Главная | Регистрация | Вход | RSSПонедельник, 05.12.2016, 21:40

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Биология [28]
ИЗО [12]
Профессиональное обучение [6]
Внеклассное чтение [16]
География [22]
Духовные ценности [10]
Если хочешь быть здоров [47]
Информатика [58]
История [48]
Иностранный язык [99]
Книжная полка [49]
Компьютер-бум [10]
Казахский язык и литература [181]
Математика [85]
Мир науки [11]
Моя Родина - Казахстан [42]
Музыка [97]
Начальная школа [399]
Общество семи муз [12]
Психологический клуб [11]
Русский язык и литература [129]
Родительское собрание [11]
Творческая личность [20]
Технология [21]
Физика [20]
Химия [31]
Экологическое воспитание [13]
Самопознание [35]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1521
Статистика

Онлайн всего: 27
Гостей: 27
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мастерская учителя » Книжная полка

Жаппай жою қаруынан әскери қызметшілерді қорғау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.Жалпы әскерлік қорғаныш толымы
Ақтөбе облысы Шалқар қаласы «Ә.Жангелдин атындағы орта мектебі»мм
Алғашқы әскери даярлық пәнінің ұйымдастырушы оқытушысы: Әлібеков Өмірсай Жақсылықұлы
Жаппай жою қаруынан әскери қызметшілерді қорғау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.Жалпы әскерлік қорғаныш толымы

Сабақтың тақырыбы:
Жаппай жою қаруынан әскери қызметшілерді қорғау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Жалпы әскерлік қорғаныш толымы.

Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға жалпы әскери қорғаныш толымын қолдануды үйрету. АӘД пәніне оқушылардың қызығушылығын арттыру, әскери – патриоттық, ұлтжандылық, Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеп баулу,

Дамытушылық:
Өз іс – әрекетінің дұрыс орындалуын, психологиялық тұрақтылықты қалыптастыру.

Тәрбиелік:
Жанындағы адамдарға көмек беруге, елжандылыққа, қырағылыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу, Отан сүйгіштікке, Қарулы Күшіне деген сезімді арттыру, әскери тәртіпке үйрету.

Көрнекілік құралдар:
АӘД оқулығы, плакаттар, ЖӘҚТ.

Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 мин. Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.
ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 8 мин.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары қалай жетілдіріледі?
- Зақымдалған аймақ кенеттен жасалғанда қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін не істеукерек.
- Сүзгіш газ тұмылдырықтар туралы айтып беріңдер.
- Тұмылдырықтың қажетті өлшемі қалай таңдалады?
б) Негізгі бөлім – 22 мин. Жаппай жою қаруынан әскери қызметшілерді қорғау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Жеке қорғану құралдары (жалпы әскери қорғаныш толымы)

Жалпы әскерлік қорғаныш толымы.
Жалпы әскери қорғаныш толым (ЖӘҚТ) тұмылдырықпен бірге әскердің барлық түрлерінің жеке құрамын улағышзаттардан, сондай – ақ әскер киімі, аяқ киімі және жабдықтардың радиоактивті заттар және биологиялық құралдармен зақымданудан қорғану үшін қолданылады
Оның құрамына қорғаныш плащы, қорғаныш шұлығы, және қорғаныш қолғабы кіреді.
Жалпы әскери құрама қорғаныш костюмі (ЖӘҚҚК) зиянды сәулеге шалдығу және ядролық жарылыстың радиоактивті шаңынан, улағыш заттардың булары мен аэрозольдардан қорғануға арналған.
Оның құрамына куртка, шалбар, қорғаныш ішкі киімі, бас киім, дулығаның ішінен киетін тоқымалы бас киім кіреді.
ЖӘҚҚК табельдік ЖӘҚТ – нан өз конструкциясы мен қол білезігін қорғау үшін отқа қарсы дымқыл жеңді қорғаныш іш киімнің болуы мен ерекшеленеді.
Қарсылас жаппай жою қаруын қолдану мен ұрыс әрекеттерін жүргізу кезінде жеке қорғану құралдары үш жағдайда болуы мүмкін: «жорықтық», «дайын», «ұрыстық».«Жорықтық» жағдайда қорғаныш плащын жабдық үстіне қапшыққа салып арқада тасымалданады, қапшық жоқ кезде қорғаныш
плащы жиналған түрде иықтан асыра тасталынып белдікке
бекітілген түрде арқада тасымалданады.
«Дайын» жағдайда қапшықтар жоқ жағдайда плащты жазылған түрде арқада тасуға болады.
«Ұрыстық» жағдайда плащты жеңге киілген жамылғы ретінде немесе комбинезон ретінде киюге болады.

ЖӘҚТ кию тәсілдері:
- қаруды жерге қою немесе бірзатқа сүйеу керек;
- газ тұмылдырық пен сөмкені, жабдық пен бас киімді шешіп жерге қою
керек;
- кительді шалбарға жинау керек;
- қорғаныш шұлығын кию керек;
- плащты жеңге кигізу керек;
- қапшықтағы жартылай сақинадан таспа ұштарын босатып, плащ артының
етегі мен оларды сақинаға енгізіп бекіту керек;
- айыл басқа ұстағышты ортадағы айыл басқа
плащтың алдымен оң, содан соң сол етегі мен қадап, бекіткішпен бекіту керек.
- айыл басқа плащ етектерін сол жақ етегі сол аяқты, ал оң жақ етегі
оң аяқты жабатындай етіп қадау керек; орталық айыл бастан төмен орналасқан екі айыл басқа ұстағыштарын бекіткіштермен бекіту керек;
- плащтың бүйірлі белдікшелерін алдын ала тізе астымен аяқтарға айналдырып айыл басқа қадау керек;
- екі үстіңгі ұстағыштық алдырып, плащ өңірін қадау керек;
- плащ үстінен жабдық пен газ тұмылдырық кигізу керек;
- газ тұмылдырықты «ұрыстық» жағдайға келтіру керек;
- дулығаның ішінен киетін бас киімді, ал содан кейін күләпараны кию керек;
- плащтың қалған ұстағыштары мен күләпара белдікшелерін қадау керек;
- қолғап кию керек; қаруды алу керек.

Газ тұмылдырықты кию уақыты – 10секундтан аспау керек,
тұмылдырықты кию уақыты – 14секунд.
Ашық жерде қорғаныш плащы мен газ тұмылдырықты кию – 4минут,
Бүркемелер мен машиналарда – 6 минут.
Комбинезонды кию уақыты – 6 - 12 минут.

Жалпы әскери қорғаныш толымын шешу тәсілдері:
- жабдықты шешу керек;
- бекіткіштерді шешіп, плащ етегі мен қорғаныш шұлығы белдікшелерін ағыту керек;
- бүйірлі белдікшелерді шешу керек;
- плащтың өңірін шешу керек;
- күләпараны шешу және оны арқаға ысыру;
- жеңнің белдікшелерін шешу;
- қолды жеңнен шығарып алып, бір уақытта қолғапты шешу керек;
- плащ таспаларын (тоқыма бауларын) шешукерек;
- плащты артқа қарай сыртқы жағы мен төмен түсіру керек;
- желдетілген жаққа барып, газ тұмылдырықты шешу керек.

Жамылғы ретіндегі қорғаныш плащын қарсылас кенеттен улағыш заттар мен биологиялық құралдарды қолдану кезінде немесе радиоактивті жауын – шашын кезінде пайдаланады.
Бөлімше командирлері жергілікті жердің зақымдануына, жеке құраммен орындалатын тапсырма сипатына, метеорологиялық жағдайлар мен басқа да факторларға байланысты қорғаныш құралдарды пайдаланудың жөнін анықтайды.
Егер радиациялық және химиялық барлау аспаптарының көрсеткіштері бойынша зақымдану қауіпі белгіленбеген кезде қорғаныш құралдарды шешу бөлімше командирінің бұйрығы бойынша айқындалады.

в) Қорытынды бөлім – 12 мин.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
- ЖӘҚТ не үшін қолданылады?
- ЖӘҚТ қандай жағдайда болуы мүмкін?
- ЖӘҚТ кию тәсілдерін орындаңдар.
- ЖӘҚТ шешу тәсілдерін орындаңдар.
Үй тапсырмасы:
Оқушылардың білімін бағалау.
Категория: Книжная полка | Добавил: Айару6308 (28.01.2016) | Автор: Өмірсай
Просмотров: 220 | Теги: Әлібеков, Жақсылықұлы | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz