Главная | Регистрация | Вход | RSSЧетверг, 08.12.2016, 19:19

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Биология [28]
ИЗО [12]
Профессиональное обучение [6]
Внеклассное чтение [16]
География [22]
Духовные ценности [10]
Если хочешь быть здоров [48]
Информатика [58]
История [49]
Иностранный язык [99]
Книжная полка [49]
Компьютер-бум [10]
Казахский язык и литература [181]
Математика [85]
Мир науки [11]
Моя Родина - Казахстан [42]
Музыка [97]
Начальная школа [399]
Общество семи муз [12]
Психологический клуб [11]
Русский язык и литература [129]
Родительское собрание [11]
Творческая личность [20]
Технология [21]
Физика [20]
Химия [31]
Экологическое воспитание [13]
Самопознание [35]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1522
Статистика

Онлайн всего: 11
Гостей: 11
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мастерская учителя » Книжная полка

Жаңа жыл келді. Қыс қызығы.
Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Милы аулы «Милы орта мектебі» мм Турекешова Жулдыз Мухамбетовна
мектепалды даярлық тобы тәрбиешісі
Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік сала.
Білім көздері: Қоршаған дүниемен таныстыру.
Тақырыбы: Жаңа жыл келді. Қыс қызығы.
Мақсаты: 1. Балалардың қыс мезгілінің белгілері туралы түсініктерін арттыру.
2.Қыста ойналатын ойындар қыс қызығын арттыра түсетінін түсііндіру.
3.Қысқы оындардың падасын түсіндіру арқылы спортты сүюге баулу.
Сөздік жұмыс: қар кесегі, аққала.

Іс – әрекет бөлімдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс - әрекеті
Ынталандыру.
Сезімді ояту «Сырғанақ» өлеңі оқылады.

Сырғанаққа мығымбыз,
Шыныққанбыз, шымырмыз.
Таудан төмен сырғанап,
Біз тебеміз сырғанақ. Балалар бірге қосылып айтады.
Ізденістер.
Ұйымдастыру. 1.Педагогтің тапсырмасы:
- Аспанды сұр бұлт қаптап, жерді ақ ұлпа қар басты. Өзендерде мұз қатып, айнала ертегідегідей тыныштыққа бөленді. Күннің суығына қарамастан блалар шана, коньки теуіп, қар атысып ойнап жүр. Қай мезгіл туралы айтылады?
2.Педагог қыс мезгілінде болатынқұбылыстарға тоқталады. Әр айдың ерекшелігін айта келе, қысқы ойындар туралы түсінік береді.
Мысалы:
- Қаңтар мен ақпан айында ауа райы суық болады. Қаңтар қыс шатыры. Қыстың үш айы қандай суық болған күнде де адамдар мұзайдында конькимен сырғанайды, шаңғы, шана тебеді. Қар кесектерін домалатып, аққала жасайды.
3.Қысқы ойындар дидактикаылық ойыны. Шарты: балалар бір-бірден қоржын ішінен суреттерді алады. Суреттердің ішінен қысқы ойын түрлері бейнеленген суретті тауып, оны тақтаға жапсырады. Сонан соң сурет бойынша қысқы ойын түрлері туралы әңгімелейді.

4.Сергіту сәтін өткізу.

Боран соғар оң жақтан,
Боран соғар сол жақтан.
Қар лақтырып ойнасақ,
Суық өтер қолғаптан.

5.Қысқы мереке туралы әңгіме өткізу.
• Жаңа жыл мерекесі
• Шыршаны безендіру

6.Жұмбақ шешу.

Қыста шыны боп қатады,
Жылыда су боп жатады.
(Мұз) Балалар қыс қызығын өз беттерінше әңгімелейді.

Қыс мезгілі туралы пікірлерін айтады.

Сурет бойынша әңгімелейді.

Өлең жолдарын қайталап, жаттығу жасайды.

Сұрақтарға жауап береді. Шыршаны ойыншықтармен безендіреді.

Жұмбақтың жауабын айтады.
Қорытындылау Пысықтауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
1.Қыс мезгілінің айларын ата.
2.Қыс мезгілінің ерекшеліктерін атап бер.
3.Қандай қысқы ойындарды білесіңдер?
4.Қыс мезгілін не үшін жақсы көресіңдер? Пікірлеріңді білдіріңдер. Балалар қыстың ерекшелігіне тоқталады.

Күтілетін нәтиже:қыс мезгілінің ерекшелігін білуі.
Білуі тиіс:жаңа жл мерекесі туралы білімдерін толықтыру. Қардың қайдан пайда болғанын білу.
Түсінігі:табиғатты аялау, қорғау керектігін түсіну.
Көрсете білуі:суретке қарап әңгіме құрай білу.
Категория: Книжная полка | Добавил: Айару6308 (23.01.2016) | Автор: Жулдыз
Просмотров: 234 | Теги: Турекешова, Мухамбетовна | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz