Главная | Регистрация | Вход | RSSЧетверг, 23.11.2017, 15:55

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Биология [29]
ИЗО [12]
Профессиональное обучение [7]
Внеклассное чтение [16]
География [22]
Духовные ценности [10]
Если хочешь быть здоров [49]
Информатика [60]
История [57]
Иностранный язык [99]
Книжная полка [49]
Компьютер-бум [10]
Казахский язык и литература [188]
Математика [87]
Мир науки [11]
Моя Родина - Казахстан [43]
Музыка [106]
Начальная школа [406]
Общество семи муз [12]
Психологический клуб [11]
Русский язык и литература [135]
Родительское собрание [11]
Творческая личность [21]
Технология [21]
Физика [21]
Химия [31]
Экологическое воспитание [14]
Самопознание [37]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1607
Статистика

Онлайн всего: 3
Гостей: 3
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мастерская учителя » Музыка

Тақырыбы: «Қазыналы қарттарым- шежірелі»
Ақтөбе облысы Шалқар қаласы
«Оқушылар Сарайы»ММ
«Алақай» қуыршақ театры үйірмесінің жетекшісі
Абдрайымова Құндыз Қаражанқызы
Тақырыбы: «Қазыналы қарттарым- шежірелі»
Мақсаты: Оқушы бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлай білуге , өз ата – бабасын ұмытпай сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу. Көрнекілігі: адами қасиеттерге баулитын нақыл сөздер, проектормен слайд, шармен гүлмен безендіру Барысы:
Ұйымдастыру: сәлемдесу, ардагер қонақтарға төрден орын беру. Негізгі бөлім
1-Жүргізуші:Құрметті қонақтар, көрермендер, ақ жаулықты аналар мен ақылгөй дана қариялар бүгін сарайымызда «Қазыналы қарттарым- шежірелі» атты кешімізге хош келдіңіздер дейміз. «Ақылды қария-ағып жатқан дария» деп тегін айтпаса керек.Асыл қарттарымыз –ұлы бәйтерек болса, біз соның бүршігіміз.Қыңырды жөнге , қисықты түзге салған осы қариялар арқылы өмірдің тұзу жолын , өнердің білім жолын тауып , біз де кірпіш дүниенің тетігі болып қаланатынымыз хақ.
2-Жүргіуші:Армысыздар құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар.Біздің бүгінгі нұрлы өміріміздің , алаңсыз күлкі , тәтті ұйқымыздың да бейбіт сақшысы бола білген, самайларын қырау шалып, жүздерін уақыт әжімі торлаған данагөй қарияларымызбен ақ жаулықты әжелеріміздің бүгін мейрамы құтты болсын .Бүгін бізде қонақта ерекше ата- әжеміз бар. Бұл кісілер де осы «Оқушылар сарайында» еңбек етіп зейнеткерлікке шыққан болатын.Сіздерге хош келіпсіздер дейміз.
Құттықтау сөз кезегін сарайымыздың директоры Жанар Есенғосқызына береміз.
1-Жүргізуші:
Хош келіпсіз ақ жаулықты аналар,
Ақыл кенін арқалаған аталар.
Алдарыңда жауқазындай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар.
Армысыз ауылымның асылдары
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.
Сіздер үшін ән мен күй, өлең мен би
Сіздер үшін мереке шашулары
Хор-вокал үйірмесінің оқушысы Берденова Жанардың орындауында «Асыл әже» әні Жүргізуші: Халқымыздың тәлім – тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, аталар ақылымен берісіп, өзіндік қасиетімізді қалыптастыруға көзделген. Ендеше «Мен атам мен әжемнің жалғасымын» бөліміне құлақ түрелік. Бір топ оқушы ортаға шығып өлеңдерін оқиды. Оқушылар қонақтарға гүл шоқтарын береді
1-Нұржан Ата күні - әже күні әлем күні
Әлемде теберінер ақылды үні
Әжесіз жан туған жоқ жер бетінде
Ұғып ал бөбектерім сендер мұны
Ата - әже мерекелеріңіз құтты болсын!
Жанұяңызға тек қана шаттық толсын
Немерелеріңіздің өнерін тамашалап
Жүздеріңізге көтеріңкі көңіл толсын.
2-Аружан
Атам менің әманда
Әдепті жан бол деген
Атам сөзі санамда
Жасы үлкенге жол берем
Алдын орап кісінің
Кесіп өтпе көлденең
Ізетімен кішінің
Сәлемдесіп қол берем.
3-Жанель
Атам менің әманда
кішіпейіл бол деген.
Ата сөзі санамда
Мақтанбауды жөн көрем
Қалдыратын ұлтқа
Жалған сөзге төзбеймін
Жеткізеді мұратқа
Тек шындықты көздеймін.
4-Акмарал
Атам менің әманда
Әділетті бол деген.
Ата сөзі санамда
Жүрмін тура жолменен
Ей, тәкаппар дүние
Маған да бір қарашы
Танимысың сен мені
Мен қазақтың баласы.

5-Гулхан
Құттықтаймыз мейрамыңмен аталар!
Әр күлгенің бізге бақыт саналар.
Еңбегіңді еш етпейтін өмірде
Елің жұртың ұл мен қызың бағалар
Ана мейір күн көзімен пара – пар.
Тұла бойға қуат болып таралар
Өміріме шуақ шашып әрқашан
Көп жасаңдар аталар мен аналар!

Жүргізуші: Ендігі зейнеткерлерімізді құттықтау сөз кезегін сарайымыздың кәсіподақ төрайымы Мейрамгүл Сәрсенқызына беріледі. Зейнеткерлерге сыйлықтар табысталады.
Жүргізуші:
Үлкенді сыйлау ,оларға құрмет көрсету – ата бабадан келе жатқан салтымыз.Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл кеңестеріңіз , тәлім- тағылымдарыңыздың біз үшін орны бөлек.Себебі , әрқайсыңыздың осы ауданымыздың өсіп-өркендеуіне қосқан үлестеріңіз бен еңбектеріңіз ерен.Бүгінгі еңбектеріңіздің зейнетін көріп отырған шақта да Сіздер ұрпақтарыңызға игілік пен ізгіліктің , пайым-парасаттың үлгісін танытудан жалыққан емессіздер.
Жүргізуші:
Ауылымыздың құрметті ардагері, қарт зейнеткер , КСРО әлем чемпионы Аманғали ағай мен Қуанышбай ағайға сөз кезегін береміз.

Сонымен қатар ауылымыздағы асыл аналарымыздың бірі, қазір зейнеткер Шолпан апай келіп отыр. Анамызға да рахметімізді айта отырып сөз кезегін берейік.

Жүргізуші:
Құрметті қонақтар бүгінгі мерекелеріңізге құттықтау лебіз ретінде ән-шашу таралғы еткіміз келіп отырмыз. Терме үйірмесінің оқушысы Бақрадин Рамазанның «Нұрым жыраудың» термесін қабыл алыңыздар.

Жүргізуші: Ата- ардақты тұлға «Әкеден ұл тусайшы, ата жолын қусайшы» деп халық ұрпаққа атаның мұрасын жалғастыруды уағыздайды. Ата ұрпағының, қайырымды, мейірімді, ақылды іскер болуын тілеп сол үшін қамқорлық іс - әрекеттерін жерге жеткенше дамыта береді, өнеге көрсетеді, өсиет айтады.

«Көркем-ай» би тобының орындауында түрік биі «Халай» биі
Жүргізуші:
Қарттардың тілегі - ел амандығы , жұрт тыныштығы . Олар бүгінгісін ғана ойламайды , өткен өмір жолын зерделеп , алдын болжауға тырысады. Қарттар тіршіліктің төресі. Асыл қазына саналатын қарттарымыздан алған ғибрат аларлық сөздерді балаларға жас ұрпақтарға үйретіп айтып отырайық.Біз ата-әжелеріміз алдында қарыздармыз.Ол қарызымызды тек жақсы тәрбие арқылы, адамгершілігі мол , мейірімді болу арқылы ,оларды көрген жерде құрметтеп сыйлау арқылы қайтарамыз.Қарттарымызды ардақтап өтейік! Оларды сыйлаңдар, қадірлеңдер!
Аталарымыздан бата алу.
Жүргізуші:
Осымен , асыл қариялар, бүгінгі сіздерге арналған кешіміз аяқталды.Сіздерге ең бірінші денсаулық, бала-шағаларыңыздың қызықтарына тоймай ортасында өмір кешулеріңізге тілектеспіз!.
Категория: Музыка | Добавил: Айару6308 (31.05.2017) | Автор: Құндыз
Просмотров: 137 | Теги: Абдрайымова, Қаражанқызы | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2017
    Сайт управляется системой uCoz