Главная | Регистрация | Вход | RSSВоскресенье, 11.12.2016, 05:16

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Биология [28]
ИЗО [12]
Профессиональное обучение [6]
Внеклассное чтение [16]
География [22]
Духовные ценности [10]
Если хочешь быть здоров [48]
Информатика [58]
История [49]
Иностранный язык [99]
Книжная полка [49]
Компьютер-бум [10]
Казахский язык и литература [182]
Математика [85]
Мир науки [11]
Моя Родина - Казахстан [42]
Музыка [97]
Начальная школа [399]
Общество семи муз [12]
Психологический клуб [11]
Русский язык и литература [132]
Родительское собрание [11]
Творческая личность [20]
Технология [21]
Физика [20]
Химия [31]
Экологическое воспитание [13]
Самопознание [35]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1523
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мастерская учителя » Биология

Тірек-қимыл мүшелер жүйесі , оның маңызы.
Тақырыбы: Тірек-қимыл мүшелер жүйесі , оның маңызы.
(қорытынды сабақ)
Мақсаты: 1.Оқушылардың тірек-қимыл жүйесі туралы алған білімдерін тексере отырып, бекіту, қорытындылау.
2.Топпен жұмыс істей білу, өз ойын жеткізе білу, тақтамен еркін жұмыс істеу қабілеттерін ары қарай дамыту.
3.Қаңқа мен бұлшықеттің дамуына дене жаттығуларының, қимыл- қозғалыстың маңызын түсіндіру арқылы оқушыларды салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: флипчарттар: қаңқа, бұлшықеттердің суреттері, бастың сүйегі т.б
Тест жұмысы, топтық жұмыс
Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі .оқушылар топпен отырады
Мұғалім:
Біз сендермен Тірек-қимыл жүйесімен танысып өттік , ендеше еске түсірейік:
1. Тірек-қимыл мүшелеріне не жатады?
2.Тірек-қимыл мүшелерінің қызметі қандай?
4.Адам мен жануар қаңқасында қандай ұқсастықтар мен айырмашылықтар бар?( 3фл)
Қалай ойлайсыңдар адамның сүйектері пішініне, мөлшеріне байланысты қандай топтарға бөлінеді?
ұЗын сүйектерге қандай сүйектер жатады?
Қысқа сүйектерге қандай сүйектер жатады?
Жалпақ сүйектерге қандай сүйектер жатады?
Адамның қаңқасы –тұлға, бассүйек, иық белдеуі мен қол сүйектері, жамбас белдеуі мен аяқ сүйектері болып бөлінеді.
Ендеше мына суреттер бойынша есімізге түсірейік! (Адамның қаңқасын сипаттау)
Адамның сүйектерінің әр қайсының қызметтері бар, орындары бар.
Сіздерге мынадай тапсырма: (топтық тапсырма)
Әр т оп өзіне берілген қаңқаны сурет бойынша сипаттау керек: І топ кеуде қуысы, ІІтоп омыртқа жотасы, ІІІтоп сколиоз. (кифоз- бүкірлік ,лордоз бел тұсында омыртқаның қисаюы)
Келесі тапсырма: І топ бассүйек ,ІІтоп жамбас белдеуі, ІІІ топ Иық белдеуі.сурет б/а
Мұғалім: сүйектің құрылысы туралы не білеміз? (тақтада сурет)Ауызша
Мұғ.Қаңқаны құрайтын сүйектер қызметіне байланысты қандай топтарға бөлінеді ?
(Оқушының жауабы)
Мұғ.Өмірде әртүрлі жағдайлар күтпеген жерден болып тұрады. Оқушылар арасында: дене шынықтыру сабақтарында , үзілісте оқыс қимылдап түрлі жағдайларға ұшырауың мүмкін ол сүйектің сынуы, буынның шығуы, сіңірдің созылуы.Осындай жағдайда алғашқы көмек көрсете білген дұрыс.
Сендердің алдарыңда тапсырмалар жатыр , сонымен танысып , орындаңдар.
1жағдай: Балалар үзіліске шықты , Үлкен үзіліс,Балалар тегіс далаға шықты, қыздар дүкенге қарай жүгіре жөнелді, Аружан жолда жатқан тасты көрмей сүрініп құлады, ол ұялғанынан жылаған жоқ, бірақ тізесі ауырып аяғы ақсаңдап мектепке кірді. Құрбылары не істерін білмеді.
Тапсырма: Аружанның аяғына не болды деп ойлайсыңдар? Қандай көмек көрсетуге болады?
2жағдай: Қоңырау үнін естіген балалар кабинеттен бірін-бірі итеріп жүгіріп шықты , сол кезде алдында келе жатқан Мұрат қолымен жерге таянып құлады.Алғашында ол ауырғанын сезбеді , сондықтан математика сабағына келді.Біраздан соң қолының іскенін көріп жылап жіберді.
Тапсырма:Мұраттың қолына не болды деп ойлайсыңдар, қандай көмек көрсету керек ?
3жағдай: Жазғы демалыста Айша інісімен ауылда демалуды ұнататын.Сол жолы да ол інісі Самат екеуі ауылда өткізді,інісі балалар мен секіріп ойнап жүріп ағаштан құлап қалды.Тұрған соң ол иығының қозғалтса ауыратынын айтты, бірақ Айша не істерін білмеді,сол кезде Думан деген үлкен бала иықтың төмен түсіп кеткенін көріп ,сүйегі сынған деді.
Тапсырма: Саматтың иығына не болды, Осындай жағдайда сендер қандай көмек көрсетер едіңдер?
Расында да алғашқы көмек көрсете білген дұрыс, көмекті міндетті түрде дұрыс көрсете білу керек, сонда ол тезірек емделіп кетеді
Мұғалім: «Мускулюс» деген сөз қандай мағына білдіреді? (Анатомдар атаған)
Ендеше бұлшықеттің қызметімен құрылысы қандай?
Бұлшықеттер орналасуына байланысты қандай топтарға бөлінеді.
Тапсырма : әр топ тақтадағы тапсырманы орындау керек.
Ітоп : бас пен мойын бұлшықеттері
ІІтоп : арқа бұлшықеттері.
ІІІ топ: көкірек бұлшықеттері.
Басқаларына : Бұлшықеттің қандай түрлері бар?
Бұлшықеттің құрылысы қандай?
Бұлшықеттің қажуының себебі неде?
Мүғалім: Ертедегі гректер тасқа былай деп жазған екен: «Денің сау болсын десең жүгір»,» «Сұлу болғың келсе жүгір», «Ақылды болғың келсе жүгір»
Осы афоризмді қалай түсінесіңдер?
Мұғалім: Расында да қимыл –қозғалыс адамның денсаулығына, дененің сымбатты болып өсуіне, жүрісіңе қатты әсер етеді.Қозғалыс –ол өмір деп айтуға болады.ал денені қимыл-қозғалысқа келтіретін ол тірек-қимыл жүйесі ендеше денемізді күтіп, дене жаттығуларымен айналысып, спортпен шұғылданып сымбатты болуға тырысайық.

Тест жұмысы Екі нұсқамен. 10сұрақтан.

Тірек-қимыл жүйесі
І нұсқа

1.Адамның денесіндегі сүйек саны:
А) 400 В)200ден астам С)500 Д)220
2.Иық белдеуінің сүйектері:
А)ортан жілік, кәрі жілік
В)жамбас сүйегі, тоқпан жілік
С)бұғана, жауырын
Д)асықты жілік, толарсақ
3.Антагонист бұлшықеттер:
А)қарама -қарсы жұмыс істейтін
В)бір бағытта жұмыс істейтін
С)аяқтың бұлшықеттері
Д)қолдың бұлшықеттері
4.Шамалы қозғалмалы сүйектер:
А)жамбас
В)омыртқа
С)аяқ сүйектері
Д) қол сүйектері
5.Жамбас тұрады:
А)2сүйектен
В)3сүйектен
С)4сүйектен
Д)5сүйектен
6.Сүйек ұзынға өседі:
А)сүйекқаптың жасушаларының бөлінуінен
В)сүйектің екі ұшындағы шеміршек жасушаларының бөлінуінен
С)сүйек кемігінің бөлінуінен
Д)барлық жауап дұрыс
7.Кеуде қуысы құралады:
А)10арқа омыртқа, 10қабырға
В)12арқа омыртқа, 12жұп қабырға, төссүйек
С)жауырын, төссүйек, 12қабырға
Д)бұғана , төссүйек, 12қабырға.
8.Омыртқа жотасы тұрады:
А)30-33 В)33-34 С)34-35 Д)35-36
9.Сүйек жатады мына ұлпаға. А)эпителий В)дәнекр С)бұлшықет Д)жүйке
10.Фасция- ол:
А)бұлшықеттің жасушасы В)бұлшықеттің қабықшасы С)бұлшықеттің талшығы Д)бұлшықеттің шоғыры
Тірек-қимыл жүйесі
ІІ нұсқа
1.Адам денесінде бұлшықет саны: А)500ден астам В)200ден астам С)600ден астам Д)55ден астам
2.Жамбас белдеуінің сүйектері:
А)ортан жілік, асықты жілік , толарсақ
В)жамбас сүйегі, тоқпан жілік
С)бұғана, жауырын
Д)асықты жілік, алақан сүйегі
3.Синергист бұлшықеттер:
А)қарама -қарсы жұмыс істейтін
В)бір бағытта жұмыс істейтін
С)аяқтың бұлшықеттері
Д)қолдың бұлшықеттері
4.Қозғалғыш сүйектер:
А)омыртқа В)аяқ- қол сүйектері С)ми сауыты Д)жамбас
5.Бұлшықеттің нәруыздары: А)гемоглобин В)миозин, актин С)альбумин, казеин Д)гликоген
6.Бұлшықет жасушалары аталады: А)миозин В)миофибрилдер С)оссеин Д)фасция
7.Мына бұлшықеттің қызметі адамның еркіне бағынбайды:
А)біріңғай салалы, қаңқа бұлшықеті В)көлденең жолақты С)жүректің бұлшықеті, біріңғай салалы бұлшықет Д)тек жүрек бұлшықеті.
8.Екі басты және үшбасты бұлшық еттер кездеседі:
А)баста, мойында В)тұлғада, қолда С)қолда Д)арқада
9.Адам денесіндегі буындар саны: А) 330 В)230 С)250 Д)240
10.Кеуде және құрсақ қуысының арасын бөліп тұрады:
А)фасция В)көкет (диафрагма ) С)ромб тәрізді Д)трапеция тәрізді.
Категория: Биология | Добавил: Нурзипа (29.12.2013) | Автор: Бекбосынова Нурзипа Сартаевна E
Просмотров: 3710 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz