Главная | Регистрация | Вход | RSSСуббота, 10.12.2016, 10:02

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Панорама [9]
Образование: модели и методы [60]
Управление [1]
Событие [18]
Воспитание и социализация [40]
Ступеньки к школе [11]
Профессиональное обучение [31]
Коррекционная педагогика [17]
Дополнительное образование [101]
Психологическая служба [47]
Родительское собрание [12]
Автограф на память [13]
Семиречье - взгляд сквозь годы [10]
Хочу поделиться [80]
Хроника [0]
Воспитание о образование в разных странах [2]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1522
Статистика

Онлайн всего: 4
Гостей: 4
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Рубрики журнала » Воспитание и социализация

20 лет Независимости РК
Тәрбие сағатының тақырыбы:
Тәуелсіз Қазақстан: бейбітшіліктің, келісімнің және жасампаздықтың 20 жылы.
Тәрбие сағатының мақсаты:
Жас жеткіншектерді еліміздің тәуелсіз алғалы 20 жыл ішінде жеткен табыстарымен таныстырып, білімдерін нығайту. Отанын құрметтей білетін, болашақта Қазақстанды өркендетуге өз үлестерін қосатын азамат тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл» плакат, Туған жер туралы қанатты сөздер. «Туған ел-тұғырың, Көк туың қыдырың», «Туған жер-алтын бесігің». «Отан үшін күрес-ерге тиген үлес»
Барысы:1.Ұйымдастыру кезеңі.
Қазақстан Республиксының Гимні орындалады.
Құрметті оқушылар бүгінгі тәрбие сағатымыз еліміздің тәуелсіздік алғанына 20 жыл толу мерекесіне арналып отыр.
А) Қызығушылығын ояту.
- Біз қазақ мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Басымыздан құт-береке қашпасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз. Достықты сақтай білген елміз, дәм-тұзды ақтай білген елміз.
Осылай деп кім айтқан еді?
-Қаз дауысты Қазбек би
Ә) Мағынаны тану.
Ия, осылай деп тебіренген Қазақ елінің қамын ойлаған Қаз дауысты Қазыбек би болатын. Ата-бабамыз аңсаған сол тәуелсіздік алғанымызға 20 жыл толғалы отыр.
16 желтоқсан 1991 жылы республикамыз егемендік алды.
Еліміз егемендік алғаннан бергі жылдарға шолу жасайық.
• 1991 жылғы 29 тамыз. Ядролық полигонның ресми жабылуы. 16 желтоқсанда ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев «ҚР Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» конституциялық Заңға қол қойды.
• 1992 жылғы 2 наурыз. Қазақстан БҰҰ-ның мүшелігіне қабылданды.
• 1993жылы 28 қаңтарда Тәуелсіз Қазақстанның бірінші Конституциясы қабылданды.
• 1993 жылғы 15 қараша. ҚР ұлттық ақша теңге айналымға енгізілді.
• 1994 жылғы ақпан. Қазақстан ядролық қаруды таратпау жөніндегі шартқа қол қойды.
• 1995 жылғы 1 наурыз. Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды.30 тамыз ҚР-ның қазіргі Конституциясы қабылданды.
• 1996 жыл. Алматы қаласында Тәуелсіздік монументі ашылды.
• 1997 жылғы 10 желтоқсанда мемлекеттік өкіметтің жоғарғы органдары жаңа астанаға көшіріле бастады.
• 1998 жылғы 10 маусымда Қазақстанның жаңа астанасы- Астана қаласының тұсау кесер рәсімі өткізілді.
• 1999 жылғы 24 ақпан. Тәуелсіз Қазақстанда алғашқы санақ өткізілді.
• 2000 жылғы 10 қазан. Жаңа халықаралық ұйым-Евразиялық экономикалық одақ құрылды.
• 2001 жыл. Тәуелсіздіктің 10 жылдығы.
• 2002 жыл. Денсаулық жылы.
• 2003-2005 жылдар. Ауылды көтеру жылы
• 2005 жыл- 4-желтоқсан. ҚР Президентінің Бүкілхалықтық сайлауы болды.
• 2006 жыл. Ресейдегі «Абай жылы» және Қазақстандағы «Пушкин жылы». Тәуелсіздіктің 15 жылдығы, «Желтоқсан оқиғасының» 20 жылдығы.
• 2007-2009 жылдар. «Мәдени мұра» бағдарламасының екі жылдық жоспары қабылданды.
• 2008 жыл 6-шілде. Астана қаласында «Қазақ елі» момументі ашылды.
• 2009 жыл 25 ақпан-6 наурыз аралығы. ҚР Ұлттық санағы өткізілді.
• 2010 жыл. ҚР Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастығы ұйымына төрағалық етті.
• 2011 жыл. ҚР Ислам Конференциясына Төрағалық етті.
• 2011 жыл. Астана мен Алматыда 7-Қысқы Азия ойындары өтті.
• 2011 жыл. Тәуелсіздіктің 20 жылдығы. «Желтоқсан оқиғасының» 25 жылдығы.

Ой-толғаныс.
Туған жер,Отан туралы мақал-мәтелдер айтып талқылау.
Отанды сүю от басынан басталады, Туған жер тұғырың, Отан оттан да ыстық
Ескіні еске алмай, жаңа жадыңа түспейді.
Татулық табылмас бақыт.
Ырыс алды –ынтымақ.
Бірлігі жоқ – ел тозады,
Бірлігі күшті- ел озады. т.б.
Тәрбие сағатын қорытындылау.
Міне егемендігімізді алып, Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында Қазақстан жылдан-жылға көркейіп, небір қиындықтарды артқа тастап, жаңа экономикалық өрлеу үстінде.Өз халқын жақсылықпен жетістікке жетелеген Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдау елдің тағатсыздана күтетін жаңалыққа толы бастамасы.Әр жылғы жолдаудан еліміз жаңа серпіліс пен батыл қадамдар күтеді. Еліміздің экономикасын өркендетуге сендер де ат салысады деп сенемін.
Тәуелсіз Қазақстан – ұлы Отаным,
Көк туымды қалайша құлатармын. Тып-тыныш тұрып жатқан жайымыз бар,
Бәріміз баласындай бір атаның.
Елімізде бақ-береке, ырыс болсын,
Қызыл тілім қанжардай қылыш болсын.
Халқымның ахуалы дұрыс болсын.
Еліміз әрқашанда тыныш болсын! – деп сынып сағатымызды аяқтаймыз.
Еліміздің Егемендігі жасай берсін!

М. Әуезов атындағы № 128 жалпы білім беретін мектеп


Тақырыбы:
«Тәуелсіз Қазақстан: бейбітшіліктің, келісімнің және жасампаздықтың 20 жылы»



Алматы, 2011 жыл
Категория: Воспитание и социализация | Добавил: SD (27.08.2011) | Автор: Досполова Сауле Амангельдиновна E
Просмотров: 3415 | Рейтинг: 3.0/2
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz