Главная | Регистрация | Вход | RSSСуббота, 10.12.2016, 09:58

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Биология [28]
ИЗО [12]
Профессиональное обучение [6]
Внеклассное чтение [16]
География [22]
Духовные ценности [10]
Если хочешь быть здоров [48]
Информатика [58]
История [49]
Иностранный язык [99]
Книжная полка [49]
Компьютер-бум [10]
Казахский язык и литература [182]
Математика [85]
Мир науки [11]
Моя Родина - Казахстан [42]
Музыка [97]
Начальная школа [399]
Общество семи муз [12]
Психологический клуб [11]
Русский язык и литература [132]
Родительское собрание [11]
Творческая личность [20]
Технология [21]
Физика [20]
Химия [31]
Экологическое воспитание [13]
Самопознание [35]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1522
Статистика

Онлайн всего: 4
Гостей: 4
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мастерская учителя » ИЗО

Құмыраны штрихтау
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы,
«Шалқар аудандық көркемсурет лицейі» МКҚК-нің
сурет, кескіндеме пәні мұғалімі
Құндақбаева Тамара Төлепбергенқызы
Сабақтың тақырыбы: «Құмыраны штрихтау»
Сабақтың мақсаты: Сурет салу жолдарын меңгеруге оқушыларды баулу.
Білімділігі: Оқушыларға штрих туралы түсінік беру. Тақырып бойынша алған білімдерін тексеру мақсатында сабақта образдық бейнелерді салуға үйрету.
Дамытушылығы: Құмыраны салдыру арқылы жарық пен көлеңкені, заттың пішінін дұрыс салу жолдарын үйрету. Сурет салудағы тұтас көру қабілетін дамыту.
Тәрбиелігі: Оқушыларды ұқыптылыққа, дұрыс бейнелей білуге тәрбиелей келе эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, үйрету, орындату
Пәнаралық байланыс: сызу, еңбекке баулу
Көрнекілігі: нұсқа құмыра долбары, 4 кезеңдік сурет салу үлгісі, қойылым.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі
ІІ.Білімдерін тексеру
ІІІ.Жаңа сабақ
ІV.Практикалық сабақ

І.Ұйымдастыру бөлімі: Оқушылармен амандасып, түгендеу, құрал-жабдықтарын тексеріп, сабаққа дайындау.

ІІ.Білімдерін тексеру
«Ой қозғау» сұрақ-жауап
1.Үйлестіру, орналастыру қалай аталады ? (композиция)
2.Аспан мен жердің қиылысқан сызығын не дейміз ? (көкжиек)
3.Адам келбетін бейнелейтін жанр қалай аталады ? (портрет)
4.Су әлемін бейнелейтін жанрды не дейміз ? (маринист)
5.Табиғат көрінісін бейнелейтін өнерді не дейміз ? (пейзаж)
6.Қалам тушьпен бейнелейтін өнерді не дейміз ? (графика)

ІІІ.Жаңа сабақ
Суретші айтпақ ойын әсерлі көрсету үшін көркем шығармада бейнелейтін кейіпкерлер мен қоршаған ортадағы нәрселерді белгілі бір тәртіппен орналастыруға көңіл бөледі. Осындай айрықша тәсілді үйлестіру заңдылығы деп атауға болады.
Үйлестіру заңдылығының бейнелеу өнерінде атқаратын маңызы зор. Кез келген көркем тапсырманың әдемі, көрнекті, әсерлі болып шығуы үйлесімділік заңдылықтарына байланысты.
Компоновка дегеніміз-нәрсенің біріктірілген ұсақ, жеке бөлшектерінің біртұтас, бүтін болып көрінуін қамтамасыз ету. Суреті салынатын құмыраның кеңістікте өзара орналасуын дұрыс белгілеу үшін тіке, көлденең, көлбеу сызықтар пайдалану керек.
Суретті сәтті салу үшін көрген нәрсені кеңістікте аумақтық тұрғысынан қабылдай білу керек. Заттарды көшіре салмай, заттың құрылымына, оның геометриялық құрылысына талдау жасау керек. Бейнелейтін нәрсенің сыртқы пішіні жарық пен көлеңке арқылы айқындалады. Олардың белгілі атаулары бар. Нәрсеге сәуле түскен бет жарық деп аталады. Ең жарық жер-жылт, жарыққа қарама-қайшы бет көлеңке, меншікті көлеңке деп аталады. Ал меншікті көлеңкеден біртіндеп жарыққа ауысқан кезде жартылай көлеңке пайда болады. Заттың шет жағында басқа денеге түскен жарықтың әсер етуінен пайда болатын әлсіз жарықты рефлекс дейміз. Өйткені әрбір заттың өзіне тән реңдік қатынасы бар. Олардың кейбіреулері түстік, реңдік қатынас жағынан кейде қою қараңғы немесе ақшыл жарықтау болып келеді.
Штрихтау көптеген қысқа сызықтардың жиынтығынан тұрады. Штрихтау заттың пішініне, формасына қарай беріледі. Штрих сызықтарының арасын бір-біріне жақын алған жөн.

ІV.Практикалық сабақ
Натюрморттың төрт нұсқада орындалу техникасы.
Қорытынды: Оқушылардың жұмысын тексеріп, бағалап қорытындылау.
Категория: ИЗО | Добавил: Айару6308 (05.02.2015) | Автор: Тамара E
Просмотров: 803 | Теги: Құндақбаева, Төлепбергенқызы | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz