал еңбектің арқасы екенін терең түсіндіріп тұжырым жасады. Ендеше, осы қағиданы неге басшылыққа алмасқа. Қазіргі жастарымыз оңай, жеңіл жетістікке жету үшін адами моралдық ұстанымдардан аттап кетуге дайын екендігін күнделікті бастан кешіп жатқан келеңсіз көріністер айқындай түседі. Көпшілік жастар үшін, өкінішке орай, қандай жолмен болсын ақша табу, шектен тыс емін-еркін және сәнді де салтанатты өмір кешу мақсат-мұратқа айналып бара жатыр. Кез-келген жолмен рахатка бөленіп, көңіл көтеру, үздіксіз ойын-сауыққа кенелу-өмір сүрудің мәні болып табылатын, алды-артын ойламайтын мақсатта жүр. Отбасы тәрбиесінің рухани-өнегелі негіздерін сақтап, әрі қарай дамыту үшін мынандай педагогикалық тәжірибелерге жүгіну абзал. Біріншіден, отбасының ынтымағы, отбасы үшін отқа түсу және бір-біріне деген сүйіспеншілікті арттыру. Екіншіден, отбасының рухани өсуі үшін ұмтылыс жасау, өзін-өзі жетілдіру. Үшіншіден, бала еркіндігіне көңіл бөлу және оның абыройына құрметпен қарау. Төртіншіден, ата-ананың бір-біріне деген кіршіксіз тазалығын сақтау. Бесіншіден, қоғам өміріндегі қайырымдылық көрсету бағдарламаларына қатысу. Алтыншыдан, отбасылық ата дәстүрді сақтау, насихаттау. Жоғары сынып оқушыларының ата-аналары кейде мектеп жиналысынан кейін «Біз қай жерден қателік жібердік? Баламыз неге өзгерді» деген сан алуан сұрақтарға тап болып жататын кездері де болады. Шынымен де, бұл тәрбиенің ең күрделі кезеңі. Алдымен бала ата-ананың айитуымен өмір сүреді, сосын ол мұғалімінің пікіріне құлақ асады, кейін құрбы-құрдастарының, қоғамның айтуы бойынша әрекет жасайды. Осыдан кейін ол мұнын бәрін жоққа шығарып, өз дегенін істейді. Бұл дағдарысты жасөспірімдердің бәрі де басынан кешіреді: дұрыс таңдау жасау үшін адам өзіне өзгелердің ұсынған, айтқандардың бәрін өзінен ысырап тастауы керек. Бұл жерде оны жақсы көру, оған қамқорлық жасау және көңіл бөлу жеткіліксіз. Әңгімелесу және ақыл айту, олай емес, былай жаса деу-бала бойына ашу-ыза тудырады, тиым салу кертартпалық пен араздықты тудырады. Не істеу керек? деген сұрақ туындайды. Психологтардың пікірі бойынша: бұл жағдайда шыдамдылық керек, сабырлық көрсетіп, араға уақыт салып күту керек. Егер отбасылық құндылықтың негізі дұрыс та берік қаланса, бала міндетті түрде дұрыс таңдау жасайды, әдеттегі, қалыпты, үйреншікті өмірге қайта оралады. Отбасылық дәстүр, оның өнегелі тамаша үлгісі, балаға ой салып, тынышталу күйін, сабырлылық пен бірқалыптылылық және жарасымдылық береді. Нәтижесінде, бала ата-анасының көрсеткен отбасылық үлгісіндей, бір-бірін жанындай жақсы көріп өмір сүрген ата-анасы сияқты, өзінің сүйіспеншілікке толы отбасын құрады. Қазақ халқының зиялы ақыны, педагог, қоғам қайраткері М. Жұмабаевтың: «Тәрбиедегі мақсат баланы тәрбиешінің дәл өзіндей етіп шығару емес, келешек өз заманына сай қылып шығару» деп айтуы бала тәрбиесіндегі ата-ана, мектеп, қоғам алдында үлкен жауапкершіліктің тұрғандығын дәлелдейді. Отбасы мен мектептің өзара ынтымақтастығын нығайтудың өте маңызды екендігін біледі. Ал, тәрбие қоғамдық құбылыс болғандықтан, оны қоғам талаптарынан тыс ұйымдастыру мүмкін емес. Бұл тұста үштік одақ орын алады: отбасы, мектеп және қоғамдық мекемелер жұмысындағы өзара сабақтастық және ынтымақтастық өз үйлесімін тауып, әдемі өмір сүруге түрткі бола алады. Қазақ мәдениеті – ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық мәдениет. Ол ұлттық тәлім-тәрбиенің негізінде дамып, қалыптасты. Жалпы адамзаттық құндылық қасиеттері ұлттық тәрбиемен ұлттық мәдениеттің дамуындағы қозғауышы күші болып табылады. Болашақта гүлденген Қазақстанның одан ары қарыштап өркендеуiнiң негiзгi тұтқасы болатын демократиялық қоғамды құратын парасатты және бiлiмдi тұлғаларды дайындауда ұлттық тәлiм-тәрбиенiң атқаратын жұмысы зор екенi даусыз. Озық жетiстiктерге негiзделген бiлiм нәрiмен қатар, ұлттық тәрбие құндылықтарын бойына сiңiрген ұрпақтар ғана ұлт тағдырын тереңiнен таразылап, болашағын барынша болжайтын қоғам сұраныстарына жауап беретін және барынша әлеуметтенген тұлға ретiнде танылады.
Құндылықтардың өзара жақындасуына іргетас болатын нәрсеге не жатады? Әрине, Ұлттық құндылықтарды әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті тұлға тәрбиелеу үшін жастардың ұлттық сана-сезімін, яғни жас ұрпақ санасына туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін ұялатып, ана тілі мен дінін, оның тарихын, мәдениетін, өнерін, салт-дәстүрін, рухани-мәдени мұраларын қастерлеуге, сонымен қатар жас ұрпақ бойында жанашырлық, сенімділік, намысшылдық тәрізді ұлттық мінездерді қалыптастыру деп түсінген дұрыс. Ендеше жас ұрпақтың еліне, ұлтына, жеріне, дініне, тіліне деген сүйіспеншілігін, өзге тілдерді оқып білуге деген қызығушылықтары мен ұмтылыстарын арттыру арқылы олардың Отанға деген махаббаттарын оятып, өз тағдырын ел тағдырымен мәңгілікке байланыстыратын өткеніміз бен бүгінімізді толыққанды баяндайтын тарихымыз болса, ұрпағымыз сол тарихты оқып, елін сүйеді, жерін сүйеді, ата-бабаларын құрметтейді, қадірлейді. Қазақ халқының мәдениеті өзінің кәсібі мен шаруашылығының заңдылықтарына қарай өркендеп келеді. Отбасы құндылығы – ол адамның жүріс-тұрысы, іс-әрекеті, сөйлеу мәдениеті, қызығушылығы, еңбек сүйгіштігі, қоршаған қоғамдық ортада алатын орны екені тарихи-педагогикалық әдебиеттерде айқындалған. Құндылықтар нормалардан кейін жүрсе де, олардан бір айырмашылығы жоғары деңгейде нысандардың хал – жағдайын, қажеттілікті, мақсатты таңдауды түсіндіреді.
Құндылықтар дегеніміз – ұнатқан игіліктер мен оларға қол жеткізу тәсілдері туралы қорытындылаған, белгілі көзқарастар, орнықты ойлар, үлгі аларлық объектінің озық тәжірибелері, сыннан өткен пікірлер арқылы өзінің мінез-құлқын анықтайды.
Тәуелсіздік орныққан тарихи кезең көптеген халықтардың жасырын жатқан әлеуетін аша түсті. Қазіргі замандағы өркениеттер, мәдениеттер, діни және халықтар арасындағы диалог идеясын қазақстан қоғамы қолдамауы мүмкін емес еді. Өйткені, ол әлеуметтік өмірдің өзінің логикасынан туындайтын қадамдар болуға тиіс. Әрбір өркениет, дін және халықтар өздерінің миссиясын орындайды. Ұлттық тұтастық, ұлттық өркендеу өзінің мағыналық құрылымы бойынша өркениеттілікке және халықтар арасындағы диалогқа қарама- қайшы емес, керісінше, солардың арқасында өзінің бойына зор қуат алады, келбетін жаңа сипатта анықтай түседі. Қазақ халқының ұлттық келбеті кезінде Абайдың «Қара сөздерінде» айтылған сипаттамалармен салыстырғанда «қазіргі жаһандану заманында біршама өзгерістерге түсе алды ма, әлде өткен дәстүрлі мәдениеттегі шамасынан аспай отыр ма?» деген сауал да туындайды. Әрине, ұлттық мінездің түбегейлі өзгерістерге ұшырауы қиын. Сондықтан қазіргі заманның пәрменді инновациялық, жаңғыру, жаңару үрдістеріне қарамастан ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық мінез, ұлттық келбеттің іргелі тұстары сақталып отырғаны байқалады. Дегенмен, қазақ жастарының білім құмарлығы, басқа тілдерді игеруге бейімділігі, әртүрлі пәндер бойынша байқауларда жүлдегерлер арасында болуы, алыс шетелдерде оқушы студенттеріміз бен докторанттарымыздың көбейіп келе жатқандығы қуантады. Қазіргі заманда «Мен жастарға сенемін» деген Шәкәрім мен Мағжандардың арманы орындалғандай заман туды.
Қорыта келгенде, Елбасы Н.Назарбаевың: «Мағжанның жүрек тебірентерлік мөп-мөлдір асыл лирикасы, Мұхтардың көркем прозасы, Шоқанның барша әлемді таңқалдырған жаңалықтары, ұлы Абайдың түпсіз терең философиялық толғаулары сияқты осынша мол рухани қазына әрбір адамның ішкі жан дүниесін байытып, сана-сезімін шарықтата көтеретініне күмән келтіре алмаймыз» деуінің өзі ұлттық құндылығымызға толық дәлел бола алады. Ендеше, Елбасымыздың «Мәңгілік ел» идеясында «Мен барша халқымды жарқын болашаққа жол бастайтын адамзат баласының мәңгілік құндылықтары – ерік-жігер мен еңбексүйгіштік, мақсаткерлік қасиеттерді бойға сіңіруге шақырамын» деген сөзі жастарымыздың ерік-жігеріне қанат беріп, ұлттық құндылықтарымызды сақтап қалуға және де болашағы жарқын, Отанына адал, алдына мақсат қоя алатын білімді ұрпақ тәрбиелеуімізге негіз болды. Отбасының ірге тасы мықты болсын десеңіз, бесігіңізді түзеңіз. Ертеңгі ұрпағым саналы да мәдениетті болсын десеңіз, отбасы тәрбиесіне көңіл бөліңіз.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1. Қазақстан Республикасы мәдени-этникалық білім беру тұжырымдамасы. Егеменді Қазақстан, 7 тамыз 1996 ж.
2. Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейiнгi бiлiм берудi дамыту тұжырымдамасының жобасы, А, Білім әлемі газеті, 2004
3. Наурызбай Ж. Научно-педагогические основы этнокультурного образования школьников,А,1997,с. 320
4. Нысанбаев Ә.Н. Егемендікке ие болу мен нығаюы жағдайындағы қоғамдық сананың эволюциясы және жаңа құндылықтар жүйесінің қалыптасуы// Тәуелсіз Қазақстан философиясы. Астана: Аударма, 2006.-544б
5. Курганская В.Д. К вопросу о межэтнической интеграции в Казахстане//Германия-Центральная Азия – диалог культур: история, современность, перспективы. Алматы, 2002.-288с.
6. Жұмабайұлы М. Педагогика. Алматы, 1992.-115 б.
Категория: Образование: модели и методы | Добавил: sagintai76 (25.01.2016) | Автор: Каиржан E
Просмотров: 913 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz