Главная | Регистрация | Вход | RSSСуббота, 03.12.2016, 20:37

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Биология [28]
ИЗО [12]
Профессиональное обучение [6]
Внеклассное чтение [16]
География [22]
Духовные ценности [10]
Если хочешь быть здоров [47]
Информатика [58]
История [48]
Иностранный язык [99]
Книжная полка [49]
Компьютер-бум [10]
Казахский язык и литература [181]
Математика [85]
Мир науки [11]
Моя Родина - Казахстан [42]
Музыка [97]
Начальная школа [399]
Общество семи муз [12]
Психологический клуб [11]
Русский язык и литература [129]
Родительское собрание [11]
Творческая личность [20]
Технология [21]
Физика [20]
Химия [31]
Экологическое воспитание [13]
Самопознание [35]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1520
Статистика

Онлайн всего: 12
Гостей: 12
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мастерская учителя » ИЗО

"Тұрмыстық заттардан құралған натюрморт"
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы
"Шалқар аудандық көркемсурет лицейі" МКҚК-нің
сурет, кескіндеме пәні мұғалімі
Құндақбаеғва Тамара Төлепбергенқызы
"Тұрмыстық заттардан құралған натюрморт"

Пәні: сурет
Тақырыбы: Тұрмыстық заттардан құралған натюрморт
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға тұрмыстық заттардан құралған натюрморт туралы түсінік беру, сабақта әр түрлі натюрморттар салуға үйрету, штрих туралы түсінік беру;
Дамытушылық: Натюрморт туралы білімдерін тереңдетіп, натюрморт салдыру арқылы жарық пен көлеңкені, заттың пішінін дұрыс салу, есте сақтау, қиялдау, көре білу қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік: оқушыларды дұрыс бейнелей білеуге тәрбиелей отырып, эстетикалық тәрбиеге жетелеу;
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, орындату, оқушылардың ізденуі;
Көрнекілігі: натюрморт долбарлары, 4 кезеңдік сурет салу үлгісі, сабақтың тақырыбы.
Сабақтың барысы:
І.Үйымдастыру кезеңі
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Актуальдау
ІV. Жаңа сабақ
V. Жаңа сабақты меңгердігін тексеру
VІ. Бекіту
VІІ. Қорытындылау
VІІІ. Бағалау
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, құрал-жабдықтарын тексеру, оқушыларды сабаққа дайындау;
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
«Кубизм» әдісі
Куб фигурасының 6 қабырғасында өткен сабағымызға байланысты кубты лақтыру арқылы қойылатын 6 сұраққа жауап береміз.
1. Куб дегеніміз не? Куб-бұл геометриялық фигура. (сары түстің сұрағы)
2. Біздің өткен сабақта бейнеленген кубымыз қандай материалдан жасалған? Ақ гипстен жасалған. (жасыл түстің сұрағы)
3. Штрих дегеніміз не? Көптеген біртектес сызықтардың жиынтығы. (қызыл түстің сұрағы)
4. Рең дегеніміз не? Қоюланған штрихтардың жиынтығы. (көк түстің сұрағы)
5. Ең жарық жерді не деп атайды? Жылт (алқызыл түстің сұрағы)
6. Кубты қандай щтрих түрлерімен щтрихтаймыз? Тік, оң көлбеу және сол көлбеу штрих түрлерімен штрихтаймыз. (қызғылт, сары түстің сұрағы)
ІІІ. Актуальдау кезеңі
Ойашар. «Тест-руно»
1. Жансыз заттар мен бұйымдардан құралған көркем шығарма?
М. Мүсін Н. Натюрморт Ц. Портрет
2. Табиғат бейнеленген көркем шығарма?
А. Пейзаж Ә. Жарық Б.Батальдық
3. 1904-1973 ж.ж. аралығында өмір сүрген қазақтың ұлы суретшісі?
Д. А.Құнанбаев Т. Ә.Қастеев И.А.Ғалымбай
4. Қазақтың ұлттық аспаптарын ата?
О. Гитара, пианино Ю. Домбыра, қобыз, жетіген, сазсырнай Я. Пианино, скрипка
5. Аспан мен жердің қиылысқан сызығын не деп атайды?
Р. Көкжиек С. Жылт Т.Рең
6. Бояу езуге, араластыруға арналған жұқа тақтай?
Л. Текемет М.Палитра Н.Қағаз
7. Негізгі көрінісі бейнеленген, сызықпен салынған сурет?
С. Перспектива Т.Модель О.Нобай
8. Сәулет өнерін не деп атайды?
Р. Архитектура С.Монумент Т.Аппликация
9. Үйлестіру, орналастыру қалай аталады?
С. Компоновка Т. Композиция О.Переход
Тесттің жауабы: «Натюрморт»
ІV. Жаңа сабақ
Бүгінгі сабағымыз тұрмыстық заттардан құралған натюрмортты бейнелеу.
«Натюрморт»-француз сөзі, дәл мағынасы «өлі табиғат» деген ұғымды білдіреді. Оған тұрмыста күнде кездесіп жүретін заттарды, жемістерді, гүлдерді т.б. жатқызуға болады.Натюрморт – бізге онда бейнеленген заттарды пайдаланған адамдардың өмірін, суретшінің оларға деген көзқарасын ашып береді.
Натюрморттың немесе басқа да заттардан құралған суретті салған кезде оның мағыналы құрылымның өзегі болатын композицияны білуіміз шарт. Онсыз ешқандай қызықты, әсерлі сурет салу мүмкін емес.
Оқушылар алдымен бейнелейтін заттардың нұсқасын қабылдап оны қағаз бетіне орналастырамыз. Сонан кейін әртүрлі заттарды бір-бірімен үйлестіре отырып сурет саламыз. Суретті салу үшін көмекші сызықтар пайдаланған жөн.
Жалпы бейнелеу өнерінде кез-келген суретті кезеңге бөліп салады.
Енді кезеңдер арқылы берілген натюрмортты салудың жолдарын қарастырайық. Натюрморт екі заттан тұрады. Жалпы кезеңдер 4 кезеңнен тұрады:
1-кезең: Алынған тақырып бойынша қағаз бетіне дұрыс орналастыру, компоновкасын және үйлесімдігін нақты көрсету. Жалпы көмекші сызықтармен және ішкі көріністерін салыстырмалы түрде жазу;
2-кезең: Әрбір заттың кіші заттан үлкен заттарға қарай, құрылымына назар аударып, кеңістікте өзара қатынасын табу. Қағаз бетіне эскизімізді нақтылап 3-кезеңге көшіру;
3-кезкң: Әрбір заттың өзіндік өңі, жарық пен көлеңкесі пайда болады. Жалпылама бұл жұмысты жарық пен көлеңке арқылы анықтап, түстік заңдылықтарын дұрыс орналастыру;
4-кезең: Бұл кезкң бейнеленген заттарды толықтай анықтау кезеңі. Орындалған заттардың өзара өңі мен жарық көлеңкесін табу. Әрбір көлеңке переход арқылы жұмыс жасалуы керек. Ең маңызды көлеңке «түспе көлеңке» болады. Әрбір затты қағаз бетіне көрсету үшін, жарық түскен артқы фонын көлеңкелеу арқылы көрсетеміз. Әрбір заттың өңін бір-бірімен шағылысу арқылы реңдік қатынасты көрсетеміз.
Суретші айтпақ ойын әсерлі көрсету үшін көркем шығармада бейнелейтін кейіпкерлер мен қоршаған ортадағы нәрселерді белгілі бір тәртіппен орналастыруға көңіл бөледі. Осындай айрықша тәсілді үйлестіру заңдылығы деп атауға болады.
Үйлестіру заңдылығының бейнелеу өнерінде атқаратын маңызы зор. Кез келген көркем тапсырманың әдемі, көрнекті, әсерлі болып шығуы үйлесімділік заңдылықтарына байланасты.
Компоновка дегеніміз-нәрсенің біріктірілген ұсақ, жеке бөлшектерінің біртұтас, бүтін болып көрінуін қамтамасыз ету. Суреті салынатын натюрморттың кеңістікте өзара орналасуын дұрыс белгілеу үшін тіке, көлденең, көлбеу сызықтар пайдалану керек.
Суретті сәтті салу үшін көрген нәрсені кеңістікте аумақтық тұрғысынан қабылдай білу керек. Заттарды көшіре салмай, заттың құрылымына, оның геометриялық құрылысына талдау жасау керек. Бейнелейтін нәрсенің сыртқы пішіні жарық пен көлеңке арқылы айқындалады.
Олардың белгілі атаулары бар. Нәрсеге сәуле түскен бет жарық деп аталады. Ең жарық жер-жылт, жарыққа қарама-қайшы бет көлеңке меншікті көлеңке деп аталады. Ал меншікті көлеңкеден біртіндеп жарыққа ауысқан кезде жартылай көлеңке пайда болады. Заттың шет жағында басқа денеге түскен жарықтың әсер етуінен пайда болатын әлсіз жарықты рефлекс дейміз.
Жарық пен көлеңкені заттың реңіне байланысты мөлшерде ғана штрихтаймыз. Өйткені әрбір заттың өзіне тән реңдік қатынасы бар. Олардың кейбіреуі түстік реңдік қатынас жағынан кейде қою қараңғы немесе ақшыл жарықтау болып келеді. Штрихтау көптеген қысқа сызықтардың жиынтығынан тұрады. Штрихтау заттың пішініне, формасына қарай беріледі. Штрих сызықтарының арсын бір-біріне жақын алған жөн.
Натюрмортты мұқият тексеріп көзге ұрып тұрған елеулі көлеңке немесе жарық болса, соларды басып жалпы натюрморттың рең қоюлығына бағындырамыз. Натюрморт пен фон арасындағы кеңістіктің тереңдігін тағы бір қарап натюрморттың фонға жабысып қалмауын тексереміз. Содан артық сызық штрихтарды өшіріп, суретті аяқтаймыз.
V. Жаңа сабақты меңгергендігін тексеру. «Ойталқы».
Барысы Мазмұны
Компоновка Көркем шығармада бейнелейтін кейіпкерлер мен қоршаған ортадағы нәрселерді белгілі бір тәртіппен орналастыруға көңіл бөлу-.... деп аталады.
Меншікті көлеңке ....дегеніміз нәрселердің біріктірілген ұсақ, жеке бөлшектерінің біртұтас бүтін болып көрінуін қамтамасыз ету.
Көкжиек Заттың шет жағында басқа денеге түскен жарықтың әсер етуінен пайда болатын әлсіз жарықтың ... дейміз.
Үйлестіру заңдылығы Жарыққа қарама-қайшы бет көлеңке .... .... деп аталады.
Рефлекс Аспан мен жердің қиылысқан сызығын ..... дейміз.
VI. Бекіту
Оқушылардың сабақ үстіндегі өз жұмыстарын бағалау.
Сабақ үстінде мен жұмыс жасадым белсенді / жай
Мен сабақтағы өз жұмысыма қанағаттандым / қанағаттанған жоқпын
Сабақ мен үшін.... болып көрінді қысқа / ұзақ
Сабақта мен шаршадым / шаршаған жоқпын
Менің көңіл-күйім көтерілді / көңіл күйім бломады
Сабақтағы материал маған ...болды түсінікті / түсініксіз

VII. Қорытындылау
VIII. Бағалау.

Источник: http://tamara_t84@mail.ru
Категория: ИЗО | Добавил: tamara (06.02.2015) | Автор: Құндақбаева Тамара Төлепбергенқызы E
Просмотров: 865 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz