Главная | Регистрация | Вход | RSSПятница, 09.12.2016, 08:50

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Биология [28]
ИЗО [12]
Профессиональное обучение [6]
Внеклассное чтение [16]
География [22]
Духовные ценности [10]
Если хочешь быть здоров [48]
Информатика [58]
История [49]
Иностранный язык [99]
Книжная полка [49]
Компьютер-бум [10]
Казахский язык и литература [182]
Математика [85]
Мир науки [11]
Моя Родина - Казахстан [42]
Музыка [97]
Начальная школа [399]
Общество семи муз [12]
Психологический клуб [11]
Русский язык и литература [132]
Родительское собрание [11]
Творческая личность [20]
Технология [21]
Физика [20]
Химия [31]
Экологическое воспитание [13]
Самопознание [35]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1522
Статистика

Онлайн всего: 8
Гостей: 8
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мастерская учителя » Биология

Адами қасиетке жұғыспайтын жат әдеттер
№ 3, 2008 г.

Б. Қ. Таласбаев, № 98 орта мектебі биология пәні мұғалімі.

Әр нәрседен өтудің қауіпті шегі бар, ал шектен бір шықсаң оған қайта оралудың мүмкіндігі жоқ.

                                                Ф.Достоевский

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік.Оқушыларға құқықтық тәрбие беру арқылы, адами қасиеттерге жат қылықтардан аулақ болуды үйрету.

2. Дамытушылық. Оқушылардың дәрігер, нарколог, вирусолог, психолог, тарихшы, невропотолог, гематолог, фтизиатор, химик, статист, құқық қорғаушы, тілші мамандықтары бойынша түсініктерін кеңейте түсу.

3. Тәрбиелік. Оқушыларды салауатттылық өмір сүруге тәрбиелей отырып, ұйымшылдыққа, адамгершілікке, жауапкершілікке қалыптастыру.

Көрнекіліктер: Адами қасиеттерге байланысты қанатты сөздер, көрме, рефераттар, суреттер көрмесі.

Әдіс - тәсілі: Баспасөз конференциясы сабағы.

Барысы:

1 - тілші: Егер әлемдегі барлық адамдар темекі шегуді доғарса, ауа қаншалықты тазаратынына ой жүгіртіп көрдіңіз бе?

Психолог: Расында бұл ғажап идея. Қоршаған орта темекімен де ластанып жатқаны рас. Бәрінен де оның адам денсаулығына тигізетін әсерінің зиянды екенін ойласақ төбе шашың тік тұрады.

2 - тілші: Шылым шегудің адам ағзасына қандай зияны бар?

Химик: Темекі түтінінің құрамында 200-ден астам химиялық заттар денсаулық үшін қауіпті, ал олардың 50-ге жуығының аса қауіпті екені анықталған. Олар: никотин, СО2 висмут, HNO3 NH3 эфир майы, CH3 COOH т.б. бар. Темекі түтінінің улылығы автомобильдерден шығатын газдан 4 есе, тұрмыс газынан C3H8 - пропан, C6H10 - бутаннан 250 есе артық. Темекі шегуді ажырамас әдетке айналдырғандардың көпшілігі біртал темекі түтінін де 1,3 мг никотин, 24,4 мг СО2 бар екенін білмеуі де мүмкін.Ал енді осы цифрларды өзінің тартқан темекі санына көбейтіп көріңізші, сонда ұзақ жылғы әдетіңіздің салдарынан ағзаңызда темекі салдарынан ағзаңызда темекі түтінен қаншама улы заттардың жиналғанын елеcтетуге болады.

1 - тілші: Шылым шегудің адамның жүйке жүйесіне әсері қандай?

Невропатолог: Шылым шеккеннен кейін 2-3 минуттан кейін никотин миға жетіп, мидың ішкі жасушаларына өтеді де біраз уақыт мидың белсенділігін төмендетеді. Никотин мидағы қан тамырларына тарылтады да, миға қоректік заттармен оттегінің келуін азайтады. Жүйке жүйесінің жұмысы нашарлайды.Темекі тартқаннан кейін адамның есту мен көруі, түсті ажырату қабілеті төмендейді. Темекі тартқан жасөспірімдердің мінезі ашуланшақ, жалқау болып, олардың ұғу қабілеті төмендейді.

Темекі тартушылардың арасында жүрек - қантамыр, жүйке ауруына шалдығулар 12-13 есе, асқазан рагіне шалдығушылар 10 есе артық кездеседі.

2 - тілші: Темекінің зардаптары туралы, шылым шегудің тыныс жолдарына әсері қандай?.

Фтизиатор: Шылым шегетіндердің тыныс жолдары қабынып, қинала жөтелетіні белгілі. Тыныс жолдарының үнемі қабуынан кейін кілегейлі қабаттың қорғаныштық қабілеті төмендейді. Сондықтан шылым шегетіндер салқын тиетін және жұқпалы аурулармен жиі ауырады. Көптеген химиялық қосылыстар адам ағзасына қатерлі ісік ауруын тудырады. Шылым шекпейтіндерге қарағанда, шлым шегетіндердің өкпе қатерлі ісік ауруына шалдығуы 6-10 есе көп екені мәлім.

1 - тілші: Темекінің зардаптары туралы нақты мысалдар келтірсеңіз?.

Статист: Темекі түтіні адам ағзасына зиянды. Дүние жүзінде шылым шегуден жыл сайын 2,5 млн. Адам қайтыс болады. Шылым шегетін адам жылына отбасы қаржысына мыңдаған теңге шығын келтіреді. Баскетболшының бір шылым шеккеннен кейінгі торға доп тастауы 12% - ға кемиді. Әрбір шылым адам өмірін 12 минутқа қысқартады. Шылым шегетіндердің жүрегі тәулігіне 20-25 мың рет артық соғады.

2 - тілші: Менің гематолог дәрігерге қоятын сұрағым бар. Алкогольдік ішімдіктің ағзаға тигізетін әсері қандай?.

Гематолог: Спирт ішімдігімен айналысқан адамның ағзасы алкоголь деп аталатын улы затпен уланады. Алкоголь жасуша жарғақшасын, жүректің бұлшық етін уландырады, зақымдайды. Алкоголь эритроцидтерді бұзады, сөйтіп О2 нашар тасмалдайды. Алкогольден қан тамырларының, жүрек тамырларының қабырғасы өзгеріп тарылып жиырылады. Жүрек жұмысының бұзылуынан ағза қанмен нашар қамтамассыз етіледі де ауруға ұшырайды. Жүрек соғуы жылдамдап тыныс алуы тарылып, адамның еңбекке қабілеттілігі төмендейді, мидың жұмысы бұзылады. Адам ақылынан айырылып, қоғамға әртүрлі іс-әрекеттермен зиян тигізеді. Темекіні Еуропаға 1496 жылы Х.Колумб пен оның достары алып келген. Темекінің түтінінде болатын никотиндеген улы затты Францияның Португалиядағы елшісі Жан Никонның есіміне байланысты аталған. Сонымен бірге алкоголь асқорыту жүйесін зақымдайды, оның ішінде өңеш қабынуы, өңеш рагы, бауыр циррозы, асқазан жарасына, қабынуына әкеліп соғады.

1 - тілші: Менің химикке қоятын сұрағым бар. Жер бетінде адамнан күшті ағза жоқ дейміз. Солай бола тұра адам неліктен алколгольден әлсіз?.

Химик: Бауырда дегидратация реакциясы жүреді де, ішімдіктің әсерінен этил спирті альдегидіне айналады. Сірке альдегиді мидың қызметін дұрыстап тұратын химиялық қосылыстарын бұзады. Ағзада сірке альдегиді одан әрі тотығады да, сірке қышқылы түзіледі.                                                               

2 - тілші:  Ішімдіктің  құрамында қандай заттар болады.

Химик: Ішімдіктің құрамында этил спирті және сивуш майы сонымен бірге су болады. Шылым шекпейтін оқушыларда 100метр жүгіргеннен кейін тамырдың соғуы 120-130 болса, шегетіндерде 180 болады. Шылым шегетіндер жүрек ауруымен 12-13 есе, асқазан жрасымен 10 есе жиі ауырады. Олардың 80% -ы өкпе ауруына шалдығды. 7-8 тамшы никотин жылқыны сеспей қатырады. Егер адам күніне 1 қорап темекі тартса, бір жылда оның өкпесіне 1литр шамасында смола жиналады екен. Адам тәулігіне 20 тал сигарет шексе, оның ағзасына 90 мг никотин енеді екен.

Бүкіл дүние жүзінде 1 млрд. адам шылым шегеді. Қазақстан Республикасында 3,2 млн., яғни 33% адам темекі тартады. Темекінің зардабынан 25000 адам қайтыс болды. Салмағы 16-20г итке 1 тамшы никотин берсе сеспей қатады.

1 - тілші: Шылымның адам ағзасындағы қанның құрамындағы қан түйіршіктеріне қандай әсері бар?.

Гематолог(қан ауруын зерттейтін дәрігер): Шылымның құрамында жаңа ғалым химик айтып кеткендей әр түрлі улы заттар болатыны белгілі. Соның ішінде никотин қан тамырларын тарылтады, осының әсерінен адам ағзасындағы өміршеңдік органдарға қанның келуі баяулайды. Өздеріңізге белгілі ағзадағы қан жасушалармен ұлпаларға O2 мен қоректік зат тасымалдап, СО2-ні өкпе, тері қап арқылы сыртқа шығарады. Тамырлардың тарылуынан қан қысымы  көтеріліп, гтиертония ауруы пайда болады. Темекінің құрамындағы ауыр металл полоний (PO) - радиоактивті элемент. Ядролық реакторлар (АЭС)-терде қолданылады. Осы элементтің әсерінен адам ағзасындағы элемент қызыл түйіршіктеріне айналып кетуіне әсерін тигізеді. Сонымен бірге жүрек тамырларының қызметін нашарлатып, ағзаның қанмен қамтамассыз етілуі нашарлайды. Мидың жұмысы бұзылады.

2 - тілші: Шылымның құрамында болатын көмір қышқыл газы СО2 мен (NH3)-тың физикалық қасиетін, қайда қолданылатынын айтып берсеңіз?

Химик: СО2 - түссіз газ. Ол ауадан 1,5 есе ауыр. Жанумен тыныс алуды қолдамайды, СО2 концентрациясы көп болғанда адам мен жануарлар тұншығады. Оның қауіпті мөлшері шахталарда, құдықтарда жиі жиналады. Қатты СО2 құрғақ мұз деп аталады. СО2 сода, калий өндірісінде, су сусындарыды газдандыруға, өрт сөндіруге қолданылады. (NH3)- түссіз, өткір иісті, ауадан 2 еседей жеңіл газ. Суда еріп, мүсәтір спиртін түзеді. NH3 көп мөлшері сұйық тыңайтқыштар алуда, HNO3 сода өндірісінде қолданылады.

1- тілші: Висмут (BI) пен полоний (PO) туралы не айтуға болады?

Химик: Висмут (BI) ақ түсті, жылтыр металл. Қызғылт түсі табиғатта күкіртті қосылыс BI2S3  түрінде кездеседі. BI қосылыстары өте улы. BI техникада жартылай өткізгіш ретінде, электрондық техникада, құймаларды дәнекерлеу үшін қолданылады.

Полоний PO радиоактивті элемент, ядролық реакторларда қолданылады.

2- тілші:              Менің вирусолог ғалымға сұрағым бар: ЖИТС ауруына қысқаша сипаттама берсеңіз?

Вирусолог: ЖИТС ауруының вирусын алғаш рет 1983 жылы француз ғалымы вирусолог Люк Мантанье тапты. Ал 1984 жылы Американ ғалымы Роберт Галло вирустың барлық қасиеттерін жан-жақты зерттеп жариялады. Адам ағзасына енген вирус қанның лимфотцит жасушаларының ішіне кіріп, оның генетикалық аппараттарына жабысып тез көбейе бастайды. Осының әсерінен жасуша жарылып өледі. Одан шыққан вирустар жаңа жасуша Лимфоцит жасушаларының осылай өле беруі салдарынан күндердің күнінде ағзада иммунитет жетіспеушілік пайда болады. Айрықша еске салатын жай осы жасырын кезең кезінде адам өзін аурумын деп есептемейді. Бірақ өзімен қатынастағы адамдарға жұқпалы аурудың көзі ретінде ЖИТС-ті таратады. ЖИТС вирусы хайуанаттардың ағзасында өмір сүре алмайды. Оның өсіп - өнуіне, көбейуіне адам жасушасы мүмкіндік береді.

1-тілші: ЖИТС ауруы қалай таралады?

Вирусолог:  Жыныстық жақындасу кезінде әріптестердің жыныс мүшелерінің шырышты сілекей қабығындағы жарақатқа, яғни қанға немесе сары суға ЖИТС вирусы дамып жатқан адамнан шыққан вирус түседі де, әріптесіне жұқтырады. ЖИТС ауруының таралу жолдары: ластанған шприц және оның инесі, “Қауіпті топтар” (группа риска) - 86%-і нашақорлар, жезөкшелер,гомосексуалдар, лезбиянкалар.

2-тілші: ЖИТС ауруының алғашқы белгілері  және профилактикасы қандай?

Терапевт: Адам ағзасындағы дене температурасы 37°с дейін көтеріледі, әлсіздік, тершеңдік, жөтел, денеде іріңді жаралардың пайда болуы, лимфа түйіндерінің білеуленіп ұлғайып ісінуі. Аурудың жасырын кезеңі белгісіз, ол мүмкін 3-4 ай, 5-6 жыл, кейде одан да көп 15 жылға дейін.

Салауатты өмір салтын қалыптастыруда жастар арасында ЖИТС ауруы туралы лекциялар семинарлар өткізу керек.

Сабақты қорытындылау: Құрметті конференцияға қатысушы жолдастар!

“Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы” - біздің болашағымыздың сара бағыты. Болашақ еліміздің иегерінің дені сау, терең білімді, жат қылықтардан аулақ болуы біздер үшін үлкен бақыт. Қазақстанның өркениетті ел қатарына қосылуына бізде үлес қосып, ауыл тұрғындарынның тұрмыстық жағдайын көтеруде аянбай еңбек етейік. Швейцарияда жыл сайын “Темекі тартпайтын күн” аталып өтеді. Францияда кейбір фирмаларда шылым шегуді тастаған қызметкерге арнайы сыйлық төленеді. Ал, біздің елімізде 18 жасқа келмеген жасөспірімдерге сауда орындарында шылым сатуға тиым салынған.

 

Категория: Биология | Добавил: teacher-almaty (15.12.2008) | Автор: teacher-almaty
Просмотров: 8279 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 4.7/7
Всего комментариев: 1
1 Утепов Ербол   (29.01.2010 00:09)
мына ашык сабак катты көмектесті? оте жаксы? мен "5" деген баға қойар едим осы тақырыпқа

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz