Главная | Регистрация | Вход | RSSПятница, 09.12.2016, 18:41

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Биология [28]
ИЗО [12]
Профессиональное обучение [6]
Внеклассное чтение [16]
География [22]
Духовные ценности [10]
Если хочешь быть здоров [48]
Информатика [58]
История [49]
Иностранный язык [99]
Книжная полка [49]
Компьютер-бум [10]
Казахский язык и литература [182]
Математика [85]
Мир науки [11]
Моя Родина - Казахстан [42]
Музыка [97]
Начальная школа [399]
Общество семи муз [12]
Психологический клуб [11]
Русский язык и литература [132]
Родительское собрание [11]
Творческая личность [20]
Технология [21]
Физика [20]
Химия [31]
Экологическое воспитание [13]
Самопознание [35]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1522
Статистика

Онлайн всего: 4
Гостей: 4
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мастерская учителя » Книжная полка

Қашаған Күржіманұлы. «Есқали сұпыға айтқаны», «Осы күні жолдас болдым сексенменен» өлеңдері.
Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы «С.Оразалин атындағы орта мектебі»мм
САҒЫНТАЕВА ГҮЛСЕЗІМ АЙТҚАЛИҚЫЗЫ Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Пәні: қазақ әдебиеті Сабақтың тақырыбы: Қашаған Күржіманұлы. «Есқали сұпыға айтқаны», «Осы күні жолдас болдым сексенменен» өлеңдері. Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Қашаған Күржіманұлы және оның шығармашылығы туралы түсінік беру;
ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, тіл мәдениетін дамыту;
б) тәрбиелік: оқушыларды Қашаған шығармашылығына деген қызығушылығын ояту.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Оқыту әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, әңгімелеу, сұрақ-жауап, бекіту, қорытындылау, бағалау, сөздікпен жұмыс.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Оқушылармен сәлемдесу.
ә) Кезекші мәлімдемесі.
б) Журнал бойынша түгелдеу.
ә) Үй тапсырмасын сұрау.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Қосымша сұрақтар қою, қорытындылау.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
XVIII ғасырдың екінші жартысынан ХІХ ғасырдың басында өмір сүрген ірі тұлғалардың бірі -
Қашаған Күржіманұлы.
Қашаған Күржіманұлы 1841 ж Түрікменстанның Ташауыз қаласының маңында туып, 1929 ж Маңғыстау түбегіндегі Қырықкез деген жерде қайтыс болған. Ол жалшы отбасында дүниеге келіп, жастай жетімдік, жоқшылықтың тауқыметін тартқан.
Қашағанның шығармалары 1935 ж «Әдебиет майданы» журналында (№5) жарияланды.
«Есқали сұпыға айтқаны» деген өлеңінде қолында билігі барлардың іс әрекетін, оның жағымсыз қылықтарын әшкерелейді.
Ақын «Оразалыға», «Байларға» дейтін өлеңдерінде де бай-манаптардың зорлық- зомбылықтарын ашық айтады.
Қашағанның адамгершілік, ізгілік қасиеттерді дәріптейтін «Берекет ақынға», «Сақыпқа айтқаны» дейтін өлеңдерінде көрінеді.
Ақын Қашаған Күржіманұлы «Адай тегі», «Атамекен», «Топан» атты дастандарында халықтың көне шежіресі мен тарихын толғайды.
Қашаған Күржіманұлы – өз кезінің белді ақыны, дәуірінің әлеуметтік мәселелеріне үн қоса білген кең тынысты ақын.

IV. Оқулықпен жұмыс.
Сөздікпен жұмыс.
Шарғы – шариғат.
Бақырған – Сүлеймен Бақырғани кітабындағы өсиет.
Барсиса – діни кітаптардағы сұпы болып жүріп, шайтанға еріп азғындық жолға түсіп, Құдайдың қарғысына ұшыраған адам.
Насуха – бұл адам әуеліде күнәкар, қанішер адам бола тұрып, соңынан адалдық жолға түсіпті.
Қағба – мұсылмандардың Меккедегі ғибадат ету орны.
Жебірейіл – періште.
Жәннет – жұмақ.
Мәсуәк – сауап үшін ауызды, тісті жуатын тұт ағашынан істелген ағаш.
Ағуз, алхам – діни аяттар.
Біләл – Мұхаммед пайғамбардың азаншысы.
Қонаша – қонып шығатын бас қала.
Зауық – сауық, сайран, думан.

«Осы күні жолдас болдым сексенменен»
Осы күні жолдас болдым сексенменен,
Кез болды кәрілік, шіркін сескенбеген.
Қартайсаң күнің қандай аянышты,
Талтақ бұт, ойдық желке, күртік жаурын,
Тартылып бауыр шандыр бүкшеңдеген.

Кесірі болады екен қартайғанның,
Өлеңді қартайған соң айта алмадым.
Айт деген қатар, құрбы, жеңгейлердің,
Назарын ол күндерде қайтармадым.

Жатқаным – жанға жақсы жантайғаным,
Шаршатты сексен деген майталманың.
Қасымнан қыз- келіншек кетпеуші еді,
Қарасам осы күнде біреуі жоқ,
Япыр- ай, қайда кеткен «сайтандарың»?!

Өлеңге сатылай кешенді талдау жасау.
3 шумақ, 14 тармақ, 3 бунақ, 11-12 буын, аралас ұйқас.

V. Бекіту.

Білемін Білгім келеді Үйрендім



VІ.Сабақтың қорытындысы.
1.Қосымша сұрақтар қоямын.
2 .Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын

VII.Үйге тапсырма: «Есқали сұпыға айтқаны» өлеңін оқып мазмұндау.
Категория: Книжная полка | Добавил: Айару6308 (11.03.2016) | Автор: ГүЛСЕЗіМ
Просмотров: 1608 | Теги: Айтқалиқызы, Сағынтаева | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz