Главная | Регистрация | Вход | RSSПонедельник, 05.12.2016, 01:21

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Биология [28]
ИЗО [12]
Профессиональное обучение [6]
Внеклассное чтение [16]
География [22]
Духовные ценности [10]
Если хочешь быть здоров [47]
Информатика [58]
История [48]
Иностранный язык [99]
Книжная полка [49]
Компьютер-бум [10]
Казахский язык и литература [181]
Математика [85]
Мир науки [11]
Моя Родина - Казахстан [42]
Музыка [97]
Начальная школа [399]
Общество семи муз [12]
Психологический клуб [11]
Русский язык и литература [129]
Родительское собрание [11]
Творческая личность [20]
Технология [21]
Физика [20]
Химия [31]
Экологическое воспитание [13]
Самопознание [35]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1521
Статистика

Онлайн всего: 4
Гостей: 4
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мастерская учителя » Музыка

«Ынтымақты ел- Тәуелсіз Қазақстан»
«Ынтымақты ел- Тәуелсіз Қазақстан»
атты Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған тәрбие сағаты.
Нагметкалиева Жанар Низағалиқызы
музыка пәнінің мұғалімі Ақтөбе қаласы
№2 ЖББОМГ
Зал әсем безендірілген: Қазақстан Республикасының туы, елтаңбасы,ел басшысының портреті, қанатты сөздер, магнитофон.
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесіне арналған «Ынтымақты ел- Тәуелсіз Қазақстан» атты тәрбие сағатын бастауға рұқсат етіңіз!
1 оқушы: Көзіңді аш, оян қазақ, көтер басты,
Өткізбей қараңғыда бекер жасты
Жер кетті, дін нашарлап, хал парам боп
Қазағым енді жату жарамасты
Алыстан алаш десе мақтанамын
Қазақты қазақ десе мақтанамын
Болғанда әкем- қазақ, шешем- қазақ
Мен неге қазақтықтан сақтанамын?
Жүргізуші: - Балалар, міне біздің «Мен қазақпын» деп еркін айтуға қол жеткізген Тәуелсіздік алғанымызға қанша жыл толды?
- Тәуелсіздік алдық деген сөзді қалай түсінесіңдер?
- Туымыздың түсі қандай , Туымыз туралы не айтасыңдар?
2 оқушы: Көк аспандай көкпеңбек
Қазақстан жалауы
Көк емес ол тектен-тек,
Елдің ашық қабағы
Ақ ниетті- алтын күн
Асқақ арман- қыраны
Жалауы бұл халқымның
Мәртебесі Ту, Ары .
- Ал, Елтаңба туралы не білесіңдер?
3 оқушы: Елтаңбасы елімнің неткен әйбат әдемі
Тұнығындай көңілдің ортада- аспан әлемі
Құт береке- шаңырақ орын алған ол төрден
Қанатты қос арғымақ екі жақты көмкерген
Тәуелсіздік жолында талай-талай тер тамған
Билігім өз қолымда, еркіндігім- елтаңбам.
- Ал,енді Әнұранымыздың авторларын атап беріңдер?(балалар атайды)
Әнұранды орындау.
Жүргізуші: Енді осы егеменді ел атанып,Тәуелсіздікке жеткенге дейін біздің халқымыздың басынан небір қилы заман өтті.
(Ортаға Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би шығады. Осы кезде екі ана бір балаға таласып, дауласып келеді. Дауларын шеше алмай билерге жүгінеді. Бірінші -туған ана, екінші ана- баққан ана )
Туған ана: Уа, тақсыр! Біз бір даудың басын шеше алмай сізге келіп отырмыз. Мен бұл баланы дүниеге әкелген туған анасы боламын.
Баққан ана : - Жоқ, сен дүниеге әкелсең, мен бағып-қағып адам еттім. Бұл баланың анасы мен боламын.
Би: Енді маған қараңдар. Мен бұл баланы қазір екіге бөліп беремін. Әкеліңдер қылышымды.
Баққан ана: Бөлсеңіз бөліңіз, маған баланың жарты денесі де жетеді.
Туған ана : Жоқ ,тақсыр! Бұлай істей көрмеңіз. Мейлі, қайда жүрсе де аман жүрсін.
Жүргізуші: Міне ананың балаға деген махаббаты қандай тәтті. Осыдан кейін баланы туған анасына бергізеді. Әділ шешім деп осыны айт.
Төле би: Атадан ұл туса- игі,
Ата жолын қуса- игі.
Өзіне келер ұятын біліп тұрса –игі
Жаудан бұққан немені ортасынан қуса-игі.
Қазыбек би: Алтын ұя- Отан қымбат
Құт берекең- Атаң қымбат
Аймалайтын анаң қымбат
Мейірімді- апаң, асқар тауың-әкең
Туып өскен елің
Кіндік кескен жерің қымбат.
Әйтеке би: Бай болсаң халқыңа пайдаң тисін
Батыр болсаң елге пайдаң тисін
Батыр болып жауға найзаң тимесе
Елден бөтен үйің күйсін.
Жүргізуші: Шалқы қазақ, шалқитын заман келді
Текке қанын төккен жоқ, бабаларым,-демекші міне сонау заманнан келген бабаларымыз , үш биімізде, халқымыздың бірлігін ұстап біздің Тәуелсіздік алғанымызға себебін тигізіпті.
Тарихта аты шулы «Ақтабан шұбырынды алқакөл сұлама» деген қаралы атқа ие болған 1723 жылғы жоңғар шапқыншылығы қазақ жерін ойсыратып кетті. Қалың халық Оңтүстікке қарай босты. Бірақ олар бұдан да асқан жауыздың нәубетінің екі ғасырдан соң қайта келерін білген де жоқ.
4 оқушы:О, кең далам, кең маралдай керілген
Мен ұлыңмын саған шексіз берілген
Қалай ғана сүйерімді айтпақ боп
Қай теңеуге сыйдырармын сені мен
Каспий менен өр Алтайдың арасы
Жалпақ жатқан қазағымның даласы
Сонша жерді сойылменен қорғаған
Бабалардай болам деймін шамасы, деп айтқандай , біздің батырларымызда бекер қан төккен жоқ. (Батырлардың Жәңгір ханға айтқан сөздерінен көрініс ).
5 оқушы:Халқым үшін, елім үшін
Жерімізді қорғаймыз.
6 оқушы: Бақпен асқан патшадан
Мимен асқан қара артық
Сақалын сатқан кәріден
Еңбегін сатқан бала артық
7 оқушы: Ереуіл атқа ер салмай, Егеулі найза қолға алмай,
Қоңыр салқын төске алмай ,
Еңку-еңку шер шалмай
Арып-ашып жол көрмей,
Өзегі талып от желме
Ерлердің ісі бітті ме?
8 оқушы: Хан емессің қасқырсың
Қас албасты басқырсың
Достарың келіп табалап
Дұшпаның сенің басқа ұрсын.
9 оқушы: Хан емессің- ылаңсың
Қара шұбар жылансың
Хан емессің- аярсың,
Айыр құйрық шаянсың.
Жәңгір хан: Әй,Әй! Мынау кім өзі? Тарт тіліңді!
10 оқушы: Толғай-толғай оқ атқан,
12 тұтам жай тартқан
Тебінгісін тесе атқан
Тізгінінен кесе атқан
Біздей қайсар батырдың
Жүрегін сөйтіп оятқан.
11 оқушы: Жігітте сұңқар мен едім
Найзам түспей қолымнан
Жұлдызым туып оңымнан
Асқар-асқар белдерден
Жалғыз шауып жол шеккен
Қобыланды батыр мен едім.
Жүргізуші: Жерін сүйген ата-баба, ел қорғаған батырлардың арқасында Атыраудан Алтайға дейінгі ұланасыр жерімізді сақтап қалдық, осы күнге жеттік.
12 оқушы: Бұтағы- бабасының, ұрпағы- анасының
Шуағы- әжесінің , тұяғы -әкесінің.
Тілегі-анасының, тірегі –ағасының
Түлегі-даласының дарытқан бар асылын
Мен қазақ баласымын!
Жүргізуші:Айта берсе сөз таусылған ба? 1941-1945 жылдардың қаралы оқтары қаншама қыршынды өмірден қиып кетті. Ержүрек ұлдар мен қыздар Отан қорғауға бір адамдай аттанды. Олар қаһарманшылықпен қаза тапқан, батыр қыздарымыз Мәншүк Мамбетова мен Әлия Молдағұлова еді.
(көрініс)
Жүргізуші: Ия, бір кезде Отан үшін деп жанын қиған жастар, енді Тәуелсіздік үшін ар-намысын, ата-баба дәстүрін жоғары көтеру жолында ереуілге шықты. Олардың бұл өжеттігін ұлтшыл бетімен кеткендік қылып көрсетіп, қаншама қан төгілді. Яғни,1986 жылғы «Желтоқсан оқиғасы» тарихта мәңгі қалмақ.
13 оқушы:Ергелі ел ұлтшыл атандық тағы
Күнәқар ел жұрт, сұрқия жалған
Сатқандық заңы- қаталдық табы
Саясат сайқал жыртия қалған.
14 оқушы: Атандық және маскүнем тобыр,
Ұл- қызы кәззап, нашақор халық
Қылыш боп қиды қаскүнем шоғыр
Қаракөз сәнді аса қорланып.
15 оқушы: Жаздырмай бойды жаханнамға өтті
Қарақшы пейіл, желтоқсан заман.
Ызғарын тың леп жапанға септі
Басымды ием Желтоқсан саған!
Ән: «Желтоқсан желі» хордың орындауында.
Жүргізуші: Түн. Кәдімгі миллиондаған түндердің бірі, бірақ бұл түн өзгеше еді. Себебі, бұл түнде қаланың кез-келген тұсынан ұсталған жастрады ұрып- соғып, өлімше халге жеткезді. Осындай қатігездікті көрген , оларға арашаға түсем деп жүргендердің арасында Қайрат Рысқұлбеков те бар еді.
(Көрініс)
Жүргізуші:Жас өрімдей қазақтың ұл- қыздарының
Торғайдай шыбын жандарын.
Қызыл жағалы Омондар келіп таптады,
Оларды ешкім жауапқа тартпады.
16 оқушы: Әр қазақтың есінде сақталады,
Желтоқсандық өрендер ақталады.
Ел намысын қорғаған сарбаздарым,
Ерліктерің мәңгілік мақталады.
Жүргізуші: Міне, осы 1986 жылдан кейін Қайрат, Ләззат сияқты қайсар батырларымыз Тәуелсіздікке ой салып, Егеменді ел болдық.
17 оқушы:Қанатыңнан қайрылып,
Қыр арқаңнан майырылып.
Қазақ- Тәуелсіздіктен
Қала көрме айырылып.
18 оқушы: Қара мына ғажапқа,
Теңдік тиді қазаққа.
Егіздегі ұрпағың
Енді айналмас мазаққа.
Ән: «Қазағым менің» хор.
Би «Домбырамен» қыздар тобы.
Жүргізуші: Міне, бүгінгі таңда- Қазақстан өз алдына мемлекет. Ал, сендер ,балалар, Отанымыздың болашақ ұрпақтарысыңдар. Сабақты жақсы оқып, үлгілі, тәртіпті, өз ел, жерімізді көркейтіп, қазақтың намысын қорғайтын келешек ұрпақтың ақылшысы, тірегі сендер боласыңдар!
Талай нөсер, төгілер , болар жасын,
Алапат күн әйтеуір жол алмасын
Мына нұрлы өмірге тірек болған
Адамзаттың ұрпағы жоғалмасын! –деп, бүгінгі ашық сабағымызды аяқтаймыз.
Тамашалағандарыңызға рахмет!
Категория: Музыка | Добавил: 03000 (31.01.2014) | Автор: Нагметкалиева Жанар Низағалиқызы
Просмотров: 760 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 2
2 Бегманова   (17.11.2014 12:23)
Бұл іс-шара баларды партиот болуға, тәуелсіздігімізді қадірлеуге үйретеді.Тәуелсіздіщіміз үшін жаның қыйған батырларымызды құрметтеуге шақырады.

1 Бегманова   (17.11.2014 11:59)
Бұл іс-шара біздің балалырымызды патриот болуға, тәуелсіздігімізді қадірлеуге үйретеді.Тәуелсіздігіміз үшін өмірлерің қыйған батырларымызды құрметтеп, сыйлауға шақырады.

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz