Главная | Регистрация | Вход | RSSСуббота, 10.12.2016, 15:44

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Биология [28]
ИЗО [12]
Профессиональное обучение [6]
Внеклассное чтение [16]
География [22]
Духовные ценности [10]
Если хочешь быть здоров [48]
Информатика [58]
История [49]
Иностранный язык [99]
Книжная полка [49]
Компьютер-бум [10]
Казахский язык и литература [182]
Математика [85]
Мир науки [11]
Моя Родина - Казахстан [42]
Музыка [97]
Начальная школа [399]
Общество семи муз [12]
Психологический клуб [11]
Русский язык и литература [132]
Родительское собрание [11]
Творческая личность [20]
Технология [21]
Физика [20]
Химия [31]
Экологическое воспитание [13]
Самопознание [35]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1523
Статистика

Онлайн всего: 4
Гостей: 4
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мастерская учителя » География

"Италия"
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы,
Ембі қалалық №2 орта мектеп,
география пәнінің мұғалімі
Калиева Жұпар Тлегеновна.

«Маған айтып берсең ұмытып қалармын,көрсетіп берсең есте сақтармын,
өзіме жасатсан үйреніп алармын»
Шығыс нақылы
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға Европаның жоғары дамыған елдерінің
бірі Италия мемлекеті туралы түсінік беру.
2. Өз бетімен шығармашылық ізденіске, танымдық
ойлау қабілеттерін тыңдау.
3.Ұжымдасуға, бір-бірін құрметтеуге, отанға деген
сүйішпеншілікке тәрбиелеу.
Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, картамен жұмыс
Сабақ түрі: Дәстүрлі емес саяхат, мерекеліл сабақ.
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі
(Психологиялық дайындау)
Алдымызда жаңа жыл мерекесі ендеше, сабағымыздыжақсы мерекелік тілектермен бастайық. Шырша ойыншықтарын бір-біріне жақсы тілектер айтып, мерекелік көңіл-күймен ұсынады.
ІІ. Өткен сабақты тексеру.
3 топқа бөлініп, әр топтан 1 оқушы шығып жереби алады, сол бойынша топқа бөлінеді. Астанадан ұшақ арқылы ұшамыз. Аялдамамыз:

1.Германия 2.Ұлыбритания 3.Франция
Жер көлемі- 357 мың км2
Халқы -82,4 млн
Астанасы-Берлин
Мемлекет тілі-неміс
Ақша бірлігі-еуро
Мемлекет құрылымы-федералдық
Мемлекет басшысы-федералдық перзидент
Қай жылы бірігіп ГФР болды 1990 ж
Ірі қалалары:Франкфурт, Дортмунд, Нюрнберг, Гамбург, Мюнхен
Автомобиль жасаудан нешінші орында-3
Тас көмірдің ірі кен орындары: Рур, Саар, Ахень алаптары
Химия өнеркәсібінің күшті дамуына байланысты Германияны «Химиялық держава» деп атайды Жер көлемі- 244,1 мың км2
Халқы -60,1 млн (2004 ж)
Астанасы-Лондон
Мемлекет тілі-ағылшын
Ақша бірлігі-фунт стерлиг
Мемлекет құрылымы-Конституциялық монархия
Мемлекет басшысы-королева
Заң шығарушы органы-парламент
Үкімет басшысы-премьер министр
Ірі қалалары:Лондон, Манчестер, Бирмингем
Жер көлемі- 551 мың км2
Халқы -60,2 млн (2004 ж)
Астанасы-Париж
Мемлекет тілі-француз тілң
Ақша бірлігі-еуро
Мемлекет құрылымы-республика
Мемлекет басшысы-президент
Заң шығарушы органы-екі палаталы парламент
Үкімет басшысы-премьер министр

ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру.

Жаңа 2014 жыл мерекесін Италия мемлекетінде өткіземіз. Италияда жаңа жыл мерекесін қалай қарсы алады соны тамашалаймыз. Италияда жаңа жыл мерекесін карсы алу себебіміз. Шетел туристері Римде Рождество кезінде болғанды ұнатады. Елдегі осы басты мейрам кезінде шыршалармен безендірілген қала көшелерінде ұлттық киім киген музыканттардың ойынын тамашалап, дүкендерден әр түрлі сыйлықтар сатып алуға болады.
Италия- туризм күшті дамыған ел, бұл салада 1 млн-ға жуық италиялық жұмыспенпен қамтылған. Жылына, жалпы алғанда, Италияға 40 млн-ға жуық шетел туристері келіп, ел қазынасына 10 млрд АҚШ доллары көлемінде пайда түседі. Экономиканың маңызды саласына айналған туризмнің материалдық негізі де жасалған. Италия қонақүйлерінде бір мезгілде 2,6 млн турист орналаса алады. Негізгі туристік маршруттар Жерорта теңізі алабында ұйымдастырылатын круиздік туризмнің италиялық бөлігін, Альпі ауданын, сәулет және сурет өнерінің інжу-маржаны сақталған Италияның «алтын қалалары»- Рим, Венеция, Болонья, Флоренция қамтиды. Италия-жоғары дамыған индустриялы-аграрлы ел, ол дүниежүзілік өндірістегі үлесі жөнінен (3 %-дан астам) алғашқы ондыққа енеді. Шаруашылық мамандануы мен экономикалық-әлеуметтік даму деңгейі жөнінен елдің солтүстігі («индустирялы солтүстік») мен оңтүстігі («аграрлы оңтүстік») елеулі айырма жасайды.
Бұл аймақтық сәйкессіздікке, ең алдымен, тарихи-географиялық факторлар себепші болған. Еуропаның алдыңғы қатарлы дамыған елдерімен көршілес орналасқан Солтүстік Италия өзінің даму қарқыны жөнінен олардан кем түспейді. Сыртқы экономикалық байланыстарының күштілігі ауданның шаруашылық құрылымының күрделенуіне де әсерін тигізген. Оңтүстік Италия салыстырмалы түрде нашар дамыған елдермен көршілес орналасқандықтан және Солтүстіктен теңестіруге бағытталған арнайы экономикалық саясат жүргізілмегендіктен артта қалып отыр.
Зәйтүн өнімін жинаудан Италия дүние жүзінде Испаниядан кейін екінші орын алады. Елде тоқыма өнеркәсібінің қажеттері үшін аздаған мөлшерде мақта, зығыр, кендір өсіріледі. Соңғы жылдары гүл алқаптары кеңейіп келеді, гүл ел экспортының құрамдас бөлігіне айналған.
Италияны, әдетте «Еуропаның басты бағы» деп атайды, өйткені мұнда қоңыржай және субтропиктік белдеулердің алуан түрлі жемістер (алма, алмұрт, алша, өрік, інжір) мен жаңғақты ағаштар (бадам, грек жаңғақтары, орман жаңғағы) күтіп-бапталады. Цитрустар оңтүстік облыстарды, әсіресе Сицилияда көп өсіріледі. Италиялық бағбандар жылына шамамен 6 млн т-дан астам цитрус өнімдерін, 5 млн т қызанақ жинайды.
Елдегі дәстүрлі шаруашылық саласының бірі-жүзім өсіру. Жүзімдіктер елдің барлық дерлік облыстарында бар, жүзім жинаудан Италия дүние жүзіндегі алдыңғы орын үшін ұдайы Франциямен бәсекелесумен келеді. Жиналған өнімнің 90%-ы шарап жасауға жұмсалады, шарап өндірісі (жылына 61 млн л) жөнінен Италиямен ешбір ел бәсекелесе алмайды. Италия мен Францияның үлесіне дүние жүзінде өндірілетін шарап өнімінің 40%-ы тиесілі.
Италия-дүниежүзілік нарықтағы аса ірі автомобиль шығарушы ел. Бұл саладағы жетекші орынды Италиядағы ең қуатты жеке меншік фирма болып есептелген «Фиат» концерні алады. Дүние жүзіндегі аса ірі компаниялар қатарына жататын бұл автомобиль концернінің зауыттары ел аумағында шашырай орналасқан. Мұнда жеңіл автомобильдермен қатар жүк машиналары, автобустар, электровоздар, трамвай, троллейбустар, тракторлар жасалады. Еуропаның автомобиль нарығының 13%-ына бақылау жасайтын «Фиат» кәсіпорындары, негізінен, Турин қаласы мен оның маңында «Феррари», «Мазерати», «Ланча», автомобиль фирмаларының зауыттары орналасқан. Италияда жылына 1,5 млн жеңіл автомобиль жасалады.
IV. Қорытындылау. «Аукцион»
Әр мемлекеттен шығатын машиналарды аукционға саламын.
1. Италиядағы сөнбеген жанартаулар?
2. Б.з 79 жылы Везувийдің күшті атқылауы әсерінен лава мен күл басып калған қалалар?
3. Италия мемлекеті қандай түбекте орналасқан және климаты қандай?
4. Италия экспортқа не шығарады?
V. Бағалау.
IV. Үйге тапсырма беру. §10 Италия, §11 Италияның шаруашылығы.
СЭБ.Туризм және Италия мен Қазақстан
арасындағы қатынас туралы соңғы жаңалықтардан
хабар дайындау.
Категория: География | Добавил: Эльвирок (30.01.2014) | Автор: Калиева Жупар Тлегеновна
Просмотров: 1461 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz