Главная | Регистрация | Вход | RSSПонедельник, 05.12.2016, 09:27

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Панорама [9]
Образование: модели и методы [60]
Управление [1]
Событие [18]
Воспитание и социализация [40]
Ступеньки к школе [11]
Профессиональное обучение [31]
Коррекционная педагогика [17]
Дополнительное образование [101]
Психологическая служба [47]
Родительское собрание [12]
Автограф на память [13]
Семиречье - взгляд сквозь годы [10]
Хочу поделиться [80]
Хроника [0]
Воспитание о образование в разных странах [2]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1521
Статистика

Онлайн всего: 10
Гостей: 10
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Рубрики журнала » Воспитание и социализация

Жастардың ұлттық келбетін қалыптастыруда жоғары

 П.ғ.к. С.Ғ.Тәжібаева, Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогика Институтының Жалпы Педагогика кафедрасының доценті  

 Қоғамның рухани-адамгершілік мәселелері, ҚР білім беру мекемелерінде тәрбие жүйесі мәселелері көбінесе мемлекетіміздің ХХ-ХХІ ғасырларда басынан өткізген әлеуметтік өзгерістерге байланысты. Әлеуметтік құрылымның өзгеруі, кеңестік идеологиялық институттардың жойылуы, “жабайы”, нарықтық қатынастар, қоғамда қалыптасқан рухани өмірдің бұзулуы, “өз ойыңды еркін айту керек дегенді”, “бәрін істеуге болады” деген ақпарат құралдарының әсерінен идеологиялық, вакуум пайда болып ізгілікке қарсы идеялардың көзқарастардың, құбылыстардың (нашақорлық, алкоголизм, жыныстық көргенсіздік, жеке бастық прагматизм, арсыздық, ашушақтық және т.б.) дамуына әкелді. Бұлар біздің жастарға кері ықпал жасайды. Мектептің, ЖОО-ның тәрбие процесіне өзгерістер еңгізу керектігі қазақ баласының ұлттық келбетін қалыптастыру қажеттілігінен туындап отыр. Себебі, жалпы адамзаттық құндылықтарға сүйене отырып, қазақ баласының келбетін тәрбиелеуін шешудің бір жолы мектепте, білім беру, тәрбие процесін ұйымдастыру жолын ғылыми тұрғыдан іздену арқылы біз Ақтөбе қаласы Қ.Жұбанов атындағы университетінде (1997 ж.), Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогика Институтында (2001 ж. бастап),  Алматы қаласының эстетикалық бағыттағы 119 мектеп ұстаздарымен (2003-2007 жж. аралығында) жұмыс ұйымдастырудамыз.

Адам тәрбиелеу, ұрпақ өсіру – ең жауапты мәселе.     

“Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2006-2008 жж арналған мемлекеттік бағдарламасы” туралы ҚР президентінің 2006 ж 10/Х № 200 Жарлығында ҚР азаматтарына патриоттық тәрбие беруде 2006-2008 ж. бағдарлама (бұдан әрі мемлкеттік бағдарлама азаматтардың бойында жоғары патриоттық сананы, өз елі үшін мақтаныш сезімдерін қалыптастыру, патриоттық тәрбие жүйесін жоспарлы түрде дамыту арқылы, отанның мүдделерін қорғау жөніндегі азаматтық борыш пен конституциялық міндеттерді орындауға тәрбиелеу мақсатында құрылған.

1)         Байыпты азаматтық ынтымақтастық пен қатыстылық пен этносаралық және тұлғааралық өзара түсіністік сезімін қалыптастыру ықпал ететін ұйымдастырушылық алғы шарттары мен шаралар жүйесін құру.

2)         Қазақстандық патриотизм, төзімділікті, адам құқықтары мен жөніндегі іс-шараларды (мен айтар едім жанұяда) және т.б.

Өркениетті азаматтық және тұлға аралық қатынастардың қалыптасуына жағдайлар мен әлеуметтік алғы шарттар жасау болып табылады.

Патриоттық қасиет – бұл адамгершілік тәрбиесінің негізгі бір тармағы, адам бойындағы негізгі құндылықтар болып табылады. Халқымыздың бойындағы патриоттық құндылық ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырған заңдылық тұрғысыдан да қарастыруға болады. Көне түркі заманнан бастау алған патриоттық құндылық Құлтегін жазбаларында былай деп суреттеледі: “Елтеріс қағаның алғырлығы, еліне деген сүйіспеншілігі Құлтегіннің қанына ана сүтімен сіңді”. Патриоттық құндылық ана сүтімен даритын ең киелі ұғым екенін түсінеміз.

Ғылыми деректерге зер салатын болсақ, патриотизм ұғымы XV ғасырдың басында француз халқының ұлттық батыры Жанна д’Арк ұлтының тәуелсіздігі үшін басқыншыларымен күресіп, өз Отанының дербестігін сақтап қалуды көздеген ұлы жеңістің нәтижесінде пайда болды десек, артық айтпаған болар едік. Басқа да елдердегі патриотизм де француз еліндегідей сырттан келген жаулап алушыларға, әртүрлі жаман пиғылдарға қарсы күрес тұрғысынан сипатталды.

Өмір ағымы талап етіп отырған жаңа қоғамға лайықты саналы, білімді, үйлесімді жетілген жеке тұлғаны дайындау бүгінгі мектеп алдында тұрған негізгі міндет. Осыған байланысты ЖОО болашақ мамандарды дайындауда оқу-тәрбие жұмыстарын жан-жақты толықтырып, халықтық тәлім-тәрбиенің озық үлгілерімен сабақтастырып қайта қарап шығу, бойында еліне, жеріне деген сүйіспеншілік сезімі дамыған азамат тәрбиелеу бүгінгі күн талабының өзекті мәселелеріннің бірі болып отыр.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Қазақстан –2030” жолдауында: “Оқушыларды Қазақстандық патриотизмге, шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу қажет. Бүгіннен бастап ұлттық мінез-құлық, биік талғампаздық, тәкаппарлық, тектілік, білімділік, биік талғам, ұлттық намыс қасиеттерін сіңіріп қалыптасуымыз керек,” – делінген.

Отан сүю, патриотизм деген ұғымдар мектепке, үйге, жақынына, туған қаласына (ауылына) деген сүйіспеншіліктен басталады.

 “Елдің елдігін оның тарихы, әдебиеті, салт-дәстүрі сақтайды” деген ұғымды бастау етіп алатын болсақ, патриотизмге тәрбиелеу үрдісін шартты түрде мынадай іс-шараларға бөлуге болады:

- тілді құрметтеу;

- ұлттық салт-дәстүрді зерделеу;

- елдің  тарихы мен мәдениетін оқып зерттеу;

- ата-бабалар өсиетін оырндау;

- жер байлығы мен табиғатты қасиеттеу.

Қазақстан ғаламдық гуманистік ойлау жүйесіне енді. Сондықтан, ондағы әәрекеті адами гуманистік мақсат-мүддеге қайшы болмауы қажет. Бұл ретте, Қазақстанның көп ұлтты құрамы ескерілгені жөн. Аталған ерекшеліктерге байланысты, қазіргі тәрбие жұмысын төмендегі тәртіпте қарастыруға мүмкіндік бар:

1.         Болашақ мамандардың халқының салт дәстүрін жетіле білуі патриоттық тәрбиенің нәтижесі бүгінгі өмір талабына сай  болу.

2.         Жастардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін білуін қамтамасыз ету, оларды құрметтеу сезімін қалыптастыру;

3.         Қазақ халқының озық гуманистік құндылықтарын басшылыққа ала отырып, жалпы қазақстандық патриотизмге, отансүйгіштікке тәрбиелеу;

4.         Болашақ мамандарды өз пікірлерін ашық айтуға, сөз бостандығына, басқалардың пікірін құрметтеуге тәрбиелеу.

Патриоттық сезімнің нысаны мен азаматтық парыздың өтелер өлшемі – Отан. Оны таратып айтсақ, бұл – туған жер, оның табиғат байлықтары, ұлттың тілі, дәстүрі, мәдени ескерткіштері, тарихы жасалған өлкедегі киелі орындары. Олардың адам санасына жылылық, жақындық, туысқандық сезімдерді ұялатып, ізгі де ерлік істердің бастауына айналуы – патриотизмге тәрбиелеудің арқауы. Ә.Қалмырзаев: “Бұл сезім әркімге әр кезеңде (яғни, әртүрлі жаста) оянып, кейін кәмелетке келгенде біржола буыны қатып, тәжірибемен, жаспен, уақытпен, біліммен, қоршаған ортаның ықпалымен, мемлкеттік және қоғамдық әлеуметтік институттардың (балабақша, отбасы, мектеп, жоғары оқу орындары, бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық ұйымдар, саяси ұйымдар мен қозғалыстар) әсерімен қалыптасады” деп жазады.

Адам бойына патриоттық сезімнің қалыптасуына отбасы тәрбиесі әсер етеді.

“Ел болсам десең, бесігіңді түзе” – дейді ұлы жазушы Мұхтар Әуезов. Біздің халқымыздың тәрбие тәсілдерімен тәжірибелері көп. Халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүр, әдет-ғұрып үлгілері мен өнегелері соның айғағы. Елін сүйген адам сол елдің салт-санасын, мәдени мұрасын қастерлеп, өнеге тұтуы тиіс.

Қандай мемлекеттің де ертеңі еңселі, бала-шағаның баянды болуы жастардың тағдыр-тәлейінің қалай қалыптасқанына байланысты. Сондықтан мектептер мен өзге де оқу орындарының басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды игеруге қабілетті, ғылым мен тәжірбие жүзінде терең білім ала отырып, жеке тұлға болып қалыптасуға дайын ұрпақ тәрбиелеу.

Жастарымыздың бойына елжандылық, азаматтық, жоғары ізгілік пен адамгершілік сезімдерді жан-жақты жетілгенде ғана Қазақстандық патриотизм сезімі асқақтай түседі.

Жас ұрпаққа ұлттық тәрбие берудің бағдарлы идеялары еліміздің Президенті Н.Назарбаев мемлекеттік идеология мәселесін ұдайы есте ұстауымызды ескере келе былай деп жазады: “Бес арыстарымызға арналған тарихи зерде кешенінде мен Қазақстандық отаншылдық сезімін тәрбиелеуге көңіл бөлген едім. Қазақстанда тұратын әрбір адам осы елдің перзенті ретінде сезінбейінше, оның өткенін біліп, болашағына сенбейінше біздің жұмысымыз ілгері баспайды...”. Осы қағиданы әр ұстаз басты мақсат етіп алдына қойса, оқу тәрбие үрдісін ұйымдастыруда әр ата-ана мектепке көмек берсе, сонда ғана Президентіміздің қойған мақсатының бәсекелестікке сай 50 елдің қатарына кіруге еңбек ететін XXI ғасырдың азаматын тәрбиелейміз.  

Олай болса, қазіргі кезеңде мектеп табалдырығынан бастап білім беруде ел тарихын терең қозғап, тәрбие сағаттарында қазақ зиялы қауымының еңбектерін, қоғам дамуына қосқан үлесін айтып түсіндіру арқылы жастардың адами құндылық қасиеттерін қалыптастыра аламыз. Сондай-ақ ұлттық салт-сананың өмірдегі қолданылмалы көріністері: рәсімдер, рәміздер, ырымдар, тыйымдар, жөн-жоралғылар, діни уағыздар, сенімдер, кісілік рәсімдері, перзенттік парыз, адамгершілік борыш, ұрпақтық міндет арқылы іске асырылып, ұлттық қасиеттерге айналады. Жастардың ұлттық қасиеттері: меймандостық, кісілік, сыйласымдылық, имандылық, кішпейілділік, кеңпейілділік, салауаттылық, тіршілікке бейімділігі, өнерпаздық, шешендік, ақынжандылық, сыпайылығы, мәдениеттілігі, т.б. қасиеттері арқылы ерекшеленеді.

Осыған орай мұғалім (тәрбиеші, сынып жетекшісі, ата-ана) қазақ жастарының келбетін қалыптастыруда мектеп, ЖОО тәрбие жұмысында төмендегідей қасиеттерді қалыптастыру керек:

-           өзгеріп жатқан өмір жағдайларына бейімделе білу;

-           әлеуметтік-саяси жағдайда, өз көзқарасы мен сеніміне, идеалына және ізгіліктік құндылықтарға сүйене отырып мақсат қоя білуі керек;

-           ұлттық санасы, азаматтылық отангерлік қасиеттері болып елінің экономикалық және мәдени дамыған, әлемдік қоғамда сай орны бар зиялы мемлекет болып қалыптасуына қатысуға талпынуы керек;

-           заңды сыйлап және әлеуметтік жауапкершілікті болуы қажет, азаматтық ерлігі, ішкі еркіндігі мен өзіндік ар-намысы болуы керек;

-           өзін объективті бағалайтын және өзін дамытатын қабілеті болып, өз потенциялын (қабілеті, мүмкіншілігін) сезініп, оны іске асыра білуі керек, өздігінен шешім қабылдап, оны шеше білуі керек, алдына мақсат қойып қажет және не нәрсенің алдын ала білуі қажет;

-           өмірде бар жағынан жоғары әлеуметтік белсенді болуы керек, жаңаны іздеуге өмірлік және кәсіптік мәселелердің стандартты емес шешімдерін табуға, әлеуметтік-экономикалық жағдайда бәсекелестікке қабілетті болуы керек;

-           жанашыр, өнегелі, парасатты, басқа ұлтты, басқа діндегі, басқаша ойлайтын адамға шыдамсыздық пен жаугершілік көрсетпейтін қабілеттері болуы керек;

-           өз денсаулыған қалпына келмейтін өмірлік ресурс ретінде бағалау;

әлемдік және ұлттық мәдениет байлықтарын бағалай білуі керек.

Жан жақты  жарасымды дамыған, көркіне ақылы сай, адамгершілігі мол жігіттің сұлтаны, асыл ару тәрбиелеу халық арманы. Жан жақты дамыған нағыз ер-азамат тәрбиелеу қазақ мектебінің басты мақсаты болуы керек екенін әр ұстаз есінде сақтау қажет.

Бұл жалпы адамзаттық, құндылыққа негіз болар деген оймен қазақ жастарының келбетін тәрбиелеу схема түрінде беріп отырмыз (2 сурет).

Қазақ жастарының келбетін тәрбиелеу дегеніміз бұл мұғалім мен жастардың оқу-тәрбие үрдісінде, өзін-өзі тәрбиелеуде, өздігінен білім алуда іске асатын ата-ананың көмегімен, жастардың жеке көзқарасы, адамгершілік нормасы, жалпы мәдени кәсіптік қабілетінің жасалуына бағытталған мектеп ұжымының іс әрекеттері арқасында іске асады деп білеміз (С.Ғ.Тәжібаева).

Жастардың бойына ұлттық құндылықтарды құрметтеуге, сақтауды тәрбиелеуде белгілі әлемдік, отандық ғалымдарымыздың еңбектеріне тоқталып өтелік.

Белгілі педагог К.Ушинский “Халықтың (этностың) тәжірбиесінде педагог та жоқ, педагогика да жоқ” дейді. Ал Аристотель “Біз бала тәрбиелеуде халық тәжірбиесіне сүйенеміз” деп жазады.

Жастар бойында ұлттық патриотизмді дамыту әр мектептегі, ЖОО-дағы мұғалімнің тәрбиесінің де маңызы зор. Ұстаз баланың бойында патриотизмді қалыптастыру үшін ең алдымен мына қасиеттерді  оқушылар бойына сіңіру керек.

Бұл арқылы жастарды өзін-өзі тәрбиелеуде алға қойған мақсатын орындауда осы моделдерді тиімді қолдансақ жеке тұлға бойында адамгершіліккке тәрбиелеу барысында, Отанды сүю, кішіпейілділік, жаман әдеттен аулақ болуға тәрбиелейміз.

Өткен ғасырдағы көрнекті ағартушы-педагогтарының, соның ішінде Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев, Ы.Алтынсаринның, халық қаһарманы Б.Момышұлының шығармалары, ой-тұжырымдамалары жастарды тәрбиелеуде үлкен ой тастайды.

Мысалы: Ш.Уәлихановтың тұжырымдамасын мына кесте арқылы көреміз.

Қорыта келгенде, қазақ жеатстарының ұсттық келбетін қалыптастыру моделіy ұсынамыз:

Отандық  ғалымдарымыздың бірі Қ.Жарықбаев “Еліміз бен жеріміздің түпкілікті иегері – қазіргі қазақтардың психологиясында осы этносқа ғана тән біртұтас ұлттық ерекшелік бар деп айту қиын. Өйткеyі, қазақ этносының бүкіл тыныс-тіршілігінде, отбасындағы әдеп-ғұрып пен салт-санасында көрініс беріп жүр. Бірақ, кейбіреулер айтып жүргендей, бұрын жылқы мінез болып, енді қой мінезі болған жуас, намыссыз халық емеспіз” деп тұжырымдайды.

Әрбір мәдениетті, білімді адам өзінің кәсіптік, дүниетанымдық деңгейін ұлттық мәдениетпен ұштастыра білуге міндетті. Мәдениетті болу үшін білімді болу міндет. Білімді болғанмен ұлттық мәдениtтті игермеген болса, ондай тұлға ұлт алдында мәңгүрт, мәдениетсіз болып көрінеді де, халықтың наразылығына ұшырайды. Кәсіптік-мұрагерлік әдеп (мәдениет) сақталған жерде дамыған дарынның мәдени жемістері көрінеді.

Білім беру мен тәрбиелеудің мақсатын айқындау үшін қазақ білімпазы Ж.Аймауытовтың мына сөздерін еске алған жөн. Ол “Мектеп бітіріп шыққан соң бала бүкіл әлемге, өзгенің және өзінің өміріне білім жүзімен ашылған саналы ақыл көзімен қарай білсе, міне, білімдендірудің көздейтін түпкі мақсаты осы. Мектеп осы бағытта баланың келешекте жетілуіне мықты негіз салуы керек” деген екен.

Ойымызды қорыта келе, құрметті ұстаз қауым Бала бидің сөзін естері4ізге түсіргім келеді:

“Жерден ауыр дегенім – ақыл-білім,

Судан терең дегенім – оқу-ғылым,

Оттан ыстық дегенім – адамның өмірі,

Көктен биік дегенім – шәкірттің көңілі!” – осы ойды дамытуда ақиқат шындықпен іштей бірлік тауып, үйлесімді жұмыс жүргізілсе, сіз жүргізген тәлім-тәрбие, білім нәтижелі болмақ. Ұстаз үшін еңбегінің жемісін көруден артық бақыт жоқ!!!

Пайдаланған әдебиеттер:

1. С.Ғ.Тәжібаева. Мектепте тәрбие жұмысын ұйымдастыру технологиясы. – Алматы: “Ғылым” баспасы, 2003.

2. С.Ғ.Тәжібаева. Жоғары оқу орындарында тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдістемесі. – Алматы: “Ғылым” баспасы, 2004.

3. С.Ғ.Тәжібаева, Қалиева Г.И. Жоғары оқу орындарында тәрбие жұмысын ұйымдастыру тұжырымдамасы. – Алматы: ҚазҰПУ, 2005.

4. С.Ғ.Тәжібаева. Тәрбие жұмысын ұйымдастыру тұжырымдамасы. Алматы: “Қазақстан мектебі № 3”, 2007.

Категория: Воспитание и социализация | Добавил: teacher-almaty (25.09.2008) | Автор: teacher-almaty
Просмотров: 11365 | Рейтинг: 4.2/6
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz