Главная | Регистрация | Вход | RSSЧетверг, 08.12.2016, 19:16

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Панорама [9]
Образование: модели и методы [60]
Управление [1]
Событие [18]
Воспитание и социализация [40]
Ступеньки к школе [11]
Профессиональное обучение [31]
Коррекционная педагогика [17]
Дополнительное образование [101]
Психологическая служба [47]
Родительское собрание [12]
Автограф на память [13]
Семиречье - взгляд сквозь годы [10]
Хочу поделиться [80]
Хроника [0]
Воспитание о образование в разных странах [2]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1522
Статистика

Онлайн всего: 11
Гостей: 11
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Рубрики журнала » Коррекционная педагогика

Үміт үйі - ізгілік үйі.

 Құралай Жеңісқызы «Үміт үйі» - балалар үйінің директоры.

 

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың 2007 жылдың 28 ақпанындағы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» – деп аталған жолдауының негізгі қағидасы әрбір қазақстандық отбасының әл-ауқатын арттыру арқылы, олардың өмір сүру сапасын өсіру, қоғамдық тұрақтылық, заңның үстемдігі, ұлтаралық келісім, білім деңгейін дамыту, кадрларды даярлауды әлемдік стандартқа жеткізу болып отыр. Сондықтан, білім беру, тәрбиелеу мекемелері қызметкерлері ретінде біздерге де үлкен жауапкершілік жүктелетіндігі анық.

Біздің халқымыздың балаға деген ықыласы ерекше. Олай болатын себебі де бар. Өйткені «бала – бауыр етің»,  «балалы үй базар». Ұлы Абай да «Адамның бір қызығы – бала деген»- деп ұрпағыңды көбейтер ұлға, өрісіңді кеңейтер қызға ерекше мән берген.

Амал қанша, періштедей сол нәрестелер, біреулер үшін басты байлық болса, қайсы біреулер үшін тастанды болуы өкінішті-ақ. Қалай болғанда да балаға анасын алмастырар аялы алақан мен шексіз  қамқорлық керек.

«Жақсыдан – шарапат» демекші, бала жүрегінің нәзік лүпілін жаны жайсаң, көңілі шалқар, жүрегі жұмсақ адамдар ғана біледі. Қарлығаштың ұясындай біздің «Үміт үйіміз»  Сара Алпысқызының арқасында 1994 жылы дүниеге келді. Мекеменің ашылу мақсаты тастанды балаларды болдырмау, жәутең көз сәбилердің санын азайту және отбасын сақтап қалу. Бұл үйдің өмірге келуі қаншама жүрекке жылу, қаншама көңілге үміт, қаншама көзге қуаныш сыйлады. Осының өзі үлкен ізгіліктің белгісі.   Бала келген бетте оны мейірім шуағына бөлеп, аналық ұлы махаббаттың қасиетін сездіру басты міндет. Әрине, ата-анасының орнын жоқтатпау мүмкін емес. Ең бастысы бала өзінің жеке тұлға екенін біліп, өзін еркін сезінсе осының өзі жетістік. Өзіне сенімді, еркін өскен баланы әрі қарай төзімділікке, шыдамдылыққа, жан ашырлық сезімге баулу, біреудің сәтсіздігіне шын қынжыла білуге үйрету, тату, дос болуға тәрбиелеу балалар үйі тәрбиешілеріне үлкен жауапкершілікті жүктейді.

Ізгілік – бұл адами қасиет, адамдарға деген махаббат, жылылық. Ал тәрбие сүйіспеншіліксіз, жылусыз толыққанды тәрбие бола алмайды, осыған орай орыстың ұлы ойшылы В.Белинский: «Адамның білімі жеке математика мен технологиядан тұрмайды, ол біржақты, түсінік, ондай білім – төмен білім. Жоғары дәрежедегі білімділік – адамгершілік әлемі. Ал адамгершілік – бұл ішкі жан дүниеңнің дамуы, ар ұятың, мінез-құлқың, танымың. Адамның неғұрлым адами қасиеті, адамгершілігі жоғары болса, соғұрлым ол нағыз адам» деген болатын. Адами қасиеттің барлығы баланың бойында жас кезінен қалыптасады. Бала – жақсыны да, жаманды да бойына тез сіңіреді. Жақсы тәрбие мен білім беру үшін, материалдық жағдайдың да өзіндік әсері бар. Осыған орай өткен жылдарға қарағанда, үстіміздегі жылы біршама жұмыстар атқарылды. Мемлекет бөлген қаржыға толық жөндеу жасалды. Спонсорлық көмек нәтижесінде барлық топтардың жиһаздары жаңаланды, М.Монтессори әдісімен жұмыс істейтін екі монтессори кабинеті және сенсорлық кабинет жабдықталды. Бұл кабинеттер балалардың зор ынтызарлықпен жұмыс жасайтын орталықтарына айналды.

Баланың денсаулығы қай жерде де бірінші мәселе. Үміт үйінде бала денінің сау, шыныққан, шымыр блып өсуіне толық жағдай жасалынған. Жабдықталған шынықтыру залы, жүзу бассейні және ең бастысы П.Ивановтың суық сумен құйыну әдісі және дұрыс ұйымдастырылған тамақ түрлері. Тәрбиешілеріміз сияқты дәрігерлеріміз де жүрегі мейірімге толы, әр баланың денсаулығы үшін өзін жауаптымын деп сезінетін үлкен жүректі адамдар. Дені сау, көңілді, сергек баланы жақсы қасиеттерге баулып, білімді, парасатты ізгі ниетті етіп тәрбиелеу анағұрлым жеңілірек.

Үміт үйі жабық мекеме. Айнала қоршаған ортамен байланыс шектеулі. Балаларымыз қарапайым отбасындағы қарым-қатынасты, күнделікті үй тіршілігіндегі шаруаларды біле бермейді (шай демдеу, дүкендерде не бар, трамвай, троллейбус) т.б. Міне осы мәселені жеңілдету үшін біз «Step by Step» технологиясын басшылыққа алдық. Балалар орталықтарда еркін, тәрбиешімен бірге тығыз жұмыстар жүргізеді. Бұл жердегі тағы бір мақсат баласын анасына жақындату, отбасының не екенін сезіндіру. Жыл сайын ата-аналарға арнап «ашық есік» ұйымдастырылып отырады. Ата-аналармен бірлесіп саяхаттарға, саябақтарға, қала сыртына шығып отырамыз. Ал өзіміздің әр мереке сайын өткізіліп тұратын ертеңгіліктеріміз, ойын-сауықтарымыз, ән-думан кештеріміз бақытты балалыққа, мейірімділікке, ұлттық салт-дәстүрімізге, патриотизмге бағытталады. Бұған мысал ретінде 1 маусым балаларды қорғау күнінде өткізілген «Өз жолың» атты байқауға қатысып ГРАН-ПРИ жеңіп алғанымызды айтқым келеді. Еліміздің белгілі адамдарымен, ақын-жазушыларымен, Ұлы Отан соғысының ардагерлерімен жыл сайын кездесу кештерін ұйымдастыру дәстүрге айналған. Осы кездесу кештерінің өзі бала жүрегінде ізгіліктің дәнін себеріне сенімдімін. Балаларымызға үйретілген әр биден, әр әуеннен халқымыздың ұлттық негізі байқалып тұрады. Сондықтан да олар өздерін Қазақстан Республикасының бүлдіршіндері деп сезініп, әнұранды тебірене орындайды. Туымыз бен Елтаңбамызды қастерлей біледі. Осы іс-шараның барысында ұлттық аспаптар толықтырылып, дауыс күшейткіш аппараттарымен жабдықталды.

Ондағы мақсат осы ұлттық аспаптармен халық күйлерін, халық әндерін ілесіп орындау нәтижесінде балалардың күйге деген, халық әуеніне деген сүйіспеншілігін ояту, құрметтеп қадірлей білуге жетелеу. Аспаптардың ерекшелігіне мән беру, сазды әуенге еліте білуге үйрету. Көркемдікті сезіну де ізгілікке тәрбиелеудің бір жолы.

Жыл сайын Наурыз мерекеміз ерекше сән-салтанатпен өткізіледі. Алдымен әр топ өзіне берілген салт-дәстүрді ашып көрсетеді. Соның қорытындысы ретінде далада үлкен той өткізіледі. Балаларымызда ізгілікпен қоса үлкен жауапкершілік қалыптасқан. Олардың көзіндегі осы ұшқынды көргенде дана ұстаз Сухомлинскийдің мына сөзі ойыма оралады: «Тәрбие – ол өткізіліп жатқан шаралардың бағалануы емес, үлкендердің сәбидің ішкі жан-дүниесіне бойлай еніп, парасатты түрде қарым-қатынас жасауы». Балаларымыздың бойында ізгі қасиеттерді қалыптастыру үшін біздің тәрбиешілеріміз барын салады, ішкі жұмыстардың барлығы соған бағытталады. Әсіресе, ойын түрлері арқылы жақсы нәтижеге жетіп жатады. Топтардың барлығы толық жабдықталған, дамытушы ойындардың түр-түрі бар. Осыған орай Үміт үйінің барлық жұмысын неғұрлым отбасылық жағдайға бейімдеу болып табылғандықтан, «Камелот» мейрамханасымен шарт жасасып әр айдың соңғы аптасында әр баланың туған күнін атап өтеміз.

Балаларымыздың мейрамханада дәмді ас ішіп және әдемі отырып, тамақтануын ғана емес, мәдени орындарда өзін-өзі сол ортаға сай ұстай білуін қамтамасыз етіп, мәдениеттілікке, әдептілікке қалыптастырамыз. Олар сайқымазақтардың ұйымдастырған думанына қатысады, олардың қолдарынан сыйлықтар алып үлкен қуанышпен оралады. Сол сияқты арнайы ойын орталықтарымен де шарт жасастық, аптасына екі рет ол жерден де сайқымазақтар келіп балаларымызды қуанышқа бөлеп, жарым көңілдерін жадыратып кетеді. Тағы бір айта кететін жайт, балаларымызды айнала қоршаған ортаны қадірлеуге, сақтауға қалыптастыру. Осы бағытта табиғат бұрышымыздағы тотықұстар, балықтар, тасбақалар балалардың көз қуанышына айналған. Биылғы жылы спонсорлық көмек арқылы табиғат бұрышымыз толық жаңартылды. Бұл жерде тәрбиешілермен бірге балалар осы табиғат бұрышындағы тіршілік иелеріне күтім жасайды. Басты мақсатымыз табиғатқа деген құрмет, сүйіспеншілік және осы арқылы балалар бойында аяушылық сезімін ояту, қамқор бола білуге үйрету.

 

Категория: Коррекционная педагогика | Добавил: teacher-almaty (15.10.2007)
Просмотров: 5435 | Рейтинг: 3.0/3
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz