Главная | Регистрация | Вход | RSSПонедельник, 05.12.2016, 01:23

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Панорама [9]
Образование: модели и методы [60]
Управление [1]
Событие [18]
Воспитание и социализация [40]
Ступеньки к школе [11]
Профессиональное обучение [31]
Коррекционная педагогика [17]
Дополнительное образование [101]
Психологическая служба [47]
Родительское собрание [12]
Автограф на память [13]
Семиречье - взгляд сквозь годы [10]
Хочу поделиться [80]
Хроника [0]
Воспитание о образование в разных странах [2]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1521
Статистика

Онлайн всего: 5
Гостей: 5
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Рубрики журнала » Дополнительное образование

Ғылыми жоба : Менің көшем - Алаша хан көшесі
Ғылыми жоба «Менің көшем – Алаша хан көшесі»

Автор:Сорокин Иван,
2 «А» сынып оқушысы
№ 4 орта мектеп

Жетекшісі:
Есенберлина Айнұр Ермекбайқызы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнің мұғалімі.

№ 4 орта мектеп
Жезказган қаласы
2012 жыл мамыр

тараулар Мазмұны бет
I Кіріспе 3

Өзектілігі 3

Проблемасы мен гипотезасы
Мақсат және міндеттері 3

II Негізгі бөлім 4

Өзің таныстыру 4

Жезқазған қаласы туралы 4

Мұражайлардағы мәліметтер 5

Жезқазған қаласының көшелерін қалай бөлген?
Нешеге бөлген? 5

Алаша хан көшесінде нелер бар? 6

Мектептің және қалалық кітапханадан не білдік? 7

V. Қорытынды 8
Алаша хан кім болған?
Алаша хан мазары қайда орналасқан ? Оны кім салған?
8
VI. Пайдаланған әдебиеттер 9
VIII. Глоссарий 10
VII Приложения 11

Ғылыми жоба “Менің көшем - Алаша хан көшесі”

3
І.Кіріспе.

Өзектілігі
Туған жердің тарихын білу әркімнің міндеті.Менде өз туған жерімнің тарихын , әсіресе көшемнің тарихын зерттедім. Және мынадай өзекті мәселелер туындады.
• Көшелерге неге белгілі атаулар қойылады?
• Алаша хан көшесі қалай пайда болған ?
• Алаша ханның тарихы жайлы және қазіргі мұрасы қандай?
Тақырыбым “Менің көшем - Алаша хан көшесі” неге осы кісінің атауы берілген, оның тарихта орны қандай?, қазір қаншалықты оны есте сақтаймыз , құрметтейміз. Ата – баба мұрасын құрмет тұту қаншалықты жүзеге асып жатыр , міне , осындай сұрақтар қарастырылады.
Осыдан шығатын мәселе:
Проблема:
• Ұлы ата – бабаларымыздың ерлігің ұмыт қалдырмау үшін қазіргі дамыған заманда қандай шаралар жүзеге асып жатыр?
Біз алдымызға мынадай мақсаттар қойдық:
Мақсат:
• Алаша хан туралы толық мағлұмат алу
Міндеттер:
• Алаща хан көшесінде нелер орналасқаны туралы мәлімет қарастырылады.
• Алаша хан мазары жайлы сыр шертемін.
Гипотеза:
Егер біз , жас ұрпақ өткен тарихымызды ұпытпай, үнемі ескеріп, “есті болсақ” онда біз ата – бабамыздың аманатын қор қылмай Қазақстанның болашағын одан әрі өркендетер едік.

4.
II. Негізгі бөлім

Мен Сорокин Иван Жезқазған қаласының №4 орта орыс мектебінің 2 “А” сынып оқушысымын. Мені өз көшем неге Алаша хан деп аталады деген сұрақ мазалады. Осы сұраққа үнемі жауап іздеумен болдым. Маған осы ойымды жүзеге асыру үшін қазақ тілінен сабақ беретін менің ұстазым – Есенберлина Айнұр Ермекбайқызы көмектесті. Біз мектептің , қаламыздың кітапханаларына барып әр түрлі кітаптардан мәліметтер іздедік, интернеттен материалдар, қалалық әкімшіліктен архивтерді қарадық. Алаша ханына арналған мазар жайлы көп аңыздар оқыдық, маған ұнағаны соншалық, мен сол мазардың суретін салдым және өз көшемді – Алаша хан көшесінің суретін салдым. Мен өз көшемді мақтан тұтамын.

Жезқазған қаласы қашан пайда болды?
Жезқазған-Қарағанды облысындағы қала, темір жол стансасы. Қазақстандағы түсті металлургияның ірі орталығы. Сарыарқаның батысында, Ұлытау тауларының оңтүстігіндегі Қарақеңгір өзенінің бойындағы Кеңгір бөгенінің оңтүстік-батыс жағалауында орналасқан. Тұрғыны 96 мың адам . Іргесі 1939 жылы 3 мың халқы бар Кеңгір ауданының орнында тұрғызылған. 1941-54 жылдары Үлкен Жезқазған кенті аталды. 1954 жылдан қала мәртебесін алды. 1973-97 жылдары Жезқазған облысының орталығы болды. Қалада «Қазақмыс» корпорациясы, «Казкат» біріккен кәсіпорны, «Жезқазғансирекметтал республикалық мемлекеттік кәсіпорны», «Кеңгір» химия өндірістік кәсіпорны, «Ұлытау» қазақ-қытай біріккен тоқыма-киім тігу және тағы басқа бар. Қалада түсті металлургия ғылыми-зерттеу институты, Жезқазған университеті,ботаника бағы, медициналық. колледждер, 36 мектеп, 10 аурухана, 47 амбулаторлық пункттер, 13 кітапхана, 3 мұражай ,кино көрсету қызметін жүзеге асыратын 2 мекеме,1 театр,1 концерт залы жұмыс атқарады.
Қала 1954 жылы құралды. Қала аумағы 1,8 мың шаршы километрге тең.
Қала халқының саны 2007 жылғы 1 қаңтарда 97,3 мың адамды құрады.
Қалалық әкімшілікте 3 ауылдық округ, 18 ауылдық елді мекен бар.
Есептілік деректер бойынша 2007 жылдың басына қалада тұратын халық санының
60,0%-ы қазақтар
27,8%-ы орыстар
1,4%-ы немістер
1,3%-ы татарлар
4,1%-ы украиндер
0,9%-ы белорустар
4,5%-ы басқа ұлт өкілдері тұрады.
Қалада:13 кітапхана,6 клуб типті мекеме,3 мұражай,кино көрсету қызметін жүзеге асыратын 2 мекеме,1 театр,1 концерт залы жұмыс атқарады.

5
Мұражайдағы мәліметтер
Жезқазған облыстық тарихи-өлкетану мұражайы 1978 жылы 10 мамырда Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің шешімімен Жезқазған кен-металлургия комбинатының тарихи-өндірістік мұражайының негізінде құрылған. 1997 жылдың 4-ші шілдесінде Жезқазған облысының таратылуына байланысты мұражай тарихи-археологиялық болып аталды.
Мұражайдың жалпы көлемі — 940,3 ш.м, экспозиция — 413,2 ш.м,
қор сақтау бөлімдері — 129,2 ш.м.
Мұражай жұмысының негізгі бағыттары – ғылыми зерттеу, жинақтау,
тіркеу-сақтау, экспозициялық және насихаттау жұмыстары.
Мұражай қызметкерлері «Қазақстанның мәдени мұрасы» бағдарламасын іске асыру мақсатында Ұлытау-Жезқазған өңірінің тарихи-мәдени ескерткіштерінің тарихын насихаттау, дәріптеу мақсатында Алашахан, Жошыхан, Домбауыл мазарлары, Теректі-әулие мекені бағыттары бойынша экскурсиялар жүргізді.
Айбас-Дарасы археологиялық кешеніндегі барлау жұмыстарының қорытындысы бойынша ғылыми кеңестің кеңейтілген отырысы өтті. Отырысқа Ә.Марғұлан атындағы Археология институтының мамандары: тарих ғылымдарының кандидаты, ғылыми қызметкер Д. Байтлеу, кіші қызметкерлер А.Бірмұқанова мен Ж.Қалиева қатысты.
Жезқазған кен орындарында мыс кенін өндіру көне дәуірде басталған. Тас үйінділері арқылы ертедегі кен қазушылар 1 млн. тоннадан астам тотыққан мыс кенін өндіргені туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді .1772 жылы капитан Н.Рычковтың 1771 жылғы қырғыз-қайсақ даласына саяхатынан күнделік жазбалары кітап болып шыққан, онда Жезқазған мыс кен орны туралы тұңғыш жазылған.1847 жылы орыс өнеркәсіпшісі Н.Ушаков Жезқазған мыс кен орнын ресми тіркетті.1912 жылы желтоқсан айында «Спасские медные руды» акционерлік қоғамыныңың жиналысы Жезқазған мыс кені негізінде мыс қорыту зауытыныңың және байыту фабрикасының құрлысын бастау жөнінде қауылы қабылданады.1925 жылы 10 маусымда «Атбасцветмет» тресі құрылып, оның құрамына Қарсақбай мыс зауыты, Байқоңыр көмір ошағы және Жезқазған мыс кеніші кірді.1928 жылғы 19 қазанда Қарсақбай бірінші мыс балқымасы алынды.
1929 жылы Қ.И.Сәтбаев «Атбасцветмет» тіресінің геологиялық барлау бөлімінің бастығы және бас геологы болып тағайындалды.1934 жылы Москвада КСРО Ғылым Академиясы қазақстандық базасы ғылыми кеңесінің Үлкен Жезқазғанның мәселелеріне арналған сессиясы болды.
1937 жылдың қараша айында кең табанды темір жол Жезқазғанға дейін салынды.
1954 жылы 20 желтоқсанда Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының жарлығымен Жезқазған қаласы құрылды.
1960 жылы 8 желтоқсанда Жезқазған телевизия студиясы жұмыс істей бастады.
1963 жылы Жезқазғанда екінші байыту фабрикасы іске қосылды.
1964 жылдың наурыз айында Жезқазған кен-металлургия академик Қ.И.Сәтпаев есімі берілді.
КСРО Жоғарғы Советінің Президиумы 1966 жылғы 14 мамырдағы жарлығымен мыс кенін өндіру мен өндеудегі, жаңа техниканы енгізу - дегі үздік табыстары үшін Жезқазған кен-металлургиялық комбинатын жоғарғы дәрежелі үкімет марапаты – Ленин орденімен марапаттады. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумы 1966 жылғы 13 тамыздағы жарлығымен түсті металлургия базасын салып дамытқаны және Үлкен Жезқазғанның күрделі құрлыс жоспарын нәтижелі орындағаны үшін «Қазмысқұрлыс» («Казмедьстрой») тресінің ұжымы Еңбек Қызыл Ту орденімен марапаттады.

1970 жылы Жезқазған түсті металл ғылыми-зерттеу, жобалау институты құрылды.
1971 жылы наурыз айында мыс қорыту зауытының бірінші кезегі қатарға қосылды.
1973 жылы қала әуе жайында «Ту - 154» жолаушы ұшағы қонды.
1987 жылы кен-металлурия комбинаты мен түсті металлургия ғылыми зерттеу және жобалау институты бірігіп, «Жезқазғанцветмет» ғылыми-өндірістік бірлестігі құрылды.
1992 жылы орталық мешіт ашылды.
1993 жылы Жезқазған облыстық автомобиль жолдары басқармасы «Жезқазған жолдары» ашық акционерлік қоғам болып қайта құрылды.
1993 жылы 30 маусымда қазақ – түрік лицейі ашылды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылдың шілдесіндегі қаулысымен «Жезқазғантүстіметалл» акционерлік қоғамы шетелдік «Самсунг» компаниясына басқаруға берілді.1996 жылы тамыз айында халықаралық талапқа сай «Қазақмыс» корпорациясының медициналық орталығы салынды.
ҚР Үкіметінің 1996 жылғы мамырдағы қауылысымен Ө.Ә.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті құрылды.1996 жылы тамыз айында халықаралық талапқа сай «Қазақмыс» корпорациясының медициналық орталығы салынды.
1997 жылы «Сарыарқа», «Подробности», «Жезказганская газета» газеттері шыға бастады.
1997 жылы жазда қалалық атқарушы орындардың тұрғын үй – коммуналдық шаруашылықты реформалау тәжіриебесін үйреніп зерттеу мақсатында Жезқазғанда облыстық семинар – кеңес өтті.
1998 жылдың сонында «Қазақмыс» корпорациясының барлық кәсіпорындарының құрылымдарын қайта құру аяқталды.
1999 жылы сәуір айында қаламызда Қ.И.Сәтпаевқа ескерткіш орнатылды.
2001 жығы мамырда «Қазақмыс» корпорациясы «Wored Quality Commitment Award» (жоғары) сапалы өнім үшін алтын дәрежесі белгісімен марапатталды.
2001 жылы мамыр айында православия шіркеуі салынды.
2001 жылдың 21 маусымында № 8 орта мектеп мектеп-гимназия болып, 2001 жылдың 6 қазанында № 7 орта мектеп мектеп-лицей болып құрылды.
2002 жылы Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті өндіріске сапалы мамандар дайындағаны, ғылымды және білім беруді дамытқаны үшін Франциядағы «Өнеркәсіпке ықпалдасу Ассоциациясының «Алтын медалімен» марапатталды.
2002 жылы қараша айында құрылыс материалдарын сататын «Парасат – Декор» сауда орталығы ашылды.
2002 жылы желтоқсанда «Сарыарқа» мәдини-демалыс орталығы ашылды.
2003 жылы қалада орталық әмбебап дүкені, «Нұр», «Самади» сауда үйлері бой көтерді.
2003 жылы наурызда «Менің ауылым – менің алтын бесігім» атты тақырыппен республикалық ақындар айтысы өтті.

Жезқазған қаласының көшелерін қандай топтарға бөлген?
Жезқазған қаласының көшелерін 7 топқа бөліп қарастыруға болады:
1. Тарихи оқиғаларға байланысты
2. Тарихи тұлғаларға байланысты
3. Жер – су аттарымен аталған
4. Мемлекеттік дәрежедегі қоғам қайраткерлерімен аталған
5. Қаламыздың қайраткерлеріменбайланысты
6. Алғашқы құрылыс мамандықтарына байланысты
7. Өзге ұлт өкілдерінің көрнекті тұлғаларымен байланысты
Осының ішінде біз тұлғаларға байланысты топтастырғанынына орай , яғни тарихи
тұлға - Алаша хан атындағы көшені алдық.
Көше 1983 жылы Жезқазған қалалық комитетінің шешімімен Ленин көшесі деп аталған. Жезқазған қалалық мәслихатының 1999 жылғы 14- қарашадағы І 2 – 18 шешіміне сәйкес Ленин көшесі Алашахан көшесіне өзгерді. Көшенің жалпы ұзындығы 3500 метр, асфальтталған.
6
Алаша хан көшесінде нелер бар ?

10 қабатты әкімдік зәулім ғимараты,

Ө. Байқоңыров атындағы университеті,

Менің Б. Момышұлы атындағы № 4 орта орыс мектебі

№ 1 орта қазақ мектебі,

“Черная маска ” ойын - сауық орталығы,

“Парасат декор ” дүкені бар.

7
Мектептің және қалалық кітапханадан не білдік?

Мұғалім екеуміз кітапханадан көптеген мәліметтер алдық, кітаптарды, газет –журналдарды оқыдық. Маған әсіресе “Жезқазған қаласының көшелері” атты кітап ұнады.
ҚР Үкіметінің 1996 жылғы мамырдағы қауылысымен Ө.Ә.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті құрылды.1996 жылы тамыз айында халықаралық талапқа сай «Қазақмыс» корпорациясының медициналық орталығы салынды.
1997 жылы «Сарыарқа», «Подробности», «Жезказганская газета» газеттері шыға бастады.
1997 жылы жазда қалалық атқарушы орындардың тұрғын үй – коммуналдық шаруашылықты реформалау тәжіриебесін үйреніп зерттеу мақсатында Жезқазғанда облыстық семинар – кеңес өтті.1998 жылдың сонында «Қазақмыс» корпорациясының барлық кәсіпорындарының құрылымдарын қайта құру аяқталды.
1999 жылы сәуір айында қаламызда Қ.И.Сәтпаевқа ескерткіш орнатылды.
2001 жығы мамырда «Қазақмыс» корпорациясы «Wored Quality Commitment Award» (жоғары) сапалы өнім үшін алтын дәрежесі белгісімен марапатталды.
2001 жылы мамыр айында православия шіркеуі салынды.
2001 жылдың 21 маусымында № 8 орта мектеп мектеп-гимназия болып, 2001 жылдың 6 қазанында № 7 орта мектеп мектеп-лицей болып құрылды.
2002 жылы Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті өндіріске сапалы мамандар дайындағаны, ғылымды және білім беруді дамытқаны үшін Франциядағы «Өнеркәсіпке ықпалдасу Ассоциациясының «Алтын медалімен» марапатталды.
2002 жылы қараша айында құрылыс материалдарын сататын «Парасат – Декор» сауда орталығы ашылды.2002 жылы желтоқсанда «Сарыарқа» мәдини-демалыс орталығы ашылды.2003 жылы қалада орталық әмбебап дүкені, «Нұр», «Самади» сауда үйлері бой көтерді.2003 жылы наурызда «Менің ауылым – менің алтын бесігім» атты тақырыппен республикалық ақындар айтысы өтті.

8
Қорытынды
Алаша хан кім болған?

Шоқан Уәлиханов Ұлытау-Жезқазған өңіріне сапар шегіп, зерттеу жұмыстарын жүргізгенде: «Түркістанның бір ханы (Қызыл Арслан) баласы ала болып туғандықтан, оны ұнатпай «Алаша» деген ат беріп, Сыр бойынан Арқаға жібереді. Аз уақыттың ішінде оның қасына жігіттер жиналып, елде беделі асады. Алаша білімпаз, кемеңгер кісі болғандықтан, оны қадірлеп, хан көтереді» – деген пікірге келді.
Алаша хан кесенесі. Алаша хан – бұл тарихи болғанмен аты аңызға айналған тұлға. Шынында мұндай адамның атының тура аудармасы «ала» дегенді білдіріп, өзі қазақ халқының ата тегі болып саналған адамның болған-болмағанын ешкім білмейді. Алаша хан туралы ескертпелер тек аңыздарда ғана емес, басқа да түркі елдердің аңыз-әңгімелерінде де кездеседі. Сондықтан ғалымдар оны Еуразия далаларындағы көшпенділер бірлігі заманының культтік белгісі екендігін айтады, ал кесененің өзі XI – XII ғасырлар кезеңінде қазақ даласын басқарушысының құрметіне тұрғызылған деп санайды.Қаракеңгір өзенінің оң жағасында түрлі-түсті қыштан тұрғызылған кесене күмбез арқалығымен жабылған және алдыңғы қасбетінде мықты пилондары бар күрделі сәулет құрылысына жатады.

Мазарды зерттеуді Ш.Уәлихановтың «Қырғыз қайсақ молалары және жалпы бұрынғы туралы» атты мақаласынан бастау алады. (1855 ж.). 1868 жылы подполковник Красовскийдің "Область сибирских киргизов" атты еңбегінде ежелгі құрылыс туралы сипаттама пайда болады. Орталық Қазақстанның сәуле ескерткіштерін зерттеуге «Атбасарцветмет» тресінің бас геологы Қ.И.Сәтпаев атсалысты. Кейін ол академик атанды.Кесененің қабырғасында бір адам сиятындай қылып арнайы көтерілетін орын қарастырылған. Ол арқылы кесененің үстіне шығуға болады.Сыртқы қабырғалары квадрат, ромб пен үшбұрыш тәрізді қыш қалауымен әшекейленген, ал басты қасбеті күйдірген сары сазбен безендерілген.

Алаша хан мазары қайда орналасқан?
Мазарды зерттей бастау Ш.Уәлихановтың «Қырғыз қайсақ молалары және жалпы бұрынғы туралы» атты мақаласынан бастау алады. (1855 ж.). Ол Қаракеңгір өзенінің аңғарында, оң жағалаудан 2 км қашықтықта, әйгілі Малшыбай ауылында орналасқан.
Кеңес үкіметінің орнауы Қазақстандағы сәулет өнеріне күрделі өзгерістер енгізді.19ғасырдың 20 жылдарынан бастап революцияға дейін пайда болған қалаларды көріктендіру шаралары жүргізілді. Өткен ғасырдың 60-шы жылдарында соңғы 10 жыл ішінде Қазақстанның сәулет құрылысы өзгерістерге ұшырап, жаңа элементтердің елеулі
алғышарттары жасалды.

Мазарды кім салған?
Мазар халық шеберлерінің қолымен XI-XII ғасырларда Алаша ханның құрметіне салынған. Кесененің қабырғасында бір адам сиятындай қылып арнайы көтерілетін орын қарастырылған. Ол арқылы кесененің үстіне шығуға болады. Сыртқы қабырғалары квадрат, ромб пен үшбұрыш тәрізді қыш қалауымен әшекейленген, ал басты қасбеті күйдірген сары сазбен безендерілген.
Алаша хан мазары өзінің салыну мерзімімен де, бітім тұлғасы мен де, қасиетті атаумен де Қазақстандағы ең алдымен көңіл аударатын тарихи ескерткіштердің бірі.
Көшемді зерттей келе , әркім өз туған жерінің тарихын білсе , оны құрметтесе онда барлыға өзі тұрып жатқан жерің ластамауға, қадірлеуге үйренуші еді. Оны қандай тұлғалар ерлікпен бізге аманат етіп қалдырса, ендеше бізде сол аманатқа қиянат жасамай құрметтеуге тәрбиеленуіміз керек. “Ұранды елдің - ұрпағы қайсар”- демекші, ата - бабамыздың еңбегің жерге тастамай ,жерімізді таза ұстайық.

9
Пайдаланған әдебиеттер

1. “Сен білесің бе?” энциклопедиясы құрастырған: Қ. Ж. Райымбеков, Қ. Т. Байғабылова - Алматы: “Аруана” баспасы. – 700 бет ,
2. “Мөлдір бұлақ ” – жас зиялыларға арналған танымдық журнал № 1,6 ,3,12 2008 жыл; №10, 4, 5, 6 2009 жыл,
3. “Айгөлек” балалар журналы №7 2010 жыл , № 9 2011жыл,
4. У17 Көп томдық шығармалар жинағы / Ш. Уәлиханов 2 – басылым – Алматы: Толағай групт 2010 Т. 3. – 424бет,
5. Жезқазған қаласының көшелері ( ақпараттық – танымдық материалдар) құрастырған және редактор: Б. Т. Байжантаев. Қарағанды : “Гласир ”, 2009 . – 140 бет,
6. Караганда Карагандинская область : Энциклопедия , главный редактор А. Абдулин К17 – Алматы: Атамұра , 2008 – 528 с.
7. Мұражайдағы архив қағаздар,
8. “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия /Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ,
9. Монография «История и музей» К. Темиргалиева, Т. Аршабеков ,
10. Музейный фонд: документальный фонд- м/д, дф/ф −44–5,
11. Журнал «Қазақстан музейлері». № 3 2009 жыл.
Категория: Дополнительное образование | Добавил: Есенберлина (19.05.2012) | Автор: Айнура E
Просмотров: 5253 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz