Главная | Регистрация | Вход | RSSВоскресенье, 22.10.2017, 00:23

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Панорама [9]
Образование: модели и методы [63]
Управление [1]
Событие [19]
Воспитание и социализация [41]
Ступеньки к школе [12]
Профессиональное обучение [31]
Коррекционная педагогика [18]
Дополнительное образование [102]
Психологическая служба [48]
Родительское собрание [12]
Автограф на память [13]
Семиречье - взгляд сквозь годы [10]
Хочу поделиться [81]
Хроника [0]
Воспитание о образование в разных странах [2]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1599
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Рубрики журнала » Воспитание и социализация

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы. Тақырыбы: «Үй жануарлары».
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.
Білім беру саласы: «Таным».
Бөлімдері: «Жаратылыстану».
Тақырыбы: «Үй жануарлары».
Мақсаты: Балалардың үй жануарлары туралы түсініктерін тереңдету. Олардың түрлерін бір-бірінен ажыратуға, төлдерін тануға үйрету.
Сөздік жұмыс: Үй жануарлары – домашные животные, сиыр –корова, жылқы – лощадь, түйе – верблюд, қой – баран, ешкі – коза.
Көрнекілік: Үй жануарларының суреттері, дидактикалық материалдар.

Іс-әрекет
кезеңдері Тәрбиешінің
әрекеті Балалардың
әрекеті
Мотивациялық-қозғаушы

Шаттық шеңбері.
Балаларды шеңбер бойына тұрғызып, сұрақтар қояды.
-Балалар, сендерді үйде ата-әжелерің «ботам», «қозым» деп еркелете ме?
Шаттық шеңберінде сұрақтарға жауап береді.
Іздену-ұйымдастырушылық


Сабақтың барысы
Тәрбиеші балаларға үй жануарларының суреттерін көрсетеді.
- Сендер үй жануарларына яғни төрт түлік малға нелер жататынын білесіңдер ме?
- Ал, енді олардың төлдері қалай аталады?
-Жарайды мен сендерге үй жануарлары туралы айтып берейін.
-Балалар, біз үй жануарлары туралы әңгімемізді жалғастырайық.
Үй жағдайында ұстайтын, оларға адамдар қамқорлық жасайтын ол – үй жануарлары.
Ертерек заманда, көшпенділік кезінде қазіргідей көлік болмаған, сол уақытта төрт түлік малды көліктің орнына мініп, жүк артып, арба жеккен. Тағы осы малды ас қылып етін жеген, сүтін ішіп, айран, қатық, майларын алып отырған. Біздің еліміздің жері, мал өсіруге өте қолайлы. Қазақ халқын малсыз елестету мүмкін емес.
Әр жануарларды сипаттап өту: Сиыр -бұзаулайды, түйе- боталайды, бие -құлындайды, қой -қоздайды, ешкі – лақтайды. Бұл жануарлардың өздеріне тән дыбыстары болады. Төлдері енесі өріске кеткенде, қарны ашқанда дыбыс білдіреді.
«Не қалай дыбыстайды?» үнтаспадан жануарлардың дыбыстарын келтіру.

Үй жануарларын қалай шақырады?


Сөздік жұмыс: (орыс тілінде атау)

Сергіту сәті: «Балақан».


Шығармашылық жұмыс:
«Төлдерін тап» сурет бойынша төрт түлік малдың төлдерін тауып, қасына орналастыру.
«Үй жануарларын құрастыр» Әр жануарды 4 немесе бірнеше бөлікке бөліп, оның жартысын тауып құрастыру.
«Жануарларды жапсыру» өзіне ұнаған жануарларды таңдап алып, ақ қағазға жапсыру.
«Сүйкімді төлдерді бояу» сүйкімді төлдердің суреттерін түрлі түсті бояумен бояу. Тәрбиешіні мұқият тыңдап, сұрақтарға жауап береді.
Сиыр, жылқы, түйе, қой, ешкі.
Бұзау, құлын, бота, қозы, лақ.

Тыңдайды
Балалар өз ойларын қосады.

Балалар дыбыстарды ажыратып айтады
Қой – қозы: Пұшайт – пұшайт
Сиыр-бұзау: Аухау – аухау
Ешкі – лақ: Шөре – шөре
Жылқы –құлын: Құрау – құрау. Түйе – бота: Көс-көс
Суреттерді атайды

Үй жануарлары – домашные животные, сиыр –корова, жылқы – лощадь, түйе – верблюд, қой – баран, ешкі – коза.
Сергіту сәтінде әнді орындайды

Балалар шығармашылық жұмыс жасайды.
Рефлексивтік-
түзетушілік Тәрбиеші сұрақтар қойып қорытындылайды. Сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже: Балалар сабаққа белсенді қатысып, қызығушылық танытады
Нені біледі: Әрбір бала үй жануарларын және оның төлдерін, пайдасын, қажеттілігін біледі. Оларды бір – бірінен ажырата алады.
Қандай түсініктерді игерді: Үй жануарлары қолға үйренген жануарлардың түрі екенің игереді.
Меңгерген дағдылары: Үй жануарларына деген қамқорлық сезімдерін қалыптасады. Төлдерді шақыру туралы тақпақтарды мәнерлеп айтады. Үй жануарларын айыру, олардың дауысын, жүрісін бейнелеуге шығармашылықпен қарайды.
Категория: Воспитание и социализация | Добавил: guldano4kazh (19.10.2016) | Автор: Жунусканова Гульдана Сабыржановна E
Просмотров: 1941 | Комментарии: 4 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 4
4 missbakhtygul   (25.10.2016 23:46)
Ұлттық, отбасылық тәрбиенің маңызы қазіргі заманда өзінің құнын төмендіп алған, сондықтан сіздің сабағыңыздан кейін балалар өз отбасыларына барғанда ата-аналарына ұсыныс жасауы да мүмкін. Рақмет өз ана тіліміздің, ұлттық тәрбиені қалыптастырушы әріптес!

3 guldano4kazh   (24.10.2016 21:27)
Здравствуйте, Людмила! Я написала комментарии по актуальным мне темам. Только не знаю, правильно ли? Я впервые на вашем сайте. Поэтому немного сложно. Думаю, написано все хорошо и надеюсь, получить свидетельство. Спасибо за ваш труд!

2 guldano4kazh   (19.10.2016 00:21)
Нужно свидетельство о публикации к этой разработке. Спасибо!

1 guldano4kazh   (19.10.2016 00:12)
Здравствуйте! Соответствует ли моя публикация требованиям сайта?

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2017
    Сайт управляется системой uCoz