Главная | Регистрация | Вход | RSSСуббота, 10.12.2016, 09:59

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Панорама [9]
Образование: модели и методы [60]
Управление [1]
Событие [18]
Воспитание и социализация [40]
Ступеньки к школе [11]
Профессиональное обучение [31]
Коррекционная педагогика [17]
Дополнительное образование [101]
Психологическая служба [47]
Родительское собрание [12]
Автограф на память [13]
Семиречье - взгляд сквозь годы [10]
Хочу поделиться [80]
Хроника [0]
Воспитание о образование в разных странах [2]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1522
Статистика

Онлайн всего: 4
Гостей: 4
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Рубрики журнала » Ступеньки к школе

Тіл дамыту "Коянның туған күні"
Мусагулова Кымбат Хасеновна
Степногорск қ.
№ 2 "Балдырған" б/б

Тіл дамыту "Коянның туған күні"
Міндеттері:
ТДМ: дауысты және дауыссыз дыбыстар жайлы білімдерін бекіту, сөздегі бірінші, соңғы дыбысты белгілеуге жаттықтыру.
Л – дыбысын буынұйқастарда айтуын жаттықтыру.
Сөздік: Қарсы-мәндес, көп мағналы сөздерді сөйлеу тілінде белсендірту.
Грамматика: Жаңа күрделі сөздерді құрап жаттықтыру;
Зат есімге сын есімді етістікті қосып пайдалана білу дағдыларын бекіту
Қойылған сұраққа нақты, сауатты жауап беруге тәрбиелеу.
Үлестірмелі құралдар: қағаздан кесілген көк, қызыл түсті гүлдер; антоним сөздерге суреттер; заттық суреттер; ватманға салынған жол картасы; сандық; шақыру хаттары; хат, магнитофон, карта-схема.
Таратылатын құрал: көк, қызыл фишкалар, заттық суреттер: «Сөз тізбек» ойынына.
Алдын-ала жұмыс: мақал-мәтелдерді жаттау; дидактикалық ойын.

Сабақ барысы:
- Балалар, мен таңертен жұмысқа келгенде есіктің алдында осы хатты тауып алдым. Кім жіберді екен ашып көрейік. /хатты ашады/

«Сәлеметсіндер ме, құрметті балалар! Бүгін менің туған күнім, сендерді шақырғалы жатырмын. Шақыру хаттарын мен сауысқаннан беріп жібердім. Келүлеріңді күтемін».

- Қызық шақыруын, шақырды ал шақыру хаттар жоқ. Жол картасы жатыр оның үстінде қоянның үйшігі мен оған бара жатқан жолдар салынған. Үстінде сауысқаннан хат:
«Егер шақыру хаттары керек болса сендерге барлық тапсырмаларды орындау қажет, бір сөзбен жақсы еңбектену керек».
- Балалар, барлығынан көп бізде тіліміз еңбектенеді. Қәне өнерімізді көрсетейік. Менің соңымнан бұынұйқастарды қайталаңдар.
Ла-ла-ла – Айнұр жақсы бала;
Лы-лы-лы – дала қандай жылы
Ло-ло-ло – бұл кім, алло?
Лу-лу-лу – қандай қыздар сұлу;
Лі-лі-лі - шелегін бос әлі
Әл-әл-әл – көйлек келді дәл
- Жарайсындар тілімізге жаттығу жасап болдық енді біз бәріне де жете аламыз. жолға жиналайық.
1. Тапсырма
- Көк шалғынға келдік қараңдаршы балалар, мұнда тек қана көк және қызыл гүлдер. Гүлдер жай гүлдер емес – сиқырлы - дыбыстық. Қане еске түсірейікші көк және қызыл түспен қандай дыбыстарды белгілейді? /Дауысты және дауыссыз дыбыстарды/. Бір гүлден алып түске сәйкес келетін дыбысты айтындар. /Балалар атайды/.
- Мұнда гүлдерден басқа тағыда суреттер бар, бір-бір суреттен алып атаңдар және бірінші дыбысын анықтаңдар, буынға бөліндер,
ҚОҢЫЗ сөзіне дыбыстық талдау /көбелек, инелік, құс, шегіртке, қоңыз, саңырауқұлақ, жапырақ/.
-Бірінші тапсырманы орындадыңдар, арықарай баруға болады.
2. – Үстімізден біреу бүр лақтырып жатыр. Кім екен? /Тиін/
Тиіннан сұрайық арқарай қандай жолмен барсақ болады. Егер тапсырмасын орындасақ дұрыс жолды көрсетеді, айтпесе қасқырдың қолына түсеміз.
Дидактикалық ойын «Теріс айт»
Күн – түн
Қант – тұз
Таза – лас
Қыс – жаз
Төбе – еден

Тар – кең /көйлек/
ұзын – қысқа /шалбар/
мықты – әлсіз /спортсмен/
көңілді – мұңды /қыз/
биік – аласа /адам/

Күледі – жылайды /бала/
Отыр – жатыр /адам/
ашу – жабу /кітапты/
ұшады – қонады /ұшақ/
киеді – шешеді /свитерді/

3. –Балалар, қараңдаршы қандай қалың орман. Арықартай бару да қорқынышты. Кімнен көмек сұрасақ екен, мүмкін шырша мен шыбынжұттан.
- «Менің инелерім, ал шыбынжұтқа оның аяғы туралы қызықты бірдеңе айтсандаркөмектесем».
- Әрине біз білеміз. Балалар тек шыршада инелер бола ма? Тағы да қандай инелерді білесіндер? /Қарағайдын, тігін, кірпінің, медециналық/.
- Ал қандай аяқтарды білесіндер? /Адамдардың, жануарлардың/. Шаршаған шығарсындар, демалайық.

Сергіту сәті «Ұзын құлақ сұр қоян»
4. – Жолымызды жалғастырайық. Қиын болды балалар! Алдымызда батпақ көл. Оған батып кетуіміз мүмкін. Енді не істедік? Міне бақа отыр, мүмкін ол бізге көмектесе алады, бірақ оның да тапсырмасы бар екен. Егер тапсырмасын орындасақ ол бізге көпірді жасап береді. Дидактикалық ойын: «Сөз тізбек» /иллюстрациямен/
Берілген сөздерден тізбек құрау. Сөздің соңғы дыбысына басталатын сөзді табу: саңырауқұлақ – қасқыр – раушан – нан
Ағаш – шырша – ара – алмұрт – тас – сауысқан

-Біз сөзден жасаған көпірдің үстімен өтіп кетейік те жолымызды жалғастырайық.

5. – Балалар, жолымызды бөгеп алдымызда үлкен ағаш жатыр. Ағаштың астында бірдеңе жатыр, бұл сандық – мүмкін ішінде асыл тастар жатқан шығар. «Қандай?» және «Не істейді?» сұрақтарына жауап тапсақ ашылатын шығар.
Дидактикалық ойын «Қандай? Не істейді?»
Қоян қандай? – кішкентай, қорқақ, мейрімді, еңбекқор,сұр, үлпілдек.
Қоян не істейді? – ұйқтайды, секіреді,жүгіреді, кеміреді, билейді, қуанады,тығылады,дірілдейді, қорқады, қашады...
Қоянның көңілі қандай? - көңілді, қуанышты, бақытты.
Қонақтар туған күнде не істейді? – қуанады, көңілденеді,билейді, ойнайды, шай ішеді, тамақтанады, құттықтайды.
- Тапсырманы орындадық, енді сандықтың ауызын ашайық. Мында біздің шақыру хаттарымыз жатыр.
6. – Балалар, қалай ойлайсындар Қоян дастарханын жайды ме екен? /Ия/
- Нанды қайда салды екен?
- Нанға арналған ыдыс қалай аталады? /Нансалғыш/.
- Қантқа арналған? / қантсалғыш/.
- Кәмпитке арналған? /Кәмпитсалғыш/.
- Майға арналған? /Майсалғыш/.
Жарайсындар! Тапсырмалардың барлығын орындадыңдар, жақсы еңбек еттіңдер, енді қонаққа да баруға болады. Еңбек туралы қандай мақал-мәтелдер білесіндер?

«Еңбек етсен ерінбей –тояды қарның тіленбей»;
«Көз қорқақ – қол батыр»;
«Не ексен – соны орасын»;
- Ал енді қоян сендерді үсте басына шақырады.
Категория: Ступеньки к школе | Добавил: кымбат (22.05.2012) | Автор: мусагулова кымбат хасеновна E
Просмотров: 3083 | Теги: тілдің дыбыстық мәдениеті, тіл дамыту | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz