Главная | Регистрация | Вход | RSSСуббота, 03.12.2016, 20:38

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Биология [28]
ИЗО [12]
Профессиональное обучение [6]
Внеклассное чтение [16]
География [22]
Духовные ценности [10]
Если хочешь быть здоров [47]
Информатика [58]
История [48]
Иностранный язык [99]
Книжная полка [49]
Компьютер-бум [10]
Казахский язык и литература [181]
Математика [85]
Мир науки [11]
Моя Родина - Казахстан [42]
Музыка [97]
Начальная школа [399]
Общество семи муз [12]
Психологический клуб [11]
Русский язык и литература [129]
Родительское собрание [11]
Творческая личность [20]
Технология [21]
Физика [20]
Химия [31]
Экологическое воспитание [13]
Самопознание [35]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1520
Статистика

Онлайн всего: 12
Гостей: 12
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мастерская учителя » Технология

" П Л А Н Е Р Т Ү Р Л Е Р І "
«Планерлер»
тарауы бойынша
сабақ жоспарының үлгісі

Сабақтың тақырыбы: «Планер түрлері»
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың шығармашылығын дамыту.
Міндеттері: 1. Еңбексүйгіштікке, шыдамдылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
2. Оқушылардың дизайнерлік қабілеттерін шыңдау.
3. Қарапайым планер үлгілерін жасап үйрену.
Қажетті құрал-жабдықтар мен материалдар: өлшемі 200*3*2,5 төрткілдеш , қатырма қағаз,қайшы, ПВА желімі, шаблоны.
Сабақтың түрі: аралас сабақ,
Сабақтың әдісі: ұжымдық жұмыс.
Эпиграф: «Қалықта, самға, алысқа…»


Сабақтың барысы.

1. Ұйымдастыру бөлімі. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
2. Жаңа сабақ түсіндіру
Миға шабуыл.
Ұшу дегенді қалай түсінеміз?
Біз үшін ұшақтардың не қажеті бар?
Ұшақтар қалай ұшады, олардың ұшуына не себеп?

Ұшақтардың құрылысымен танысу.


Фюжеляж.

Планердің негізгі бөлігінің бірі фюжеляж болып саналады.
Фюжеляж жалпы екі бөліктен тұрады. Олар тұмсық бөлігі және құйрық арқалығы деп аталады. Фюжеляждың тұмсығы, ұзындығы 150 мм, ені 25 мм, қалындығы 4 мм болатын фанерден жасалынады. Оның төменгі жағында ұзындығы 20 мм, тереңдігі 4 мм болатын кертік ойылады. Фюжеляж тұмсығын ойып болғаннан кейін оны қажау қағазымен қажап қырларын тегістейді. Содан кейін фюжеляж құйрығы арқалығын желіммен желімдейді.

Планер қанаты мен пилоны.

Планді әуеге көтеру күшін туғызатын әрі әуеде қалықтатып ұстайтын қанаты фюжеляжға бекітіледіі. Қанаттың артқы қабырғасында планердің ұшу кезіндегі қисаймауын реттейтін элероны болады. Қанатты ұзындығы 360 мм, ені 50 мм, қалыңдығы 4 мм болатын төбе плитасынан (пенопласт) жасалынады. Қанаттың алдыңғы қырының үстіңгі жағы дөңестеліп, артқы жағы қанат енінің 2/3 бөлігіне тең шамада көлбеулете қажау қағазымен қажалынады. Дайын болған қанаттың астыңғы жағының дәл ортасына пилонды жапсырады. Пилонынды ұзындығы 65 мм, ені 9 мм, қалыңдығы 2 мм болатын қарағай ағашынан жасайды. Пилонды қажетті өлшемде ойып болғаннан кейін қажау қағазымен қырларын әбден тегістеп, содан кейін ғана қанатқа жапсырады.

Фюжеляждың құйрық арқалығы.

Планер фюжеляжының құйрық арқалығы қарағай ағашынан қырланып жонылған жіңішке білте тақтайшадан жасалынады. Білте тақтайшаның ұзындығы 190 мм, қабырғалары 5 х 5 мм-ден болады. Арқалықтың бір жақ қабырғасын бір ұшынан екінші ұшына қарай сүргімен көлбеулете жону арқылы 2 мм-ге дейін жұқарта жонады.
Фюжеляждың құйрық арқалығын қарағай ағашынан жасайды.

Стабилизатор.

Фюжеляждың құйрық бөлігінде стабилизатор орналасады. Стабилизатор дегеніміз горизонтал бағытта орналасқан шағын ғана алаңша. Стабилизатордың артқы ернеуі ұшақты бағыттап отыратын тетегі қызметін атқарады. Стабилизаторды биіктігі мм, ені мм төбе плитасынан жасайды. Стабилизаторды да қанаты сияқты етіп алдыңғы қыры мен үстіңгі қабырғасын көлбеулете қажау қағазымен қажайды.

Киль.

Фюжеляждың құйрық бөлігінде стабилизатордың алдыңғы жағында киль орналасады. Кильді жұқа қылып тілінген пенопластан жасайды. Кильдің өлшемдері: биіктігі мм, төменгі ені мм, жоғарғы ені мм, қалыңдығы мм. Біз кильді төбе пеноплас плитасынан жасаймыз. Кильдің алдыңғы қабырғасының екі қырын қажап доғалаймыз, ал екі жақ қабырғасын артқы қабырғасына қарай көлбеулете қажау қағазымен қажаймыз. Дайын болған кильді фюжеляж құйрығына тігінен желімдейміз. Кильдің артқы бөлігі планерді ұшу кезінде бұрушы қызметін атқарады.

Қағаз планерлер жасау үлгілері



1-сурет


2-сурет

3-сурет

4-сурет

5-сурет
Категория: Технология | Добавил: Zhanbo (06.03.2016) | Автор: Жанболат Есенғалиұлы Ешов E
Просмотров: 212 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz