Главная | Регистрация | Вход | RSSСреда, 25.04.2018, 09:55

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Панорама [10]
Образование: модели и методы [65]
Управление [2]
Событие [20]
Воспитание и социализация [43]
Ступеньки к школе [13]
Профессиональное обучение [32]
Коррекционная педагогика [19]
Дополнительное образование [103]
Психологическая служба [49]
Родительское собрание [13]
Автограф на память [14]
Семиречье - взгляд сквозь годы [11]
Хочу поделиться [83]
Хроника [1]
Воспитание о образование в разных странах [3]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1638
Статистика

Онлайн всего: 2
Гостей: 2
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Рубрики журнала » Образование: модели и методы

« Кім жылдам?» интеллектуалды ойыны
Ақтөбе облысы Шалқар қаласы ‘‘Оқушылар сарайы’’КММ
«Жас техник» техникалық үйірмесінің жетекшісі Марат Әбілханұлы Игісінов
« Кім жылдам?» интеллектуалды ойыны
Мақсаты: Оқушылардың білім деңгейлерін көтеру, тілге, өмірге деген қызығушылықтарын арттыру. Оқушылардың грамматикалық құрылымдарды дұрыс пайдалана білуге дағдыландыру, өз пікірін, келісу, келіспеуді білдіре алуға үйрету, өрісін дамыту, сөздік қорын молайту, өз білімдерін шапшан жеткізуге баулу.
Білімділігі: Оқушылардың пән бойынша білімдерін кеңейту.
Дамытушылығы: Оқушылардың шығармашылық қиялын дамыту, интеллектуалды ойлауын жетілдіру және пәнге деген қызығушылығын арттыру, тапсырмалар беріп, оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелігі: Оқушыларды еңбекқорлыққа , ұйымшылдыққа, шыдамдылыққа, ептілікке тәрбиелеу.
Интеллектуалды ойынынның кезеңдері:
1. Таныстыру кезеңі
2. «Бәйге»
3. « Ғажайып жетілік»
4. « Сөзжұмбақтар сайысы»
5. Қорытынды
І. «Таныстыру кезеңі».
Оқушылар екі топқа бөлінеді. Әр топта 9 баладан болу керек. Топтар өздерін таныстырып, сайысты бастайды.
ІІ. «Бәйге» кезеңі.
Барлық топқа бірдей 10 сұрақ оқылады. Бірінші болып қол көтерген команда ұпай алады. Қойылатын сұрақтар Қазақстан және құқық саласына байланысты құрастырылған.
Сұрақтары:
1.Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті сайланған жыл? (1991 жылы)
2.Лондон олимпиадасының жеңімпаздары? (Александр Винакуров, Майя Манеза, Зулфия Шиншанло, Илья Ильин, Светлана Подабедова, Ольга Рыпакова, Серік Сапиев, Әділбек Ниязымбетов, Ақжүрек Таңатаров, Иван Дычко, Даниял Гаджиев,Марина Вольнова, Гузель Манюрова)
3. Балаларды қорғау күні? (1 – маусым)
4. “ Көксерек” фильмде Құрмаштың рөлін ойнаған актер? ( Қамбар Уалиев)
5. “ Қысқы Азия ойындары” Қазақстанда қай жылы өтілді? ( 2011 жылы)
6. Ерейментау ауданының әкімі?(Еркебұлан.Нұғыманов)
7. “ Бала құқығы” қай құжатта көрсетілген? ( Мемлекеттік Ата заңда, Бала құқығын қорғайтын халықаралық конвенцияда)
8. Тәуелсіздіктің 20 жылдығы қашан атап өтілді? ( 2011 жылы)
9. Жер бетіндегі керемет саны? (7)
10. Робот елі? ( Жапония)
ІІІ. « Ғажайып жетілік»

20 20 20
30 30 30
40 40 40

Әр ұяшықта сұрақтар жасырылған. Сан мөлшері ұлғайған сайын сұрақ күрделене түседі.
20 ұпай сұрақтары:
1. География ғылымының атасы ( Эротосфен)
2. Буын қолда көп пе, аяқта көп пе? ( Қолда)
3. Бір қаладан екінші қалаға ұшақ 1 сағат 20 минутта ұшады, ал қайтарда сол жолға 80 минут кетер екен. Ол қалай болғаны? (80 минут)
30 ұпай сұрақтары:
1. Атақты географ саяхатшыларды ата ( Х. Колумб, Ф. Магеллан, А. Веспучи, Р. Пири, С.Тянь- Шаньский т.б)
2. Шалда не жоқ, балада не бар? ( Балада Б әріпі бар)
3. Қазір қызы 8 жаста, ал шешесі 38 жаста. Қанша жылдан кейін шешесінің жасы қызының жасынан үш есе үлкен болады (7)
40 ұпай сұрақтары:
1. Анаконда жыланы қай материкте мекендейді (Африка)
2. Қарлығаш би деп кімді атады ( Төле би)
3. Сандар белгілі бір заңдылықпен орналасқан. Сұрақ белгісінің орнына сәйкес келетін санды табыңыз? (169)
IV. «Сөзжұмбақтар сайысы»
Әр топқа сөзжұмбақ таратылады. Оқушылар сөзжұмбақ сұрақтарына жауап береді.

«Сөзжұмбақ»
1- топтың сұрақтары:
1. Жер бетіндегі ең үлкен материк? ( Евразия)
2. Ғылымдардың атасы ? (Математика)
3. Қазақ тілінде неше септік бар? (7)
4. Ең үлкен арал? ( Гренландия)
5. Екі теріс санның көбейтіндісі қандай санды береді? ( оң)
2- топтың сұрақтары:
1. 90 мен 180² градус аралығындағы бұрыш ( доғал)
2. Қазақтың бас ақыны? ( Абай)
3. 4 санының 3 дәрежесі нешені береді ( алпыс төрт)
4. Дүние жүзіндегі ең ұзын өзен ( Ніл)
5. Қазақтан шыққан тұңғыш географ ғалым ( Шоқан Уалиханов)
Қорытынды:
1. Әр топтың ұпайларын есептеу
2. Ұпай саны бойынша жеңген команданы анықтау.
Міне, балалар, бүгінгі өткен « Кім жылдам? » атты интеллектуалды сайысымыз өз мәресіне жетті. Сендерге білім теңізінде үлкен жеңіс тілейміз. Қатысқандарын үшін үлкен алғысымызды білдіреміз!!
Категория: Образование: модели и методы | Добавил: Айару6308 (02.04.2018) | Автор: Марат
Просмотров: 8 | Теги: Әбілханұлы Игісінов | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2018
    Сайт управляется системой uCoz