Главная | Регистрация | Вход | RSSСуббота, 10.12.2016, 17:40

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Биология [28]
ИЗО [12]
Профессиональное обучение [6]
Внеклассное чтение [16]
География [22]
Духовные ценности [10]
Если хочешь быть здоров [48]
Информатика [58]
История [49]
Иностранный язык [99]
Книжная полка [49]
Компьютер-бум [10]
Казахский язык и литература [182]
Математика [85]
Мир науки [11]
Моя Родина - Казахстан [42]
Музыка [97]
Начальная школа [399]
Общество семи муз [12]
Психологический клуб [11]
Русский язык и литература [132]
Родительское собрание [11]
Творческая личность [20]
Технология [21]
Физика [20]
Химия [31]
Экологическое воспитание [13]
Самопознание [35]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1523
Статистика

Онлайн всего: 3
Гостей: 2
Пользователей: 1
murzabekdami

Каталог статей

Главная » Статьи » Мастерская учителя » Книжная полка

Салалас құрмалас сөйлемді қайталау
Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Милы аулы «Милы орта мектебі» мм
Кайракбаева Улдай Сагындыковна
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Салалас құрмалас сөйлемді қайталау
Сабақтың мақсаты: Салалас құрмалас сөйлем, оның түрлері, мағынасы жасалау жолдары туралы алған білімдерін пысықтау, бекіру.
Міндеттері:
Білімділік – салалас құрмалас сөйлемнің түрлерін бір-бірінен ажырата білуге үйрету.
Дамытушылық – оқушылардың бір-бірін оқыту , бір бірінібілімін бағалау дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелік – тақырып бойынша белгілі бір ой-тұжырым жасату.
Күтілетін нәтиже:
Оқушылар салалас құрмалас сөйлем ,оның түрлерін ажырата біледі.
Бірін –бірі оқыту, білімдерін бағалау дағдысы жетіледі.
Тақырып бойынша ой-тұжырым жасайды.
Оқу құралдары: оқулық, дидактикалық материалдар.
Сабақ түрі: білімді бекіту сабағы.
Оқыту әдістері: топтық, жұптық жұмыстар.
I.Ұйымдастыру кезеңі
Сөзжұмбақ шешу
с
а
л
а
л
а
с


1.Баяндауыштары тиянақты болып, өзара тең дәрежеде байланысқан құрмаластың түрі қалай аталады?
2.Іс-оқиғаның бірі ғана жүзеге асатын салаластың түрін ата.
3.Құрамындағы жай сөйлемдердің біріншісі екіншісіне қарама-қарсы келетін салаластың түрін жаз.
4. Және, әрі, да/де жалғаулықпен байланысатын құрмалас сөйлемнің түрі қалай аталады?
5. Салаласып та, сабақтасып та байланысатын құрмалас сөйлемнің түрі қалай аталады?
6.Сол себепті,сондықтан, неге десеңіз жалғаулығымен байланысатын салаластың түрін ата.
7. Жалғаулықсыз байланысатын салалас құрмалас сөйлемнің түрі.
II. «Кубизм» стратегиясы бойынша жұмыс жасаймыз.
1.Суреттеңіз . Әр топқа кеспе қағаздар бойынша сұрақтар таратылады. Ыңғайлас және қарсылықты салалас құрмалас сөйлем туралы жазыңдар. 2. Өзара салыстырып, дәлелдеңіздер.
1.Себеп-салдар және кезектес салалас құрмалас сөйлем туралы жазыңдар. 2. Өзара салыстырып, дәлелдеңіздер.
Тапсырма: Салалас құрмалас түрлерін ажыратындар.
1.Елдегі хал мынау: пара,ұрлық, зорлық, мастық, надандық тұншықтырып жатыр еді.2. Биыл көп ауыл қаралы, себебі өткен қыстың бас кезінде Ұлжан мен Оспан қайтыс болған.
Тапсырма: Салалас құрмалас түрлерін ажыратындар.
1.Күндіз олар не өзіне жем іздейді,не басқаға жем болмауын көздейді.2. Амантайдың даусын естіп Асқар құшағын жазайын деп еді,-Боагөз босатпады. Тапсырма: Салалас құрмалас түрлерін ажыратындар.
1. Абайдың қиналғанын Ділдә сезді,бірақ түк өкінген жоқ.
2. Менің сендерге берген парам сол: дәл сол Құнанбайдың баласы да өзімдей адам баласы екенін таныттым.
III. Өзіндік жұмыстар. Оқушылардың шығармашылығы.
Компьютерге орнатылған сөйлемді оқушылар толтырады.
1.Биыл жайлауда болдым ....... ауылдағы ағаларымның үйіне бардым.
2.Оның даусы жақсы, ........ ән айтуды жақтырмайды.
3. Биыл шөп қалың шықты, ....... жаңбыр көп жауды.
4. Олар бірлесе тоқтап демалды, ........ күн ұзақ жүріп алды.
5. Я болар жеріңді айт, ....... бізге килікпей тыныш жүр.
6. Қорыққаны ........ орнынан тұра алмай қалды.
IV. Сабақты қорыту:
Жай сөйлемдерді салалас құрмалас сөйлемдерге айналдырып жазу.
1. Сиырдың тұқымы да жақсы, ........
2. Мезгіл кешкіріп кетті ........
3. Жел саябырсыған сияқты, ........
4. Оның қорыққандығы сондай- .........
5. Біресе басымен үйді нұсқап, .........

1. ......... бабы да келіскен екен.
2. ........ сондықтан амалсыз қонуға тура келді.
3. ........ бірақ аязы өтіп барады.
4. ........ не айтып, не қойғанын білген жоқ.
5. ........ біресе сақалымен шанада жатқан әйелді нұсқайды.

Үйге тапсырма: сынақхат жазуға дайындалу. Оқушыларды бағалау.
Категория: Книжная полка | Добавил: Айару6308 (22.01.2016) | Автор: Улдай
Просмотров: 266 | Теги: Кайракбаева.Сагындыковна | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz