Главная | Регистрация | Вход | RSSЧетверг, 08.12.2016, 23:26

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Биология [28]
ИЗО [12]
Профессиональное обучение [6]
Внеклассное чтение [16]
География [22]
Духовные ценности [10]
Если хочешь быть здоров [48]
Информатика [58]
История [49]
Иностранный язык [99]
Книжная полка [49]
Компьютер-бум [10]
Казахский язык и литература [181]
Математика [85]
Мир науки [11]
Моя Родина - Казахстан [42]
Музыка [97]
Начальная школа [399]
Общество семи муз [12]
Психологический клуб [11]
Русский язык и литература [129]
Родительское собрание [11]
Творческая личность [20]
Технология [21]
Физика [20]
Химия [31]
Экологическое воспитание [13]
Самопознание [35]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1522
Статистика

Онлайн всего: 4
Гостей: 3
Пользователей: 1
жанар

Каталог статей

Главная » Статьи » Мастерская учителя » Биология

Cабақ түрлері
І. Сабақтың тақырыбы: Сабақтың түрлері, құрылысы
ІІ. Сабақтың мақсаттары:
а) білімділігі: Оқушыларға сабақтың түрлері, ішкі құрылысы, қызметі туралы.
б) тәрбиелілігі: Оқушыларды өсімдіктер дүниесін қорғауға, әсемдікті сүюге тәрбиелеу.
в) дамытушылығы: Оқушыларға сабақтың құрылысын тірек – сызба белгілері арқылы және суреттерін көрсете отырып, ой - өрісін дамыту.
ІІІ. Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту
ІҮ. Сабақтың әдісі: Баяндау
Ү. Сабақтың түрі: Ертегі сабақ
ҮІ. Сабақтың көрнекілігі: кестелер, сызбалар.
ҮІІ. Сабақтың барысы:
А) Ұйымдастыру
Сабақ барысында оқушылардан қазақ ертегілері, оның кейіпкерлері сұралады.
Қазақ ертегілері неше топқа бөлінеді ?
1. Қиял – ғажайып ертегілері
2. Шыншыл ертегілері
3. Хайуанаттар туралы ертегілер7
Бүгінгі сабағымыз ертегі сабақ екенін ескертіп, ертегі еліне сапар шегетініміз айтылады.
Ерте заманда Ерназар деген бай кісі болыпты.Ерназардың тоғыз ұлы болыпты.Кенжесінің аты Төстік екен.Төстік қалыңдығы Кенжекейді алып келе жатып, жалмауыз кемпірдің құрығына түседі.
Сонда Кенжекей:
- Сені әкең Бекторының жалмауызына беріп кеткен, сен менікі емессің, жалмауыздан біржола құтылып кел, - дейді.
Төстік жолға шығады.
Төстік елсізбен келе жатса, алдында бір адам көрінеді.
- О, неғып жүрген жансыз ? – деп Төстік қасына жетіп келеді.
- Төстікке жолдас болайын деп, жолын тосып жүрген баукеспе ұры едім, - дейді.
Төстік оған мынадай сұрақ қояды.
Сұрақ.1. Тамыр дегеніміз не ?
2. Тамырдың қандай түрлері бар ?
Сұрағына жауап алып, екеуі жүріп кетеді.
Тағы елсізбен келе жатса, Желаяқ кездеседі.Төстік оған хронологиялық диктант береді.
Хронологиялық диктант
1.Қазақстанда «Қызыл кітап» тұңғыш........ шықты. (1978)
2.Қазақстанда.....қорықша,......ұлттық саябақ бар. (62;5)
3.....жылдары «Өсімдіктану» оқулығын жазған ғалым Ж.Күдерин. (1920-1930)
4.Қызыл кітаптың үшінші басылымы.....шығарылды.(1996)

Сөйтіп үшеу болып жүріп кетеді.Бұлар келе жатса, елсізде Саққұлақ кездеседі.Төстік Саққұлаққа мынадай сұрақ қояды.
Сұрақ.1. Ұлпа дегеніміз не ?
2. Ұлпаның қандай түрі бар?
Сұрағына жауап алып, төртеуі жүріп кетеді.
Төртеуі жапан түзде келе жатса, алыста тау көрінеді. Бір тауды көтеріп, бір таудың үстіне қойып, Таусоғар жүреді. Төстік оған терминдік диктант береді.
Терминдік диктант
1. Өте ұсақ заттарды үлкейтіп көрсететін құрал. (микроскоп)
2. Желім тәрізді созылмалы қоймалжың тірі зат. (цитоплазма)
3. Өсімдік жасушасына тән денешіктер (пластидтер)
4. Төменгі жағында бірнеше линзасы бар. (обьектив)
Бесеуі жүріп кетеді.
Келе жатса, алдарынан үлкен көл көрінеді. Көлдің жағасында Көлтауысармен кездеседі.
Төстік Көлтауысарға мынадай сұрақ қояды.
Сұрақ.1.Түрөзгеріс дегеніміз не ?
2. Тамырдың қандай түрөзгерістері бар?
Төстік Көлтауысарды қасына ертіп, алтау болып жүріп кетеді.Көп уақыт өткеннен кейін бір оба көрінеді. Обаның басында жалпиып, жер астының қырағысы отырады. Төстік оған биологиялық диктант береді.

Биологиялық диктант
1. Бүршіктің сыртын ........... ................қаптайды.
2. Оның саны өсімдік түріне қарай............. ........ ......... және одан да .......... болады.
3. Олар........ ........ .........түсті болады.
Жетеу болып жүре отырып, жолда кездескен өсімдіктерді жинай береді. Бұлар жеті ай жол жүріп, Темір ханның еліне келеді.
Темір ханның қызын Кеше хан алмақ болып отыр екен.
Ер Төстік келген соң, Темір хан қызымды кім сұрағыма жауап берсе, соған беремін – деп елді жинайды.
Ер Төстік пен жолдастарына мынадай сұрақ қояды.
Сұрақ.1. Өсімдік мүшелері нешеге бөлінеді ?
2. Вегетативті мүшелерге не жатады ?
Олай болса, бүгінгі өтетін сабағымыз: Сабақтың түрлері, құрылысы.
Сабақ - өсімдіктің жер асты мүшелері мен жер үсті мүшелерін жалғастырып тұратын орталық тірек.


Сабақ

Шөптекті Сүректі Ағаштекті



Сабақтың түрлері










Сабақтың биіктігі
Жер жүзіндегі ең ұзын сабақ ротанг пальмасынікі.Биіктігі-200-300м,лианалар -200-300м,
эвкалипт-140-155м,майқарағай-70м,шырша-60м,емен-20-50м,қарағай-48-50м,қайың-30-35м,самырсын-35-40м,жөке ағашы-30-35м,үйеңкі-25м,бамбук -20м,баобаб-12м,нан ағашы-20м,қант қамысы-4-5м,банан-3-3,5м,альпі шалғынындағы өсімдіктердің биіктігі-5-8см.
Ең аласа сабақты өсімдіктерге австралия орхидеясы (1-2мм),вольфия(1-2мм).


өң (ішке күн сәулесін өткізеді)

Қабық тоз (ішке оттегін өткізеді)
тін (беріктік,мықтылық қасиет
береді)
Темір хан Ер Төстікке өте разы болады. Өзінің қызын береді және не қалайсың, - деп Төстіктен сұрайды.
Ер Төстік Темірханға «біліміңді тексер» деген тапсырма береді.Берілген өсімдік тізімінен
сабақтың қай түріне жататынын анықтап, тиісті санды бағанға жаз.

Тік Жатаған Өрмелегіш Шырмалғыш Қысқарған

1. Қияр 6. Бақбақ
2. Жабайы бұршақ 7. Үрмебұршақ
3. Құлмақ 8. Күріш
4. Пияз 9. Шырмауық
5. Қайың 10. Асқабақ

Қайтып келе жатқанда, жолдастары бәрі «жол жоқ» деп,, Ер Төстікпен қоштасып қала береді.
Жер үстіне шығатын жол есікке дейін алты айлық жол екен.Жолдың ауырлығына шыдамай қанның қызы, жолдастары бәрі қырылып қалады, жалғыз – ақ Күңкі деген бір күні мен Шалқұйрық, Ер Төстік – үшеуі аман қалды.
Үшеуі шаршап, бір бұлақтың қасына келіп жатады. Үлкен бәйтерек басында шуылдаған балапандардың ащы даусы естіледі.
Ер Төстік қараса айдаһар өрмелеп бара жатыр екен. Ер Төстік садағын алып, тартып қалады. Сол кезде үлкен қара құс келіп тіл қатады:
- Ей, адамзат, сен маған жақсылық жасадың, балапандарымды аман сақтадың, не қалайсың, - деп сұрайды. Сонда Ер Төстік №7 зертханалық жұмысты орындауды ұсынады.(оқушыларға ағаштын дәндері беріледі) Қарақұс Ер Төстік жер бетіне шығарады. Ер Төстік ауыр ұйқыға кетеді.
Перінің қызы Бекторы ашуланып жалмауыз кемпірді өлтіріп, Ер Төстіктің жолын тосып жүр екен. Бекторы пері: сендердің сабақ,сабақ деп шулағандарыңа түсінбей қалды. Сол пәленің неше қабат екенін тағы бір көрсетіңдерші. Оқушылар сабақтың ішкі құрлысын көрсетеді.
Ер Төстік жалмауыздардан осылай құтылып, Кенжекейге қосылып, ұлан - ғасыр той болыпты.
Мұғалім: сабағымыз аяқталып келеді, сонда біздің ертегіміз қай топқа жатады деп ойлайсыздар?(қиял – ғажайып ертегі)
Елбасы Н.Ә.Назарбаев “Қазақстан жолы” атты кітабында былай дейді:
«Көктөбенің басында, алып көк теңіздің жағалауында өмір ағашы - Бәйтерек өседі екен. Жыл сайын Бәйтеректің бұтағындағы ұясына келіп, киелі Самұрық құс күн бейнелі алтын жұмыртқа салады екен. Бірақ жыл сайын айдаһар-жылан сол күнді жеп қояды. Бұл көрініс күн мен түннің, қыс пен жаздың ауысуын, қайырымдылық пен зұлымдықтың, жарық пен қара түнектің күресін астарлы түрде бейнелейді. Аңыз бойынша Ер Төстік жыланды өлтіріп, Самұрық құстың алтын жұмыртқасын аман алып қалады, ал осыған разы болған құс оның жер асты патшалығынан шығуына көмектеседі. Киелі ағаш туралы аңыз - бейбітшілік пен келісімде өмір сүруге ұмтылған жаңарған Қазақстан мақсатының көрінісі».



ҮІІІ. Үйге: 11
ІХ. Бағалау.
Категория: Биология | Добавил: Айару6308 (17.07.2014) | Автор: Кунжамила E
Просмотров: 895 | Комментарии: 3 | Теги: Еңсепова, Орынбасарқызы | Рейтинг: 1.0/1
Всего комментариев: 3
3 Айару6308   (17.07.2014 00:40)
Тек қана сәттілік тілеймін.

2 Айару6308   (17.07.2014 00:39)
жұмыстың түрлері көп екен.Рақмет.

1 Айару6308   (17.07.2014 00:39)

Сабағыңыз ұнады.

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz