Главная | Регистрация | Вход | RSSСуббота, 10.12.2016, 09:59

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Биология [28]
ИЗО [12]
Профессиональное обучение [6]
Внеклассное чтение [16]
География [22]
Духовные ценности [10]
Если хочешь быть здоров [48]
Информатика [58]
История [49]
Иностранный язык [99]
Книжная полка [49]
Компьютер-бум [10]
Казахский язык и литература [182]
Математика [85]
Мир науки [11]
Моя Родина - Казахстан [42]
Музыка [97]
Начальная школа [399]
Общество семи муз [12]
Психологический клуб [11]
Русский язык и литература [132]
Родительское собрание [11]
Творческая личность [20]
Технология [21]
Физика [20]
Химия [31]
Экологическое воспитание [13]
Самопознание [35]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1522
Статистика

Онлайн всего: 4
Гостей: 4
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мастерская учителя » Самопознание

Мейірімділік-асыл қасиет.
Батыс Қазақстан облысы
Теректі ауданы
Айтиев селосы
Айтиев бастауыш мектебі
Мұғалім:Танатарова Шолпан Каратаевна
Сынып:1
Пән:Өзін-өзі тану
Тақырып:Мейірімділік-асыл қасиет.
Құндылық:Дұрыс әрекет.
Қасиеттер:мейірімділік,қайырымдылық
Сабақ мақсаты:
«Мейірімділік», «Қайырымдылық»құндылықтырын мәнін ашу.
Міндеттері:
 Мейірімділіктің адам өміріндегі маңызын,өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту.
 Мейірбандылыққа тәрбиелеу. Ресурстар:үнтаспа,дәйексөз,
өлең,оқулық,дәптер
Сабақ барысы:
Ұйымдастырукезеңi.
Тыныштық сәтi. «Нұрға бөлену»
Үй тапсырмасын тексеру. Дәптер, 30бет Сабақ барысын талдау:
Дәйексөз.
«Мейірімділікті анадан үйрен»
Халық даналығы
-Мейірімділік дегенді қалай түсіңесіз?
-Ана халық ұғымында жаратушы.Олай дейтіміз табиғатты да,адамды да дүниеге әкелуші ана.Ал барлық нәрсенің дүниеге келуі үлкен мейірім мен шапағаттан пайда болады.Табиғаттың барлық жанға бірдей мейірімді болуы сондықтан.Адамның да ананың кіршіксіз мейірінен берілген мейірімділігін сақтап қалу өз қолында.

Әңгiмелеу.
Аңыз «Жас тал»
Күз мезгілі. Жапырақтар сарғайып, тоңып жерге түсіп жатыр. Әп-әдемі болып өсіп келе жатқан талда жалғыз жапырақ қалған екен. Ол әлі толық сарғаймаған, бірақ ұшып бара жатқан қарға келіп қарқ етіп, жалғыз жапырақты жұлып алды. Жас тал жапырақсыз мұңайып қалды. Мұны көрген қарлығаш бар екпінімен ұшып барып, қарғаның аузындағы жапырақты жұлып алып, жас талдың бұтағына әкеліп қойып ұшып кетті. Жас тал болса, қайтадан бойын тік ұстап, көктемде тағы жайқалам, қарлығаш саған пана болам дегендей болды.
- қай кейіпкер сізге ұнады? Неге?
(қарлығаш мейірімді)
-Қарлығаш жасаған әрекеті дұрыс па?Неліктен?
Аңыз-әңгіме
Шығармашылық жұмыс. Дәптер,31бет
Өздерің жасаған ізгілік істер туралы шағын әңгіме құрастырыңдар. Дәптер,31бет
Топпен ән айту.
«Анамның тілі – аяулы үні»
Сөзін жазған: Ш. Смаханұлы
әнін жазған:Ә. Тыналиев

Өмірге келдім,
Анамды көрдім,
Деді ол: жаным,
Арайлы таңым.
Самал боп желпіп,
Жырымен ертіп,
Үйретті тынбай
Бал тілін , әнін.

Анамның тілі - айбыным менің,
Анамның тілі - ай-күнім менің!
Сүйемін байтақ елімді туған,
Сүйемін мәңгі - өмірді думан.

Мектепке келдім,
Ұстазды көрдім,
Тыңдадым сөзін
Табынып, сүйіп.
Анамның тілі,
Аяулы үні
Жүрекке нұрын
Жіберді құйып.

Анамның тілі - айбыным менің,
Анамның тілі - ай-күнім менің!
Сүйемін байтақ елімді туған,
Сүйемін мәңгі - өмірді думан.

1. Үй тапсырмасы.
Оқулық 105-106 бет «Сары тауық пен балапандары»мәтінді оқып,түсінгенін айту.
8. Соңғы тыныштық сәтi.
Жай әуен қойылады.
Құрметті оқушылар жайланып отырып, көздеріңізді жұмып, бүгінгі сабақтан алған жақсы сәттеріңді жүрегіңізге түйіп алыңыздар...
Категория: Самопознание | Добавил: Тимок (11.06.2014) | Автор: Танатарова Шолпан Каратаевна E
Просмотров: 1881 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 1
1 translator9381   (20.06.2014 14:15)
Сабақтың тәрбиелік мәні зор. Қазіргі аумалы-төкпелі заманда мейірімді болып қала беру қазынаға тең. Сабақ жеткіншектердің санасына игі әсер етеді.

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz