Главная | Регистрация | Вход | RSSПонедельник, 05.12.2016, 17:27

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Биология [28]
ИЗО [12]
Профессиональное обучение [6]
Внеклассное чтение [16]
География [22]
Духовные ценности [10]
Если хочешь быть здоров [47]
Информатика [58]
История [48]
Иностранный язык [99]
Книжная полка [49]
Компьютер-бум [10]
Казахский язык и литература [181]
Математика [85]
Мир науки [11]
Моя Родина - Казахстан [42]
Музыка [97]
Начальная школа [399]
Общество семи муз [12]
Психологический клуб [11]
Русский язык и литература [129]
Родительское собрание [11]
Творческая личность [20]
Технология [21]
Физика [20]
Химия [31]
Экологическое воспитание [13]
Самопознание [35]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1521
Статистика

Онлайн всего: 8
Гостей: 8
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мастерская учителя » Книжная полка

«Құрманғазының күйімен жұмыс» «Кісен ашқан» күйі
Ақтөбе облысы
Шалқар қаласы
Қазанғап Тілепбергенұлы атындағы саз мектебінің
Домбыра класының мұғалімі
Елтежі Гүлшат Анатолийқызы

Сабақтың тақырыбы: «Құрманғазының күйімен жұмыс»
«Кісен ашқан» күйі
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Композитордың күйлері насихаттай отырып, шығармашылығымен, күйдің шығу тарихын таныстыру, тыңдату, үйрету.
Дамытушылығы: Оқушының ойнау қаблетін жетілдіру, музыкалық сауатын дамыту, шығармашылық белсенділігін арттыру.
Тәрбиелігі: Композитордың күй арқылы өнерді бағалауға, оқушының бойындағы ұлттық рухани сезімін ояту, ұлт жангды болуға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнектілігі: Буклет, композитордың суреті, үнтаспа.
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, тарих.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:Оқушының сабаққа әзірлігін тексеру, назарын сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын тексеру:а/ Си бемоль мажор гаммасын түрлі қағыстармен ойнау.
ә/Г. Беренс Этюд ойнау.
Мұғалімнің сөзі: Өткен сабағымызда этюдті үйрену, ойнау арқылы домбырада ойнау шеберлігімізді шыңдадық. Міне, домбыра аспабында шебер орындаудың қыры мен сыры өте көп. Оны үйрену үшін ең алдымен өз ұлтымыздың, қазақ халқының күй өнерін меңгеріп, күйші-композиторымен танысалық. Ол үшін ең әуелі мына өте танымал күйді тыңдап, серігіп алайық!
Күйдің аты және композиторы оқушыға айтылмайды, жасырылады. («Айдай» күйі тыңдалады). Енді осы күйдің композиторын және атын тауып көрелік:
Фқфұфрфмфафнфғфафзфыф фсфафғфыфрфбфафйфұфлфыф
Фафдфафй фкфүфйфіф
«Ф» әрпін сызып таста, сонда дұрыс сөздің мағнасы оқылады.
Құрманғазы Сағырбайұлы Адай күйі
Жаңа сабақ: Құрманғазы Сағырбайұлы (1823-1896). Қазақтың аспаптық музыкасының классигі Құрманғазы Сағырбайұлы қазіргі Орал облысы, Жаңақала ауданындағы Жиделіде дүниеге келіп, Ресейдің Астрахань облысында қайтыс болған. Құрманғазының әкесі Сағырбай бүкіл өмірін байдың жалшылығында өткізген. Анасы Алқаның ағалары төкпе ақын, күйші, палуан болған. Құрманғазы өмірге келгенде әкесі нәрестесін қолына алып, «Бүгін құрбан айт екен, сенің атың Құрманғазы болсын» деп айналасындағы адамдарғы жариялапты. Құрманғазы жасынан ән-күйге әуес болып өседі. Тұрмыстың ауырлығына байланысты 6 жасынан бастап байдың қозысын бақты. Қолдан жасалған домбырасын үнемі тастамай алып жүреді. Қойшылығымен тамағын асыраса, домбырасы оның рухани азығы болды.
Далада жүріп табиғатпен тілдесті. Судың, желдің үндерін тыңдап өсті. Домбырасымен күй тартып, ауыл адамдарына тыңдатты. Бұл Бөкей ордасына атағы жайылған Ұзақ атты күйшінің ауылына келуі Құрманғазының өміріне өзгеріс әкелді. Ұзақтан тәлім алып, ұстазы санады, кейін онымен бірге ел аралап, домбырашылық өнер сайысына түсіп, жұртшылық назарына ілігеді.
18 жасынан бастап, әкесінің қарсы болғанына қарамастан, домбыра орындау шеберлігін шыңдай отырып, профессионал күйші жолынатүседі.

Құрманғазының бүкіл өмірі мен өнері әлеуметтік әділетсіздікк, қанаушылыққа, озбырлыққа қарсы күреспен өтті. Би болыстардың қудалауы, жалған жала жауып түрмеге қаматуы күйшіні қажыта алмады, қайта күш-
жігерін шыңдай түстң. Ол өзінің домбырасымен, шығарған күйімен, өнердің күшімен қиындықтарға қарсы тұра білді. Жүрегінен толқып шыққан күй-сазымен өзінің жан толқуын ішкі сезімін, өмір сырын, табиғат
ерешеліктерін суреттей білді. Ұлы күйшінің «Сарыарқа», «Алатау», «Бұлбұлдың құрғыры», күйлері туған елінің әсем табиғатын сүреттейді,
«Кішкентай», «Төремұрат», «Адай», «Көбік шашқан» күйлері өмір тартысын, халықтың күш жігерін бейнелейді. «Қайран шешем», «Қызыл қайың», «Кісен ашқан», «Түрмеден қашқан» күйлері Құрманғазының басынан өткен жағдайларымен таныстырады, оның өмірі сырын шертеді. «Серпер», «Аман бол, шешем аман бол», «Лаушкен», «Ақбай», «Көбік шашқан», «Арба соққан», «Балбырауын», «Пәбескі», «Итог» Құрманғазы күйлерінде қажымас жігер, өршіл ой, қиындыққа мойымайтын күш, алға итермелейтін арман бейнеленеді. Сондықтан оның көптеген күйлері аса зор жылдамдақпен орындалады. Өйткені бұл күйлер қазақ жерінің тынысы, кең даланың самал желі, құстай ұшқан тұлпардың тұяғымен бейнеленген шаттық өмір, қуаныш естіледі. Жазушы Н.Савичевтің: «Егер Құрманғазы европалық білім алған болса, онда ол музыка әлемінің шолпан жұлдызы болған болар еді» деген екен. Құрманғазы атамыз күй анасы – Дина Нұрпеисованы 9 жасынан арнайы здеп барып, 19 жасына дейін, қашан ұзатылғанша өнеріне баулыған тікелей шәкірті деп айта аламыз.
«Кісен ашқан» -күйі адамның қиналғанын суреттейтін философиялық күй.
Бұл күйде өмір арпалысқан күйшінің жан-жарасы толғанады. «Кісен ашқан» күйі туралы. Құрманғазы «Сайдың бойына келіп, кісенімді алып отырғанмын жараның ауызы ашылып, түні бойы ауырып, ұйқы бермеді, жүруге де мүмкіншілік болмады. Сол сәтте осы ойыма оралып еді»-дейді.
«Кісен ашқан» күйі
Қағысы:ПVV, ПVV
Екпіні:Ұстамды, ызамен
Өлшемі: тұрақты ¾
Динамикалық белгілері: р, mp, mf
Сол қолда кездесетін әдіс амалдар: (фр. Тіл аул-сырғи)-дыбыстан тез сырғу әдісідеп аталды.
Бекіту:
-Құрманғазы Сағырбайұлы кім?
-Қай жерде дүниеге келген?
-Ұстазы кім?
-Күй өнеріне баулыған шәкірті кім?
-Қандай күйлерін білесін?
-Қандай күйін тыңдайсың?
-Бүгінгі сабақта қандай күйін үйрендің?
-Бүгінгі сабақ ұнадыма?
Қортындылау: Бүгінгі сабақта қорыта келе, қазақ халқының дарынды, атақты күйші Құрманғазы Сағырбайұлының өмірі және шығармашылығы мен таныс болдың. Құрманғазы-қазақ халқының аспаптық музыка өнерінің дамуына үлкен үлес қосты.Бүгінгі бізге жетіп отырған тамаша күйлерінің бірі «Кісен ашқан»-күйін орындап үйрендің. Қазақ халқының атадан-балаға мұраға қалып келе жатқан өнері-күй, ал аспабы домбыра екені белгілі. Киелі аспапты меңгеру, оқушының домбыраға деген қызығушылығын арттырып қана қоймайды, одан әрі шебер орындаушы және меңгерген күйін шығу тарихымен насихаттаушы, ұлттық өнерімізді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін мұрагер болатынына сенімім мол.
Үйге тапсырма: Құрманғазының «Кісен ашқан» күйін берілген жеріне дейін орындау.
Категория: Книжная полка | Добавил: Айару6308 (10.02.2016) | Автор: Гүлшат
Просмотров: 225 | Теги: Елтежі, Анатолийқызы | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz