Главная | Регистрация | Вход | RSSВоскресенье, 04.12.2016, 17:14

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Биология [28]
ИЗО [12]
Профессиональное обучение [6]
Внеклассное чтение [16]
География [22]
Духовные ценности [10]
Если хочешь быть здоров [47]
Информатика [58]
История [48]
Иностранный язык [99]
Книжная полка [49]
Компьютер-бум [10]
Казахский язык и литература [181]
Математика [85]
Мир науки [11]
Моя Родина - Казахстан [42]
Музыка [97]
Начальная школа [399]
Общество семи муз [12]
Психологический клуб [11]
Русский язык и литература [129]
Родительское собрание [11]
Творческая личность [20]
Технология [21]
Физика [20]
Химия [31]
Экологическое воспитание [13]
Самопознание [35]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1521
Статистика

Онлайн всего: 18
Гостей: 18
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мастерская учителя » Книжная полка

Қазақ хандығының құрылуы
Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Милы аулы «Милы орта мектебі» мм Карагулова Зейнет Жаксылыковна Тарих пәні мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Қазақ хандығының құрылуы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақ хандығының құрылу тарихымен таныстыру, қазақ жеріндегі
тұңғыш дербес мемлекеттің жаулап алушылық соғыстар нәтижесінде емес,
халықтың ғасырлар бойы армандаған арман тілегі мен өзара туыстастығы нәтижесінде дүниеге келгенін түсіндіру. Абылай мен Тәуке ханның билік саясатына түсінік беру.
Тәрбиелік: Тұңғыш қазақ мемлекетінің құрылуына негіз қалаған қоғам қайраткерлерінің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу, өз елінің тарихына, адал ұлдарына деген құрмет сезімін қалыптастыру.
Дамытушылық: Картамен жұмыс жасауға, өз бетінше қорытынды жасауға, ізденіске дағдыландыру. Ойлау қабілеттерін дамыту.
Көрнекілік құралдар: Карта, тірек схемалары, Абылай, Тәуке портреттері, әр түрлі кестелер.
Сабақтың түрі: Қайталау, қорыту сабағы
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгелдеу, зейінді сабаққа аудару.
2. Үй тапсырмасын тексеру
Мұғалімнің сөзі: Қазақ хандығының құрылуына себеп болған басты шарттарының бірі - Әбілхайыр хандығындағы ру – тайпалардың саяси жағдайы, олардың шаруашылық өмірлеріндегі дағдарыстар, хан ұрпақтарының билік үшін таласы, ойрат тайпаларымен соғыста жеңіліске ұшырауы - халық бұқарасының Әбілхайыр ханға наразылығының өрши түсуіне себепші болды. Сонымен қатар феодалдық езгі мен қанау бұқара халықты ауыр күйзеліске ұшыратты. Көшіп - қону тәртібі жиі бұзылады. Халық бейбіт өмірді аңсады. Керей мен Жәнібек сұлтандар бұл тарихи жағдайда дер кезінде, өз мақсат - тарына шебер пайдаланды. Сөйтіп, Әбілхайыр ханның үстемдігіне қарсы күрескен қазақ тайпаларының көсеміне айналып, қазақ тайпаларын бастап, Қазақ хандығының болашақ негізін салуға Батыс Жетісуға көш бастады. Моғолстан ханы Есен - бұға Керей мен Жәнібекті Әбілхайырға қарсы пайдалану үшін құшақ жая қарсы алды. Оларға Шу бойынан қоныс бөліп берді.
1465 - 66 жылдары Қозыбасыда Қазақ хандығын құрды. Жаңадан құрылған Қазақ хандығының тағына Шыңғысханның ұрпағы болғандықтан, Керей мен Жәнібек сұлтандардың екеуінің де отыруға құқы болды. Бірақ тәртіп бойынша жасының үлкендігі де ескерілді, сондықтан хан тағына Керей отырды. Ақылдасар тірегі Жәнібек болды.
Қазақ мемлекетінің ХVI - XVII ғғ. әлеуметтік - экономикалық жағдайы бір қалыпты болды. Қазақ хандығының құрылымы 7 сатыдан қаланды: ауыл – ауыл басы, ата - аймақты - ақсақал, руды - рубасы, арысты - би, ұлысты - сұлтан, жүзді - хан, хандықты - қаған басқарды.
Қазақ хандығындағы шаруашылықтың негізгі басты саласы көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы болды. Көптеген хандар билік басына келіп өз саясаттарын жүргізді. 1680 - 1715 жж. Хан тағына Тәуке отырды. Ол талас - тартыс пен бытыраңқылықты жойып, бір орталыққа бағынған Қазақ хандығын құруға күш салды, «Жеті Жарғы» атты заң жинағын құрастырды. Абылай хан 1771 - 1871 жж. Хан тағына отырды. Қоғамдық қайраткер, қолбасшы, дарынды саясаткер ретінде өзін көрсете білді. Барлық мәселені тек дипломатиялық қатынас арқылы шешті. Ұлтының азаттығы үшін күрескен, өз заманының азаматы.

Картамен жұмыс
1. Қазақ хандығының қай жерде және қашан құрылғанын көрсету.
2. Жәнібек пен Керей сұлтандар Қазақ хандығының шекарасын қай жерге дейін кеңейтуге ұмтылды.
Қзақ хандығына сайланған Жәнібек ханның тұсында Жетісу халқы ,1462 жылы Моғолстан ханы Есенбұға өлгеннен кейін ондағы тартыстың күшеюіне байланысты ,өзара ынтымақтасуға күш салды.Жетісуда берік қорғанысы барЖәнібек Жошы әулетінен шыққан сұлтандардың Шығыс Дешті Қыпшаққа билік жүргізу күресіне қосылды.Қазақ халқының басты жауы Әбілхайыр ханның мұрагерлелі –оның ұлы Шайх хайдар мен немерелері Мұхаммед Шайбани мен Махмұд сұлтан болды.
Сыр өңірі мен Қаратау –Қазақ хандығының бесігі болған ежелден келе жатқан жерлер еді.Қазақ хандары осы жерлер үшін басты қарсыластарымен үздіксіз соғысты.Оңтүстік Қазақстан қалалары үшін Шайбани әулетімен арадағы соғыстар Жәнібек хан өлгенненсоң Бұрындық хан кезінде де толастамады.
Дешті Қыпшақта қазақ хандары билігінің орнығуы Мұхаммед Шайбаниды Дешті Қыпшақтағы тайпалардың кейбір бөліктерін соңына ертіп Мәуереннахрға кетуге мәжбүр етті.Оның басты кезеңі –Керей мен Жәнібек тің қол астына еніп кетуінен басталған.Мұндағы маңызды оқиға Керей мен Жәнібекті жақтаушылар «өзбек-қазақтар»,кейін тек «қазақтар»деп аталды.
Және осы бір жер мәселесіне келгенде біздің билер мен шешендер өте жігерлі және ешбір жаудан тайсалмай күресті.Әлемде жері жағынан алдыңғы орында тұрған еліміз үшін сол кездегі Керей мен Жәнібек және Бұрындық пен Қасым хандар «күндіз отырмады,түнде ұйықтамады».Өз тұсында «жерді біріктіру»процесін жедел жүзеге асырып ,көзге түскен хандардың бірі ол-Қасым хан.
Қасым ханның тұсында қазақ хандығының саяси –экономикалық жағдай нығая түсті .М.Х. Дулати : «Қасым өте ақылды,көреген еді,ол Бұрындық ханға бой ұсына білді»деп жазды.
Ол билік құрған жылдарда қазақ халқының қазіргі мекн-тұрағы қалыптасты.Бірсыпыра қалалар қосылды,солтүстікте Қасым ханның қол астындағы қазақтардың жайлауы Ұлытаудан асты.Оңтүстік-шығыста оған Жетісудың көп бөлігі (Шу,Талас,Қаратал,Іле өлкелері)қарады.Қасым хан тұсында Орта Азия мен ,Еділ бойы,Сібірмен сауда жасау және елшілік байланыстар орнады.
Оқушылар тапсырманы топпен орындайды(өз бетінше ізденіс)
1.Алғашқы қазақ хандығы аумағын картадан көрсетеді.
2.Көрші елдер мен қатынасын саралайды,бір-біріне сұрақ қояды,мұғалім сұрағына жауап береді (дилогтік оқыту)
3.Қазақ хандарының іс-әрекеттері туралы постер қорғайды.
4.Дәптермен жұмыс .Басты оқиғаларды жазып алады.
5.Синтездеу және бағалау.
6.Үйге тапсырма Қазақ мемлекетінің құрылуының тарихи маңызы.
Категория: Книжная полка | Добавил: Айару6308 (24.01.2016) | Автор: Зейнет
Просмотров: 158 | Теги: Карагулова | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz