Главная | Регистрация | Вход | RSSСреда, 07.12.2016, 23:21

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Биология [28]
ИЗО [12]
Профессиональное обучение [6]
Внеклассное чтение [16]
География [22]
Духовные ценности [10]
Если хочешь быть здоров [48]
Информатика [58]
История [48]
Иностранный язык [99]
Книжная полка [49]
Компьютер-бум [10]
Казахский язык и литература [181]
Математика [85]
Мир науки [11]
Моя Родина - Казахстан [42]
Музыка [97]
Начальная школа [399]
Общество семи муз [12]
Психологический клуб [11]
Русский язык и литература [129]
Родительское собрание [11]
Творческая личность [20]
Технология [21]
Физика [20]
Химия [31]
Экологическое воспитание [13]
Самопознание [35]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1521
Статистика

Онлайн всего: 10
Гостей: 10
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мастерская учителя » Книжная полка

Г дыбысы мен әрпі
Ақтөбе облысы
Шалқар қаласы
«№4орта мектебі»мм
Бастауыш сынып мұғалімі Қойшыбаева Айнұр Төлеусарықызы
Сауат ашу
Сабақтың тақырыбы: Г дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға г дыбысы мен әрпін таныстыру.
Міндеттері: а) Г дыбысы мен әрпі туралы түсінік беру, сөз ішіндегі г дыбысының ерекшелігін меңгерту. Сөздерге дыбыстық талдау жасату арқылы г дыбысының дауыссыз екенін байқату.
ә) Отансүйгіштікке, татулыққа, бірлікке, ұқыптылыққа, зерек болуға, мектеп мүлкін күтіп ұстауға тәрбиелеу.
б) Оқушылардың сөйлеу мәнерін, байланыстыра сөйлеу дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін арттыру.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, бейнесюжет, суреттер, кеспе әріптер.
Түрі: ертегі сабақ
Типі: жаңа білімді игерту
Оқытудың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын, әңгімелеу, оқу, жазу.
Пәнаралық байланыс: Музыка, дүниетану, этнопедагогика.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру.
Сәлемдесу.
Оқушы назарын сабаққа аудару.
Сабағымызды бастамас бұрын, бір-бірімізге жылы лебіздер тілеу.
Күніміз жарқын болсын!
Аспанымыз ашық болсын!
Деніміз сау болсын!
Көк туымыз биік болсын!
Елімізге тыныштық тілейміз!
Балалар, біз бүгін ертегі сабағын өтеміз.
Бейнесюжеттен «Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісінің үзіндісін тамашалау.
Өткен сабаққа шолу.
Тышқанның тапсырмасы: 1. Ү дыбысы қандай дыбыс?
2. Ү дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?
3. «Кім кінәлі?» өлеңін мәнерлеп оқы.
4. Өлеңді сахналап, мазмұнда.
Сиырдың тапсырмасы: 1. Ү дыбысына қатысты жаңылтпаш, жұмбақ айт.
Баласын тізіп соңына
Сүңгіп жүріп үйретті.
Су жұқпайтын тонына
Кім біледі ...? (Үйректі)
Жаңылтпаш.
Үйшік жаса күшік үшін,
Кең қып жаса үйшік үшін.

Үш аша,
Үшкір ме ұшы аса?

Ой қозғау.
«Егіз» десек – бірінші,
«Сегіз» десек – үшінші.
Бұл қайсы әріп екенін
Өзің ойлап түсінші. (Г дыбысы)
Дұрыс, ендеше біз Г дыбысымен танысамыз. Енді бәріміз хормен айтайық. Қандай дыбыс екен?
Г дыбысы – ұяң дауыссыз дыбыс, созып айтуға келмейді. Ұяң, шұғыл айтылады, тіл арқылы жасалады.
Г дыбысының баспа, жазбаша түрімен таныстыру.
Барыстың тапсырмасы: Егіз, сегіз сөздеріне дыбыстық талдау жаса.
Қоянның тапсырмасы: Суреттер Арқылы г дыбысының орналасу ретін анықта.
Дәрігер, гүл, көгершін суреттері.
Ұлудың тапсырмасы: Оқулықпен жұмыс жаса.
Сөздік жұмыс.
Егеу – үй шаруасына қолданылатын құрал.
Кереге – киіз үйдің бөлігі.
Бетеге – шөптесін өсімдік, жерге жабысып өседі.
Шеңгел – тікенекті өсімдік
Жыланның тапсырмасы: Сөздердің ішінен үш буынды сөздерді тап.
егін егіз кереге шеге шеңгел
егеу сегіз бетеге неге мезгіл
Жылқының тапсырмасы: Дәптермен жұмыс жаса.
№ 2 дәптермен жұмыс.
Қойдың тапсырмасы: Жоғалған әріптерді тап.
...үл, іл...ек, мер...ен, ерте...і, әң...іме, бәй...е.
Мешіннің тапсырмасы: 1. «Ақ көгершін» өлеңін оқы.
2. Көгершін туралы не білеміз?
Сергіту сәті.
Музыка пәнімен кіріктірілді. Музыка пәнінің мұғалімі «Ақ көгершін» әнінін орындата отырып, қимыл жасап билетеді.
Тауықтың тапсырмасы: Ойын ойнайық.
«Қол шапалақтау» ойыны.
Шарты: Егер айтылған сөздің ішінде Г дыбысы болса, онда қол шапалақтаймыз.
Көгершін, көбелек, бәйге, тай, гүл, балапан, газет, мысық, бүлдірген, шеге.
Иттің тапсырмасы: Буыннан адам аттарын құра.
Гүл, нәр, шат, мира, нұр, дана, жан.
Айдаһардың тапсырмасы:
Бүгінгі сабақтан не үйрендік?
Нені білдік?
Ертегіден қандай қорытынды жасауға болады?
Мадақтау.
Категория: Книжная полка | Добавил: Айару6308 (09.03.2016) | Автор: Айнұр
Просмотров: 138 | Теги: Төлеусарықызы, Қойшыбаева | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz