Главная | Регистрация | Вход | RSSПонедельник, 05.12.2016, 21:37

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Панорама [9]
Образование: модели и методы [60]
Управление [1]
Событие [18]
Воспитание и социализация [40]
Ступеньки к школе [11]
Профессиональное обучение [31]
Коррекционная педагогика [17]
Дополнительное образование [101]
Психологическая служба [47]
Родительское собрание [12]
Автограф на память [13]
Семиречье - взгляд сквозь годы [10]
Хочу поделиться [80]
Хроника [0]
Воспитание о образование в разных странах [2]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1521
Статистика

Онлайн всего: 27
Гостей: 27
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Рубрики журнала » Ступеньки к школе

«Үй жануарлары»
ДілжановаЖазира Максатовна. «Достық» балабақшасының тәрбиешісі
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы
Тақырыбы: «Үй жануарлары»
Мақсаты: Балаларға үй жануарлары туралы білімдерін толықтыру,олардың пайдасы
маңызы,туралы түсінік беру. Олардың түрлерін бір –бірінен ажыратуға ,
айтқандай зейін қойып тыңдауға үйрету көзделіп үй жануарларына байланысты тақпақтар мен мақал мәтелдер айтқызу сұрақ –жауап, жұмбақ шешу арқылы тіл байлықтарын дамытумен бірге олардың бізге тигізер пайдасын айтып, ұлттық тәрбие негізін еңбексүйгіштікке тәрбиелеу,экологиялық тәрбие беру қарастырылады.
Тәрбиелік: Үй жауарларына қомқорлық жасау.
Әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап,түсіндіру,көрсту
Көрнекілік:Үй жануарларының суреттері,слайд

Тәрбиеші:
Балалар, «Амандасу-адамгершіліктің,әдептіліктің баспалдағы»
сондықтан да, алдымен қонақтармен амандасып алайық.
Білер қазақ баласы
Сәлем сөздің анасы
Көп танасты көреміз
Алдымыздан кезіккен
Бәріне де ізетпен
Иіліп сәлем береміз
-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс мезгілінде неше ай бар?
-Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады?
-Сендер қыс мезгілінде қандай ойындар ойнайсыңдар?
-Өте жақсы. Жарайсыңдар!
-Балалар, тыңдаңдаршы, нелердің даусы?
-Дұрыс айтасыңдар, балалар,осы сиыр, қойды үй жануарлары деп атайды.Үй жануарларына сонымен бірге жылқы, түйе, ешкі және ит пен мысық жатады.Мысық-ол үйде тұрады.Ал, ит үйдің сыртында,үйшікте тұрады.Ол үйді күзетеді.Ит-жеті қазынаның бірі.
-Балалар,сендерді ата-әжелерің қандай сөздермен еркелетеді?
-Балалар : Ботақаным,қозым,құлыным, еркем, кішкентай лағым, қошақаным.
Сендерді ата-әжелерің жақсы көріп,сүйкімді жануарлардың аттарымен еркелетеді екен,қандай тамаша!
Тәрбиеші: Балалар, осы сүйкімді жануарлар төрт түлікке жатады. Олар:түйе,жылқы, сиыр,қой,ешкі.Түйенің баласы-бота, сиырдың баласы-бұзау, қойдың баласы-қозы,ешкінің баласы-лақ,жылқының баласы-құлыншақ. Халқымыздың байлығы да, берекесі де осы малдар. Адамға пайдасы өте көп.Сүтін ішеміз,етін жейміз, киім қыламыз. Сиырдың,қойдың, сүтінен май,
құрт,айран, ірімшік жасайды. Адамдар да оларға қамқорлық көрсетеді. Бағады,шөп,жем, су береді, сауады,көптеген күтім жасайды. Үй жануарлары өздері күн көре алмайды. Ата бабамыздан келе жатқан қасиетті жануарларды өте жақсы көрген,күтіп,қасиеттеп қараған.
Төрт түлік туралы көп жырлар,өлеңдер,мақал-мәтелдер шығарған.(Слайдтан көрсету)
(Осы кезде боран соғып,есік ашылып бақташы кереді)
Бақташы ата: Амансыңдар ма ,балалар, ғафу етіңдер.
-Бұл қай жер екен?
-Балабақша.
-Қандай балабақша?
-«Достық» балабақшасы.
-Естілмейді қандай балабақша?
-«Достық» балабақшасы.
- Мен,боранда ығып кеткен төлдерімді іздеп жүр едім,осы балабақшаның жанынан өтіп бара жатыр деп еді. Тауып берсеңдер сыйлығым бар. Көрмедіңдер ме?
Балалар:-Жоқ
Тәрбиеші: Келіп қалған екенсіз. Ата төрлетіңіз!Бүгінгі оқу ұйымдастылырған
іс -әрекетінде үй жануарлары туралы айтып жатыр едік.
Бақташы ата: Жарайды, балалар ендеше мен сендерге жұмбақ жасырайын шешуін кім табады екен?

Кішкене ғана бойы бар
Айнадырып киген тоны бар.
(Қой)
Қане, балалар ендеше қойдың дыбысын салыңдаршы.
Балалар: Қой-мә-мә маңырайды
Бақташы ата: Ой, бәрекелді балалар жарайсыңдар!

Кезекті бір жануар
Үстінде екі тауы бар
(Түйе) Түйе-бө-бө боздайды

Басында екі таяғы бар
Төрт аяғы бар
Бірақ тағы сақалы бар
(Ешкі) Ешкі-бе-бе бақырады

Екі айнасы бар
Екі найзасы бар
Төрт жылтырмағы бар
Бір шыпыртқысы бар
(Сиыр) Сиыр-мө-мө мөңірейді

Екеуі елеңдеп келеді
Төртеуі төбелесіп келеді
(Жылқы) Жылқы-е-е-е кісінейді
Тәрбиеші: Жарайсыңдар,Ата уайымдамаңыз, төлдеріңіз табылады шаршағаншығарсыз бәріміз бірге сергіту сәтін орындап жіберейік, балалар боймызды сергітіп алайық.
Сергіту сәті:
Тіктеп теттей құлағың
Ботам былай жүреді
Сыртылдатып тұяғын
Бұзау былай жүреді.
Алға созып мойынын
Ойнақтайды ботақан
Көкке қарай мұрынын
Шүйіреді бұзауқан.
Бақташы ата: Жарайсыңда балалар! Көңілім көтеріліп сергіп қалдым.
Тәрбиеші: Ендеше бақташы атамызға тақпақтар айтып берейік!
Аңсар: Ақ бұзауым ұнайды
«Мө-мө» деп сүт сұрайды
Келеді өсіп күн сайын
Тұмсығын созып қарайды
Тілімен мұрнын жалайды
Фарида: Кіп-кішкене момақан
Қошақанды ұнатам
Сүйеді апам қозым деп
Қошақаным өзім деп.
Санжар: Құлыншағым құндызым
Құлдырайды шабады
Жылтылдаған жұлдызым
Құстай қанат қағады.
Кәусар: Шөре-шөре лағым
Тентак болма шырағым
Секектеме деміңді ал
Селтеңдемей құлағың
Жаннұр: Айналайын,ботам
Қандай күлте жотаң
Табандарың жалпақ
Теріп жейсің жаңтақ
Тәрбиеші: Қане,балалар Бақташы атамызбен бірге «Сиқырлы қалташа»
ойын ойнайық.
(Төрт түліктің даусы естіледі)
Тәрбиеші: Балалар тыңдайықшы бір төлдердің дыбысы естілетін сияқты
Бақташы ата: Ой, балалар меннің төлдерімнің даусына ұқсайды.
Бала: Сүйінші,сүйінші ата сіздің қозыңызды тауып алдым
Бақташы ата: Рахмет, балам өркенің өссін !Сүйіншіңді ала ғой.Балалар, менің қозым Қане,балалар ұстап көріңдерші. Қандай екен?
Балалар: Сүйкімді,әдемі,кішкентай.
Бақташы ата:Мен сендерге сыйлығымды беріп кетейін, мұны ауылдан әжелерің беріп жібірді дәм татыңдар балалар.Жақсы сау болыңдар!
Тәрбиеші: Рахмет, бақташы ата сіз келіп,біздің көңіліміз көтеріліп қалды .Жолыңыз болсын! Соу болыңыз!
-Балалар,сонымен үй жануарларына нелер жатады?
-Үй жануарларының төлдерін не деп атаймыз?
-Малдың дыбысталғанын қалай атайды?
Жылқы -кісінейді
Сиыр- мөңірейді
Қой,ешкі- маңырайды
Түйе- боздайды.
Тәрбиеші: Қане, балалар, орнымыздан тұрып жылулық шеңберін құрайық жылқы жылына арналған тілектерімізді айтайық!
Еліміз аман болмсын!
Аспанымыз ашық болсын!
Деніміз сау болсын!
Ата-анамыз қасымызда болсын!
Жылқы жылы бақыт әкелсін!
Төрт түлігіміз түгел болсын!
Ақ мол болсын!
Бәріміз дос болайық !
Бәріміз бақытты болайық!
Тәрбиеші: Осы тілектеріміз қабыл болсын! Балаларымыздың апайларына дайындаған сыйлықтары бар екен. Бұл сыйлық биылғы жылқы жылының күн түзбесі. Алдағы күндері сәтті, табысты болсын деген тілекпен сіздерге тарту етеміз.
Қане,балалар орнымыздан тұрып келген қонақтармен қоштасайық
Біз ақылды баламыз
Айтқан тілді аламыз
Бүгінгі келген қонаққа
Сау болыңыз деп, айтамыз.
Категория: Ступеньки к школе | Добавил: Эльвирок (07.02.2014) | Автор: ДілжановаЖазира Максатовна.
Просмотров: 2572 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz