Главная | Регистрация | Вход | RSSЧетверг, 08.12.2016, 01:14

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Панорама [9]
Образование: модели и методы [60]
Управление [1]
Событие [18]
Воспитание и социализация [40]
Ступеньки к школе [11]
Профессиональное обучение [31]
Коррекционная педагогика [17]
Дополнительное образование [101]
Психологическая служба [47]
Родительское собрание [12]
Автограф на память [13]
Семиречье - взгляд сквозь годы [10]
Хочу поделиться [80]
Хроника [0]
Воспитание о образование в разных странах [2]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1522
Статистика

Онлайн всего: 3
Гостей: 3
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Рубрики журнала » Дополнительное образование

ТӘРБИЕШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ МЕТОДИЧКА ДЛЯ ВОЖАТОГО методичка для вожатого
БШҮ
Дом детского творчества

ТӘРБИЕШІЛЕРГЕ
АРНАЛҒАН
НҰСҚАУЛЫҚ

МЕТОДИЧКА ДЛЯ ВОЖАТОГО

Номинация:
информационно-методическое обеспечение
и развитие системы дополнительного
образования детей

Снегирева М.Н.,
Зам. директора
ДДТ по УВР

Ерейментау қ.
2010 жыл
ТӘРБИЕШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК

Аға тәрбиешілерге арналған лауазымдық нұсқаулық.

1. Жалпы ережелер.
1.1 Аға тәрбиеші мектеп директорының рұқсатымен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
1.2 Аға тәрбиешінің жоғары кәсіби немесе орта кәсіби білімі болуы қажет, еңбек өтіліне талап қойылмайды, немесе орта (толық) жалпы білім алғаны жөнінде құжаты болуы мүмкін және арнайы дайындықтан өтеді, еңбек өтіліне талап қойылмайды.
1.3 Аға тәрбиеші мектепте директордың тәрбие жөніндегі орынбасарына бағынады.
1.4 Өзінің қызметінде аға тәрбиеші ҚР Конституциясын, ҚР Президентінің жарлығын, ҚР Үкіметінің шешімдерін, білім беру және тәрбие мәселелері жөніндегі барлық басқармалардың еңбекті қорғау және нормалары, өртке қарсы және техника қауіпсіздігі ережелері, сонымен қатар, мектеп Жарғысымен және құқықтық актілерді (сонымен қатар мектеп директорының осы нұсқаулыққа сай шешімдері) , еңбек шартын басшылыққа алады.
2. Функциялары .
аға тәрбиеші қызметінің негізгі бағыттары :
2.1 Балалар қоғамдық ұйымдары, бірлестіктері қызметі мен дамуына жәрдемдесу.
2.2 Бос уақытты қызықты өткізу.
3. Лауазымдық міндеттері.
Аға тәрбиеші келесідей қызметтік міндеттемелерді атқарады :
3.1 Балалар қоғамдық ұйымдары, бірлестіктері қызметі мен дамуына жәрдемдесу, олардың қызметінде еріктілік, өзіндік өзгешелік, адамгершілік, ізгілік принциптеріне бағдарламалар дайындауға көмектеседі.
3.2 Балалар қоғамдық ұйымдары, бірлестіктері қызметі құрылымына жаңа өзгерістер енгізуге ат салысады, оқушылардың жас ерекшкліктеріне және өмір талаптарына сай ұжымдық шығармашылық қызметті ұйымдастырады.
3.3 Жұмыс істейтін басқа да жастар және балалар ұйымдары жөнінде оқушыларға толық ақпарат береді.
3.4 Өздерінің қызметінің тақырыбы, бағдары жөнінде мектепке көрнекі құралдар іліп қоюды ұйымдастырады.
3.5 Мектепте оқушылардың азаматтық және ізгілік қасиеттерін танытуға, өз қажеттілігі мен көзқарасын жүзеге асыруға, бос уақыттарын қызықты және пайдалы өткізуге қолайлы жағдай туғызады.
3.6 Өзіне сеніп тапсырылған оқушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қадағалайды, еңбек қауіпсіздігі ережелері мен қалыптарын, өрт қауіпсіздігі және техникалық қауіпсіздігін қатаң сақтайды.
3.7 Оқушылардың каникул күндерін ұйымдастырады.
3.8 Жасөспірімдермен және балалармен жұмыстың озық тәжірибелерін қолданады, өз біліктілігін жетілдіріп отырады.
3.9 Балалар ұйымдарының алғашқы ұжымдық жетекшілерін, ұйымдастырушыларын дайындау,қабылдау бойынша жұмыс атқарады.
3.10 Өз жұмысын жоспарлайды, құжаттарды белгілі тәртіп бойынша жүргізеді.
3.11 Мектепте, тұрмыста, қоғамдық орындарда этикалық нормаларды сақтайды.
4. Құқықтары :
Аға тәрбиешінің құқықтары :
4.1 Өздігінен оқушылармен жұмыс әдісін және түрлерін таңдайды, оны мектеп жоспарына және педагогикалық мақсатқа сай жоспарлайды.
4.2 Мектеп Жарғысында анықталғандай мектепті басқару ісіне, педагогикалық кеңес жұмысына қатысуға ;
4.3 Кәсіби абыройын, қасиетін қорғауға;
4.4 Өз жұмысын бағалайтын шағымдармен және басқа да құжаттармен танысуға, оларға түсінік беруге;
4.5 Би этиканың қалыптары бұзылған жағдайға байланысты құрылған қызметтік тексеріске немесе тәртіптік тексеріс кезінде өз мүддесін қорғаушы арқылы немесе өзі қорғануға;
4.6 Заңмен қарастырылған оқиғалардан басқадай тәртіптік немесе қызметтік тексерістер нәтижесін құпияда сақтауға;
4.7 Біліктілігін арттыруға;
4.8 Сәйкестік біліктілік деңгейіне ерікті түрде аттестациядан өтуге, аттестациядан сәтті өткен жағдайда ол біліктілікті алуға;
4.9 Оқушыларға сабақ немесе үзіліс кезінде тәртіпті сақтау жөнінде өкім беруге, тәртіп бұзған оқушыларға Ережеге сәйкес ескерту немесе керісінше ынталандыруға ,
5. Жауапкершілік ;
5.1 Лауазымдық міндеттерін, мектеп Жарғысын немесе мектеп ішілік жұмыс кестесі Ережелерін орындамағаны үшін немесе тиісті түрде орындамағаны үшін , аға тәрбиеші осы Нұсқаулыққа сәйкес еңбек заңнамасында анықталғандай тәртіптік жауапкершілікке шақырылады;
5.2 Оқушылар тәрбиелеуде бір рет болсын күш көрчсететін болса немесе жеке тұлғаға психикалық жәбірлеген жағдайда, моральға қайшы келетін қандай да бір болмасын теріс қылық көрсеткен жағдайда ҚР «Білім туралы» Заңына және еңбек заңнамаларына сәйкес қызметтен босатылады;
5.3 Өзінің лауазымдақ міндеттерін орындау немесе орындамау барысында мектепке немесе оқу процесіне кесірі тиетін болса аға тәрбиеші еңбек және азаматтық заңнамаларға сәйкес материалдық шығынды өтейді,
6. Өзара қарым-қатынас. Қызметтік байланыстар.
6.1 Аға тәрбиеші мектеп директоры бекіткен аптасына 36 сағаттық жұмыс кестесіне сәйкес жұмыс істейді,
6.2 Өзін-өзі басқару органдарымен, мектептің педагогикалық ұжымдарымен , қосымша білім беретін мекемелермен, қоғамдық ұйымдармен тығыз қарым-қатынаста болады;
6.3 Әр оқу жылына, әр тоқсанға өз жұмысы бойынша өзі жоспар құрады. Жұмыс жоспары мектептің тәрбие жұмысы бойынша орынбасарымен бекітіледі;
6.4 Әр оқу тоқсаны аяқталған кезде мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына өз жұмысының көлемі жөнінде бес парақтан аспайтын жазбаша есеп береді;
6.5 Мектеп әкімшілігінен құқықтық –нормативтік және ұйымдастыру-әдістемелік тақырыпта ақпарат алады, қажетті құжаттармен танысады;
6.6 Өз құзырына кіретін мәселелер бойынша мектептің педагогикалық кеңесімен жүйелі түрде ақпараттамен алмасады;
Аға тәрбиешінің жұмысын жоспарлауы.
Жоспарлау – болашақ бейнесі жасалатын ақыл-ой қызметінің түрі.
Аға тәрбиешінің жұмыс жоспары – оқыту-тәрбиелеу жұмысын жоспарлаудың жалпы жүйесінің бір түрі.
Жоспарлар түрі :
- болашақ ;
- күнтізбелік;
- күнделікті,
- нақты істің жоспарын дайындау;

Қызметтің болашақ жоспары.

1. Өткен оқу жылының жұмысына қорытынды жасау:
-балалар ұжымына сапалы мінездеме беру (сынып саны, ағымдағы оқу жылындағы олардың жұмыс сапасы,балалар ұжымдарының даму деңгейі, көшбасшылар, оқушылар, сынып жетекшілері);
- идеялар тарату, мақсатқа жету, жұмыс жоспары;
-балалар ұйымдарының мектеп ішілік, аудандық, қалалық,облыстық шараларға қатысуы;
-аға тәрбиеші жұмысының жетістіктері мен кемшіліктері;
2. Келесі жаңа оқу жылына мақсаттар мен міндеттер. Аға тәрбиеші өз жұмысында қандай кемшіліктер болса соларды түзетуді мақсат қылып тәрбие жұмысын да сол арнаға бұрып жоспарлайды.
Мақсат дегеніміз – біз не үшін тырысамыз сол, біз көргіміз келетін болашақ. Мақсат бұйрық райы түрінде қалыптасады : «балалар ұйымдарында тәрбие сапасын арттыру ». Мақсат біреу.
Міндет дегеніміз – ненің көмегімен мақсатқа жетеміз, сол болып табылады.Міндет бірнеше болуы мүмкін, олар бәрі де нақты. Міндеттер өздерінің маңыздылығына қарай бірнеше түрге бөлінеді: өзін-өзі басқаруды және оқушылардың қатысуымен басқаруды дамыту, жұмыстың әртүрлі әдістерін қолдану, балалар ұйымының барлық мүшелерін жұмысқа қатыстыру, т.б.
3. Жұмыстың мазмұны.
Мақсаттар мен міндеттерді анықтағаннан кейін қызметтің түрі мен нысанын таңдауға кірісу керек. Бірнеше міндетті кешенді түрде шешетін қызмет нысанын таңдау қажет.
3.1 Ұйымдастыру – бұқаралық жұмыс (жас ерекшілігіне қарай).
Жоспардың бұл бөліміне қызметтің әр түрі кіреді: танымдық, еңбек, ойын,спорттық, көркем-эстетика, патриоттық, балалардың жастарына қарай қолайлы. Жоспардың бұл бөлімін жоспарлауға балалар ұйымының барлық мүшелері кіреді , оқушылар және мұғалімдер. Барлық ұсыныстар қарастырылады.
3.2. активпен және балалар ұйымымен жұмыс.
Аға тәрбиеші тәрбие жұмысына байланысты болашақ жоспарын жасар алдында келесідей талаптарды ескерген жөн.
Талаптар :
1. Мақсатты бағытта.
Тәрбие жұмысының әдісі мен қалыптарының мазмұнын ,мақсатын, міндетін қамтамасыз ету;
2. Сабақтастық (жаңа оқу жылына жасалған жұмыс жоспары былтырғы жылдың жоспарына сәйкес болуы керек), шынайылық, жүйелілік және ізбасарлық (тәрбие жұмысының мұндай элементтері алдыңғы жұмысқа қарап даму сатысын анықтайды;
3. Балалардың жеке және жас ерекшеліктеріне сәйкес жұмыс әдісін, мазмұнын, қалыптарын сәйкестендіреді;
4. Балалар ұжымымен жұмыс істеуде жұмыс әдісі мен қалыптарының жан-жақты болуын қадағалайды;
5. Аға тәрбиешінің жоспары мектептің жоспарына сәйкес болуы;
Аға тәрбиешінің жұмыс жоспарының тәртібін келесідей етіп жасауға болады:
1. Лауазымдық міндеттермен танысу;
2. Мектеп дәстүрін, мектеп қызметінің бағытын есепке алу;
3. Облыстық, аудандық, қалалық шаралардың жоспарымен , айтулы даталар күнтізбесімен танысу,
4. Диагностика (сұрақ, жеке әңгімелесулер, жиналыстар т.б.)
5. Сынып, секция, клуб жетекшілерінің жоспарларымен таныс болуға,
6. «Ұйымдастырушылық-бұқаралық жұмыс» бөлімін активпен, мектеп ұжымымен талқылау;
Жоспардың негізгі бөлігі әр нұсқада болуы мүмкін.
Жоспар негізінде күнтізбелік жоспар дайындалады. Онда әр күнгі (негізгі)
Жұмыс кіреді. Ол жоспарды директордың тәрбие жөніндегі орынбасары жоспар қызметінің басталуына 5 күн қалғанда бекітеді. Күнделікті жоспар –бұл аға тәрбиешінің жұмыс күнделігі болып табылады, онда сол күні немесе келесі күні атқарылатын жұмыс түрлері жазылады ,мыс. телефон соғу, ескерту, жариялау, келісу т.б. Бұл тәрбиешінің жеке жоспары болғандықтан мектеп әкімшілігімен бекітілмейді.
Тәрбиеші қызметінің талдануы.
Жұмыс барысын қадағалау, оның орындалуын есепке алу, атқарылған жұмыс әсерлілігін қорытындылау бағасы - бұл тәрбиеші жұмысының негізгі бөлімдері.
Тәрбие теориясы мен тәжірибесінде педагогикалық талдау мәселесінен басқа өзекті мәселе болмас. Талдау – бұл затты ойша бірнеше бөліктерге бөлу, оны элементтерге бөлшектеу, оның ішінде, әр элементтерге бағалау мінездемесі беріледі, ал біртұтас алғанда мұның бәрі затқа мінездеме береді.
Күнделікті өмірде біз талдауға жиі ұшырасамыз. Мысалы, айнаға қарап өз бейнемізді көреміз, тағамның дәмін татамыз. Педагогикалық талдау дегеніміз – тәрбие жұмысының анықталған мерзім ішінде нәтижесін оқып-білу. Бірақ, бұл жыл ішінде атқарылған тізім емес, жұмыс әсерлілігін дамытуға немесе кедергісін анықтау.
Педагогикалық талдау жасауға әкімшілік тарапынан басқа да қандай себеп бар? кәсіби қызметтің жемістілігіне көз жеткізу. Себебі, қандай да талдаудың бір анықтамасы болады:
- өз қызметіңнің және балалар ұжымы қызметінің нәтижелілігі;
- өткізілетін педагогикалық жұмыстың мақсаттылығы;
- қолданылатын педагогикалық құралдардың әсерлілігі, қызмет нәтижесіне олардың ықпал ету деңгейі;
- педагогикалық қызмет ұйымдастырудағы жетістіктер мен кемшіліктер, олардың себебі;
- педагогикалық үдерісті дамыту жолдары, анықталған кемшіліктерді болдырмау;
педагогикалық қызметке талдау жасау – ең бір күрделі мәселелердің бірі болып табылады. Әрбір әдістемелік үдеріс сияқты, талдауда келесідей кезеңдердің сақталуын талап етеді:
1. мақсат қоя білу;
2. талдау нысанын, бағытын, тақырыбын таңдау;
3. әрекет бағдарламасын жасау, әдісін таңдау;
4. өз қызметін талдау;
5. қорытынды шығару, қарым-қатынас жасау,
6. нәтижелері;
7. талдау нәтижелері бойынша әдістемелік материалдар құрастыру,
талдаудың мақсаты мен затын анықтағаннан кейін , оны толығымен жүзеге асыратын әдіс таңдап алу қажет, сондай әдістердің бірнеше түрі бар:
1. сауалнама өткізу ( ашық – жауап нұсқалары шектелмеген, жабық – жауап нұсқалары алдын ала дайындалған)
2. сұхбат, әңгімелесу, сұрақ;
3. суреттеу;
4. бақылау
5. құжаттармен танысу;
6. картотека құрастыру;
7. жеке тестілеу,
8. ұжымдық әңгімелесу;
9. балалар ұйымының, ұжымының портретімен танысу,
10. түрлі жағдайлар туғызу,
талдау алдында талдау қызметіне қатысты маңызды ой операцияларын білу қажет:
- ойыңды толығымен суреттеу,
- бірнеше бөліктерге бөлу, әр бөліктің негізгімінездемелерін анықтау,
- талдау нәтижелері бойынша тұжырым шығару;
- берілген затты талдау жолдарының дамуы;
талдау негізіне көбінесе мәселелер және оларды тарату болғандықтан ,мынадай алгоритм ұсынылады:
1. қойылған мәселенің толығымен қалай шешілгені жөнінде қорытынды шығару;
2. қойылған мәселені шешу үшін не істелінді, қандай жұмыс атқарылды және оның шешілуіне не себеп болды
3. әсерлі педагогикалық құрал жөнінде ұйғарымдар, қолданылмаған мүмкіндіктер мен резервтер, педагогикалық қызмет нәтижесінің төмендеу себептері,
Талдаудың бірнеше түрі бар:
1. шұғыл (шара аяқталысымен өткізіледі )
2. тематикалық
3. кезең бойынша
4. жалпы
5. қалып бойынша талдау (этикалық әңгімелесу, тәрбие шаралары, активпен жұмыс )
6. қорытынды.
Жоғарыда көрсетілгендердің барлығы талдаудың қай түріне болса да қатысы бар. Сонымен қатар, әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар. Аға тәрбиешілер негізінен талдаудың нақты түріне жүгінеді.
Тәрбие жұмыстарының жалпы талдауы:
1. Тақырып пен мақсаттың өзектілігі
2. Шараның мазмұны және оның құрылымы
Басы – оқушының онда қатысуға психиологиялық дайындығы, қызметтің жағымды себептері;
Негізгі бөлімі - мазмұнның мақсаттылығы, оның оқушы тәрбиесінің деңгейіне және жасына сай келуі, негізгі элементтердің логикалық сәйкестігі.
Қорытынды – шараның негізгі мақсатқа сай келуі, сынып сағатынының бағдарламасына сәйкес (кез-келген басқа да шаралар) оқушылар алдына нақты іс - әрекет қоя білу.
3. Қалыптары.
Шара мазмұнына қалыптың сәйкестігі, оқушылардың жасы, бұл қалыпқа қойылатын негізгі талаптар.
4. Оқушылардың тәртібі.
Белсенділік, мұқияттылық, қызығушылық, тәртіптілік, шараға дайындалудың жоғары деңгейі.
5. Тәрбиешінің тәртібі.
Тәрбиешінің эмоциональды жағдайы, мазмұнды тілі, ұйымдастырушылық шеберлігі, педагогикалық такт, аудиториямен жұмыс істей білуі, ережені сақтау, қызығушылық туғызу, қажетті психологиялық әрекет туғызу, импровизацияға дайындық, тәрбиешінің шараға дайындылығының жоғары дәрежесі, проблеманы тереңірек білуі және түсінуі , оны шешудің тиімді жолдарын табуы.
6. әдістердің, техникалық құралдардың көрнекіліктердің мінездемесі.
Шаралардың мазмұны мен мақсатына, оқушылардың жасына және тәрбиелік деңгейіне сәйкес болуы.
7. қызметтің ұйымдастырушылық аспектілері.
Шара құрылымының негізгі элементтерінің нақтылығы: басы, негізгі бөлімі, қорытындысы; шара жалғасының сенімділігі, жарқын эстетикалық безендіру, алдын-ала дайындалған бағдарламаға шараның сәйкестігі, қатысушылар арасында міндеттерді нақты бөлу;
8. нәтиженің жалпы мінездемесі :
-құрамдылығы;
-ұйымдастырушылық қасиеті;
-педагогикалық такт;
-аудиториямен жұмыс ;
-жағымды психологиялық климат құра білу;
9. белгіленген жоспарды тарату.
Талдау ішіндегі ең күрделісі – қорытынды талдау (оқу жылын қорытындылау). Оқу жылының қорытындысы бойынша талдау жұмысының мақсаты – ағымдағы мерзім ішіндегі педагогикалық қызмет нәтижесіне баға беру, оның одан әрі дамуына ең үздік нұсқалар жинақтау, келесі оқу жылына мақсаттар мен міндеттер жоспарлау;
Толық педагогикалық үдерістің , оның нәтижелері мен ұйымдастырушылығын талдау өте қиын. Негізгі бірлестіктерді мүшелеу, қызмет бағытының басымдылығын анықтау қажет.
Оқу жылы ішіндегі жұмысты талдау кестесі:
1. балалар ұжымының сапалы мінездемесі.
Сынып саны, жыл ішіндегі оның жұмысының сапасы, балалар ұжымдарының даму деңгейі, өздеріне айрықша көңіл бөлуді қажет ететін көшбасшылар, оқушылар, жұмыс барысында арқа сүйер оқушылар, сыныптар және сынып жетекшілері .
2. оқу мерзімінің бағыттары және өзіндік ерекшіліктері.
Былтырғы оқу жылында қандай мақсаттар мен міндеттер болды, қызметтің қандай бағыттары пайдаланылды, қандай зерттеулер өткізілді, олардың мақсаттары және нәтижелері.
3. жұмыс нәтижесі, мақсаттарға жету, идеялар тарату.
Көздеген мақсатқа жетті ме, жетпесе қандай себептер болды, мектептің қалалық шараларға қатысуы, аға тәрбиешінің жұмысындағы жетістіктер мен кемшіліктер, тәрбиенің қандай түрлері қолданылды.

БАЛАЛАР ҰЖЫМЫ – АҒА ТӘРБИЕШІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗІ.

1 бөлім.
Ұжым - бұл ортақ әлеуметтік маңызы бар, қызметтес, осы қызметті ұйымдастырушылар, бірлік, ынтымақ арқылы ерекшеленетін,жалпы жауапкершілік атқаратын, барлық мүшесіне міндеттер бірдей бөлінетін тәрбиеленушілер тобы.
Ұжым теориясын құрастырған көрнекті отандық педагог өкілі Антон Семенович Макаренко (1888 - 1939).
Ол ұжым өмірінің заңын қалыптастырды: қозғалыс – ұжым өмірінің қалпы, тоқтау – оның ажалы, ұжымның даму принциптерін анықтады (жариялылық, жауапты тәуелділік, болашақ бағыты) ұжымның даму кезеңдерін мүшеледі.
Ұжымның даму сатылары.
1. ұжымның қалыптасуы (алғашқы бірігу сатысы). Ұжымның ұйымдастырушысы – педагог, одан барлық талаптар шығады.
Ұжымда белсенділер анықталып, тәрбиеленушілер бір мақсат негізінде бірігіп, ортақ ұйым, ортақ қызмет жасай бастағагда даму сатысының бірінші кезеңі аяқталды деп саналады.
2. ұжымның құрылымын тұрақтандыру.
Ұжым бұл кезеңде тұтас жүйе сияқты қалыптасады, мұнда өздігінен ұйымдасу және реттелу механизмі істей бастайды.
Педагогтың бұл сатыдағы негізгі мақсаты – ұжымның бар жігерін ортақ мақсатқа жұмылдыру, яғни ұжым не мақсат үшін құрылса, соны шешу болып табылады.
Ұжым дамуының бұл сатысында жарыстар да, ұжым және кей оқушылар арасындағы келіспеушілікті жеңу, жалпы және жеке болашақ жоспарлар, оқушылардың жеке топтары арасында.
3. ұжымның гүлденуі.
Бұл кезеңде ұжым әр мүшесінің жеке дамуының құралына айналады.
Жалпы тәжірибе, құбылыстың біркелкі бағасы – ұжым дамуының үшінші сатысының өзіндік ерекшеліктерінің негізгі белгісі болып табылады.
4. ұжымның дамуы.
Бұл сатыда әр оқушы өзінің нақты қалыптасқан ұжымдық тәжірибесіне айқындалған талаптар қоя біледі, сонымен, тәрбие үдерісі өзін-өзі тәрбиелеу үдерісіне ауысады.
Даму сатыларының арасында айқындалған шектеулер жоқ – келесі сатыға көшу мүмкіндіктері өтілген сатылар негізінде құралады.
Егер тәрбиешіге оқушылармен жұмыс істеу үрдісінде өзінің мақсатына қол жеткізу үшін жаңа ұжым құру қажет болса, онда ұжым қалыптастырудың келесідей жаңа алгоритмі (жүйесі) ұсынылады:
Мен ұжым қалыптастырамын.
1. мен балаларға ұнауым керек.
2. мен оларды танып –білуім керек.
3. мен біз бірігетін қызмет түрін анықтауым керек.
4. мен балаларды осы қызметімізбен айналыстыруым керек.
5. мен бұл қызмет айналасына ұрықты біріктіруім керек – менің жақын көмекшілерімді (белсенділер)
6. мен балалар алдына болашақтағы жарқын және айқындалған жақын мақсатымызды қоя білуім керек.
7. мен қарым – қатынастың түрін анықтап, балалар арасындағы қарым-қатынас түрін бекітуім керек.
8. мен қызмет басқаруды балаларға жартылай беруім керек және өзін-өзі басқару органдарын құруым керек.
9. мен оқушыларға ерекшелік белгілерін ұсынуым керек.
10. мен ұжымның кездесу орнын жабдықтауым керек.
11. мен айрықша дәстүрлерді салуым керек
12. мен барлығына қорғаныс сезімін қамтамасыз етуім керек.
13. мен балалардың тұйық болуын болдырмай, ұжымды жарқындыққа баулуым керек.
14. мен балаларға жолдастар – қызықты ұжым табуым керек.
15. мен бір орында тұрмауым керек. Тоқтау – ұжымның өлгені.

Тәрбиешінің балалар –жасөспірімдер ұжымындағы іс -әрекеті.

Өзінің тәжірибесінде тәрбиеші тұрақты, уақытша ,әр жастағы , бейінді және т.б балалар-жасөспірімдер ұжымдарымен қарым – қатынаста болады. Әр ұжымның негізі – ортақ қызығушылық, ортақ мақсаттар, ортақ іс болып табылады.
Әр мектепте бірлестіктің тұрақты түрде істейтін 5 түрі болады, олар тәрбиешіге өзінің мүмкіндіктерін, бірлестік мүшелері және жетекшілерімен жұмыс, ересектер мен балалардың байланыстарын талаптарға сай жүргізу қажеттігін ұсынады.
Бұлар келесідей бірлестіктер :
- сынып – сабақтық – қатаң түрде бірдей жастағылар, міндетті мұғалімдердің басшылығымен оқушылар үшін, бағдарламалар бойынша ұжым ішіндегі жүйе мен орнын анықтайды, қажет жағдайда тәрбиеші тарапынан көмекке жүгіне алатындар;
- факультативті –үйірмелік - әр жастағылар жиналуы мүмкін, оқушылардың еркін таңдауы арқасында құрылады, толығымен ересек жетекшілердің назарында болады, тәрбиешімен байланыста өздерін еркін ұстайды, тәрбиешінің тапсырмасын орындайды;
- Клубтық –сондай әр жастағылар – балаларды тек еркін таңдау арқасында біріктірмейді, сонымен қатар, клубтың ересектері ұсынатын жалпы мақсатқа бірігеді, қоғамға жақын, тәрбиешілер өз жұмыстарында көбінесе олардың бірлестіктеріне жүгіне алады, клубқа жетекші немесе көмекші ретінде кіре алады;
- Қоғамдық-ұйымдастырушылық – мектептегі оқушылардың өзін-өзі басқару формаларының біріндей болады, мысалы, мектеп республикасы, қолөнершілер қаласы, оқушылар кеңесі, т.б. - әр жастағылар, ересектердің белсенді қатысуымен, негізінен – мектеп мұғалімдері, соның ішінде осы бірлестік белсенділерінің ұстазы, көмекшісі ретінде тәрбиешілерді де жатқызуға болады, олар осы бірлестіктер жұмысына тікелей жауап береді;
- Еркін құрылғандар – қоғамдық ,олар білім беру мекемелерінің пед.ұжымдарынан тәуелсіз, тек аға тәрбиешілер мен үйлестірушілерге, осы бірлестіктің жетекшілері, ұйымдастырушыларына, көмекшілеріне тәуелді болады,
Мектеп бірлестіктеріндегі тәрбиешілердің ұйымдастырушылық қызметі осы бірлестіктердің бағытына қарай әр түрлі. Олардың ортақ ісі – жоспар бағдарламасын дайындауға, шаралар өткізуге жәрдемдесу болып табылады.
Балалар ұжымындағы аутивтің іс -әрекеті.
Актив – ұжымның ең шығармашылық, белсенді мүшесі, өздерінің ұйымдастырушылық мүмкіндіктерін көрсете алатын, ұжым қызметінде алда жүретіндер.
Ұйымдастырушылық қабілеті – бұл жеке тұлғалық қасиет, ол адамға қай істе болмасын жылдам ,әрі сенімді істер атқаруға көмектеседі.
Ұйымдастырушы тұлғаның жалпы сапалары:
Құзырлылық – ұйымдастыру талап ететін істі білу қажет;
Белсенділік –практикалық мәселелерді шешу кезінде жылдамдық әрекеті;
Бастамашылық – белсенділіктің ерекше шығармашылығы, идея, ұсыныстар жасай алады;
Көпшіл – басқаларға ашық, қарым-қатынасқа дайын, адамдармен қатынасқа түсу қажеттілігі;
Ой-пікірлілік – құбылыстардың себебін, негізгісін анықтау;
Табандылық – күш –жігерін , табандылығын көрсету, істі аяғына дейін жеткізе білу;
өзін - өзі қадағалау - өз сезімдерін, қиын жағдайларда өз мінезін қадағалау мүмкіндіктері;
жұмыс істеу қабілеттілігі – шыдамдылық, қиын жұмыс істеу мүмкіндігі, ұзақ уақытқа дейін шаршамау;
байқампаздақ – көре білу, есте сақтау мүмкіндіктері;
өздігінен – шешім қабылдауда тәуелсіздік, мәселе шешу кезінде дұрыс жол таба білу, өзіне жауапкершілік алу;
ұйымдастырушылық – қажетті жұмыс кестесіне өзін бағындыра білу, өз қызметін жоспарлау, жинақылық көрсете білу.

БАЛАЛАР ҰЖЫМЫ - АҒА ТӘРБИЕШІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗІ
2 бөлім .
Белсенділер арасында ұйымдастырушылық қабілеттерін қалыптастыра отырып, тәрбиеші өзінің де жетекшілік ете білу қабілетін қалыптастырады, яғни, ұжым қызметін толық немесе кей түрлерге бағыттай алады : спорттық, қоғамдық – еңбектік, ойын т.б. Ұжымды осылай немесе жеке жұмыс түрлерімен басқара білу белсендіні жетекші ретінде таныта алады.
Ереже бойынша ұжым жетекшісін ұжым мүшелері сайлайды, кей жағдайда тәрбиешінің, педагогтардың, басқа да өзін -өзі басқару органдарының ұсынысымен тағайындалады. Мұндай тағайындаулар балалар бірлестіктерінде, сыныптарда болады. Бірақ, мұнда ұсыныс арқылы тағайындалған балалардан басқа да өте ықпалды тұлғалар – көшбасшылар болуы мүмкін. Көшбасшы ,әдетте, осы ұжым ішінен шығады, ұжымның мүддесі мен мақсаттарын қорғайды, осылай өз жолдастары арасында бейресми жетекші бола алады.Тәрбиешінің міндеті – ұжым арасында осындай көшбасшыларды анықтау, оларға ресми түрде жетекші болуға көмектеседі. Бұл арада нені түсіну қажет :
Көшбасшы – ұжым ішіндегі шағын топ шешімдерін реттейді, ал жетекші ұжымға байланысты барлық мәселелерді реттейді;
Көшбасшы – ұжым ішіндегі қарым-қатынасқа толық тәуелді болады, оның басымдылығы тек бір топта немесе ұжым қызметінің бір көрінісінде ғана бола алады, ал жетекші ұжым ішінде беделді болып танылып, оның көңіл – күйіне тәуелді болмайды, ол өзінің ұжымында ұжымнан басқа, қоғамдық қарым-қатынас нәтижелерін жариялап отырады;
Көшбасшы – бұл заңды жетекшінің көмекшісі, ұжымның мүддесін қорғай алады, ал жетекші ұйымдасқан ұжымның басшысы болып табылады;
Көшбасшы – көбінесе ұжым мүшелерінің көңіл-күйіне бағынады, сондықтан ол ұжым ішінде тұрақты емес, ал жетекші - өзіне сенімді, ұжым ішінде тұрақты, ұжым мүшелерінің көңіл – күйіне тәуелсіз;
Көшбасшы – бұл кішкентай, аз топтың мүддесін қорғайды, ал, жетекші - өз ұжымын қоғамда көрсете алады;
Осындай ерекшеліктерді біле тұра жетекші балалар – жасөспірімдердің қай ұжымында болмасын , қай бірлестікте болмасын өзіне көмекшіні, ұйымдастырушыны тез тауып алады, азғантай топтардың көшбасшыларын анықтай алады, олармен бірлесіп қандай да бір жұмыс түрін істеуді ұйғарады.
Қандай да болмасын бір істе танылған көшбасшы балалар ұжымда, бірлестіктерде, белсенділер арасында өз қызметінің нұсқаушысы болады. Мысалы, туризм жөнінде нұсқаушы, абаттандыру жөніндегі нұсқаушы т.б. басқа балаларды өзінің білгеніне үйрету, шағын топтардың мүддесін қорғау үшін ұйымдастырушы бола алады. Мысалы, звено, экипаж, жас туристер, жас экологтар ,жас коллекционерлер топтары.

БАЛАЛАР ҰЖЫМЫ – АҒА ТӘРБИЕШІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗІ.

Балалар ұжымындағы тапсырмалар жүйесі.
Тапсырма – бұл мақсаттар мен талаптардың тізімімен анықталған міндет, олар жеке тұлға сапасының қандай дәрежеде екенін анықтайды (өздігінен жұмыс істеу, жауапкершілік т.б.).
Балалар ұжымындағы тапсырма – бұл баланың практикалық қызметінің шеңбері. Тапсырма беру баланың ұйымдастырушылық қабілетін, еңбек тәжірибесін шынықтырады.
Тапсырма түрлері :
- тұрақты және уақытша ;
- жеке және ұжымдық ;
- таңдаулы және бекітілген;
- қызмет түрлеріне қарай;
Оқушы жыл бойы орындайтын тапсырмаларды тұрақты деп атаймыз. Бұл өздігінен басқару органдарының қызметімен байланысты тапсырмалар. Бұл сайламалы тапсырмалар – эскадраны басқарушы, топ басшысы, топ командирі, республика президенті т.б.
Уақытша тапсырмалар – бұл мазмұны мен тәрбиелік мәніне қарай қысқа уақытта орындалаиын тапсырмалар.
Тапсырма ұжысға арналуы мүмкін, бұны ұжымдық дейміз, ал бір балаға арналса – жеке болып саналады.
Ұжымдық тапсырмалар :
- ерікті топ (істің мазмұнына барлау жасайды)
- іс Кеңесі (істің дайындығына жетекшілік жасайды)
- шығармашылық шағын топтар (істің жеке бөлшектерін дайындайды)
Жеке тапсырмалар :
- безендірушілер;
- бишілер;
- жүргізушілер;
- аспаздар;
- ди-джей;
- тәртіпті сақтаушылар;
- сыйлықтар шеберханаларының қызметкерлері;
Оқушы өзі- өзіне тапсырма таңдап ала алады, олар – таңдаулы деп аталады. Аға тәрбиеші немесе ұйымдастырушы берген тапсырма – бекітілген болып есептеледі.
Қызмет бағыты бойынша тапсырма түрлерін анықтау мүмкіндігі :
- өзін -өзі басқару органдарының жұмысы;
- еңбек десанттары;
- демалыс шараларын ұйымдастыру,
- безендіру жұмысы;
- жаңа білім іздеу,
- алғашқы көмек көрсету;
- қызықты үзілістер ұйымдастыру,
- әскери-спорттық ойындар ұйымдастыру т.б.
Тапсырма мен міндетті айыру қажет . Егер тапсырма болса, онда ол анықталған міндеттер жүйесі, егер жеке міндет болса, - бұл тапсырманың дара түрі.
Ұжымдық тапсырмалардың мысалдары :
- қабырға газетін шығаруды ұйымдастыру,
- бөбектердің үзілісін қызықты қылып өткізу;
- кітаптар көрмесін өткізу,
- мектеп бойынша жол көрсетушіні сайлау;
- өз аулаларыңда орындықтарды жөндеу,
- өз аулаларыңдағы балалар алаңдарын жөндеу,
ұжымдық өмір мекемелерінің бір белгісі ретінде шығармашалақ тапсырмалардың кезектесуі болып табылады (ШТК). ШТК – балалардың айналасындағылар үшін кезектесіп орындайтын тұрақты істердің жиынтығы. Мұндай тапсырмалар балалардың тұрақты бірлестігінде қалай орындалса, солай уақытша бірлестіктерде де орындалады. Ұжымның жалпы жиналысында – қандай істер тұрақты болады және қандай мерзімге – мысалы, жарты жылға немесе бір жылға, кезектесу болған жағдайда, шағын ұжымдар арасында тұрақты істер-тапсырмалармен айырбас болады, мысалы, шағын ұжымдар мұндай іс-тапсырмалармен аптасына немесе екі аптада бір рет немесе алдын –ала жасалған кесте не жеребей арқылы анықталады. Бір жылға таңдалған тапсырмалар саны шағын ұжымдар санымен бірдей болуы тиіс, әйтпесе, тапсырмалар артық қалады немесе шағын топтар жұмыссыз қалады.
Алғашқы шағын ұжымдардың кезектесіп атқаратын іс – тапсырмалардың нұсқалары:
- кезекшілік
- санитарлар
- кітапханашылар
- гүл өсірушілер
- физоргтар
- ой тастаушылар
- даналар
- журналистер
- тимуровшылар т.б.
Тапсырмалар бойынша қызметтерге жалпы жиналыс, жиындарда баға беріледі. Баға беру талаптарын балалар өздері немесе тәрбиеші анықтауы мүмкін .
- уақытында орындалуы
- шығармашылық мазмұны;
- тату жұмыс;
- әр қайсысы еңбек етті;
- істері айналадағыларға пайда тигізді,
Тапсырмаларға қойылатын талаптар :
1. тапсырмалар айқын анықталып, балаға түсінікті болуы тиіс;
2. айқындалған тапсырманың мақсаты мен қоғамдық ерекшелігін балаларға түсіндіру қажет,
3. тапсырманы орындау кезінде «табыс әрекеті» жасалуы тиіс;
4. тапсырманың орындалғаны жөнінде балалар жолдастары алдында есеп берулері тиіс;
5. тапсырманы тағайындау алдында баланың қабілеттері, мүмкіндіктері ескерілуі тиіс, ол тапсырма балаға ұнауы тиіс;
6. тапсырма баланың шеберлігіне байланысты беріледі;
7. тапсырма баланың жасына сай келуі тиіс,
8. әр тапсырма тұлғаның дамуына өз үлесін тигізуі тиіс;
Тапсырманы мүмкігдігінше ересек адам емес балалар ұжымы берген жөн, сонда орындаушыда үлкен жауапкершілік пайда болып, қызығушылықпен атқарады. Жұмыс әдетінше қарапайым тапсырмалардан басталып, күрделене түседі. Ұжымдағы әр балаға тапсырма берілуі тиіс, кей жағдайда бір бала бірнеше тапсырма орындауы мүмкін. Тапсырманы орындау кезінде тәрбиеші немесе басқа балалар қажет жағдайда көмек берулеріне болады.
Актив мектебінің жұмысын ұйымдастыру.
Тәрбиешінің ұйымдастырушы ретінде жұмысының ең маңыздысы – актив мектебі.
Актив мектебі ,ереже бойынша, жалпымектептік өзін-өзі басқару органдарында немесе қоғамдық бала-жасөспірімдер бірлестіктерінде қызмет етеді. Ол бірнеше бөлімшелерден тұрады, онда актив мүшелері өздерінің анықталған бағыты бойыша қоғамдық еңбекке үйренеді (мысалы, топ командирлерінің секциясы, сынып басшылары, сынып қабырға газеттерінің редакторлары т.б.).
- пресс-орталық – қабырға газеттерінің редакторлары жиналады;
- ойын – ойын ережелерін ұсынушылар жиналады,
- «Қайырымдылық» штабы – мұқтаж адамдарға көмек көрсетушілер жиналады,
- «Тәрбиеші» клубы – бастауыш сынып оқушыларымен жұмысты ұйымдастырушылар;
Тәрбиеші өзі актив мектебінің бар жұмысын ұйымдастырады: ұжымдағы белсенділерді анықтайды, олардың қызметінің бағытын айқындайды, сәйкес секциялар құрады, мұғалім, ата-аналар ішінен секция тәлімгерлерін таңдайды, оларға секция жұмысының мазмұнын жоспарлауға көмектеседі, сабақ кестесін жасайды, өзі бір секцияның жетекшісі болады. Актив мектебінің көпжылдық қызметі көрсеткендей бұл мектептерде сабақты айдың 1 және 3 сәрсебісінде өткізуді тұрақтандыру керек. Сабақты дәстүрлі жобамен бастау (жиылыс, түгендеу, тексеру), сосын секциялар жұмысы, аяқталу мәресі – жиналыс, сабақ нәтижесін сараптау.

Ұжымның алғашқы сабақтары жөнінде.

Аға тәрбиеші – клуб немесе үйірме , актив мектебінің жетекшісі ретінде оқушылармен бірінші сабақ қалай өтсе одан әрі қарай қызметінің табыстылығы анықталады, ата-аналармен балалар арасындағы қарым-қатынас нығая түсетінін білуге міндетті.
Бірінші сабақ барысында педагог келесідей мақсаттарды шешеді:
1. балалардың сабаққа деген оңтайлы көзқарасын орнатады, олардың қызығушылығын арттырады, қажетті білім алуға құштарлығын тудырады.
2. оқушыларды сабақ жоспарымен , топ жұмысының ережелерімен таныстырады;
3. бала жұмыс істейтін ұжым немесе мекеме дәстүрлерімен таныстырады;
4. топ қызметінің мазмұнына қарай баланың білімі мен қабілеттілігін анықтайды;
5. өзара түсіністік пен өзара жауапкершілік қалпын тудырады,
6. топ оқушылары жөнінде бар ақпаратты алады, өзі туралы айтады,
Оқушылар мұндай сабаққа бірінші рет келіп тұр, әрине олар бір-бірі жөнінде, мұғалім жөнінде білгілері келеді.
Бірінші сабақта жақсы жағдай, қалып тудыратын танысудың бірнеше түрін қолдану керек.

Өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру.

Өзін - өзі басқару – бұл өз ұжымының жетекшілігінде және басқаруында балалардың қатысуы.
Күнделікті қызметте оқушылардың өзін - өзі басқаруы келесідей :
- өз ұжымдарының қызметін жоспарлау,
- осы қызметті ұйымдастыру,
- өз жұмысының анализі,
- атқарылған және қабылданған шешімдердің нәтижесін шығару,

Өзін - өзі басқарудың мақсаттары мен міндеттері:

- әлеуметтік шығармашылыққа қолайлы, өзінің, қоғамның және Отанның мүддесіне қатысты жоғары демократиялық мәдениетті азамат тәрбиелеу;
- оқушылардың оқу-тәрбие процесін жоспарлауға қатысуға мүмкіндік беру,
- ұжым мүшелерінің қабілеттілігін дамыту;
- жалпы адами құндылықтарға, ұжым өмірінің қалыптарына оң көзқарас тәрбиелеу;
- қоғамға пайда клтіретін іс табуына көмектесу;

Өзін - өзі басқарудың құрылымдары.

Мектептегі өзін-өзі басқару құрылымына заңнамалық органдар, атқару органдары, өкілдер институты кіреді.
Мектеп ұжымының жоғарғы органы жиналыс болып табылады.
Жиналыс арқылы әр оқушы ұжым қызметінің мәселелері бойынша, шешім қабылдауға құқық беріледі;
Жиналыс жылына 1 реттен кем өтпеуі тиіс.

Жиналыс қызметтері :

- Оқушылар ұжымының қызметін айқындайтын құжаттарды айқындайды және бекітеді;
- өзін-өзі басқару органдарының шешімдерін тыңдап, ұжымдағы оқушылардың қарым-қатынасын анықтайды;
- өзін-өзі басқарудың атқару органдарын сайлау;
- сайланған актив мүшелерінің міндеттерін анықтайды;
- ұжым жұмысының нәтижесін шығару;
- ұжым жұмысына баға беру;
- сыныптарды, топтарды, жеке оқушыларды марапаттау;
Заңнамалық орган – жиналыс. Атқару органдары болуы керек.
Бұл кеңес, оқушылар комитеті, министрлер кеңесі, магистрат болуы мүмкін.
Атқару органдарының атаулары әртүрлі болуы мүмкін, бірақ олардың қызметтері бірдей болады:
- ұжымның қызметін ұйымдастыру,
- оның мүшелеріне қызметі жағынан қажетті жағдайлар жасайды;
Заңнамалық жиналыс атқару органдарының басшысын сайлайды: председатель, президент, бас қолбасшы, премьер-министр т.б.
Атқару органы кезінде қызмет түріне қарай тұрақты бөлімшелер қалыптасады, мысалы, «Қамқорлық», «Олимп», «Пресс-орталық», «Қарым-қатынас». т.б.
Олар келесідей аталулары мүмкін: сектор, штаб, орталық, министрлік, комиссия т.б.
Олар үшін мектеп кеңесі қызмет анықтайды, яғни, аталмыш бөлімшелер немен айналысады.
Бұл нұсқаулық, ереже ,жадынамалар болуы тиіс.
Мысалы, «Қамқорлық» орталығында «Іздеу» штабы жұмыс істеуі мүмкін, «Сенім» телефоны, «Қайырымды істер бюросы» , «Ардагер» клубы, «Балдәурен» клубы.
Бұл бөлімшелердің барлығына педагог –тәлімгер тағайындалады.
Өзін - өзі басқару ұйымындағы аға тәрбиешінің әрекетін анықтау қажет. Ағымдағы істерді дайындау үшін негізгі құрылымдық бөлімшелермен бірге уақытша, жылжымалы топтар және шағын ұжымдар құрылуы мүмкін, мысалы: іс кеңесі, бастама топ т.б.
Мектеп кеңесі оларға ережелер құрады.
Сынып мектептің өзін-өзі басқаруының негізі болып келеді. Жалпы мектептік өзін-өзі басқару құрылымынан шығып сыныптар мемлекетке, қалаларға, топтарға айналуы мүмкін.
Шағын ұжымдар – бұл сыныптың басты жұмыс ұжымдары.
Мұндай шағын ұжымдарды қалай атауға болады.
Біздің ұсыныстар : звенолар, достастықтар, серіктестіктер, бірлестіктер, экипаждар,бригадалар т.б.
Шағын ұжымдар келесідей принциптерге құралады:
-достық (кім-кіммен достасса)
-мекен-жай (бір көше, бір үй)
-қызығушылық (кім немен айналысады)
-қызмет мазмұны (кім бірдей тапмсырма орындайды).
Оқушылардың өзін-өзі басқару жүйксінде өкілеттік институтының алатын орны ереше. Оған атқару органына сайланғандардың барлығы кіреді. Олардың арасында тапсырмалары, лауазымдық міндеттері бөлінеді.
Мысалы, біздің мектепте «Тәртіп және ереже» комиссиясы жұмыс істейді.Бұл комиссияның міндеттерінің бірі: мектеп бойынша сыныптардың кезекшілігі.
Жадынама .
Саған маңызды және жауапты іс тапсыры.
«Тәртіп және ереже» комиссиясы 2 аптада 1 рет ,сейсенбі күні сағат 13.30-да жиналады.
Сен міндетті түрде қатысуың керек.
Сенің міндеттеріңе кіретіндер:
-сыныптарды кезекшілікке жауаптылардың міндеттерін ұйымдастыру;
-оқу ісінің меңгерушісімен бірлесіп кезекші сыныптар кестесін құру;
-кезекшіліктің өтуін қадағалау,
-сыныптар кезекшілігінің қорытындысын шығару,
Өзін – өзі басқару жүйксіндегі маңызды нәрсе – тапсырма.

Тапсырма жүйесіне жататын принциптер:

-Сабақтастық ;
-қарапайымнан күрделіге ауысу;
-бұқаралық;

ТӘРБИЕШІНІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТІ.

Тәрбиешінің әдістемелік қызметіне кіретіндер:
-өз ықыласы бойынша үнемі сынып жетекшілеріне, тәрбиешілерге, тәрбие жұмысы бойынша жеке ұстаздарға, топтарға, бірлестіктерге бос уақытты тиімді әрі қызықты етіп өтуіне көмек көрсету.
- тәрбиеші міндетіне кіретін мәселелер бойынша пед.кеңесте, мәжілістерде, сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестіктерінде есеп беру, кеңес айту, әдісімен бөлісу;
-мектептің әдістемелік жұмысына қатысу;
-өз қызметін, балалар ұжымының қызметін, бірлестіктердің, олардың ата-аналарының тәрбиешілердің, белсенділердің жұмысын талдайды,
-басқа мектептегі әріптестерінің тәжірибелерімен танысады, оны өз жұмыснда қолдагады;
-әдістемелік көрмелер, конкурстар, байқаулар ұйымдастырады;
-өздігінен білім алуды одан әрі жалғастырады, біліктілік аттестациясынан өтуге дайындалады, тәрбиешілер шеберлігінің байқауына қатысады;

БАЛАЛАР ҰЖЫМДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТ БАҒДАРЛАМАСЫ.

Мектептің және балалар бірлестіктерінің негізгі өміршеңдігі - олардың қызметінің бағдарламасы болып табылады. Мектепте ,балалар бірлестіктерінде жұмысқа кірісер алдында тәрбиеші міндетті түрде бағдарламамен танысады; аймақтық, мектептік, жеке бірлестіктер, қажеттісін өз бағадарламасына қосып,өзінің авторлық бағдарламасын құрады.
Балалар – жасөспірімдер ұжымдарының,бірлестіктерінің бағдарламасы келесідей талаптарға сай болады;
-мектептің, бірлестіктің, ұйымның Жарғысына сәйкес болады,
-жан-жақты даму үстінде болады,
-тарату мерзіміне анықталады: ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді, деңгейлік те болады;
-ұжымның дамуына өз жобасын дайындайды;
-балалар-жасөспірімдер ұжымының , оның мүшелерінің мүмкіндіктеріне сай жобалар , бағдарламалар жасайды,
-өз ісінің жүйесінде қоршаған қызмет, пайдалы істерге қамқорлықты ұсынады;

Қызмет алгоритмі

1.Мақсат қойыңыз, не істеу керектігін анықтаңыз (идеялар тастау, істі барлау).
2.Барлық істі, жеке тапсырмаларды кімнің қадағалайтынын анықтаңыз (штаб, кеңес, т.б)
3.Барлық жоспарланған істерді бөлімдерге бөліңіз, орындалу жоспарын құрыңыз(дайындық кезеңдері,істі өткізу)
4.Істердің кезеңдермен орындалуы жөнінде тәжірибелі адамдармен кеңесіңіз.
5.Шағын топтарға бөлініңіздер (экипаж, команда, патруль, жұлдызшалар т.б)
6.Шағын топтар ,олардың ішінде жеке балалар арасында міндеттерді бөліңіз.
7. Тапсырманы қалай орындайтындарыңызды шешіп алаыңыз :жалпы жиында, шағын топтар жиналысында ;
8. Жұмыс шарты талап етсе, өзгерістер енгізуге болады.
9.Кімнің қалай жұмыс істейтінін ескеріңіз (ең белсенділерді үздіктер белгісімен марапаттау)
10. Істің қорытындысын шығарыңыз, барлық кезеңдерді талдаңыз, келешекке ұйғарым жасаңыз;

Жұмыс кезінде адамдармен қатынастың негізгі ережелерін есте сақтаңыз.

• Сыпайы және әдепті болыңыз.
• Әрқайсысының көзқарасын ескеріңіз.
• Өз ойыңызды нақты әрі түсінікті етіп жеткізіңіз.
• Әділ әрі шыдамды болыңыз.
Бұл ережелерге сіз өз қызметіңізге қажет болатын ережелерді қосуыңызға болады.

Ұжымды басқару ерекшеліктері -1 бөлім.

Балалар ұжымы
Нағыз, біріккен ұжым бірден қалыптаспайды, ол біртіндеп, кезеңдеп қалыптасады. Ұжымның дамуының деңгейін ескеріп, тәрбиеші олаға жетекшілік етуге түрлі тәсіл қолданады. Басқарудың бірнеше тәсілдерін қарастырайық:
Бұйрық беру:
- Мақсатты нақты қойып, балаларға нұсқау беріңіз;
- Нұсқаулықты жиі өткізіңіз;
- Балалардың тапсырманы түсінгендерін тексеріңіз,
- Әр орындаушымен оның әрекетін қайталаңыз;
- Тапсырманың орындалуын қадағалаңыз;
- Жақсы орындалған тапсырмалар мен қателіктерді белгілеп отырыңыз;
- Талап ете біліңіз;
-
Ынталандыру және тапсырма бөлу:

-жұмыс барысында балалардың жеке жұмысын , жұмыс мазмұнын бағалаңыз;
-жалпы қызығущылықты анықтаңыз;
-қажет жағдайда тапсырма беріңіз;
-тапсырмалар нақты орындалуын қадағалаңыз;
-басқалардың көзінше мақтаңыз;
-кемшіліктерін жеке айтыңыз;
-көзге түскендерді мадақтаңыз;
Шешім қабылдауға қатысу:
- Жетістігін анықтамай-ақ мақсат қойыңыз;
- Тура нұсқаулық пен бақылауды шектеңіз;
- Өзін-өзі бақылау жүйесін құрыңыз,
- Жеке проблемалар жөнінде кеңестер өткізіңіз:;
- Айтылған ескертулерді жылы қабылдаңыз;
- Бақылаудан тыс қалмаңыз;
-
Өкілеттілікті тапсыру:

-егер балалар қажет тесе, өз көмегіңіз бен кеңесіңізді көрсетіңіз;
-Аса қажет болмаса , іске араласпаңыз;
-Қадағалауды әлсіретпеңіз;
-баланың мүмкіндігі мен тапсыпманың күрделілігін өлшеңіз;
-балаларды мүмкіндігінше жиі мақтаңыз;

Ұжым жетекшілігінің ерешеліктері – 2 бөлім.

Педагогикалық ұжым
Қарым-қатынас процесінде адамдардың неліктен қателесетінін, басқа адамның оған баға беру факторы жөнінде ойланғанымыз абзал болады.

Сонымен , біздің ойымызша басқа адам және оның мінез-құлқы жөнінде не білеміз?
Р.Л.Кричевский келесідей факторларды қарастырады:
1. Тұрмыстық таптаурын. Басқаларға баға бермес бұрын , оның істеріндегі жайттарға үңіліп, олардың қандай-да бір болмасын тұрмыстық «мөрге» тәуелді болып, еріксіз құрбан болуын анықтау;
2. егер сіз адамды танымасаңыз немесе жақсы білмесеңіз ол туралы қате пікір айтуға асықпаңыз, арандату оңай, одан құтылу оңайға соқпас;
3. адамның эмоциональды жағдайы. Егер біздің кеудеміз қканышқа толы болса, онда бұкіл әлем қызғылт түске боялғандай көрінеді. Керісінше, адам жабырқаулы болса, жанын бірдене мазаласа, әлем түсі сұрғылтқа айналады. Біз осыны үнемі есте ұстаймыз ба ?
Қарым-қатынас кезінде біз тұлғаның жан-дүниесін түсініп қана қоймай, оның мінез-құлқына жауап аламыз. Бір адамның табыстылығы мен екінші адамның сәтсіздігі немен байланысты? Бұл сұрақтарға жауапты біз қателіктерді мойындасақ қана таба аламыз.
Бірінші қателік. Біз өз табысымызға өзіміз қол жеткіщдік деп тура айта алмаймыз (мен өз ынтам арқылы табысқа жеттім), ал сәтсіздіктер –жағдай себептерінен (жағдай мәселелеріне қарай мен сәтсіздікке ұшырадым).
Екінші қателік. Біз ойлағандай бәрі де солай ойлайды, деп біз жиі ойлаймыз, бұл қателік «өтірік келісім» .
Үшінші қателік. Бұл қателік «рольдік мінездің әртүрлі мүмкіндіктері». Атқаратын әлеуметтік ролі адамға өзінің мүмкіндіктері мен кемшіліктерін жасыруға көмектеседі.

Басқа адаммен қарым-қатынас құру үшін не қажет?
1. Тәрбиеші міндетті түрде жетекшімен және әріптестерімен сәйкес қарым-қатынасқа өзін-өзі дайындау керек. Сол ниетпен сіз өзіңіздің қарым-қатынасқа дайын екендігіңізді көрсетесіз.
2. Әріптесіңіздің жеке ерекшеліктерін моделдеу. Күнделікті қызметте араласатын адамдардың көзқарасын ескеру қажет.
3.Әріптестерге қолқа салғанда біз өзіміздің өтінішіміздің ол адамға қаншалықты әсер ететінін ойланбаймыз. Өзіңді басқа біреудің орнына қоя білу керек емес пе?
4. Біз өзімізді талап бойынша көрсете білуіміз керек. Балалар лагерінде өзіңді әртүрлі жолдармен көрсете аласың: адамға өтініш жасау, онымен қарым-қатынасың.
Өзара түсінушілік жолында түрлі қиындықтар кездесуі мүмкін:
• Түсініспеушілік. Кей адамдардың не ойлап, нені қажет ететіндерін ашық айтпауы. Басшыға өз ойыңдағыны емес, нені айту қажет ,соны айтумен ғана шектелуге тырысу. Кері байланыстың болмайтыны. Әріптесіңді тыңдау білмеу.
• Коммуникативтік кедергілер. Адамдардың жеке ерешеліктері (кейбіреулер ұяң, кейбіреулер шешім қабылдай алмайды, шектен тыс ұялшақ, шектен тыс мазасыз, ашушаң, ұрысқақ.);

Ұжымды басқару ерешеліктері – 3 бөлім.

Психологтар қарым-қатынас құру жетістіктерінің бірнеше түрін ұсынады:
1.Өзіңізді басқа адамның орнына қойып көріңіз. Олар өмірге қалай қарайды?
2.Ол өзінің күш-жігерін қайда жұмсайды, соны ойлаңыз.
3.Бұл адамның мінез-құлқына не әсер ететінін байқаңыз.Оның өміріне өзгеріс енгізетін жағдайлар бар ма екен?
4.Ашық қарым-қатынас құруды жоспарлаңыз. Бұл әрқайсыңызды басқа біреумен мәмілеге келуге шақырады. Тәрбиеші жұмысында түрлі жағдайлар кездеседі: көңіл-күй көтеру, қолайсыз эмоциональды немесе басқа да жағдайларды тоқтатуға тура келеді. Р.Л.Кричевский өзінің «Егер сіз жетекші болсаңыз...» кітабында жақсы көңіл-күйдің бірнеше түрін көрсетеді. Соған жүгінейік.

Жақсы көңіл-күйдің компоненттері:

• Адами қарым-қатынас.
• Бақытты адамдар ортасында болу
• Өзіңнің әңгімеңмен жұртты қызықтыра білу
• Жолдастарыңның ортасында болу
• Адамдарға бақылау жасау
• Ашық әңгімелесулер
• Өзіңнің махаббатыңды көрсете білу
• Біреуге мақтаулар, мадақтаулар айта білу
• Шай үстінде әңгімелесу
• Басқаларға көмек көрсете білу
• Жаңа достар таба білу
• Күлкі
• Жақсы бірнәрсе ойлау
• Әдемі пейзажды тамашалау
• Таза ауаны жұту мүмкіндігі
• Таза киімді сезіну
• Түнде жақсы түстер көру
• Сүйікті әнді тыңдау
• Жымию
• Отбасыңның және жақындарыңның қолайлы екендігін білу
• Дене шынықтырумен айналысу
• Өз пікіріңді ұстана білу
• Қандай да бір шараны жоспарлау және ұйымдастыру
• Өз ойыңды дәлдеп жеткізу
• Мақтаулар мен мадақтамалар алу
• Өз жұмысыңды сапалы орындау
Ұжымда жұмыс істей жүріп әріптестеріңізбен және басшылармен қарым-қатынасыңызды оңтайлы жолға қоя біліңіз. Пайдаланыңыз :

«Өмірге деген данагөй көзқарастың принциптері »

1. Негізгіні қосымшадан айыра білу;
2. Түрлі жағдайларға әрекет етудің мөлшерін білу;
3. Проблемаға жан-жағынан қарай білу;
4. Өзіңді күтпеген жағдайларға дайындау;
5. Басқаларды түсінуге тырысу;
6. Болып жатқан құбылыстардан жағымды тәжірибе алу;
Жетекші үшін бағыттар (директор үшін де ,тәрбиеші үшін де пайдалы)
Жетекші үшін қызметте ең маңыздысы өзінің қол астындағыларды жете білу –қызметтің жақсара түсетінін дәлелдейді. Бұл балалардың болсын, ересектердің болсын жеке еңбегінің сапасын бағалауға мүмкіндік береді, оларға қажетті сәтте көмектесуге мүмкіндік береді. Бұдан басқа , білікті жетекші әр мінезді адамдармен қарым-қатынас жасауға және проблемаларды ескертуге толық мүмкіндік алады. Мұндай қарым-қатынастар жетекшіге лагерь өмірінің қызығымен қатар қиындықтарын бөлуге мүмкіндік береді.
Аз ғана тәжірибесі бар жетекшіге көмек, кеңес беретін бірнеше принциптер бар:
1. Сенім . бұл фактор персоналмен жұмыста орнатылған қарым-қатынастың негізгісі.
Персонал мүшелері жетекшіге сеніммен қарап, проблемаларды еш эмоциясыз , оңай шешуге болатынын түсіну қажет.Олар сонымен қатар, жетекші проблемаларды басқаларды қатыстыра отырып, жан-жақты қарастыратынын, түрлі жәрдем көрсете алатынын білулері керек. Персоналмен қарым-қатынастағы осындай сенімді сақтау үшін , жетекші олардың жұмысының сапасын зерделемей-ақ , бағалап, сыйлайтынын көрсете білу керек. Кейде жетекшіге мұндай қарым-қатынасты сақтау қиындықтарға әкеп соғады, бірақ, мұндай тәртіп персонал мүшелерінің және жетекшінің арасындағы сыйластықтан тамыр алу қажет, сонда олар түрлі жайсыз жағдайларды, ұрыстарды болдырмайды.
2. Көңіл білдіру. Жетекшіге немесе немесе бақылауда болуға үйренбеген персоналмен тез байланыс және еркін қарым-қатынас құра білу сапасы әр жетекшіде болу қажет.
3. Күйзелісті бөлісе білу. Жетекші әр персоналдың жан дүниесін түсіне білу керек. Атқарылған жұмыстың бағасын жеке және ұжым алдында талдау. Персоналдың атқарған жұмысын үнемі мақтау , оған қажет жағдайда сынды да көтере, түсіне білуге көмектеседі. Сонымен қатар, жетекшіге жеке топтың өміріне немесе ереше бір жұмыс түрлеріне көңіл аударып отыру пайдалы. Егер ,персонал мұндай әрекет тек жақсы ықылас екенін түсінсе, ол бірте-бірте үйреніп, мұндай тура бақылауға күйзелмейтін болады. Егер, персонал қызметіне бұрын бақылау жүргізілмесе, онда мұндай бақылау элементтерін оқу кезінде топпен бірлесіп шешу қажет.онда жүмысты бағалауда кездесетін ,көпшілік күткен жағымды жақтарын айту қажет.

Тәрбиешінің табысты жұмысына баға беру.

Балалар лагерінде жұмыс істеген кезде ,тәрбиеші өзін педагогика және психология жағынан көрсете білу керек, әр жастағы балалармен жұмыс істеу әдісін білу, практикада теориядан алған білімін іске асыра білу қадет. Әкімшілік келесідей баға бере алады :
Практикада психологиялық және педагогикалық білімін жете қолдану, әр жастағы балалар мен жасөспірімдердің ерешеліктері.
Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі талаптарын қолдану;
Диагностика өткізу;
«Ұялшақ», « жалғыз», « ұяң» балаларды бос уақытты қызықты өткізуге қатыстыру;
Оқыстан болған жағдайларды шеше білу;
Әкімшілік шешіміне бағыну;
Балаларды біріктіруде өз мүмкіндіктерін қолдана білу;
Балалармен жұмыс барысында жеке және ұжымдық нысандарды жоспарлау және тарату,
Өзіне жауапкершілік алу;
Бірлескен қызметке өзіндік баға беру, өзіндік анализ жасау;
Категория: Дополнительное образование | Добавил: manynja (24.04.2012) | Автор: Снегирева Майя Николаевна E
Просмотров: 42092 | Рейтинг: 3.3/13
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz