Главная | Регистрация | Вход | RSSВоскресенье, 11.12.2016, 01:25

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Панорама [9]
Образование: модели и методы [60]
Управление [1]
Событие [18]
Воспитание и социализация [40]
Ступеньки к школе [11]
Профессиональное обучение [31]
Коррекционная педагогика [17]
Дополнительное образование [101]
Психологическая служба [47]
Родительское собрание [12]
Автограф на память [13]
Семиречье - взгляд сквозь годы [10]
Хочу поделиться [80]
Хроника [0]
Воспитание о образование в разных странах [2]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1523
Статистика

Онлайн всего: 3
Гостей: 3
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Рубрики журнала » Дополнительное образование

«Қу түлкі мен ұмытшақ аю» ертегісі
Ақтөбе облысы Шалқар қаласы «Бәйтерек»балабақшасының тәрбиешісі Қанатова Мирамгүл Жаңабергенқызы
«Қу түлкі мен ұмытшақ аю» ертегісін театрландыру.
Мақсаты:Балаларды ертегі сөзін жаттап айтуға үйрету,әртістік қабілетін дамыту, достарына адал болуға тәрбиелеу.
Рольдерде ойнайтындар:
Түлкі: Нұрбибі
Аю: Мейірлан
Қасқыр: Елдос
Түйе: Дамир
Автор сөзі:
Аю, қасқыр, түйе, түлкі төртеуі өздерінше достасып, өздерінше өмір сүріп көріпті. Жұбын жазбайтын достар бірде ұзақ сапарға шығады. Әбден қарны ашқан
Түлкі:
- Осы Түйені жесек қайтеді? – деді.
Қасқыр:
- Әрине, жеуге болады,-деді қасқыр. Бірақ Аю әкемізді танытады ғой!
Түлкі:
- Ой, қорқақ!-деді де, Түлкі құйрығын бір бұлаң еткізеді де, аяғын ақырын басып, Аюдың жанына келеді.
Түлкі:
- Аю, еке! Сіз білесіз бе? Қасқыр Түйені жеймін деп жүр, — дейді сыбырлап,
Ал аю өте ұмытшақ болатын. Түлкінің айтқанын сол жерде – ақ ұмытып қалады.
Содан Түлкі тура Түйенің өзіне барып;
- Қасқыр мен Аю сені жейді – ау осы, — дейді.
Түйе:
- Неге? Менде нелері бар? – деп бақырып қалады, ұзын мойыны аңқау Түйе.
Түлкі:
- Сен өте үлкенсің. Көрмейсің бе? Етің қандай көп. Сені жесе достарыңның көпке дейін қарны ашпайды.
Түйе:
- Достарымның қарны ашпайтын болса, жарайды, келістім? – дейді.
Аю, Қасқыр және Түлкі Түйені союға кірісті. Қасқыр мен Түлкі ішек-қарнын тазалайды.
Шыдамсыз Түлкі бір ұзын ішекті жұтып жібермекші болады.
Қасқыр:
- Жеме, Аю ұрсады.
Әйтсе де, Түлкі қасқырдан көзін аша бере әлгі ішекті қылғытып жібереді. Ішектің жоқ екенін Аю сезіп қойып:
Аю:
- Ішек қайда? Деп ақырады.
Түлкі:
-Қасқыр жеп қойды! – дейді Аюдан қорыққан қу Түлкі, өтіріктен — өтірік.
Аю қасқырға тап береді. Қасқыр тура қашады. Олар ұзап кеткен кезде Түлкі Түйенің етін түп – түгел жым-жыластығып үлгереді.
Қасқырға жете алмай, қайта оралған Аю ептігін баса алмай:
Аю:
- Ет қайда? — деп қаһарлана гүж ете түседі.
Түлкі:
- Өзің бәрін алып кеттің ғой. Есіңде жоқ па? – дейді Түлкі беті бүлк етпестен.
Жоқ. Мен әкеткен жоқпын!- деп Аю айта алмайды. Сөйтсем, сөйткен шығармын, тыққан жерімді ұмытып қалғаным ба? Қап, әттеген – ай, Ә! – деп ойлайды. Ал Түлкі болса, бір Түйенің етіне жалғыз өзі ие болып, қулығын асырады.
Категория: Дополнительное образование | Добавил: Айару6308 (28.04.2015) | Автор: Мирамгүл E
Просмотров: 520 | Теги: Қанатова, жаңабергенқызы | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz