Главная | Регистрация | Вход | RSSСуббота, 25.05.2019, 06:28

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Панорама [10]
Образование: модели и методы [66]
Управление [2]
Событие [20]
Воспитание и социализация [44]
Ступеньки к школе [13]
Профессиональное обучение [33]
Коррекционная педагогика [21]
Дополнительное образование [105]
Психологическая служба [49]
Родительское собрание [14]
Автограф на память [14]
Семиречье - взгляд сквозь годы [12]
Хочу поделиться [84]
Хроника [1]
Воспитание о образование в разных странах [3]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1677
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Рубрики журнала » Образование: модели и методы

«Қазақ тілі мен әдебиеті» кіріктірілген пәнді оқыту барысында тілдік дағдыларды ұйымдастырудың тиімді жолдары.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» кіріктірілген пәнді оқыту барысында тілдік дағдыларды ұйымдастырудың тиімді жолдары.

Әубәкірова Айгүл Жұматқызы
Петропавл қаласының
№32 орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің маңыздылығы. Қазақ тілі – көркем әрі бай тіл. Қазақ тілі – қазақ халқының ғасырлар бойы күрескен ана тілі. Қазақ тілі – қарым- қатынас құралы және Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Мемлекеттік тіл – ұлт бірлігінің негізгі факторы, өйткені ол барлық Қазақстан азаматтарын біріктіреді. Оқушылар қазақ тілін үйрене отырып, айтылым, тыңдалым, оқылым және жазылым дағдыларымен қатар түсіну және жауап беру, анализ, салыстыру және бағалау дағдыларын дамытады, сонымен бірге, оларды қоғамда тиімді қолдана білуді үйренеді. Тілді меңгеру әлемдік деңгейде жаңа өзгерістерге бейім, жаңашыл, ұлттық құндылықтарды түсінетін жеке тұлға қалыптастыруға ықпал етеді.
Әр бала өзіндік табиғи қабілетімен дүниеге келеді. Келе- келе оның ойлау, сөйлеу қабілеті қалыптаса бастайды. Тіл пәні мектеп қабырғасында жүрген баланың ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыған үстіне дамытады және тіл ойды сыртқа айшықтауда ерекше роль атқарады. Тілден ажыратуға болмайтын тағы бір пән, ол – әдебиет. Әдебиет пән ретінде оқушыны адамды тануға, ел тануға, қоғамды тануға, әлемді тануға жетелеп, сонымен қатар, ол адамияттылық қасиеттер мен ұлттық болмысты бойына сіңіруге зор әсерін тигізеді. Ерекше пән деп қарастыруымыздың басты негізі – ол барлық пәндердің діңгегі себебі, басқа пәндердің барлығы ойлау, сөйлеу арқылы іске асып жататыны белгілі.
Жаңартылған оқу бағдарламасында орыс тілді мектептерінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні кіріктірілген пән ретінде оқытылады.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнін кіріктіріп оқытудың мақсаты – оқушыларды шығармашылықпен жұмыс істеуге және сын тұрғысынан ойлауға дағдыландыру. Оқушылар әңгіме, поэзия, драма, сондай-ақ, ғылыми және бұқаралық ақпарат құралдарының материалдарын сын тұрғысынан оқи отырып, өз түсініктерін дамытады. Оқу арқылы танымдық дағдыларын арттыра отырып, білім әлеміне жол ашады.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнін кіріктіріп оқытуда сабақты ұйымдастыру, ең алдымен, оқу материалының ерекшелігіне, сынып деңгейіне негізделеді. Кіріктіріп оқытудың негізгі және міндетті талабы – оқушының өзіндік жұмыс істеу қызметін арттыру, өйткені оқу материалының тақырыптық аясын кеңейте отырып, терең талдауды талап етеді.
Қазақ тілді емес мектептеріндегі кіріктірілген пәнді оқыту барысында тілдік дағдылар арқылы белгілі бір тақырып бойынша оқушы тиімді білім алу үшін қажет әдіс - тәсілдерді қолдануға болады.
Тыңдалым дағдыларын оқыту – дыбыстық ақпаратты түсініп, меңгеру үшін қажет. Тыңдалым дағдысын дамытуға арналған сабақты өткізудің негізгі мақсаттарының бірі оқушыларды тиімді тыңдауға үйрету болып табылады.
Тыңдалым алдындағы кезеңде сөздік жұмысын міндетті түрде жүргізу керек. себебі орыс тілді мектеп оқушыларының сөздік қорын үнемі толықтырып отырған жөн. Сонымен қатар «INSERT немесе түртіп алу» стратегиясын қолдануға болады. Оқушы белгілі бір ақпаратты тыңдай отыра есте сақтау қабілетін дамытады, мәтінді тыңдауға дағдыланады. Бұл стратегияны қолданғанда мәтінді егжей-тегжейлі – бірнеше рет тыңдатуға болады. Тыңдалымнан кейін: рөлдік ойын, бос орындық, жеті сұрақ, «5-5-1» т.б. белсенді әдістері қолданса нәтижелі болады
Оқылым – оқушының өз оқуы үшін жауапкершілік, өзінің оқудағы проблемаларын шешуге мүмкіндік береді. Оқушы оқи отыра өз бетімен оқуға, жаңа ақпаратты түсінуге дағдыланады. Оқылым әдіс- тәсілдері үш кезеңді қамтиды. Оқылым алдындағы кезеңде оқушылар мәтін мазмұнын түсіну үшін тақырыптық суреттер, болжам жасау әдістері қолданылады. Оқылым барысында оқушылар маңызды ақпаратты анықтап мәтінге жоспар жасауға, мәтіннен синоним, антоним сөздерді табуға, белгілі бір сөйлемге перифраза жасауға, мәтіннің идеясын анықтауға дағдыландыратын тапсырмалар құрастыруға болады
Оқығаннан кейінгі кезеңде оқылым мәтіндері бойынша «қос жазба күнделігі» стратегиясы ең тиімді әдістің бірі. Оқушы мәтіннен қатты әсер еткен тұсын анықтап соған түсініктеме беруге тырысады. Бұл белсенді әдістер оқушының оқу дағдысын артады,ойлау қабілетін дамытады. Сонымен қатар «ПОПС формуласы» әдісі бойынша оқушының сөйлеу қабілетін дамыту үшін жиі қолдануға болады.
Жазылым – оқушының білімін жетілдіру үшін тиімді дағды. Белгілі бір тақырыпқа, қорытынды сабақтарда сауаттылық хат, бес жол, «Төрт сөйлем тәсілі», эссе т.б. жазбаша жұмыстар арқылы оқушының екінші тілді игеруі мен сауаттылығына баса назар аударылады. Сондай – ақ қалыптастырушы бағалау жұмыстары сабақ барысында тиімді ұйымдастырылса, оқыту үшін бағалау құралдары арқылы жазылым, айтылым дағдылары қолданылады. Оқушы қаншалықты өзін және сыныптасын бағалай отыра екінші тілде ойлай отыра тілдеседі.
Айтылым – коммуникативтік тәсіл оқушыларға арналған тапсырманың сауаттылық деңгейіне қарамастан, қарым- қатынас жасауына мүмкіндік беруге жетелейді. Бұл дағдыны қалыптастастырудың ең басты құралы диалогтік оқыту мен пікірталас. Диалог – оқушының өзін еркін және жайлы сезінетін ортасы. Диалог барысында оқушылар сыни ойлауға, қолдағы бар ақпаратты қолдана отырып, нақты жағдаятты талдау арқылы пікірлерді салыстырады, дұрыс шешім қабылдауға үйренеді.
Қазақ тілін – мемлекеттік тіл ретінде орыс мектептерінде оқыту мен үйрету барысында төрт тілдік дағдының өзіндік ерекшеліктері бар. Бір – бірінсіз тілді үйрету мүмкін емес. Сондықтан кез – келген сабақты жоспарлау алдында сабақ тақырыбы мен сабаққа негізделген мақсатқа сай бір сабақта бір – екі дағдыдан артық қолданбай, біртіндеп оқушының бойына төрт дағдыны қалыптастыру керек. Оқушының бойынан сапалы да саналы білім нәрін көргің келсе, жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша белсенді әдіс тәсілдерді тиімді қолдана отыра білім, білік, дағдыны бірізділікпен қалыптастыру керек. Бұл – болашаққа жол ашады.
Категория: Образование: модели и методы | Добавил: elenbaeva (09.04.2019) | Автор: Әубәкірова Айгүл Жұматқызы E
Просмотров: 20 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 2
1 elenbaeva   (09.04.2019 11:19)
Здравствуйте, можно свидетельство на имя 
ӘубәкіроваАйгүл Жұматқызы
Петропавлқаласының
№32 ортамектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

0  
2 Людмила1879   (19.04.2019 05:41)
Я не вижу трех ваших комментариев к материалам коллег, необходимых для получения свидетельства.

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Хочу поделиться
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2019
    Сайт управляется системой uCoz