Ашық сабақ. 1 сынып. Ө дыбысы. - Образование: модели и методы - Рубрики журнала - Каталог статей - Интернет-портал учителей Алматы
Интернет-портал учителей Алматы
Понедельник, 01.09.2014, 13:29
Меню сайта
Категории раздела
Панорама [9]
Образование: модели и методы [30]
Управление [1]
Событие [18]
Воспитание и социализация [30]
Ступеньки к школе [5]
Профессиональное обучение [27]
Коррекционная педагогика [13]
Дополнительное образование [54]
Психологическая служба [35]
Родительское собрание [11]
Автограф на память [13]
Семиречье - взгляд сквозь годы [10]
Хочу поделиться [48]
Хроника [0]
Воспитание о образование в разных странах [2]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 722
Статистика

Онлайн всего: 2
Гостей: 2
Пользователей: 0
Главная » Статьи » Рубрики журнала » Образование: модели и методы

Ашық сабақ. 1 сынып. Ө дыбысы.
Қостанай қаласындағы
№1 орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиет пәнінін мұғалімі
ШИПИНА ӘЛИЯ АСЫЛБЕКҚЫЗЫ
1 сынып Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Ө дыбысы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақ тіліне тән Ө дыбысымен таныстыру. Оның айтылу ерекшеліктерін атап өту және жазылу жолын үйрету.
Дамытушылық: Ө дыбысымен байланысты тапсырмаларды орындау оқушылардың ой – өрісін, ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Көркемділікке, әдептілікке баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап., интерактивтік
Пәнаралық байланыс: орыс тілі
Жабдықтау: Ө әрпінің үлкен кеспе түрі. Осы әріппен басталатын заттардың кесте суреттері, кесте. Сюжетті суреттер.
Сабақта меңгеретін сөздер: өзен, көл, өрмекші, өрік, өшіргіш
Техникалық құрал: компьютер, мультимедиялық кешен
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі: - Амандасу.
- Сыныпты түгендеу.
1/ Бүгін сыныпта кім кезекші?
2/ Сыныпта кім жоқ?
Сабақтың ұраны: «Бір сөз болса да, дауыстап айт,
Ең бастысы – үнсіз қалма.»
ІІ. Тіл дамыту. Сұрақ – жауап.
- Сенің атың кім?
- Сенің фамилияң кім?
- Сен нешінші сыныпта оқисың?
- Сен қайда тұрасың?
- Сенің жасың нешеде?
ІІІ. Өткенді қайталау.
- Ә ,Ү,Ұ, І әріптерге басталатын сөздерді еске түсіру
ІУ. Үй жұмысын тексеру.
- өтілген сөздерді қайталау.
Сергіту сәті:
Қолды белге қояйық,
Басты оңға бұрайық,
Басты солға бұрайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Бір тотырып, бір тұрып.
Біз демалып қалайық.
У. Жаңа сабақ.
1. Жаңа дыбыспен танысу.
Қазақ тіліне Ө дыбыс және оның әрпімен таныстыру.
Орыс тіліндегі кездесетін О әрпінің айырмашылығын түсіндіру.
Ө - жіңішке дауысты дыбыс. Ө – мягкий гласный звук. Ө является мягкой разновидностью звука О. В казахском языке ө употребляется только в первом слоге. Например: өзен, көл, төрт.
1. Көрнекілік бойынша ө әрпінің баспа және жазба түрімен таныстыру.
2. Сурет бойынша сөздерді оқу.
- Мұғалім оқиды, оқушылар қайталайды.
- Мұғалім оқиды, оқушылар тізбектеп қайталайды.
2. Жаңа сөздермен жұмыс.
Көл, өзен, өрмекші, өшіргіш, өрік
• Мұғалім сөздердің мағыналарын түсіндіреді.
• Мұғалім оқиды, оқушылар қайталайды.
• Мұғалім оқиды, оқушылар тізбекпен қайталайды.
• Оқушылар сөз тіркестерді құрайды.
3. Теледидар арқылы «Ө» әріп туралы мультфилмді көрсету
4. Сөз тіркестерді құрастыру
1. көл
2. Үлкен көл.
3. Бұрабай - үлкен көл.
1. Не?
2. Қандай көл?
3. Бұрабай қандай көл?

• Мұғалім сөздерді дауыстап оқиды, оқушылар қайталайды.
• Мұғалім сурет бойынша сөздерді өрбітіп сөйлеп үйретеді, оқушылар қайталайды.
4. Тақпақ. Мультимедиялық кешен арқылы тақпақты оқу.
«Ө» - дегенім,
Өрік.
Өрікті ал теріп!
Өзің ғана жемей,
Өркенге бер бөліп.
1. Мұғалім тақпақты оқып, оқушылар тыңдап отырады.
2. Мұғалім оқиды, оқушылар тізбектеп оқиды.
3. Мұғалім сұрақ қойып, оқушылар жаубын айтады.
- Тақпақ не туралы?
- Тақпақта қандай жаңа дыбыс кездеседі?
5. «Бір әріпке бес жауап» ойыны
Ө әрпі
 Қыз баланың аты –
 Ұл баланың аты –
 Автобустың жүретін жолы –
 Жәндік –
 Жемістің аты -
Сергіту сәті.

Доп – доп,
Доп жоғалды.
Доп жоқ.
Қап – қап.
Тап - тап.

6. «Жоғалған әріп» ойыны
К ....п , к...л, к...з
Жауабы: көп – много, көл – озеро, көз – глаз.

7. Жазу үлгісі.
1. Ө әрпінің жазылуын үйрету.
2. Оқушылар дәптеріне ө әрпін көркем етіп жазады.

.8. Шипина Ә.А. «Бірінші сыныпқа арналған электронды оқулық» атты арқылы жұмыс жасау.

УІ. Сабақты бекіту.
1. Ө қандай дыбыс?
2. Ө дыбысына сөздер айту, мысалдар келтіру.

УІІ. Бағалау.
Жақсы жауап берген оқушыларға жұлдыздарды беру.
УІІІ. Үй жұмысын беру. 35 бет, 1 тапсырма Жаңа сөздерді жаттап келу.

Категория: Образование: модели и методы | Добавил: Шипина (28.10.2010) | Автор: Шипина Алия Асылбековна E
Просмотров: 11109 | Рейтинг: 2.5/8
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz

  • Форма входа