Главная | Регистрация | Вход | RSSЧетверг, 26.04.2018, 01:23

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Панорама [10]
Образование: модели и методы [65]
Управление [2]
Событие [20]
Воспитание и социализация [43]
Ступеньки к школе [13]
Профессиональное обучение [32]
Коррекционная педагогика [19]
Дополнительное образование [103]
Психологическая служба [49]
Родительское собрание [13]
Автограф на память [14]
Семиречье - взгляд сквозь годы [11]
Хочу поделиться [83]
Хроника [1]
Воспитание о образование в разных странах [3]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1638
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Рубрики журнала » Воспитание и социализация

...Осындай елде тұрып, ғұмыр кешкеніме өзімді бақытты санаймын!
Айгерім Алмагамбетова Мухамедсадыққызы
Шалқар аудандық «Оқушылар сарайы»ММ
дизайн үйірмесінің жетекшісі

...Осындай елде тұрып, ғұмыр кешкеніме өзімді бақытты санаймын!

Қазақ жұртшылығы 1991 жылы тұңғыш рет Президентін сайлағанда, тарих көшінің тізгінін, ел болашағын нар тұрғалы алып азаматына аманат еткендей. Сарабдал салиқалы саясаткер де ел сенімін сезгендей. Тарих қатпарында қиын кезеңдерді басынан өткізген, көп жылдар өзгелердің ықпалында болған туған халқының болашақ тағдырын тереңнен ойлап, ел тізгінін берік ұстап, алдағы күннен ол зор үміт күткен еді.Еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың:«Ынтымақты елде бақ тұрар!» - деген лебізі әрбір қазақстандықтардың жүрегіне өз еліне деген ұлы сүйіспеншілік сезімін ұялатады.
Бүгінгі таңдаеліміз егемендік алып,көгімізде көк байрағымыз тербеліп, әнұранымыз қалқып, Елтаңбамыз төрімізде ілулі тұр! Тәуелсіздігімізді түбі бір Түркия бастап, әлемнің 100- ден астам мемлекеті мойындап, Қазақстан дүние жүзіндегі ең беделді ұйым БҰҰ-на, сондай – ақ мәртебелі халықаралық ұйымдарға мүше болып, өзгелермен терезесі тең елге айналды. Желтоқсандағы қазақ жастарының жасампаздық ерлік ісі бүгінгі ұрпаққа үлгі-өнеге. Тәу етер тәуелсіздігімізді көш бастаушысы, еліміз бен жеріміздің бас иесі, халық тағдырын сеніп тапсырған тарихтағы тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың есімімен байланыстыруға толық қақымыз бар. Өйткені ел – Елбасына тірек. Елбасы - еліне қалқан.Мұның еш жалғаны жоқ.
«Менің Қазақстаным» әнін әуелете шырқағанда, «Ғасырлар тоғысында», «Тарих толқынында», «Еуразия жүрегінде»,«Жүз жылға татитын он жыл» сынды құнды туындыларды оқығанда, ел көсемінің ел үшін еткен ерен еңбегін ерекше еселей түсесің.Қазақстан Республикасының БҰҰ – на мүше болуы, Еуропа Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымына төрағалық жасауы, «Азиада» аталған спорттық әлемдік дода мен дүниежүзі қазақтарының құрылтайын өткізуі, әлемдік ЭКСПО көрмесі-елімізге үлкен сенім білдірген өзгелердің оң көзқарасының куәсі. Қазіргі Қазақстан – өзі орналасқан аймақтың емес, бүкіләлемдік мәселелерді талқылауда және шешуде ықпалды роль атқаратын ел. Президентіміздің сарабдал саясатымен ядролық қаруды жою, қауіпсіздікті нығайту, жемқорлықпен және террорлық әрекетпен күрес дұрыс жолға қойылып келеді. Мұндай игі істерді елін сүйген ер, келісті іс жасайтын кемеңгер бастап келе жатқаны халқымыздың бағына туған елжанжы, ұлтжанды тұлғаның биік парасаттылығы деп білеміз.
Абыройы асқақтаған Астана – ел айбары,азаттығымның айғағы, Нұрағамның төл еңбегі,бастамашылдығының биік үлгісі. Ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсат – межелерге жетелейтін даңғыл жол, жаһандық ахуалдың жаңа бағдары, ұлттың ұлы арманы – «Мәңгілік ел» идеясын бастама еткен ел басшысын әлемдік БАҚ – тың айтулы кейіпкері дерсің. Халқы көшбасшы көсемін қашанда қолдауға да, қорғауға да даяр. Бауырмал жұртымның өзім дегенді өзекке теппейтін қанында бар қасиеті мен пейілінен, ақылы асқан қариялардың көкірек көзінен шыққан ақ батасы ел қамын ойлаған Елбасымызға күш – қуат беретінін де біз білеміз, атақ-абыройына шек келтірмейміз. Елбасының саясаткерлігі мен мәмілегерлігінде де тосыннан жол табар иірім мен икем бар, ал оның тұңғиығында халықтық парасат жатқанын ұғамыз. Мемлекет басшысының «Қазақстан жолы: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы да «Мәңгілік ел болу» мұратымызға жету мен қазақ елінің дамыған 30 елдің қатарына қосылуын басты мақсат тұтты. Көреген көшбасшы, ерен еңбек иесі, ел қайраткері Нұрсұлтан Әбішұлының Астананың атаулы мектеп – лицейінде білім күні аясында елдік сабағын өткізгені бар еді. Елбасы патриоттық тәрбиеге бағытталған дәрісінде: «Еліміздің 2050 жылға дейінгі даму бағдарламасын жарияладым. 35 жылдан кейінгі кемел елді көретін сендерсіңдер, сондықтан мықты білім мен өркендеген ғылымға үлес қосыңдар» - деген еді.
Иә... дәл солай! Ата – бабамыздың ерлік дастанын жалғап жазар, жалауын желбіретер біз боламыз. Елағамыз жас буынды салиқалы сөзімен салмақтай түсті,оларға үлкен сенім артты.
Әлемде тарих сахнасында танылған тәуелсіз ел бар, ол – Қазақ елі!Осындай елде тұрып, ғұмыр кешкеніме өзімді бақытты санаймын!
Категория: Воспитание и социализация | Добавил: Айару6308 (07.02.2018) | Автор: Айгерим E
Просмотров: 41 | Теги: Айгерім Алмагамбетова Мухамедсадыққ | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2018
    Сайт управляется системой uCoz