Главная | Регистрация | Вход | RSSЧетверг, 08.12.2016, 19:18

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Панорама [9]
Образование: модели и методы [60]
Управление [1]
Событие [18]
Воспитание и социализация [40]
Ступеньки к школе [11]
Профессиональное обучение [31]
Коррекционная педагогика [17]
Дополнительное образование [101]
Психологическая служба [47]
Родительское собрание [12]
Автограф на память [13]
Семиречье - взгляд сквозь годы [10]
Хочу поделиться [80]
Хроника [0]
Воспитание о образование в разных странах [2]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1522
Статистика

Онлайн всего: 11
Гостей: 11
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Рубрики журнала » Воспитание и социализация

Математиканы оқытуда компьютерді қолдану тиімділігі
Математиканы оқытуда компьютерді қолдану тиімділігі
Мектеп оқушыларының компьютерлік сауаттылықтарын арттыру мақсатында ЭЕМ кеңінен ендіруді қамтамасыз ету шаралары» жөніндегі қаулыдан басталынған компьютерлендіру үрдісі ағарту қызметкерлеріне жаңаша талап қойып отыр. Мектепте компьютерлендіру екі үлкен мәселені қамтиды: информатика пәнін оқыту, басқа сабақтарда компьютерді көрнекі құрал ретінде пайдалану.Математиканы оқытуда есептегіш техникасын пайдалану оқушыларды ынталандырып, олардың бойындағы қабілеттерінің дамып, көрінуіне және пәнге, жаңа техникаға деген қызығушылығын арттырады. Теориялық білімді практикамен ұштастыру – білім сапасының жоғарылауының бір бөлігі.Оқушыларға алгебра, геометрия, физика, информатика пәндерінің арасындағы байланысты көрсете отырып, олардың шығармашылық қабілетін дамыту, тақырыпты ғылыми тұрғыда түсіне білуге, зейінділікке, шыдамдылыққа тәрбиелей отырып, өз бетімен еңбектенуге, ойлануға дағдыландыру қажет.Компьютерді оқу процесіне пайдалану мәселесіне арналған зерттеулерге талдау жасасақ компьютердің төмендегідей дидактикалық мүмкіндіктерін көруге болады. Ол:
 оқушылардың өз бетімен шығармашылық бағытта жұмыс істеуіне, әсіресе құбылыстарды зерттеуге, басқаруға мүмкіндік береді;
 оқушылардың өзін-өзі бақылауына және өз жұмыс әрекетіне өзінің түзету енгізе білуіне үйретеді;
 басқа пәндерден алған білімдерін бекітуге көмектеседі;
 жалпы танымдық қаблеттердің дамуына әсер етеді;
 өткен материалдардағы негізгі құбылыстар мен заңдылықтарды көре отырып, сабақты пысықтауға мүмкіндік береді;
 материалды тез меңгеруге, сонымен бірге уақыт ұтуға, пәнді интеграциялап оқуға жағдай жасайды, пәннің сапасы мен мазмұнына да түбегейлі өзгерістер енгізеді.
 табиғи жағдайда көзге көрінбейтін кейбір құбылыстарды экранда көруге мүмкіндік береді.
Бұл келтірілген компьютердің дидактикалық мүмкіндіктерінен оны математика, физика сабағының тиімділігін арттыруда да пайдалануға болатынын көруге болады. Ғылымның жеке салаларындағы білім мазмұнын интеграциялап оқытудың әдістемесінде өзіне тән қағидалары, түрлері, әдістері бар. Қазіргі ғылымның барлық салалары өзара тығыз байланысты. Пәнаралық байланыс мектептегі ғылым негіздерінің жан-жақты және терең меңгерілуінің дидактикалық шарты және құралы болып табылады. Соның бірі интеграцияланатын оқу пәндерінде бірдей зерттеу әдістерінің пайдаланылуы. Мысалы алгебра, геометрия негіздері пәндерінің – концептуралды құрылым негіздері бірдей - талдау - алгоритмдік жүйе - бағдарлама. Осы интеграциялауда қосарланған сабақтар, конференция сабақ не семинар сабақ түрінде өтеді. Соңғы кезде математиканы оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланудың прогрессивті бағыты болып отыр. Мұғалім мен оқушының қарамағына сабақ барысындағы жұмыстың үлкен көлемді бөлігін тез орындайтын компьютердің мүмкіндігін пайдалануды жүктеу, оқушылардың математикалық білімін шыңдауда жаңа сапалы нәтижелер алуға мүмкіндіктер береді.
Категория: Воспитание и социализация | Добавил: abilovasa (05.11.2015) | Автор: Абилова Светлана Амиржановна E
Просмотров: 263 | Комментарии: 2 | Теги: компьютер, математика | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 2
1 Мұғалім   (06.11.2015 16:17)
Сабақ өз мақсатына жеткен!Шығармашылық табыс тілеймін!

2 abilovasa   (08.11.2015 22:04)
рахмет

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz