Главная | Регистрация | Вход | RSSСуббота, 10.12.2016, 15:43

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Биология [28]
ИЗО [12]
Профессиональное обучение [6]
Внеклассное чтение [16]
География [22]
Духовные ценности [10]
Если хочешь быть здоров [48]
Информатика [58]
История [49]
Иностранный язык [99]
Книжная полка [49]
Компьютер-бум [10]
Казахский язык и литература [182]
Математика [85]
Мир науки [11]
Моя Родина - Казахстан [42]
Музыка [97]
Начальная школа [399]
Общество семи муз [12]
Психологический клуб [11]
Русский язык и литература [132]
Родительское собрание [11]
Творческая личность [20]
Технология [21]
Физика [20]
Химия [31]
Экологическое воспитание [13]
Самопознание [35]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1523
Статистика

Онлайн всего: 4
Гостей: 4
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мастерская учителя » Книжная полка

Жұмбақтар
Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы «Саржансай орта мектебі»ММ Еркналиева Айман Амангалиевна Орыс кластарының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Тақырыбы : Жұмбақтар
Мақсаты :
Білімділік : Оқушыларға жаңылтпаш пен жұмбақ арқылы оқушылардың
зерделілік , танымдық , еріктілік ерекшеліктерін ұштау.
Тәрбиелік : Көпшілік алдында өзін- өзі еркін ұстауға , білімін кеңінен қолдана
білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық : Өз беттерімен ізденіс үрдісін , адамгершілік
дағдыларын қалыптастыру.
Сабақ типі :дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс- тәсілдері : топпен жұмыс, жеке жұмыс, кестемен жұмыс,
ақпараттық диктант, «зымыран» ойыны
көрнекіліктері : интербелсенді тақта , оқулық, «Қазақ балалар әдебиетінің
хрестоматиясы»
Сабақ барысы :
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен сәлемдесу, сынып тазалығына көңіл бөлу.
Сабаққа оқушыларды әзірлеу, оқу құралдарын түгелдеу.
ІІ. Үй жұмысын пысықтау. «Халық ертегілері»
Мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім- мектептің жүрегі.
Ы. Алтынсарин
Естілердің сөзін ескеріп жүрген адам өзі де есті болады. Абай.
Кімде- кім қазіргі уақытта ана тілін өзінің әдебиетін сыйламаса , бағаламаса , оны сауатты , мәденитетті адам деп санауға болмайды. М. Әуезов
ІІІ. Жаңа сабақ «Жұмбақтар»
Жұмбақ- адамның ой- өрісін, алғырлығын, білімін сынау үшін бір затты не табиғат құбылысын тұспалдап айтатын ауыз әдебиетінің бір түрі.
Жаңылтпаш- адамның есте сақтау қабілетін арттырып , жылдамдық пен шапшаңдыққа шыңдайтын ауыз әдеиетінің бір түрі.
Мысалы : Бір нәрсе білмегенді білгізеді,
Өзіңді тұрсаң қарап күлгізеді.
Жалғанда әңгімесі сондай қызық,
Жаныңды тыңдай берсең кіргізеді (кітап)
Топ бала , топ бала ,
Ойнап жүр топтала.
Зымырап допты ала,
Қуады көп бала.
ІҮ. Топпен жұмыс. Оқушыларды үш топқа бөліп, І топ жұмбақ айтады, ІІ топ жұмбақтың шешуін табады
Ү. Кестемен жұмыс.

бала
әдеп
өнер қол талғам
әуен сіңір мәдениет
тамыр
тарих
1.Өнер алды- қызыл тіл 2. Сөз сүйектен, таяқ еттен өтеді 3. Әдепті бала- арлы бала
ҮІ. Жаңа сабақты бекіту. «Зымыран» ойыны
Қағаздан ұшақ жасап, І топ жаңылтпаш жазып , келесі ІІ топқа зымыранды ұшырады. Топ бірігіп зымырандағы жаңылтпашты оқып, жатқа айтады. Зымыранға жаңылтпаш жазып, келесі ІІІ топқа ұшырады. Ол топта зымырандағы жаңылтпашты оқып, жатқа айтып береді. І топқа зымыранға жаңылтпаш жазып, ұшырады . Ойын әрі қарай жалғасын табады. Оқушылар топпен бірге жұмыс жасайды. Жаңылтпашты жатқа қатесіз айтқан топ жеңіске жетеді.
І топ жаңылтпашы : Есет атам ет асатар, ет асатса бес асатар.
ІІ топ жаңылтпашы : Анау арал , қай арал?
Қайыңды арал , талды арал.
ІІІ топ жаңылтпашы : Үш кіші ішік піштім,
бес кіші ішік піштім.
Неше кіші ішік піштім?
ҮІІ. Қорытынды бөлімі :
Ақпараттық диктант. Мақалдың жартысын табу. «Кім тапқыр?» ойыны.
1.Туған жердей жер болмас, ....................
2.Бірлігі жоқ ел тозар,...............................
3.Аз сөз алтын,..........................................
4.Жол қуған қазынаға жолығар,................
5.Шебердің қолы ортақ ,...........................
6.Басқа бәле ............................................
7.Аңдамай сөйлеген ,...............................
8.Күшіңе сенбе ,......................................
9.Оқу- білім азығы,..................................
10. Әке көрген ........................................
ҮІІІ. Оқушыларды бағалау.
Стикер арқылы әр оқушының берген жауабына байланысты
қызыл түсті стикер- «Өте жақсы»
көк түсті стикер- «жақсы»
сары түсті стикер- «қанағаттанарлық»
Әр топтың жинаған стикерлерін есептеп бағалап, жеңімпаз топты табу.
ІХ. Үй тапсырмасы :
Жұмбақтар. Жаңылтпаштар.
Әр оқушы жұмбақтар мен жаңылтпаштарға кітапша әзірлеп, бес жұмбақ , бес жаңылтпаш жаттау.
Категория: Книжная полка | Добавил: Айару6308 (04.02.2016) | Автор: Айман
Просмотров: 165 | Теги: Еркналиева Айман Амангалиевна | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz