Главная | Регистрация | Вход | RSSЧетверг, 08.12.2016, 23:16

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Биология [28]
ИЗО [12]
Профессиональное обучение [6]
Внеклассное чтение [16]
География [22]
Духовные ценности [10]
Если хочешь быть здоров [48]
Информатика [58]
История [49]
Иностранный язык [99]
Книжная полка [49]
Компьютер-бум [10]
Казахский язык и литература [181]
Математика [85]
Мир науки [11]
Моя Родина - Казахстан [42]
Музыка [97]
Начальная школа [399]
Общество семи муз [12]
Психологический клуб [11]
Русский язык и литература [129]
Родительское собрание [11]
Творческая личность [20]
Технология [21]
Физика [20]
Химия [31]
Экологическое воспитание [13]
Самопознание [35]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1522
Статистика

Онлайн всего: 15
Гостей: 15
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мастерская учителя » Книжная полка

Қазақстан тарихын оқыту барысында қосымша әдебиеттерді пайдаланудың тәрбиелік мәні

Кунапина Қ.Қ.,

тарих ғылымдарының кандидаты, доцент

Ел тарихы, ұлт тарихы десе елең етпейтін адам жоқ шығар. Қазіргі кезеңде тарих пәні жаңа мазмұнымен, сапасымен, өсуімен ерекшеленеді. Еліміз егемендікке қол жеткізген күннен бастап өз тарихымызды өзіміз бағалап, тарихи үрдістерге басқаша қырынан келіп, өзінің дұрыс шешімін табуда. Бүгінгі таңда орта мектепке тарих пәнін оқытуда әлі де көптеген шешілмеген мәселелер тұр. Соның бірі оқулық мәселесі- әлі де көптеген фактілер дұрыс көрсетілмей келеді. Ол туралы баспасөзде көп айтылып та жүр. Мысалы, “Қазақ хандығының құрылу жылы туралы 1465-1466 ж анық дата емес, Қазақ хандығының іргетасы 1458 ж көктемінен  қалана бастайды және де 1472-1473 ж Дешті Қыпшақта өз билігін орнатумен аяқталды” деп жазады Б.Кәрібаев (Қазақ Ордасы журналы №1-2 2003 ж 32 бет.). Т. ғ к., доцент Б.Кәрібаев осы кезеңді зерттеп жүрген белгілі маман. Сондықтан, оқулық жазу барысында осындай белгілі ғалымдардың пікіріне жүгінген дұрыс сияқты.

Қазақ тарихы журналының 2007ж, № 4 санында тарих пәнінің мұғалімі Өмірбек Төлембаевтың “Қатесіз оқулық қашан шығады” атты жанайғай мақаласы да осы оқулықтағы қателіктер туралы айтылады. Тіпті былтырғы шыққан 10-сыныптың Қазақстан тарихы оқулықтары, екі бағыттағы оқулықтың даталары сәйкес келмейді. Ол туралы Алматы қаласының тарихшылары баспасөзге де, өз пікірлерін білдірді. 10-11 сыныптардағы «Қоғамдық білім негіздері» оқулығын оқытушының өзі де түсінуге қиын тілде жазылған. Көш жүре түзелер дейміз. Дегенмен де, мемлекеттік емтихан тапсырар кезде қиналатыны оқушы мен оқытушы ғана.

Әрине, бұндай фактілерді көптеп келтіруге болады. Әлі де болашаққа сеніммен қарап, оқулықтар талапқа сай болады деп сенейік.

Менің айтайын деп отырғаным тарих пәнін оқытудың тәрбиелік жағы. Оқушыларды елжандылыққа, өзінің жеке қасиеттерін дамытып, өзін-өзі тәрбиелеуде, әсіресе қоғамдық пәндердің ролі зор. Сондықтан, орта мектепте оқушыларға ел тарихын оқыту барысында ең бастысы тәрбие мәселесіне көңіл бөлген жөн. Қазіргі таңда орта мектепте сабақ беру барысында жаңа технология қолдану, әсіресе ақпараттық технология қолдану кең өріс алуда. Бұл қуанарлық жағдай, бірақ көбінесе қазір оқушылар кітапты аз оқитын сияқты. Сондықтан, оқыту үрдісінде қосымша әдебиеттерді пайдалануға көңіл бөлген жөн.

Орта мектепті бітіруде мемлекеттік емтихан- тесттік әдіс болғалы, тарих пәнінен сөйлеу азайып, жаттау көбейді. Ал оқушының тіл байлығы, сөйлеуі оның ойына байланысты екені түсінікті ғой. Өз тілін шала білетін қала балалары, тіпті өз тілінде әдеби тілде емес, жай сөйлеуден де мәз емес. Әрине, қазіргі оқушы техникадан жан-жақты хабары бар. Оған таласымыз жоқ. Ал,қазіргі ақпараттық технология қай тілде? Міне мәселе. Осы уақытқа дейін телеарналарда оқу бағдарламасына арналған хабар жоқ десек қателеспейміз.

Көрші Қытай елінде де мемлекеттік емтиханда тестік әдіс қолданылады. Оның мынанадай ерекшеліктері бар. Біріншіден, әр пәннен 2 сағатта жеке емтихан тапсырады. Барлығы әр пән бойынша 100 балл 20 пайызы ғана тест, қалған пайызы бос орындарға жауабын тауып жазу, сұрақтарға өз ойын білдіру, қосымша әдебиеттерді пайдалану, деректерді пайдаланып өз пікірін білдіру т.б. тапрсырмалары беріледі. Ұтымдысы оқушы өз ойын жазып, білдіреді. Жазу үшін, іздену оқу керек екені түсінікті ғой. Ал, көрші Ресей елінде барлық пәндер бойынша, сыныптарға бөлінген тақырыптар бойынша қосымша әдебиеттер жинақтары бар. Біздің пән бойынша тек 1-2 сыныпта ғана бар. Сондықтан, орта мектеп бағдарламасына сәйкес 5-11 сыныптар арасында қосымша әдебиеттер жинағын (хрестоматия) шығару қажет. Тіпті оқытушы күнтізбелік жоспарын жазу барысында 1-2 сағат деректермен, қосымша әдебиеттермен жұмыс деп сағат бөлгені жөн.

Мысалы, 5-6 сынытарда ертедегі Тұмар ханым, Еділ патша, Сақ жауынгері - Шырақ. 7-8 сыныптарда батырлар, билер, хандар туралы, 9-11 сыныптарда қазіргі кезеңге дейінгі ұлы оқиғаларға байланысты нақты деректерге негізделген қосымша тарихи, көркем шығармалардан үзінді берілсе.

Сонымен қатар С.Сейфуллин “Тар жол тайғақ кешу”, С.Мұқанов “Ботагөз”, Ә.Нұршайықов “Ақиқат пен Аңыз”, Б.Момышұлының еңбектері М.Шахановтың қаншама тарихи тақырыпқа жазылған еңбектері. Тіпті, Абайдың қара сөздері, М.Әуезовтың “Абай жолы”, М.Шаханов, Ш.Айтматов “Құз басындағы кездесу”, М.Мағауин “Бір атаның балалары”, З.Қыстаубаев “Нәубет”, И.Есенберлин “Көшпенділер”, Д.Қонаевтың “Өттің дүние осылай”, Елбасының еңбектері, Елбасы туралы, әсіресе, Қайнар Олжайдың “Президент пырағы” т.б. Осындай құнды- құнды еңбектерді тарих сабағында дерек көздері ретінде пайдаланып, оқушыларға шығармашылық жұмыс беріп, сол шығарма туралы өз ойын, өз көзқарасын білдіруді тапсырса,  тәрбиелік мәні зор болар еді.

Әсіресе, жоғары сынып оқушыларының арасында конференция, семинар сабақтарын өткізіп, тарихи көркем шығармалар бойынша шағырма жазып, келуге тапсыруға болады. Оқушылар шығарма жазу барысында, жағымды кейіпкердің адамдық, азаматтық бейнелеріне тоқтала отырып, өз пікірлерін білдіреді.

Оқушы санасында өз ұлтына деген мақтаныш, елжандылық, ел намысы деген ұғымдар жастайынан беки түссе, мәртебеміз жоғары, дініміз де, тіліміз де, ел іргесі де әрқашан берік болатыны сөзсіз.

Категория: Книжная полка | Добавил: teacher-almaty (25.03.2008)
Просмотров: 6851 | Рейтинг: 3.8/6
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz